text
Справочник кадровика

Жұмыскерлердің біліктілігін арттыру

  • 5 июня 2018
  • 17
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», руководитель подразделения юридической службы КГКП «Региональный центр переподготовки и повышения квалификации государственных служащих» акимата Костанайской области, г. Костанай
Жұмыскерлердің біліктілігін арттыру

Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру. Кадрларды даярлауды құқықтық реттеу.

Бүгін өмірдің барлық саласында барлық нәрсенің тез және қарқынды дамып жатқанын ескере отырып, білім тез ескіріп жатыр. Уақытпен қатар жүру үшін  және бәсекеге қабілетті болып қалу үшін, үнемі оқу керек. Мақалада ұйым қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру қағидаларын ұйымдастыруды қарастырамыз.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Кәсіптік оқыту нысандары

Өз қызмет саласының дамуына мүдделі жұмыс берушілер, жоғары білікті қызметкерлерге мұқтаж. Кәсіби персоналдың болуы кез келген ұйымның табысты қызметінің кепілі болып табылады. Сондықтан, бүгін жұмыс берушінің негізгі міндеттердің бірі – бұл қызметкерлерінің кәсіби деңгейін қарқынды дамып жатқан біліктілік талаптарына сәйкес ұстау.

Бұл маңызды міндет қызметкерлерді оқуын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылуда.

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексіне сәйкес (2017.30.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) кәсіптік оқытудың келесі нысандары бар:

  • біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
  • кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
  • қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
  • дуальдық оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының тең жауаптылығы кезінде жұмыс орындарын бере және білім алушыларға өтемақы төлей отырып, білім беру ұйымында оқытуды кәсіпорында оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастырып, кадрлар даярлау нысаны.

Құқығы ма әлде міндеті ме?

ВНИМАНИЕ

Жұмыс беруші өзі ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қажеттілігі мен көлемін өзі айқындайды.   

ҚР ЕК 23-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқығы бар. Сонымен қатар жұмыс беруші жұмыскерлердің оқуына байланысты жұмсалған шығындарын өтеуге құқығы бар.

ҚР ЕК көзделген жекелеген жағдайларда жұмыс беруші қызметкерлерді оқытудан өткізуге міндетті екенін атап өтейік.

ПРИМЕР

ҚР ЕК 182-бабына сәйкес жұмыс беруші үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшы жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға міндетті.

Жұмыс беруші өз қызметкерлерін, сондай-ақ өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдарды оқытудан өткізе алады. Осылайша, жұмыс беруші кәсібі жоқ адамдарды кәсіптік даярлау арқылы,  кейіннен сол адамдармен еңбек шартын жасасу арқылы өзінің кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ете алады.

Жұмыскерлерді және өзге де тұлғаларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды тікелей жұмыс берушінің ұйымында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізілуі мүмкін.

Оқытуды жұмыс берушіде ұйымдастыру

Жұмыс беруші жұмыскерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (білім алушы) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды:

1) тікелей ұйымда (жұмыс берушіде);

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында;

3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.

Жұмыс берушінің өзінде оқытуды ұйымдастыруға байланысты мәселелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1045 бұйрығымен бекітілген Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарда реттеледі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12765 болып тіркелді).

Аталған талаптарға сәйкес әр ұйымда мыналар болуға тиіс:

1) ұйымның Жарғысында (Ережесінде) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды тікелей жүргізетін ұйымдар үшін кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі норма;

2) кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу жұмыс жоспарлары және бағдарламалары;

3) тиісті кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер;

4) оқыту шарты (жұмыс беруші мен оқушы арасында тікелей ұйымда кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісім) немесе білім беру қызметін көрсету туралы шарт (жұмыс беруші мен қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісім).

Білім беру қызметтерін көрсету шартының үлгілік нысаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» № 93 бұйрығымен бекітілген.

Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушыларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады (ҚР ЕК 118-бабының 3-тармағы).

Оқыту шартының мазмұны ҚР ЕК 118-бабының 4-тармағында айқындалған, онда шарттың міндетті және қосымша талаптарды қамтитыны көрсетілген. Тиісінше, оқыту шартында көрсетілген міндетті талаптарды сақтамай, оны жасасу мүмкін емес.

Оқыту шартының міндетті талаптарына:

1) білім алушы алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке және (немесе) біліктілік курсының атауына сілтеме;

2) жұмыс беруші мен білім алушының құқықтары мен міндеттері;

3) оқыту мерзімі және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу мерзімі;

4) оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеудің өтелмеген мерзіміне пропорционалды түрде жұмыс берушіге өтеу тәртібі мен жағдайлары;

5) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдері;

6) тараптардың жауаптылығы жатады.

Қосымша талаптар жұмыскер мен жұмыс берушінің қарым-қатынасын кәсіптік оқыту кезеңінде айқындайды.

ВНИМАНИЕ

Дұрыс ресімделген оқыту шартының болуы кәсіптік оқыту мәселелері бойынша еңбек дауларын азайтады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.

Толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 5 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты