text
Справочник кадровика

Жүк автомобилі жүргізушісінің жұмыстарды қауіпсіз орындауы

  • 27 июня 2018
  • 2
Автор:
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", инженер по охране труда ТОО «ТрансРудныйАвто»
Жүк автомобилі жүргізушісінің жұмыстарды қауіпсіз орындауы

Автокөлік жоғары қауіптілік көзі болып табылады, сондықтан жұмыс беруші үшін мәнді қажеттілік жүргізушілер еңбегінің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтау жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы өте маңызды мәселе болып табылады. Практика көрсеткендей, мұндай режимді сақтамау қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін. Сондықтан  «ТрансРудныйАвто» ЖШС-нде бұл проблемаға және қажетті талаптардың орындалуын бақылауға көп көңіл бөлінеді.

Қойылатын талаптар жүргізушілердің еңбек және тынығу режиміне

Жүргізушілердің еңбегі мен демалысына және оны тіркеуге қойылатын талаптар мынадай:

 -күн сайынғы жүргізу ұзақтығы 8 сағаттан аспайды;
 - апта сайынғы жүргізу ұзақтығы 40 сағаттан аспайды;
 - кез келген кезектестікпен екі апта ішіндегі жүргізудің жалпы қосынды ұзақтығы 80 сағаттан аспайды;
 -  егер демалыс кезеңі басталмаса, төрт сағат бойы жүргізу кезеңінен кейін жүргізуші 30 минуттан кем емес үзіліс жасайды;
 -  бұл үзіліс төрт сағат бойы жүргізу кезеңіне бөлінген, ұзақтығы 15 минуттан кем емес үзіліспен, одан кейінгі  ұзақтығы 15 минуттан кем емес үзіліспен немесе бірден осы кезеңнен кейінгі үзіліспен алмастырылады;
 -  жүргізуші күн сайын ұзақтығы 12 сағаттан кем емес, және апта сайынғы, ұзақтығы 48 сағаттан кем емес демалыс кезеңдерін пайдаланады;
 -  мұның алдындағы күн сайынғы демалыс кезеңі немесе апта сайынғы демалыс кезеңі аяқталған кезде әрбір 24 сағаттық кезеңде жүргізуші  күн сайынғы жаңа демалыс кезеңін пайдаланады;
 -  апта сайынғы демалыс кезеңі мұның алдындағы демалыстың апта сайынғы кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын бес 24 сағаттық кезең аяқталуынан кешіктірілмей басталады;

- тасымалдаушы жеке бақылау кітапшаларын пайдалана отырып, жүргізу уақытын, басқа жұмыс сағаттары мен демалыс уақытын тұрақты бақылайды. Бұзушылықтар айқындалған жағдайда ол оларды жояды және болашақта ондайларға жол бермеу іс-шараларын қабылдайды. 

ОҚЫҢЫЗ:

ЖҰМЫС БЕРУШІ МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРАП-ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ЧТО ДОЛЖЕН ЗНАТЬ РАБОТОДАТЕЛЬ ОБ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ МЕДИЦИНСКИХ ОСМОТРАХ?

Оқу бағдарламасы сабақтарды жүргізушілер


«ТрансРудныйАвто» ЖШС-нің жүргізушілері  тақырыптық жоспар бойынша оқытудан өткізіледі.

                                         ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырыптың аталуы

Минут саны

1

Персоналға қойылатын талаптар.

15

2

Автомобилб жүргізушісі жұмыстарының сипаттамасы.

15

3

Жұмыс уақыты ішінде орындалатын операциялар тізбесі.

60

3.1.

ЖҰмысқа дайындық.

15

3.2.

Жұмысты орындау.

15

3.3.

Жұмыстың аяқталуы.

15

3.4.

Авариялық жағдаяттардағы іс-әрекеттер.

15

БАРЛЫҒЫ: 90

Персоналға қойылатын талаптар

Жүк автомобилінің жүргізушілері жұмысына 18 жасқа толған, медициналық комиссиядан өткен және жұмысқа жарамды болып танылған, оқытылған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ережелер, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ өндірістің барлық ерекшеліктерін есепке алумен бекітілген бағдарлама бойынша кіріспе нұсқама; еңбектің қауіпсіз тәсілдерін іс жүзінде көрсетумен жұмыс орнында бастапқы (қайталама) нұсқама алған; жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі бойынша бастапқы (қайталама) нұсқамадан өткен; электр қауіпсіздігі бойынша ІІ тобы бар тұлғалар жіберіледі.

Жүк автомобилінің жүргізушілері «ТрансРудныйАвто» ЖШС жұмыскерлеріне ЖҚҚ-н беру нормаларына» сәйкес, арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етіледі.

Жағымсыз факторларды болғызбау үшін жүк автомобилінің жүргізушілері:

–  кәсіпорында белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауға;

–  өрт қауіпсіздігі іс-шараларын сақтауға, автомобильдегі өртсөндіргішті және өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуге;

–  жұмыстардың жетекшісіне әрбір жазатайым оқиға немесе авария туралы хабарлауға, зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсете білуге;

–  жарылыс қауіпті, өрт қауіпті жерлерде және жұмыс орнында (кабинада) темекі тартпауға. Өрт қауіпсіздігі ісч-шараларын сақтауға: арнайы бөлінген жерлерде ғана темекі тартуға, ашық отты пайдаланбауға;

–  талаптарды бұзғаны немесе орындамағаны үшін автомобиль жүргізушісінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болатындығын білуге міндетті.

ОҚЫҢЫЗ:

Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

Выдача свидетельства о допущении транспортного средства к перевозке опасных грузов в международном сообщении

Жүк автомобилі жүргізушісі жұмыстарының сипаттамасы

Жүккөтерімділігі 10 тоннадан жоғары, 40 тоннаға дейінгі (автопоездар - автомобиль мен тіркемесінің қосынды жүккөтерімділігі бойынша) барлық үлгілердегі жүк автомобильдерін (автопоездарын), габариттік ұзындығы 7 - 12 метр автобустарды, сондай-ақ  жолдарда жүрген кезде басымдыққа құқық беретін арнаулы дыбыстық және жарықтық сигналдармен жабдықталған автомобильдерді жүргізу. Жолдағы жұмыс кезінде қызмет көрсетілетін автомобильде пайда болатын, тетіктерді бөлшектеуді талап етпейтін  пайдаланушылық ақаулықтарын жою. Техникалық көмек жоқ болған кезде далалық жағдайларда реттеушілік жұмыстарын орындау.

Жүк  автомобилінің жүргізушісі білуі және орындауы тиіс:

–  еңбек тәртіптемесі ережелерін;

–  кәсіпорынның корпоративтік мінез-құлық кодексін;

–  денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігі менеджменті Жүйесін баяндалған міндеттер көлемінде;

–  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың  «Көліктік қауіпсіздік» Ережесін;

–  жұмыстар жүргізуге нарядтар беру, бекіту және орындау тәртібі туралы ережені;

–  жазатайым оқиғалар кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету кезіндегі еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты;

–  автомобильдің пайдаланылатын моделіне дайындаушы-зауыттың нұсқаулығын;

–  автомобильде жүргізушіні сақтандыру үшін пайдаланылатын қауіпсіздік белгілерін;

–   карьерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі сигналдар талаптарын:

бірінші сигнал – ескертушілік сары зымыран (бір ұзақ дыбыстық сигнал), бұл сигналда жарылыс жұмыстарының қауіпті аймағынан шығу;

екінші сигнал – жауынгерлік қызыл зымыран (ұзаққа созылатын екі дыбыстық сигнал), бұл сигнал бойынша жарылыс жасалады;

үшінші  сигнал – жұмыстарды тоқтатуға берілген жасыл зымыран (үш қысқа дыбыстық сигнал), жарылыс жұмыстарының аяқталуы.

Жұмыс уақыты ішінде орындалатын операциялар тізбесі:

–  жұмысқа дайындықты;

–  жұмысты орындауды;

–  жұмыстың аяқталуын;

–   авариялық жағдаяттардағы іс-әрекеттерді қамтиды.

Жұмысқа дайындық

Қауіптілік

Тәуекел

Қозғалыстағы автокөліктік құралдар

Қозғалыстағы автокөліктік құралдардың әсер етуі

Құлайтын заттар (мұз сүңгілері, қызылсу мұзы)

Құлайтын заттардың әсер етуі

Тайғанақ беттерде құлау (қысқы уақыт кезеңінде)

Тайғанақ беттер (қысқы уақыт кезеңінде)

Тегіс емес беттер (бордюрлер)

Тегіс емес беттерде (бордюрлер) құлау

Жарақаттарды болғызбау мақсатында жүк автомобилінің жүргізушісі міндетті:

–  кәсіпорын аумағы бойынша белгіленген маршрутқа сәйкес және арнайы бөлінген жаяу жүргіншілер аймақтары бойынша қозғалуға;

 – жүру жолында орнатылған қауіпсіздік белгілерінің талаптарын сақтауға;

–  көлік жүретін бөлікті бұл үшін арнайы бөлінген жерлерде ғана (жаяу жүргіншілер өтпелері) кесіп өтуге;

–  жаяу жүргіншілер аймақтары мен көлік жүретін бөлікті кесіп өту жерлері жоқ болған жағдайда кәсіпорын аумағы бойынша және аумағынан тыс жүріп келе жатқан көліктік құралдарға қарсы қозғалуға. Көлік жүретін бөлікті кесіп өтудің алдында қозғалыстың жоқ екендігіне көз жеткізуге және көлік жүретін бөлікті тік бұрышпен қиып өтуге;

–  кәсіпорын аумағы бойынша жүрген кезде басып өтетін беттерді мұқият қарап алуға;

–  әңгімелесу, телефон арқылы сөйлесу, оқу және т.б. сияқты бөгде іс-әрекеттерге назар аудармауға, егер телефон арқылы сөйлесу немесе мәтінді оқу қажет болса, тоқтау керек, бұл іс-әрекеттерді қозғалысты жалғастыруды аяқтағаннан кейін орындауға;

–  түнгі уақытта жүрудің алдында тоқтау және көздер қараңғылыққа үйренгенше және айналадағы заттардың қалыпты көрінуі орнағанға дейін бірқатар уақыт күту қажет;

–  қыста құлаушы заттардың (қызылсу мұздарының, мұз сүңгілерінің) әсер етуін болғызбау үшін кәсіпорын аумағы бойынша жүрген кезде ғимаратты бойлай, 4 метрден жақын жерден өтуге тыйым салынады. Тайғанақ беттерде құлауды болдырмау үшін арнаулы ерітінділермен және сеппелермен өңделген жаяу жүргінші жолдарымен ғана жүруге.

ОҚЫҢЫЗ:

Көлікке қойылатын жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар айқындалды

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

Определены новые санитарно-эпидемиологические требования к транспорту

Жолдама парақты алу


Жұмыстарды бөлушіденжолдама парақты, тапсырыс берушіге дейін жетуге жазбаша наряд алу кезінде жүк автомобилінің жүргізушісі міндетті:

–  жұмыстарды бөлушіге (диспетчерге): жүргізуші куәлігін, электр қауіпсіздігі бойынша ІІ топ куәлігін, карьерде жұмыс істеу үшін рұқсатты ұсынып, жолдама (маршруттық) парақты алуға;

–  жазбаша нарядты алу кезінде жолдама парақтың дұрыс толтырылуына назар аударуға;

–  жұмыс басталардың алдында кездесу-ауысымдық жиналыста тікелей басшыдан тапсырма мен нұсқама алуға, нұсқама өзіне жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістеріне үйрету мен  «Компания бойынша оқиғаларды жариялауды», барлық тәуекелдерді көрсетумен кәсіп бойынша орындалатын операциялар шеңберінде қауіпсіздік бойынша қысқаша тұсаукесерлік материалды қамтиды;

 – тапсырма мен нұсқама алған кезде зейін қоя тыңдауға және алаңдамауға;

–  егер тапсырма түсініксіз болса, тікелей басшыдан тапсырма мен нұсқаманы қайтадан түсіндіруді өтінуге.

Ауысым алдындағы медициналық куәлендіруден өту

        Бұл кезеңде жүк автомобилінің жүргізушісі:

–  жолдама (маршруттық) парағында медициналық қызметкердің қолы мен мөртабан белгісі қойылуымен ауысым алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтуге;

–  жұмыс басталардың алдында және жұмыстарды орындау  кезінде психобелсенді заттарды (алкоголь, есірткі заттар, уытқұмарлық заттар мен назар аудару мен қимыл жылдамдығын төмендететін дәрілік препараттар) тұтынбауға;

–  жұмыс басталардың алдында және жұмыстарды орындау  кезінде денсаулығының жай-күйі нашарлаған жағдайда жұмысқа кіріспеу немесе жұмыстарды орындауды тоқтатуға, тікелей басшыға және медициналық пунктке жүгінуге міндетті.

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰЖАТТАР:

ЖҰМЫС ӨНДІРІСІНЕ НАРЯДТАРДЫ БЕРУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ЛОКАЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ ПО ОХРАНЕ ТРУДА:

ПОЛОЖЕНИЕ О ПОРЯДКЕ ВЫДАЧИ, УТВЕРЖДЕНИЯ И ВЫПОЛНЕНИЯ НАРЯДОВ НА ПРОИЗВОДСТВО РАБОТ

Жұмысты орындау

Көліктік құралды қарап-тексеру кезінде, тәуекелдердің әсер етуі нәтижесінде автомобильге күн сайын қызмет көрсетуді жүргізу кезінде  жарақаттануларды болғызбау мақсатында жүк автомобилінің жүргізушісі:

–  бұл ретте  үнемі тіректің 3 нүктесіне (екі қол, бір аяқ немесе екі аяқ, бір қол) ие бола отырып, автомобильден тек белгіленген жерлермен ғана көтерілуге және түсуге;

–  шанаққа, цистернаға, контейнерге көтерілудің алдында өз аяқ киімінің табандарынан барлық балшықты және/немесе майды мұқият кетіруге;

–  автомобиль контейнеріне рұқсат етілген арнаулы эстакадамен ғана көтерілуге және түсуге;

–  алдыға қарай жүріп келе жатып автомобиль сатыларымен түсуге, бамперден, шанақтан, аяқбасарлардан, басқыштардан, цистерна мен дөңгелектерден секіруге тыйым салынады;

 – телефон арқылы сөйлесу сияқты бөгде іс-әрекеттерге көңіл аудармауға, бірақ егер телефон арқылы сөйлесу қажет болса, онда  қозғалысты тоқтату, сөйлесуді орындауға, аяқтағаннан кейін қозғалысты жалғастыруға;

 – бекітілген нормаларға сәйкес арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және ЖҚҚ-н (қорғаныс дулығасы) киіп, жұмыс істеуге міндетті.


Кәсіпорын аумағында көліктік құралмен жүру (бөлімшелерге жүктерді, материалдарды тасымалдау, жеткізу):

1) Темір жолды кесіп  өтетін жерлер арқылы өтетін кезде жүргізуші жақындап келе жатқан поездың жоқ екендігіне көз жеткізуі қажет.

2) Рұқсат етілмеген жерлер арқылы өтпеу.

3) Кесіп өтетін жерлерден бағдаршамның рұқсат етуші сигналы немесе жол арақашықтығы бастығының рұқсаты бойынша ғана өту.

4) Барлық жол белгілері мен белгілеуді сақтау.

5) Соқтығысуды болдырмауға мүмкіндік беретін, алда келе жатқан көлік құралымен арақашықтықты сақтау.

6) Карьердегі қозғалыс кезінде тастардың, кесек тастардың құлауын болдырмау үшін борт жиегінен қашық жүру.

7) Алда келе жатқан көліктен ұшқан заттардың келіп тиюін болдырмау үшін, арақашықтықты ұстау қажет.

8) Автомобиль кабинасында жоғары температура болған кезде жүргізуші кабинаны желдету үшін мезгіл-мезгіл тоқтауы қажет.

Жолда келе жатқан кезде дөңгелекті жинастыру/бөлшектеу, сұйықтықтарды  (салқындатушы, тежеулік, қозғалтқыш майы) толтырып құю, сақтандырғыштарды, үзілген кезде белдіктерді, су құбыршықтарын, электр шамдарын, отын сүзгісін алмастыру,   электр тартылымын жөндеу,  оталдыруды реттеу, дөңгелектерді тарту, шиналарға ауа толтыру кезінде жұмыстардың әрбір түрі бойынша нұсқаулықтарды басшылыққа алу қажет.

ОҚЫҢЫЗ:

ӨНДІРІСТІК БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ПОЛОЖЕНИЕ О ПРОИЗВОДСТВЕННОМ КОНТРОЛЕ

Жұмыстың аяқталуы

Жұмыс орнын жиыстырып-тазалау, себезгілік бөлмеде жуынып-шайынған кезде жүк автомобилінің жүргізушісі жеке гигиена мақсатында:

–  асықпай, байсалды қадаммен жүруге;

–  басып тұрған бетке қарауға;

–  ыстық немесе суық суды ашқан кезде араластырғыштың қосқұлағына ғана жанасуға;

–  араластырғыштың түстік белгілеулеріне назар аударуға: көк – суық су, қызыл – ыстық су;

–  ақаулы араластырғыштарды пайдалануға тыйым салынады, ақаулы араластырғыштар айқындалған кезде кезекші сантехникке немесе директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарына хабарлауға;

–  жуынып-шайынған кезде шаруашылық сабынын, гигиена құралдарын қолдануға;

–  арналандыру ағындары бітеліп қалған кезде кезекші сантехникке, ауысым бастығына хабарлауға міндетті.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Авариялық жағдаяттардағы іс-әрекеттер

Авариялық жағдаят кезінде:

–  автомобилді дереу тоқтату, авариялық жарықтық сигналдандыруды қосу, көлік жүретін бөлікте екі жағынан авариялық аялдама белгілерін қою, оқиғаға қатысы бар заттарды орнынан қозғамау;         

–  егер авариялық жағдаятта есікті ашу мүмкін болмаса, кабинаны есіктің терезесі арқылы тастап шығу немесе көзілдірік киіп, немесе көздерді қолмен (киімнің етегімен немесе басқа тәсілмен) жаба тұрып, әйнекті сындыру;       

–  егер зардап шегушілер бар болса, оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету іс-шараларын қабылдау,  «жедел медициналық жәрдем» шақыру, ал төтенше жағдайларда зардап шегушілерді жол-жөнекей көлікпен ауруханаға аттандыру;

–  болған оқиға туралы кәсіпорын басшылығына хабарлау, куәгерлердің тектері мен мекенжайларын жазып алу және комиссияның келуін күту;

–  егер басқа көліктік құралдардың қозғалысы мүмкін болмаса, көлік жүретін бөлікті босату;

–  көлік жүретін бөлікті босату қажеттігі кезінде куәгерлердің қатысуымен көліктік құралдың, оқиғаға қатысы бар іздер мен заттардың жағдайын алдын ала тіркеу, оларды сақтаудың мүмкін болатын барлық іс-шараларын қабылдау және оқиға орнын айналып өтуді қамтамасыз ету;

–  тұманнан көрінушілік шектелген, қар жауу мен көктайғақ жағдайларында автомобильді толық тоқтату іс-шараларын қабылдау;

–  көлбеу жерде қозғалтқышты авариялық тоқтату кезінде авариялық жарықтық сигналдандыруды, жұмыстық, тұрақтық көмекші тежеулік жүйелерді іске қосу, дөңгелектердің астына кері кетуге қарсы сыналарды орнату;

–  өрт шыққан кезде автомобильді тоқтату, қозғалтқышты өшіру, электр тізбегінің «массасын» ажырату, тұрақтық тежегішті іске қосу. Өрт сөндіру құралдарын қолдану, өрт сөндіру бөліміне хабарлау (телефон 101, 2 - 20 - 01), тікелей басшыны хабардар ету, автомобильдегі қолда бар өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру іс-шараларын қабылдау қажет;

–  егер бұл басқа көліктік құралдарға бөгет жасамаса, көліктік құралды оқиға орнынан алып тастауға, жол-көлік оқиғасына, өртке немесе аварияға тікелей және жанама қатысы бар іздерді жоюға тыйым салынады;

–  аударылып бара жатқан автомобильдің кабинасын тастап шығуға тыйым салынады (аударылу кезінде рульдік дөңгелектен мықтап ұстау қажет, сіздер оны тастап шыққанша, автомобильдің одан да жылдамырақ аударылатынын есте сақтаңыздар);

–  арнаулы киім, арнаулы аяқ киім киіп- жұмыс істеу және ЖҚҚ-н пайдалану қажет.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 10, 2017  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты