text
Справочник кадровика

Амалсыз бос жүрген уақыт

  • 8 июня 2018
  • 19
юрист ТОО «Eurasia Group Kazakhstan», г. Кокшетау
Амалсыз бос жүрген уақыт

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмысқа келмеу. Келісу комиссиясының жұмысы. Жұмыскер мен жұмыс берушінің құқығы мен міндеті.

Амалсыз бос жүрген уақыт – ол жұмыскер әкімшіліктің кінәсінен жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылған уақыт. Бос жүрудің себебі – пайда болуы еңбек шарты тараптарына байланысты емес түрлі мән-жайлар болуы мүмкін. Амалсыз бос жүрген уақыт заңды түрдегі даусыз факт ретінде бірнеше себептер бойынша болуы мүмкін, олардың мәні біз осы мақалада талқылайық.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Жұмысқа келмеу – жұмыскердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 52-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ол еңбек шартын бұзу негіздерінің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, «мәжбүрлі бос жүрген уақыт» деген түсінік бар. ҚР ЕК-нде оның нақты анықтамасы жоқ, алайда еңбек заңнамасының нормативтік актілерін талдау мәжбүрлі бос жүрген уақытты жұмыс берушінің заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан жұмыскер өзінің еңбек міндеттемелерін орындай алмаған уақыт деп анықтауға мүмкіндік береді.

Заңсыз негіздері, сондай-ақ еңбек қатынастарын бұзу тәртібі ҚР ЕК-нің 4-тарауында айқындалған.

Жүгіну тәртібі және еңбек дауын қарау мерзімі

ВНИМАНИЕ

Егер қызметкер еңбек шартын бұзу туралы актімен келіспесе, онда ол ҚР ЕК 159-бабына сәйкес, келісу комиссиясына жүгінуге құқығы бар. Келісу комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде жұмыс берушінің өкілдері мен жұмыскерлердің тең санынан тепе-тең бастамада құрылатын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Комиссияға берілген өтініш міндетті түрде тіркелуге тиіс. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті. Бірақ мұндай органның барлық ұйымдарда құрылмайтынына байланысты іс жүзінде мұны жүзеге асыру қиын.

Келісу комиссиясынан бсқа бұрынғы жұмыскер еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға жүгінуге құқылы. Соңғысының өкілеттігіне мыналар кіреді: тексеру жүргізу, бұзушылықтарды жою және заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту туралы нұсқамаларды басып шығару. Сондай-ақ инспектор жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алуға және жұмыс берушіні қандай да бір өтемақы төлеуге міндеттеуге құқылы емес. Сондықтан заңсыз жұмыстан шыққан жұмыскердің қалыптасқан жағдайдан шығу жолы сот органдарына жүгіну болып табылады.

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес ҚР ЕК 160-бабында келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер көзделген:

  • жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай;
  • сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шартының тарабы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай;
  • басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

ВНИМАНИЕ

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Республикалық референдумда 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының (2017.10.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР Конституциясы) 13-бабының 2-тармағындағы ережелерге, ҚР ЕК 159-бабына сүйене отырып, тіпті жеке еңбек дауының тарабы ҚР ЕК 160-бабында көзделген келісу комиссиясына жүгіну мерзімін өткізіп алса да, келісу комиссиясы оның өтінішін қарап, шешім шығаруы тиіс, ол алдағы уақытта осы келісіммен  келіспеген тарапқа өзінің сотқа шағымдану құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.

Жұмысқа қайта алу мәселесін сот бір айлық мерзімде қарастырады, және оның шешімі, «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V кодексінің 243-бабының 3-тармағына сәйкес (2017.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) дереу орындалуға жатады.

Жұмыс берушінің жауаптылығы

Жұмыс беруші сот шешімін орындамаған жағдайда, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының (2018.01.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 105-бабына сәйкес:

  1. Ұйымның басшысы (жұмыс берушi) жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда сот орындаушысы қызметкерге орташа жалақысын немесе қызметкердi жұмысқа қайта қабылдау туралы шешiм шығарылған күннен бастап оны орындаған күнге дейiнгi бүкіл уақыт үшін жалақысының айырмасын төлеу туралы, сондай-ақ ұйым басшысынан (жұмыс берушіден) мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы қаулы шығару жөнiндегі ұсыныспен сотқа жүгінеді.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 6 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты