text
Справочник кадровика

Қазіргі мансаптың даму үрдісі

  • 1 июня 2018
  • 2
Руководитель отдела персонала ХК «ТОП ХАУС», бизнес-тренер, сертифицированный карьерный консультант, г. Санкт-Петербург
Қазіргі мансаптың даму үрдісі

Қазіргі замандағы мансаптың даму үрдісі. Қазіргі мансаптың түрі және оны стратегиялық жоспарлау.

Бір таңғаларлығы, ғаламторға кіріп, «мансап» сөзін іздесе, онда Дүниежүзілік тор 95 % баспалдақтары бар суреттерді көрсетеді. Ал қазіргі уақытта «мансап баспалдақтары» термині моральдық тұрғыдан ескірген, өйткені қазіргі заманғы қоғам құндылықтарының ауысқанына байланысты, мансап ұғымының өзі өзгерген.

Мақалада мансап құрудың және дамудың қазіргі заманғы үрдісін қарастырамыз.

ХХ ғасырда мансап тең тік мағынада қабылданған. Мектеп, институт, жұмысқа жіберу, сол жерде, яғни бір ғана кәсіпорында, еңбекшінің мансабының жоғарылауы, немесе мынандай нұсқа: жұмыскер, зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шыққанға дейін, бір жұмыс орнында істей береді. Әркімге әрқалай, біреуге менмендік, біреуге таныстары мүмкіндік берді. Әділ болу үшін айта кету керек, кәсіподақ және партия желісі бойынша жоғарылау тәсілдері де болған, бірақ «карьерист» сөзінің өзі бұрын балағат сөз болған. Өйткені ол адам мансабын құру кезінде тек өзінің жеке басының «пайдакүнемдік» мақсатын ойлайды деп түспалданған.

Қазіргі уақытта, жағдай түбегейлі өзгерді. Қазір ақпарат соншалықты көп және барлығы қарқынды дамып және өзгеріп отырады, тіпті, зерттеушілердің айтуынша, егер кез келген қазіргі заманғы адам айналасындағы адамдарға өзінің білетінін және істей алатынын тәулігіне 24 сағат айтып отырса, оған бір өмір де жетпейді.

Айналаңызға қараңызшы, барлық әлемдік брендтер бірауыздан әлеуметтік жауапкершілік туралы айтуда, яғни өз игілігің үшін ғана емес, жалпы планета тұрғындарының мақсаттарын көздей отырып, басқалар үшн де өмір сүру. Біздің өмірімізге жаңа құндылықтары бар жаңа ұрпақ енді. Қоғам өзгерді. Әлем –  біздің өмірлік, мансаптық баспалдағымыз ғана емес екенін біз түсінеміз. Біздің планета – бұл жүйе, онда қауіпсіз және ыңғайлы өмір сүру үшін, біз тек өзіміздің жеке мүдделерімізді негізге ала отырып, өз өміріміз бен мансабымызды салуымыз керек.

Қазіргі мансапқор өзінің жеке мақсаты мен құндылықтарын жүзеге асыру арқылы, қоғамның мақсаты мен құндылықтарын іске асыра отырып, әлемді жақсартуға ұмтылады.

ПРИМЕР

 Үлкен табысқа өз тауарын «өткізетін» сату жөніндегі менеджер емес, құрылыс материалдары сатқанда, оның клиенттері әдемі және сапалы үйлерде өмір сүргенін армандайын менеджер жетеді. Ол үшін менеджер үнемі оқиды, қазіргі заманғы құрылыс технологиясын игере отырып, экологиялық тауарларға назар аудара отырып, жаңа материалдарға қызығады.

Қазір әлемде эволюциялық мақсат ұғымы көп нығаюда. Тәсіл егжей-тегжейлі Фредерик Лалудың «Болашақ ұйымдарын ашқанда» кітабын сипатталған. Бұл кітаптың мазмұнында Фредерик қазіргі заманда жұмыс істеу тұжырымдамасының негізінде табыс алу емес, адамдарға қызмет ету механизмі жатқан компаниялар табысты болады делінген, бірақ, бір ғажайыбы осы компаниялар ешқандай эволюциялық мақсаты болмаса да, адамрға қызмет істей отырып, кәдімгі команиялардан көп табыс табады.

Мансапта да осындай эволюция туды: шын жүректен адамдарға көмектесуге ұмтылатын және оларды үйін сенімдірек жасауды қалайтын, өзінің кәсібилік деңгейімен және басқалардың мәселелеріне тартылуымен өзіне клиенттерді тартады.

СЛОВАРИК

Қазргі кездегі МАНСАПҚОР (КАРЬЕРИСТ) – ол саналы түрде эволюциялық мансапты құратын адам.

ВОПРОС Қазіргі заманда мансап құру деген нені білдіреді?

Құру – бұл жоспарлау. Қазіргі мансапқор мансабын екі қағидат негізінде жоспарлайды:

1) тағдырдың беретініне үміттенбей, алдын-ала жоспарлайды;  

2) саналы түрде мансап құрады. Стратегия туралы ойлау керек, өмір тым қысқа.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына – автоматтандыруға, роботтандыруға байланысты мансапқа саналы қарамаса, «жойылып бара жатқан мамандық» деп аталатын мәселемен қақтығысуға болады.  

«Енді қайтейік? – дейсіз сіз, – қайда сол роботтар, бізді олармен қорқыта алмайсыңдар, олар өз жұмысқа тек 10-15 жылдан кейін ғана кіріседі…». Иә, сіз дұрыс айтасыз, бірақ қазіргі заманғы мансап 10-15 жылға арналған стратегияға мұқтаж, өйткені дәл сол уақыт аралығында әлем түбегейлі өзгеруі мүмкін. Ал сіздің жұмысыңыздан ғана емес, мамандығыңыздан да айырылып қалу қаупіңіз бар.

ПРИМЕР

Сіз қазірғі кезде кадр қызметінің жұмыскері болып табыласыз, сіз 35-40 жастасыз. Жалпы, сізде бәрі жақсы: жұмыс, жалақы, ұжымда құрметтейді. Бірақ ойланыңызшы, электрондық құжат айналымы қазірдің өзінде көптеген бухгалтерлерді олардың жұмыс орындарынан ығыстырды, тіпті, банк саласындағы диджитализация 2018 жылы көрші Ресейде банк персоналының шамамен 30 % қысқартуға әкеледі деген пікір бар. Ал 2028 жылы «кадр маманы» мамандығы не болады? Ал 2028 жылы сіздің жасыңыз нешеде болады? 45–50? Әлі зейнеткерлік жас емес қой. Ал енді егер сіз мансабыңызды алдын-ала құруды бастасаңыз, не болатынын елестетіңізші. Сіздің 45–50 жастасыз, бәрін басынан бастау керек.

Жоғарыда айтылғаннынң бәрі, сіз дереу жұмыстан босату туралы өтініш жазып, перспективті жұмыс іздеу керек екенін білдірмейді.

Қазіргі замандағы мансаптың түрлері және оны стратегиялық жоспарлау

Қазіргі заманғы мансапта әлі мансапты жоғарылатумен байланысты нұсқа әлі де бар, 10-15 жыл ішінде персонал жөніндегі директорға немесе кадр бөлімінің бастығына дейін көтерілуге сізге ешкім де кедергі келтірмейді, тек оны еңбек нарығында қазіргі заманғы, ал ең бастысы, алдағы уақыттағы үрдістерді түсіне отырып, саналы түрде жасаған маңызды болып табылады. Яғни сатылас  мансап әлі де бар болуы мүмкін және қазіргі заманғы мансап түрлерінің бірі болып табылады.

Бірақ бәрі үшін төлеу керек, өмір солай. Сатылас  мансап үшін біз, әдетте, жеке уақытымызды және күш-жігерімізді төлейміз, себебі мансаптық ерліктерді жасай отырып, өте жиі жұмыста кешігуге, ал, лауазымың жоғарылаған сайын, жұмыс пен жеке өмірдің теңгерімін сақтауға тура келеді.

Бірақ көп күш-қуатын жұмсап, жұмыста көп уақытын өткізуге көп адам дайын емес, және көпшілігі бастық болғысы келмейді. Бұл жағдайда көлденең мансап қолайлы. Бұл қазіргі заманғы мансаптың тағы бір түрі, ол бір бөлімнің ауқымындағы қызметкердің жауапкершілігін кеңейтуді білдіреді. Біздің ойымызша, бұл кәсіпқойдың даму жолының табиғи жолы.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы №5 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль