text
Справочник кадровика

Ұйымдағы лауазымды адам:міндеттері және жауаптылығын саралау

  • 17 мая 2018
  • 7
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Ұйымдағы лауазымды адам:міндеттері және жауаптылығын саралау

Ұйымдағы лауазымды тұлғаның міндеттері және жауаптылығы.

Лауазымды адамдар – олар кімдер?

Лауазымды адамдар тұрақты немесе уақытша билік өкілдерінің функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, кәсіпорындарда, мекемелерде немесе ұйымдарда ұйымдық-өкімдік міндеттерді орындаумен байланысты тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын  немесе арнайы өкілеттілік бойынша сондай міндеттерді орындайтын адамдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (2018.09.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 30-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар – лауазымды адамдар деп танылады.

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексiнің (2018.09.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ҚК) 3-бабының 26) тармақшасына сәйкес лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңының (2017.11.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 1-бабының 8) және 9) тармақшаларында терминге анықтама берілген: «лауазымды адам» – билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адам.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


«Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысының 3-тармағы лауазымды адамды келесідей сипаттайды: «Шет мемлекеттің заң шығару, атқарушы, әкімшілік немесе сот органында қандай да бір лауазымды атқаратын, тағайындалатын немесе сайланатын кез келген адам және шет мемлекеті үшін, соның ішінде жария ведомство немесе кәсіпорын үшін қандай да бір жария функцияны орындайтын кез келген адам шет мемлекеттің лауазымды адамы деп танылады.

Халықаралық азаматтық қызметші не осындай ұйым өзінің атынан әрекет жасауға уәкілеттік берген кез келген адам халықаралық ұйымның лауазымды адамы деп танылады».

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, лауазымды тұлға орындайтын функциялардың сипаты лауазымды деп танылған адамдар тобын айқындауға және одан мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергілікті өзін-өзі басқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жұмыспен (қызметпен) қамтылған адамдарды алып тастауға    мүмкіндік береді.

Лауазымды адам – билік өкілі. Билік функциясының мазмұны, демек, билік өкілінің іс-қимыл сипаты органның алдында тұрған міндеттермен айқындалады.

Ұйымдағы лауазымды адамның Функциялары  

Лауазым – мемлекеттік органның және оның аппаратының, кәсіпорын, мекеме немесе ұйымның тиісті қызметтік өкілеттіктері мен міндеттері бар алғашқы құрылымдық бірлігі. Лауазым функционалдық қызметінің шеңберін және қызметтік мәртебесін негіздейді. Осылайша, лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады, не осы іс-әрекеттерден қалыс қалады.

Меншік нысанына қарамастан ұйымда лауазымды тұлғалар тұрақты немесе уақытша мыналарды орындайды:

1) ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды, яғни, қызметі бойынша бағынысты адамдарды басқарады;

2) әкімшілік-шаруашылық функцияларды, яғни, мүлікке иелік ету және оны басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады;

3) билік өкілінің функцияларын, яғни, заңмен белгіленген тәртіпте қызметтік тәуелсіздіктегі жеке адамдарға, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, заңды тұлғаларға  өкім ету. 

Сондай-ақ, лауазымды адамдар деп тиісті функцияларды орындауға байланысты емес, бірақ сондай функцияларды арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын адамдар танылады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 5 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты