text
Справочник кадровика

Жұмысшылардың денсаулығын бағалаудағы кәсіптік қауіп өлшемшарттары

  • 25 июня 2018
  • 12
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", профессор Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, доктор медицинских наук
Жұмысшылардың денсаулығын бағалаудағы кәсіптік қауіп өлшемшарттары

Мақала авторы кәсіптік қауіп өлшемшарттарын, оның жұмыскерлердің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін толық жіктеп береді.

Кәсіптік ауру – еңбек қызметі себепші болған қауіп факторларының әсер етуі нәтижесінде туындайтын ауру (Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы).

Негізгі өлшемшарттар

Аурулардың кәсіптен туындағанын айқындауға мүмкіндік беретін негізгі өлшемшарттар:

- нақты бір өндірістік фактормен байланысының болуы (мысалы, шаңауру);

- өндірістік ортамен және мамандықпен себеп-салдарлық байланыстарының болуы;

- халықтың бүкіл тобымен салыстырғанда белгілі бір кәсіптік топта ауру-сырқаудың орташа деңгейден жоғары болуы.

Әдістемелік амалдардың бірлігі мен материалдардың халықаралық салыстырымдылығын қамтамасыз ететін нормативтік құжат болып табылатын Аурулардың халықаралық жіктемесінде (АХЖ) жеті негізгі топ біріктірілген.

1-топ: жіті және созылмалы улану түрлері және олардың салдары;

2-топ: өнеркәсіптік аэрозоль әсерінен туындайтын аурулар;

3-топ: физикалық табиғат (иондайтын сәулелену, шуыл мен тербеліс, қатты қыздыратын және суытатын микроклимат) факторлары әсер еткен кезде туындайтын аурулар;

4-топ: денеге шамадан тыс жүк түсуіне және кейбір органдар мен жүйелердің артық күш жұмсауына байланысты аурулар;

5-топ: биологиялық факторлардың әсерінен туындайтын аурулар;

6-топ: аллергиялық аурулар;

7-топ: өскіндер.

Жіті кәсіптік аурулар (улану) – зиянды өндірістік факторлар бір рет (көп дегенде бір жұмыс ауысымы ішінде) әсер еткеннен кейін кенеттен туындайтын аурулар.

Созылмалы кәсіптік аурулар (улану) – зиянды факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде туындайтын аурулар. Созылмалы түрлеріне кәсіптік аурулардың салдары (мысалы, көміртек оксидімен уланғаннан кейін орталық жүйке жүйесіндегі тұрақты органикалық өзгерістер), жұмыс тоқтатылғаннан кейін ұзақ уақыттан соң өршитін кейбір аурулар (бериллиоз, силикоз және т. с. с.), сондай-ақ дамуына кәсіптік аурулар қауіп факторы болатын аурулар (асбестоз кезінде өкпенің қатерлі ісігі, шаңнан бронх қабынуы) жатады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ИЗУЧЕНИЕ УСЛОВИЙ ТРУДА МЕДИЦИНСКОГО ПЕРСОНАЛА

ОҚЫҢЫЗ:

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛДЫҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ

Кәсіптік аурудың диагнозын анықтаған (яғни аурудың мамандықпен байланысына сараптама жүргізген кезде) кезде мыналар ескеріледі:

- бүкіл еңбек қызметімен айналысқан кезеңдегі кәсіптік бағдар туралы мәліметтер;

- барлық зиянды өндірістік факторлардың нақты параметрлері және кәсіптік бағдарға сәйкес олардың сақталуы көрсетілген, еңбек жағдайларының санитарлық-гигиеналық сипаттамасының деректері;

- алдын ала (жұмысқа қабылданған кезде) және мерзімді түрде медициналық қарап-тексерулердің деректері;

- жұмыскердің денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық көмегіне жүгінуі және оның аурулары, соның ішінде еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы мәліметтер;

- осы кәсіптік ауруға тән өзгерістер бар екенін куәландыратын кешенді клиникалық-функционалдық зерттеп-қараудың нәтижелері.

Кәсіптен туындаған аурулар – туындауына өндірістік факторлар белгілі бір үлес қосатын, негізінен полиэтиологиялық аурулар тобы.

Бұл ауруларға тән сипаттар:

- кең тараған;

- аурудың өршуін айқындайтын еңбек жағдайларының сандық көрсеткіштерінің жеткілікті зерттелмеуі;

- айтарлықтай әлеуметтік салдары – демографиялық көрсеткіштерге теріс ықпалы бар (өлім-жітім, өмір ұзақтығы, еңбекке уақытша қабілетсіз болып қалатын жиі әрі ұзақ болатын аурулар).

Кәсіптен туындайтын ауруларға жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары (күретамырдың жоғары қан қысымы, жүректің ишемиялық ауруы), невроз сияқты жүйке-психика аурулары, қимыл-тірек аппаратының аурулары (мысалы, бел-құйымшақ құяңы), тыныс органдарының бірқатар аурулары және т. б. жатады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ГИГИЕНИЧЕСКАЯ ОЦЕНКА УСЛОВИЙ ТРУДА РАБОТНИКОВ ПИВОВАРЕННОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ

ОҚЫҢЫЗ:

СЫРА ҚАЙНАТУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Бағалау кәсіптік тәуекел

Кәсіптік қауіп – жұмыскердің еңбек шарты немесе келісімшарт бойынша өз міндеттерін орындауына байланысты денсаулығына зиян келтіру (бұзу) немесе опат болу ықтималдығы.

Кәсіптік қауіпті бағалауға мынадай кезеңдер кіреді:

- кәсіптік қауіптің құрылымы мен дәрежесін бағалау (сақталудағы сандық сипаттамалары: фактордың деңгейі, әсер ету уақыты, жұмыс өтілі; сақталудағы сапалық сипаттамалары: фактордың әсер еткіштігі, нысана-органдар, әсер ететін факторлардың біріккіштігі немесе қарама-қайшылығы);

- еңбек жағдайларының тобын, алдын алу шараларының қауырттығын және көлемін бағалау.

Қауіпті басқаруға міндет қою, жолдарды талдау, шешім таңдау және қабылдау, әрекеттер (бастапқы, екінші, үшінші алдын алу шарасы) және нәтижелерін бағалау кіреді.

Жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің немесе олардың өкілдерінің, сақтандырушылардың, қоғамның қаупі туралы ақпарат медициналық парызтану және әдеп нормаларының қағидаларын сақтай отырып беріледі.

Кәсіптік қауіпті бағалаудың алдын ала және түпкілікті бағалау түрлері бөліп көрсетіледі.

Кәсіптік қауіпті алдын ала бағалау жұмыс орындарын аттестаттаған кезде гигиеналық еңбек жағдайларын бағалау арқылы жүргізіледі. Оны еңбек процесі факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың гигиеналық өлшемшарттары бойынша жүргізеді. Оның үстіне кәсіптік аурулардың түрлі үлгілер бойынша шуылдан, тербелістен, шаң мөлшерінен туындауы ықтимал деген болжал жасауға болады.

Кәсіптік қауіпті түпкілікті бағалау денсаулық жай-күйінің мынадай көрсеткіштері бойынша жүргізіледі: кәсіптік және жалпы ауру-сырқаулардың деңгейі, төлқұжаттағы жас мөлшеріне, өлім-жітімге қатысты алғанда биологиялық жас мөлшерінің ұлғаюы. Бұл жағдайда денсаулық сақтау, ағзаның функционалдық қабілетін қорғау, алдағы өмір сүру ұзақтығы және келешек ұрпақтың салауаттылығы еңбек жағдайларының қауіпсіздік өлшемшарттары болып табылады.

Кәсіптік қауіпті бағалаған кезде топтық және жеке қауіп туралы сөз қозғалады.

Топтық қауіп – бір жылдағы немесе жұмыс өтілі барысындағы еңбек жағдайларының жағымсыз салдарының жұмыскерлер тобына бір уақытта әсер ету ықтималдығы.

Жеке қауіп – нақты бір жылдағы немесе жұмыс өтілі барысындағы еңбек жағдайларының әсерінен топтағы бір адамның зардап шегу ықтималдығы. Бұл мамандықтағы кәсіптік аурудың орташа даму мерзімінің жартысынан асатын жұмыс өтілі аса күшті қауіп факторы болып саналады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

РИСК В ТРУДОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ОҚЫҢЫЗ:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛ

Еңбек жағдайларының сипаттамасы

Оңтайлы еңбек жағдайлары (1-топ) – жұмысшылардың денсаулығы сақталатын және жұмысқа қабілеттілікті жоғары деңгейде сақтауға алғышарттар болатын жағдайлар.

Жұмысшылардың денсаулығын бағалаудағы кәсіптік қауіп өлшемшарттары

Мыналарға:

- еңбек процесінің микроклиматтық параметрлері мен факторлары үшін;

- жағымсыз факторлар болмайтын немесе халыққа қауіпсіз ретінде қабылданған деңгейлерден аспайтын басқа да факторлар үшін өндірістік факторлардың оңтайлы нормативтері белгіленген.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Рұқсат етілетін еңбек жағдайларында (2-топ) өндірістік орта мен еңбек процесінің факторлары жұмыс орындарына арнап белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайды, ал демалыс немесе келесі ауысымның басталу уақытының ықтимал өзгерістері жақын арада және кейінгі кезеңдерде жұмысшылар мен олардың ұрпақтарының денсаулық жағдайына жағымсыз әсер етпейді. Рұқсат етілетін гигиеналық жағдайлар қауіпсіз жағдайларға жатады.

Зияндылық дәрежесі

Сипаттамасы

3-топтың 1-дәрежесі (3.1)

Мұндай еңбек жағдайларында зиянды факторлар деңгейінің гигиеналық нормативтерден ауытқушылығы әдетте зиянды факторлармен байланыс барынша ұзақ уақыт (келесі ауысымның басындағыға қарағанда) үзілген кезде қалпына келетін функционалдық өзгерістер тудырады және денсаулықты бұзу қаупін арттырады

3-топтың 2-дәрежесі (3.2)

көп жағдайда кәсіптен туындайтын ауру-сырқаудың көбеюіне (бұл еңбекке уақытша қабілетсіз болып қалатын ауру-сырқау деңгейінің артуынан және ең бірінші кезекте осы факторларға ең әлсіз органдар мен жүйелердің жай-күйін көрсететін аурулардан көрініс табуы мүмкін), ұзақ уақыт сақталғаннан кейін (көбінесе 15 және одан да көп жылдан кейін) туындайтын кәсіптік аурулардың бастапқы белгілерінің немесе жеңіл түрлерінің пайда болуына (кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтпастан) әкелетін тұрақты функционалдық өзгерістерді тудыратын зиянды факторлардың деңгейлері

3-топтың 3-дәрежесі (3.3)

әсері әдетте еңбек қызметі барысында ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі кәсіптік аурулардың дамуына (кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту арқылы), созылмалы (кәсіптен туындаған) ауытқулардың көбеюіне әкелетін деңгейдегі жұмыс ортасы факторларымен сипатталатын еңбек жағдайлары

3-топтың 4-дәрежесі (3.4)

кәсіптік аурулардың ауыр түрлері (жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту арқылы) туындауы мүмкін, созылмалы аурулар санының елеулі түрде артқаны және еңбекке уақытша қабілетсіз болып қалатын ауру-сырқау деңгейінің жоғарылығы байқалатын еңбек жағдайлары

Қауіпті (экстремалды, 4-топ) – мұнда еңбек жағдайлары әсері жұмыс ауысымы ішінде (немесе оның бөлігінде) өмірге қауіп төндіретін, жіті кәсіптік зақымданудың өршу қаупі жоғары болатын өндірістік факторлармен сипатталады.

Гигиеналық нормативтер 8 сағаттық жұмыс ауысымына негізделген. Әрбір нақты жағдайда ауысым неғұрлым ұзақ болған кезде жұмыс істеу мүмкіндігі тұтынушылардың құқықтары мен адамның амандығын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі қызметпен келісілуі тиіс.

Гигиеналық нормативтер шектен асырылған жағдайларда жұмыс істеу заңнаманы бұзушылық болып табылады әрі бақылаушы ұйымдардың оларға заң арқылы берілген құқықтарын пайдалануына, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үшін санкциялар қолдануына негіз болады.

Сонымен, жұмыс орнында денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау ең маңызды мәселелер болып саналады, сондықтан да оларды барлық бағытта: жеке алғандағы компанияларда, ұлттық және халықаралық деңгейлерде саясатты айқындаған кезде қарастырған жөн. Жұмысқа жалдауды қамтамасыз ететін адам жұмыс орнының, жұмыс ортасының қауіпсіздігін жоспарлауға және қамтамасыз етуге және жұмысты денсаулық сақтауға жауап беретін сияқты ұйымдастыруға және жұмыс істейтін адамдардың еңбегін қорғауды үнемі жақсартып отыруға жауап береді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 6, 2018  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты