text
Справочник кадровика

Бастапқы өрт сөндіру құралдарын салыстырмалы талдау

  • 7 июня 2018
  • 23
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", директор ТОО «Сервис Безопасности – Центр СИЗ»
Бастапқы өрт сөндіру құралдарын салыстырмалы талдау

Қандай бастапқы өрт сөндіру құралдарын сатып алу керек, олардың айырмашылығы қандай? Өрт кезінде шынымен жарамды болатындай түрлерін таңдаған жөн емес пе?! Салыстырмалы талдау жүргізейік.

Бүгінгі таңда бастапқы өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіргіштер мәселесі өткір мәселе болып отыр. Кемеровода болған жан түршігерлік оқиға өртке қарсы қауіпсіздікте бірқатар өрескел бұзушылықтар бар екенін ашып берді. Ресейдің «Союз 01» өртке қарсы жабдық өндірушілер қауымдастығының төрағасы Сергей Чебатаревтің сөзіне қарағанда, өрт сөндіргіштерді шығаратын 20 өндірушіге жүргізілген сынақтар бұл саладағы жағдай апатты екенін көрсетті, сынауға ұсынылған өрт сөндіргіштердің ешқайсысы үлгіленген өрт ошағын сөндіре алған жоқ. Барлық гәп өрт сөндіргіштерді қуаттандыру үшін пайдаланылатын заттар мен материалдардың сапасында болған. Өрт сөндіргіштерді қайта қуаттандыру үшін қолданылатын ұнтақтардың да сапасы төмен, нәтижесінде қайта қуаттандырылған өрт сөндіргіш пайдасыз болып қалады.

Қазақстанда жасалған

Бірақ бүгін жағдай өзгеруде, өртке қарсы жабдықтар нарығында енді шыққан өртпен жылдам әрі тиімді күресуге мүмкіндік беретін инновациялық әзірлемелер пайда болып жатыр. Оларға мыналар жатады:

- шетелдік әзірлеме – әуе-эмульсиялық өрт сөндіргіштер (Bontel), өрттің алғашқы шыққан кезеңінде алдын алуға жарамды бірегей құрылғы;

- қазақстандық әзірлеме – әуе-шашыратқыш өрт сөндіргіштер (FIREMAN), бұлар өрттің түрлі топтарына жататын алғашқы жану көздерін бір өрт сөндіргішпен өте тиімді түрде сөндіруге мүмкіндік береді, сақтау және пайдалану мерзімдері ұзақ. Бұл өрт сөндіргіштер әмбебап және үй-жайларда, көлікте, ашық ауада түрлі жану кезінде, соның ішінде ауа температурасы минус 35°С-қа дейін болған кезде қолданылады. Құрамының тұрақтылығының арқасында бұл өрт сөндіргіштердің пайдаланылу мерзімі қайта қуаттамай-ақ және қайта куәландырусыз 7 жылды құрайды. Олардың өрт сөндіруші құрамы экологиялық таза, биологиялық ыдырағыш, озон қабатын бұзбайтын арнаулы қоспалардан тұрады.

Ауа-дисперсиялық өрт сөндіргіштер

Өрт сөндіргіштердің бұл түрінің артықшылықтары:

. Бұлар – күрделі жалын шығармайтын заттардың (резеңке сияқты), сол сияқты А, В тобындағы жанғыш сұйықтықтардың (жанармай, дизель отыны) өртін сөндіре алатын аса тиімді өрт сөндіргіштер.

. Кернеулі электр қондырғыларының және 1 000 В дейінгі электр жабдығының өртін сөндіре алады.

. Өрт ошағын өте тиімді салқындатады.

. Ұнтақ жиналмайды.

. Қайта жанбайды.

. Өрт сөндіргіш заттың әсерінен екінші мәрте нұқсан келмейді.

. Өрт сөндіргіш ауа температурасы минус 35°С-қа дейін болған кезде пайдаланылады.

. Өрт сөндіргіштің қайта қуаттамай-ақ және қайта куәландырусыз пайдаланылу мерзімі ұзақ.

. Екінші мәрте пайдаланылады. Бүкіл қолданылу мерзімінде өрт сөндіргішті 10 ретке дейін қайта қуаттауға болады.

. Экологиялық таза, биологиялық ыдырағыш және қауіпсіз.

. Жан-жақты қолданылады (түрлі топқа жататын өрттерді сөндіреді).

. Бір өрт сөндіргіштің жанғыш заттарды сөндіру қабілеті тиімділігі жөнінен ӘКӨ-5(з) (әуе көбікті) 10 өрт сөндіргіштен де асып түседі.

Әуе-эмульсиялық және әуе-шашыратқыш өрт сөндіргіштердің қосымша артықшылықтары:

- жұмысының тиімділігі және өрт сөндіру қабілеті тіпті өрт сөндіруші ұнтағы бар және көмірқышқылы бар үлкен жылжымалы өрт сөндіргіштерден асып түседі;

- салмағы аз, ықшам және жан-жақты қолданылады;

- арнайы өрт сөндіру дағдыларын талап етпейді (қызметкерлерге үйрету үшін қолдануға болады);

- өрт сөндіргіштердің жарылу қаупі жоқ үлгілерін дайындауға болады.

Әуе-шашыратқыш өрт сөндіргіштерде өрт сөндіруші зат ретінде патенттелген құрам пайдаланылады, оның сапасының жоғарылығы SATRA TECHOLOGY CENTRE ағылшын зертханасының екі патентімен, Ресейдің ТЖМ АҚҚ СЖ Сертификатымен, Қазақстан Республикасының Сәйкестік сертификатымен расталды, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ өрт сынақ зертханасы растады.

Өрт сөндіргіштің заряды экологиялық таза, қоршаған ортаға залал келтірмейді. Құрамы зиянды қалдықтар, сондай-ақ қайталама қауіпті қосылыстар түзбейтін биологиялық ыдырағыш әуе-шашыратқыш эмульсия түрінде болып келеді, көмірқышқыл газына және суға ыдырайды.

Әуе-эмульсиялық және әуе-шашыратқыш өрт сөндіргіштердің бұл қасиеттерінің барлығы, әрине, олардың өзіндік құнын арттырады. Есесіне бағасының жоғарылығына өрт сөндіргіштердің басқа түрлерімен салыстырғанда олардың теңдессіз сенімділігі әрі тиімділігі дәлел болады.

МАҢЫЗДЫ!

Өрт сөндіргіштердің бұл түрін таңдаған кезде олардың өрт сөндіру қабілеті бүгінгі таңдағы түрлерінен айтарлықтай артық екенін ескеру керек.

Мысалы, 6 литрлік баллондық әуе-эмульсиялық өрт сөндіргіштің өрт сөндіру қабілетін қатты жанғыш заттардың (А тобы) өртін сөндірген кезде ӘКӨ(з) әуе көбікті өрт сөндіргішінің немесе КӨ-50(з) ұнтақты өрт сөндіргішінің өрт сөндіру қабілетімен салғастыруға болады, ал сұйық жанғыш заттардың өртін сөндірген кезде өрт сөндіргіш ӘКӨ-50(з) немесе КӨ-20(з) түрлеріне ұқсас.

«FIREMAN» өрт сөндіргіштерінің бүгін пайдаланылатын түрлерінен негізгі өзгешеліктері:

- озон қабатын бұзбайды;

- жылыжай әсерін туғызбайды;

- атмосферада өмір сүру мерзімі жоқ, құрамында улағыш заттар жоқ;

- жылумен ыдырамайды, отпен жанасқан кезде тотыққыш және улы заттарды түзбейді;

- түрпі түйіршіктер түзбейді;

- беткі жаққа жабыспайды;

- химиялық агрессивті орта тудырмайды;

- жабдықты қатты суытпайды.

Ұнтақты өрт сөндіргіштер

Ұнтақты өрт сөндіргіштер (бұдан әрі – ҰӨ) – қолданылу саласы бойынша ең кең тараған және әмбебап өрт сөндіргіш түрі. Құнының аса жоғары болмауының арқасында нарықтағы үлесі жалпы санының 80 %-ына жетті.

ҰӨ-ні үй-жайларда, адамдар бар жерде қолданбаған жөн, өйткені өрт сөндірген кезде ұнтақ бұлтқа ұқсап, соның нәтижесінде өрт ошағы нашар көрінеді және ұнтақ адамның тыныс алу жолдарына түсіп кетеді. Өкінішке орай, бұл өрт сөндіргіштердің 90 %-дан астамы іс жүзінде өрт сөндірмейді!

ҰӨ-нің мынадай кемшіліктері бар:

- өрт сөндіргіш ұнтақтар сақтаған кезде түйіртпектелуге және тығыздалуға бейім;

- қолданған кезде пайда болатын ұнтақтың бұлт тәрізді қалпынан қатты түтіндеп, өрт ошағы мен шығар жолдар айтарлықтай нашар көрінеді;

- жабық үй-жайларда жеке қорғаныш құралдарын қолдану қажеттігі туындайды;

- қорғалатын объектінің ұнтақпен былғанған жерін тазалау қиын;

- өрт сөндірген кезде салқындатқыш әсері жоқ;

- сөндірілген өрт ошағының қызып тұрған объектіден қайта тұтану ықтималдығы жоғары;   

- қайта қуаттау қажет.

ОҚЫҢЫЗ:

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ

Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер

Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер (бұдан әрі – КӨ) негізінен электр қондырғыларының өртін сөндіруге арналған. КӨ-де өрт сөндіргіш зат ретінде сұйылтылған көміртегі диоксиді (көмірқышқыл) қолданылады. Қысымы жоғары болғандықтан, КӨ-ні жылу көздеріне жақын жерде сақтауға және оларға тікелей күн сәулесінің түсуіне жол беруге тыйым салынады.

КӨ-ні пайдаланған кезде өрт сөндіргіштің аузын ұстауға үзілді-кесілді тыйым салынады, өйткені көміртегі диоксиді сұйық күйінен газ тәрізді күйге ауысқан кезде өрт сөндіргіштің аузын -70 °С-қа дейін әп-сәтте суытады.

КӨ кемшіліктері:

- өрт сөндіргіштің аузы мен баллоны кенеттен суығандықтан, қолды үсітіп алу ықтималдығы бар;

- өрт сөндіргіштің салмағы ауыр;

- сөндіру объектісінің кенеттен сууы нәтижесінде айтарлықтай жылу кернеуі пайда болуы ықтимал;

- қолданған уақытта өрт сөндіргіште статикалық электр зарядтары жиналып қалады;

ОҚЫҢЫЗ:

- жабық кеңістікте қолдану CO2 концентрациясының кенеттен көбеюіне әкеледі, бұл оттегі жетіспеушілігі және тұншығу құбылысын тудыруы мүмкін;

- төмен температурада өрт сөндіргіштің тиімділігі азаяды; 

- ағашты және ауа болмағанда жанатын заттардың өртін сөндіруге қолданылмайды.

Сулы өрт сөндіргіштер

Сулы өрт сөндіргіштер (бұдан әрі – СӨ) негізінен тұрмыста қолданылады. Өкінішке орай, температура 0°С болған кезде өрт сөндіруші заттың қатып қалуынан төмен температурада өрт сөндіргішті сақтау және пайдалану мүмкін болмайды.

СӨ кемшіліктері:

- сулы өрт сөндіргіштерді жанатын сұйықтықтарды (В тобы), К тобындағы майларды сөндіру үшін пайдалануға болмайды;

- су электр тогын жақсы өткізеді, электр жабдығының (Е тобы) өртін сөндіру үшін қолданылмайды;

- пайдалануға болатын температура (+5 °С-тан +50 °С-қа дейін) ауқымы аз;

- зарядының тотығуға бейімдігі жоғары;

- жыл сайын қайта қуаттау қажет;

- өрт сөндіруге көп мөлшерде су пайдалану есебінен үлкен материалдық шығын әкеледі.

Әуе көбікті өрт сөндіргіштер (бұдан әрі – ӘКӨ) өрт ошағына оттегінің жетуіне жол бермейтін көбік жабынын жасауға мүмкіндік береді.

ӘКӨ кемшіліктері:

- 1 м² үлкен алаңдағы жанғыш сұйықтықтардың (В тобы) өртін сөндіру үшін пайдалануға болмайды;

- электр жабдықтарының (Е тобы) өртін сөндіру үшін қолданылмайды;

- пайдалануға болатын температура (+5 °С-тан +50 °С-қа дейін) ауқымы аз;

- сөндіру объектісі зақымдалуы ықтимал;

- зарядының тотығуға бейімдігі жоғары;

- жыл сайын қайта қуаттау қажет.

Хладонды өрт сөндіргіштер

Хладонды өрт сөндіргіштер (бұдан әрі – ХӨ). Өрт сөндіруші орта ретінде өрт сөндіргіштерде хладон – тоңазытқыш қондырғылар үшін жылу тасығыш ретінде пайдаланылатын қоспаға ұқсас газ тәрізді көмірсутектік қоспа қолданылады.

ХӨ кемшіліктері:

- өрт ошағындағы хладонның және оның ыдырау өнімдерінің адам ағзасына улағыш әсері бар;

- хладонның тотығуға бейімдігі жоғары;

- озон қабатының бұзылуына жол ашады;

- қоршаған ортаға жағымсыз әсер етеді.

Химиялық көбікті өрт сөндіргіштер (бұдан әрі – ХКӨ). Жетілдірілгеніне қарамастан, ХКӨ-нің сапасы ескірген, өрт сөндіру қабілеті төмен және ол тиімдірек өрт сөндіргіштерге алмастыру арқылы біртіндеп қолданыстан шығуда.

Өрт сөндіргішті таңдаған кезде өртті сөндіруге қарағанда, алдын алу жеңіл екенін есте ұстаңыз!

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 5, 2018  

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль