text
Справочник кадровика

Еңбек жағдайларын жетілдіру іс-шараларының кешені

  • 29 мая 2018
  • 5
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный технический руководитель по безопасности и охране труда АО «Усть - Каменогорские тепловые сети»
Еңбек жағдайларын жетілдіру іс-шараларының кешені

Ұйымда еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес және техникалық инспекторлар бақылай

«Өскемен жылу желілері» АҚ (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметінің негізгі бағыты – жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және қамтамасыз ету. Бүгінде кәсіпорын қарқынды дамып келеді, жабдық ұдайы қайта құрылып, жаңартылып отырады.

Еңбек жағдайларын жетілдіру іс-шараларының кешені

Тәуекелді бағалау және басқару

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуын бақылау, қамтамасыз ету үшін кәсіпорында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (бұдан әрі – ЕҚжҚ) құрылды. Оның құрамына бас техникалық басшы және үш ЕҚжҚ инженері кіреді. Барлық жұмыскерлердің білімі жоғары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті оқытудан, білімін тексеруден өтеді, біліктілігін үнемі арттырып отырады.

Кәсіпорынның бөлімшелерінде жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға (бұдан әрі – ДС) және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге (бұдан әрі – ЕҚҚ) бағытталған талаптарды орындау бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. 2009 жылдан бастап кәсіпорында OHSAS 18001:2007 стандартының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша менеджмент жүйесі енгізілді. Менеджмент жүйесінің негізгі мақсаты кәсіпорын жұмыскерлері мен басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіптерді басқару арқылы ДС және ЕҚҚ саласындағы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған. OHSAS 18001:2007 аясында жұмыстарды орындау тәртібін реттейтін 20-дан астам стандарт пен нұсқаулық әзірленді.

Қауіптерді бағалау және басқару.

Кәсіпорында жыл сайын жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына байланысты қауіптер бағаланады. Әр қауіп екі өлшем бойынша сараланады:

–  туындау ықтималдығының дәрежесі;

–  салдарларының қиындығы.

Қауіптің қолайлылығына байланысты оны азайту немесе бұрынғы деңгейінде сақтау үшін шаралар қолданылады.

Қауіптерге жүргізілетін бағалау нәтижелері кәсіпорынның мақсаттарын қойған кезде ескеріледі. Кәсіптік қауіптерді басқару іс-шаралары ЕҚжҚ қызметінің бақылауында болады.

Алдын ала қауіпсіздік шаралары Кәсіпорынның және мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлерінің мінез-құлқын, жабдықтың жай-күйін жүйелі түрде бақылау және қауіпті өндірістік факторларды уақтылы анықтау арқылы қамтамасыз етіледі. ЕҚжҚ қызметі барлық инженерлік - техникалық жұмыскерлеріне (бұдан әрі – ИТЖ) жұмыс орындарын аралап шығу, қарап өту нормалары мен санын белгілейді, қайталануына бақылау, мониторинг және талдау жүргізеді. Аралап шығу нәтижелері «Битрикс 24» корпоративтік порталының негізінде әзірленген қазіргі модульге енгізіледі, ол бұзушылықтар туралы деректерді енгізу тәртібін жеңілдетті және талдау уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Апта сайын және ай сайын жұмыс орындарын аралап шығу бойынша есептер жасалады.

Бұл бағдарламаның тиімділігі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы барлық анықталған сәйкессіздіктерді тіркеуден, анықталған ескертулерді уақтылы қадағалау және жою мүмкіндігінен көрінеді.

Әрбір тексеруші ИТЖ-ның жұмыс орындарын аралап шығу бойынша ескертулер енгізуге, түзету іс-шараларын тағайындауға, ескертуді жою мерзімін белгілеуге және жауапты тұлғаларды айқындауға мүмкіндігі бар.

Қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған іс-шаралар
 

Кәсіпорында қызметкерлермен жұмыс жүргізуге, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің және сақтаудың, еңбекті қорғау саласындағы талаптарды орындаудың маңыздылығын жеткізуге біраз уақыт бөлінеді. Әрбір өндірістік объектіде орналасқан ақпараттық стендтерде барынша маңызды әрі пайдалы ақпарат беріледі:

–  қауіптер тізбесі;

–  жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі жаднама;

–  ұйымдастырушылық -өкімдік құжаттама;

–  бұзушылықтар туралы мәліметтер және т.с.с.

Ақпараттың ұдайы өзекті болуын жауапты тұлғалар қамтамасыз етеді.

Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін азайту мақсатында Кәсіпорын әр бес жыл сайын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аккредиттелген ұйыммен шарт жасасады.

Сондай-ақ, оқыңыз:  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС ЫНТАЛАНДЫРУ КӘСІПОРЫН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ (Еңбекті қорғау бойынша жұмыс нысандары)

Жыл сайын барлық өндірістік бөлімшелерде «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидаларына» сәйкес қызметкерлерді ішкі оқытудың жылдық жоспарлары жасалады. Оқытудың сыртқы жоспарының аясында қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар ұдайы оқу орталықтарында оқып, аттестаттаудан өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы білімін, техникалық пайдалану қағидалары, өрт қауіпсіздігі қағидалары және арнайы қағидалар туралы білімін тексеру жөніндегі тұрақты емтихан комиссиясы әрекет етеді. Қайталама нұсқамалықтар ұдайы өткізіліп тұрады, сондай-ақ тәжірибелік мысалдар арқылы, бұрын анықталған қауіптерді талдау арқылы және қауіптерді басқару бойынша қажетті шараларды қолдану арқылы жүргізілетін нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды жүргізер алдында өткізіліп тұрады.

Төмендете отырып тәуекелдер

Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде немесе жабдыққа техникалық қызмет көрсеткен кезде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәсіпорында «Жабылатын құрылғыларды қолдану» ИП 01 - 02 нұсқаулығы енгізілді. Жабылатын құрылғылар бекіткіш арматураға, коммутациялық аппараттарға заңсыз қолжетімділікке, қателесіп немесе өздігінен ашылуына, жабдықтың іске қосылуына тосқауыл қою мақсатында қолданылады, бұл жұмыскерлерді жарақаттанудан және жылу немесе электр энергиясының кенеттен шығарылуынан қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл құрылғыларды қолдану жазатайым оқиғалар мен оқыс оқиғалардың туындау қаупін азайтады. Қазіргі кездегі ысырмаларға орнатылатын жабылатын құрылғылардың жобасын біздің қызметкерлер жасап, дайындайды, өйткені бұрынғы шынжырмен бекіту әдісі шарлы ысырмаларға тосқауыл қоюға келмейді.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Қызметкерлердің дайындығын және олардың тәжірибелік дағдылар қалыптастырғанын ұдайы тексеріп отыру үшін бір тоқсанда кемінде бір рет апатқа қарсы және өртке қарсы жаттығулар жүргізіледі.

Қызметі өндірістік кеңесінің және техникалық инспекторлар

2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сай (16.04.2018 жағдай бойынша өзгерістерімен және толықтыруларымен) кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс істейді. Өндірістік кеңес өз жұмысы аясында жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбектің қорғалуы жағдайларына тексеру жургізуді ұйымдастырады.

Өндірістік кеңес тағайындаған техникалық инспекторлар ЕҚ бойынша талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді, жұмыс орындарын тексереді, қауіпсіздік талаптарының бұзылуын айқындайды, бұлар да мақсатты түрде аралап шығу есебі жөніндегі бағдарламаға енгізіледі. Техникалық инспекторлар ЕҚжҚ жөніндегі істердің жай-күйін, заңнамадағы өзгерістерді, бөлімшелердің ең өзекті ағымдағы мәселелерін талқылайды.

Кәсіпорында айдың әрбір үшінші бейсенбісінде алдын ала бекітілген бағдарлама бойынша Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау күні өткізіледі. Оларды өткізуге барлық қызметкерлер мен мамандар тартылады.

Республика кәсіпорындарында орын алған жазатайым оқиғалар талқыланады, ЕҚжҚ саласындағы негізгі оқиғалар айқын түсіндіріледі, ЕҚ және ҚТ ережелері туралы білімді бағалау бойынша, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша және адамдарды жабық кеңістіктерден құтқару дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.

Алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтарында адамға жүрек -өкпе және ми реанимациясын өткізуге үйретуге арналған жаттығу құрылғылары пайдаланылады. Қызметкерлерге ит бас салған кезде орындайтын әрекеттерді үйрету үшін кинологиялық қызметтің қызметкерлері шақырылады. Қауіпсіздік техникасы күндерінде міндетті түрде басшылық тарапынан бақылаушылар болады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үздік бөлімшені анықтау үшін бір тоқсанда бір рет байқау- конкурс өткізіледі. Конкурстың нәтижелері бойынша үздік бөлімше жыл сайын Энергетик күніне орай тұрмыстық техникамен, құралдар жиынтығымен, жұмысқа арналған материалдармен марапатталады.

Қызметкерлерге уақтылы әрі білікті түрде медициналық көмек көрсету үшін екі медициналық пункт жабдықталған. Олардағы жұмыс жұмыскерлердің денсаулығының жай-күйін жақсартуға және ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексерулер жүргізуге, кәсіптік аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Қажет болған кезде дәрігердің тағайындауымен қызметкерлерге сауықтыру іс-шараларының кешені қолданылады. Мысалы, алдын алу мақсатында жыл сайын эпидемиялық маусымның алдында халықпен байланыс жасайтын және ең тұмау жұқтыруға бейім жұмыскерлерге егу жұмыстары жүргізіледі.

Кәсіпорынның барлық қызметкерлері ұжымдық шартқа сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Барлық сатып алынатын арнайы киімнің сапа сертификаттары бар.

Қызметкерлер үшін барлық қажетті тұрмыстық техникасы және үй-жайларда микроклиматты сақтауға арналған жабдығы бар тамақтану бөлмелері ұйымдастырылған.

Еңбек жағдайларын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешеніне жыл өткен сайын көбірек көңіл аударылуда. Біздің Кәсіпорын адам денсаулығының қамын жасау ең маңызды іс қана емес, сонымен қатар кадрларды тарту мәселесінде бәсекелестік элементі екенін түсінеді.

 Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 4, 2018 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты