text
Справочник кадровика

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

  • 11 мая 2018
  • 3
Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

"СЕНІМ" конкурсы 2018 мамандар үшін еңбекті қорғау бойынша аяқталды

26–27 сәуірде Астана қаласында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 8-ші қазақстандық халықаралық конференция мен көрменің аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірлесіп «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС жыл сайын өткізетін сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

KIOSH орталықтандырылған және тиімді диалог алаңында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелер G2B және B2B пішімінде жоғары мемлекеттік және бизнес деңгейде талқыланады. 2018 жылғы конференцияның негізгі тақырыбы – «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БОЛАШАҒЫ: САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР».

Конференция жұмысын ашқан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Абылқасымова өндірістік жарақаттану статистикасын келтірді: «Жыл сайын 1,5 мыңнан аса жұмыскер өндірісте жарақат алады. 2017 жылы 370 мың жұмыскер немесе әрбір төртінші адам зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеді. Мемлекет, әлеуметтік серіктестер және жұмыс берушілер қолданатын шаралар кешенінің нәтижесінде оң серпін сақталып отыр: соңғы бес жылда өндірісте зардап шеккендер саны 16 %-ға, опат болғандар саны 19 %-ға азайды».

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша көрмемен таныса отырып, Мадина Ерасыловна «ХҚЭДО–Қазақстан» сандық баспа стендіне де назар аударды, онда компанияның барлық басылымдары, сондай-ақ сандық жоба – «Aсtualis: Кадр ісі» электронды ақпараттық-құқықтық жүйесі мен «Еңбекті қорғау. Қазақстан» журналы көрсетілді.

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«ХҚЭДО–Қазақстан» сандық баспасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен серіктестігінің басты нәтижесі – «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме» кітабын жаңа еңбек министріне «Еңбекті қорғау, кадрлар және іс қағаздарын жүргізу» тақырыптық бағытының басшысы С. Е. Сергеенко таныстырды.

Көрме-конференцияның алғашқы күні «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен үздік тәжірибелер және сандық технологияларды ендіру» тақырыбында өткізілген жинақтама сессияның аясында С. Е. Сергеенко баяндама жасап, Қазақстанда ұқсас үлгісі жоқ «Aсtualis: Кадр ісі» бірегей электрондық өнімін енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Бұл жүйе еліміздегі еңбекті қорғау және кадрлық қызмет жөніндегі мамандардың кәсіптік қызметін сапалы ақпараттық-құқықтық және сараптамалық қолдауды қамтамасыз етеді. Сондықтан оған деген қызығушылықтың болуы – заңды құбылыс. Көрме өткен екі күннің ішінде «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС стендінде жандану байқалды. Жүйенің жұмыс істеп тұрғанын тек қазақстандық компаниялар мен кәсіпорындардың мамандары ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттер компанияларының өкілдері де көруге асықты.

Көрмеде Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің, Түркияның 38 компаниясы таныстырылғанын атап өтейік. Қатысушылардың арасында жеке қорғаныш құралдарын, тоқыма, жабдық, оңалту мен профилактикаға арналған өнім өндірушілер мен жеткізушілер, тренингтік компаниялар, медициналық орталықтар және т.б. бар. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарына арналған іскерлік бағдарламаға өзекті тақырыптар бойынша шеберлік кластары, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің көрнекі өнер көрсетуі, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарға арналған оқыту тренингтері кірді.

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау бұл ауқымды шараны лайықты түрде аяқтады. Бацқауды ұйымдаструшылар: «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сегізінші жыл қатарынан үздіктердің арасынан ең үздіктерін таңдап келеді: үздік еңбекті қорғау қызметтері, үздік еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер және үздік техникалық инспекторлар.

Осы жылы дәстүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздардан басқа, марапатталған адамдар аз болған жоқ. Екі кәсіпорын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алғыс хаттарына лайық деп танылды. Тағы жеті кәсіпорын «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС-ның Алғыс хаттарымен марапатталды және бұлардан басқа, барлығына да ұнамды әрі қажетті сыйлықтар табысталды! Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін адамдардың өз еңбектерінің еленгенін біліп жүруі және сезінуі үшін «ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС екінші жыл қатарынан байқаудың ауқымын кеңейтуде! Сегізінші «СЕНIМ» байқауының алтын шежіресіне 17 ат жазылды!   

«ҮЗДІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ» 

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«ҮЗДІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР»

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«ҮЗДІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР»

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

алғыс хатымен

МАРАПАТТАЛҒАНДАР

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Сегізінші «СЕНIМ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  

Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Бесплатно только сегодня!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль