text
Справочник кадровика

Ресми құжаттарды ресімдеу кезінде дербес деректерді қазақ тілінде жазу қағидалары

  • 19 июня 2018
  • 12
автор статей журнала «Делопроизводство в Казахстане» цифрового издательства «МЦФЭР–Казахстан», магистр делового администрирования, тренер-инструктор, г. Алматы
Ресми құжаттарды ресімдеу кезінде дербес деректерді қазақ тілінде жазу қағидалары

Ресми құжаттарды ресімдеу кезінде дербес деректерді қазақ тілінде жазу қағидалары. Кісінің аты-жөнін қазақ тілінде ресімдеу қағидалары.

Мақалада қазақ тілінде кісі аты-жөнін жазу қағидаларын қараймыз.

Орыс тілінен «имя, отчество, фамилия» және «инициалы» терминдерін аударған кезде елеулі қателер жіберіледі.

«Имя, отчество, фамилия» термині «есімі, әкесінің есімі, тегі», «аты, әкесінің аты, тегі», «аты-жөні, тегі» деп аударылады.

«Инициалы» термині әртүрлі дереккөздерде «аты-жөні», «атының, әкесі атының бас әрпі», «аты-жөнінің бірінші әріптері» деп аударылады.

ПРИМЕР

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының 20-бабында «имя, отчество, фамилия» термині «есімі, әкесінің есімі, тегі» деп аударылады: «Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келуге тиiс» – в статье 20 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года № 151-I «О языках в Республике Казахстан»: «Написание личных имён, отчеств, фамилий в официальных документах должно соответствовать законодательству и нормативным правовым актам Республики Казахстан».

«Іс қағаздарын жүргізу және архив ісі» орыс-қазақ терминологиялық сөздіктің «Іс қағаздарын жүргізу» томында (бұдан әрі  – Терминологиялық сөздік) «инициалы» термині  «аты-жөні» деп аударылады.

ПРИМЕР

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 261 қаулысымен бекітілген «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағының 2) тармақшасында «Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаған тұлға тегін, аты-жөнін, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басып растау береді және құжаттарға бұрыштама қоюға және жауапты орындаушыны айқындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 30 (отыз) минут ішінде жолдайды» делінген – В подпункте 2) пункта 5 Регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)», утверждённого постановлением акимата Актюбинской области от 17 июня 2016 года № 261 говорится: «Если документы соответствуют указанным требованиям, то выдаётся подтверждение о получении документов услугополучателя со штампом услугодателя, содержащее дату и время приёма документов, с указанием фамилии, имени, отчества лица, принявшего документы, и направляет документы руководителю услугодателя для наложения резолюции и определения ответственного исполнителя в течении 30 (тридцати) минут».

Осы мәнмәтінде «фамилия, имя, отчество» терминінің «тегі, аты-жөні» деген аудармасы қате болып табылады. Өйткені «аты-жөні» сөзі «инициалы» сөзінің мағынасында қабылдануы мүмкін, ал жоғарыда айтылған құжаттың шарты бойынша адамның атының, әкесінің атының бас әріптерін емес, оларды толық көрсету қажет. Бұл түсіндіруді келесі мысалмен растауға болады, онда «инициалы» термині «аты-жөні» деп аударылған.

ПРИМЕР

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V кодексінің 743-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында былай деп белгіленген: «Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылады, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны алғаны жөнінде қол қояды» – В подпункте 2) пункта 4 статьи 743 Кодекса об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года № 235-V установлено: «Извещение, адресованное юридическому лицу, вручается руководителю или работнику юридического лица, который расписывается в получении извещения на уведомлении о вручении с указанием своих фамилии, инициалов и должности».

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарының 1-тармағында «фамилия, инициалы» термині «тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері» деп аударылған.

«Аты-жөнінің бірінші әріптері» термині мен «аты-жөні» термині «инициалы» терминінің мағынасын ашпайтынын төмендегі мысал дәлелдейді.

ПРИМЕР

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының 35-тармағының 2) тармақшасында «Құжатта қойылған қолға... тұлғаның жеке қолы және қойылған қолдың толық жазылуы (аты-жөні мен тегі) енеді» делінген – В подпункте 2) пункта 35 Типовых правил документирования и управления документацией в государственных и негосударственных организациях, утверждённых приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 декабря 2014 года № 144 говорится: «Подпись документа включает... личную подпись и расшифровку подписи (инициал имени и фамилия)».

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2018 жылғы №6  оқыңыздар

Арнайы Сіз үшін:

ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУШІНІҢ КІТАПХАНАСЫ

Сұрау салу хатын жазу үлгісі

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМ

Өзіңе сенімділікті қалай дамыту және өмірде жетістікке қалай жету керек

АРХИВ ІСІ

Ұйымдағы құжаттарды есепке алу жөніндегі жалпы талаптар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль