text
Справочник кадровика

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар

  • 14 июня 2018
  • 14
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный бухгалтер, г. Алматы
Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар

Еңбек кітапшаларын толтырған кезде жіберілетін негізгі қателер. Еңбек қызметін растайтын қандай құжат болып табылады?

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы әрбір болашақ зейнеткердің еңбек өтіліне қарай тағайындалатындықтан, оған қоса зейнетақы жүйесіне атсалысқан 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілінің болуы бар, қолында өтілін растаушы құжаттары жоқ зейнеткерлік жасы алдындағы азаматтарды бірқатар мәселелер мазалайды. Мақалада еңбек кітапшаларын толтырған кезде жіберілетін негізгі қателерді қараймыз, сондай-ақ мына сұраққа жауап береміз: еңбек қызметін растайтын қандай құжат болып табылады?

Еңбек кітапшасын толтырғанда жіберілетін қателер

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (2018.01.01 берілген өзгерстермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 14-бабының 1-тармағына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.

Көптеген ұйымдарда, тәжірибе көрсеткендей, кадр қызметінің қызметкерлері жазуды дұрыс енгізбейді, нақты жазбайды немесе мүлдем жазбайды, бұл болашақта зейнетақы тағайындау кезінде көптеген қиыншылықтар туғызады.

 Еңбек кітапшаларын толтыру кезінде жіберетін ең көп таралған қателіктерді қарастырайық:

1) жұмыстан босату туралы жазбаларда мөр бедерінің болмауы немесе айқын көрінбеуі;

2) жұмысқа қабылдау туралы жазбада ұйым атауының, лауазым (кәсібі) атауының болмауы;

3) жұмысқа қабылдау туралы жазбадағы ұйымның атауы  жұмыстан босату туралы жазбадағы мөрде көрсетілген ұйымның атауына сәйкес келмеуі. Мұндай жағдайлар кәсіпорындар мен мекемелердің түрлі таратылуы кезінде, таратылуы туралы жазба жұмыскердің еңбек кітапшасына енгізілмеген кезде болып тұрады.

Еңбек кітапшаларын жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, атап айтқанда  «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығына сәйкес толтырады.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңының (2017.05.05 берілген өзгерстермен және толықтырулармен) 8-бабына сәйкес мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

ВНИМАНИЕ Еңбек кітапшасы мемлекеттік тілде және орыс тілінде толтырылуы мүмкін.

 Жеке кәсіпкерлер үшін, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 13-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет есептеледі.

Жеке кәсіпкерлер үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау мақсатында кәсіпкерлер еңбек өтілін зейнетақы қорына аударылған міндетті жарналар туралы құжатпен растауы тиіс.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.

Мына құжаттардың кез келгені:

1) еңбек кітапшасы;

2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;

3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актiлерiненүзiндi көшірмелер;

4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшірмелер;

5) жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәлiметтер тiзбесi);

6) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзiндi-көшiрмелер;

7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

8) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 6 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль