text
Справочник кадровика

Түскі асқа берілетін үзіліс: ұзақтығы және беру ерекшеліктері

  • 20 июня 2018
  • 6
HR-директор компании «Интерпост», г. Алматы
Түскі асқа берілетін үзіліс: ұзақтығы және беру ерекшеліктері

Тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты және оның нақты ұзақтығы қалай белгіленеді? Жұмыс беруші тарапынан түскі үзілісті реттеу тәртібі. Үзіліс беру уақыты және оның нақты ұзақтығы.

Бір таңқаларлығы, тынығу және тамақтану үшін үзіліс беру жұмыс берушінің немесе кадр қызметі маманының көп сұрақтарын тудыруы және даулы жағдайлардың себебі болуы мүмкін. Бәрі оңай сияқты, бірақ олай емес. Мақалада жұмыс берушіге түрлі жағдайларда және жұмыс режимдерінде үзілістерді қалай белгілеу керек екенін қарастырамыз.

Көптеген ұйымдарда түскі үзілістің ұзақтығы бір сағатты құрайтынына біз үйрендік, атап айтқанда, жұмыс режимі сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін болатын ұйымда сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін түскі үзіліс белгіленеді, ал егер жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін болса, онда түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін белгіленеді. Әрі, өзіміздің үйреншікті түскі үзілісімізде сауда орталықтарына, банктерге, химиялық тазалау орындарына, дәріханаларға барып, олардың ашық болатынына және біз қажетті тауарымызды алатынымызға біз сенімдіміз. Осыдан мынандай сұрақ туындайды: сонда түскі уақытта бізге қызмет көрсететін қызметкерлер қашан демалады? Көптеген дүкендер мен дәріханалар тәулік бойы жұмыс істейді ғой, сондай-ақ үздіксіз өндірістік процесі бар кәсіпорындар да бар. Егер қызметкер еңбек шарты бойынша күніне төрт сағат қана жұмыс істесе, не істеу керек? Оған үзіліс беріле ме жоқ па? Тынығуға және тамақтануға берілетін үзіліс екі сағатқа созылуы мүмкін бе әлде бір сағаттан аз болуға тиіс пе? Сонымен, талқылап көрейік.

Әрине, жұмыстағы үзілістер туралы мәселені қарай отырып, ең алдымен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2018.16.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 71, 72, 81 және 82-баптарымен танысу керек. Осы баптардағы деректерге сәйкес жұмыстағы үзілістерді регламенттейтін құжаттар еңбек тәртіптемесінің ережелері, еңбек және ұжымдық шарттар, сондай-ақ жұмыс берушінің басқа да ішкі актілері болып табылады.

Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістің басталу және аяқталу уақыты, және оның ұзақтығы  жоғарыда аталған құжаттарда сақталуы тиіс. Әрі мұндай үзілістің ұзақтығы ҚР ЕК 81-ші және 135-бабында жазылған, бірақ оның басталу және аяқталу уақыты туралы оның ештеңе айтылмаған.

Жұмыс берушіге жұмыстың әртүрлі жағдайлары мен режимдерінде үзілістерді қалай белгілеу керек екенін түсіну үшін, ҚР ЕК-нің тиісті баптарын кезең-кезеңмен қарастырайық.  

ҚР ЕК 71-бабының 5-тармағында күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалатыны белгіленген.

Аталған бапты негізге ала отырып, жұмыстағы үзілістер уақытын жұмыс беруші дербес дербес белгілейтінін анықтаймыз, және ҚР ЕК басқа баптарына сүйене отырып, оларды еңбек тәртіптемесі ережелерінде жазады, жұмыскерлермен келісе отырып, ұжымдық шартта көрсетеді және тиісті талаптарды еңбек шартында баяндайды, жұмысқа қабылдауды ресімдеген кезде оған жұмыскер қол қояды.

Әрі қарай «Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс» 81-бапты тармақтары бойынша талдайық:  

1. Жұмыскерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған, ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.

Әрбір жұмыскерге, атқаратын лауазымына, орындалатын жұмысына қарамастан, тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беріледі. Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістің ұзақтығы орындалатын жұмыстың түріне және талаптарына байланысты.

Жұмыскерге киімін ауыстыру, жұмыс орнынан шыққан кезде ішкі бақылаудан өту қажет пе; тынығуға және тамақтануға арналып жабдықталған орынға жұмыскердің қолжетімділік жағдайы қандай, яғни тамақтану орны жұмыс орнынан қандай қашықтықта жабдықталған; жұмыскерлердің жеке гигиена ережесін сақтау үшін жұмыс беруші қандай жағдай жасаған (жуынатын бөлмелер, дәретхана, қол жуғыштар) және т. с. с.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 6 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль