text
Справочник кадровика

Қойма жұмысшыларына арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы

  • 28 июня 2018
  • 24
Қойма жұмысшыларына арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы

Қойма жұмысшыларына арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы қойма меңгерушілерінің, реттеуші, жүк тасушылардың, жүк тиегіш жүргізушілердің, каптаушы және тағы басқалары

1. Жалпы қауіпсіздік талаптары

1.1. Әрбір жұмысқа кіріскен жұмысшы медициналық бақылаудан, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулықтан және жұмыс орнындағы нұсқаулықтан, осы нұсқаулықты оқып үйреніп, бекітілген тәртіппен мамандығы бойынша арнайы дайындықтан өтуі, тәжірибелі жұмысшының немесе жұмыс басшысының бақылауында 12-14 ауысымда жұмыс істеп көруі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруден өтуі тиіс.

1.2. Жұмыстардың басшысы жүктеген және оны іске асырудың қауіпсіз жолдары жақсы белгілі шартымен ғана жұмысты орындау.

1.3. Жаңа жұмыс алған жағдайда жұмыстардың басшысынан қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулықты талап ету.

1.4. ЖШС аумағында мақсатсыз жүрмеу, территориядағы белгіленбеген жолдарды пайдаланбау қажет.

1.5. Жұмысшы ұйымдағы қолданыстағы ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, жұмыс кестесін, еңбек және демалыс тәртібін сақтауы қажет.

1.6. Қойма жұмысшысына келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін:

қозғалатын машиналар;

тасымалданатын тауарлар, тара, жүктер;

тұрақсыз төселген сақталатын тауарлардың үймесі;

тауарлардың төмен немесе көтеріңкі температурасы;

жұмыс аймағының ауа температурасының төмендеуі немесе көтерілуі;

жоғары немесе төмен ауа ылғалдылығы;

ауа қозғалысының жоғарылауы;

жұмыс аймағындағы шаң-тозаңның жоғары деңгейі;

электр тізбегінің жоғары кернеуі;

табиғи жарықтың жетіспеуі немесе болмауы;

жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы;

өткір жиектер, тауарлар, материалдар, құрал-жабдықтар, таралар беттерінің

кедір-бұдырлары мен біркелкі еместігі;

• химиялық факторлар, физикалық шамадан тыс қимылдар.

1.7. ЖҚҚ беру нормаларымен қарастырылған, ұйымдағы бекітілген Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қойма жұмысшыларына арнай киім, аяқ киім және басқа да жеке жеке қорғаныс құралдары беріледі.

1.8. Жұмысшы өзінің тікелей бастығына адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез-келген жағдайлар, өндірісте орын алған әрбір жазатайым оқиғалар туралы, өз денсаулығының нашарлағаны, соның ішінде ауыр сырқаттану белгілерінің көрінісі жайлы дер кезінде хабарлап отыруы тиіс.

1.9. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нұсқаулықты орындамаған немесе бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады және қажет болған жағдайда кезектен тыс еңбек қорғауының нормалары мен ережелерін білу үшін білімін текусеруге ұшырайды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

Правила обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда

ОҚЫҢЫЗ:

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

2. Жұмысты бастар алдындағы қауіпсіздік талаптары

2.1. Жеке қорғану құралдарының болуын және жарамдылығын тексеру, ретке келтіру. Арнайы киімді киіп, барлық түймелерін тағу, аяқ киімнің бауын байлап, шашты бас киімнің астына жіберу.

2.2. Арнайы киім мен аяқ киім тиісті өлшемде болуы керек және қозғалысты шектемеуі қажет.

2.3. Жұмыс аймағын қауіпсіз жұмыс жасауға дайындап алу:

• материалдарды, тауарларды және тараларды сақтау орындарына еркін кіріп-шығу жолдарын қамтамасыз ету.

• едендердің жағдайын тексеру (сызаттар, шұңқырлар, ұрылған-соғылған жері болмауын).

• кіру жолдарындағы, өндіріс орындарындағы өту жолдарындағы, қойма жұмыстары жүргізілетін жерлердегі жарықтандыруды дайындап алу.

2.4. Жүк көлік көтеру жұмысына қажетті құрылғының, эстакадалардың қоршауларың, арамен кесілген материалдарды, күзет бортын, сондай-ақ ағаш ілмекті көлбеу, тежегіштің бар және жарамды екендігін тексеру.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ЧЕМ ОПАСНО СОКРЫТИЕ РАБОТОДАТЕЛЯМИ НЕСЧАСТНЫХ СЛУЧАЕВ НА ПРОИЗВОДСТВЕ

ОҚЫҢЫЗ:

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ ЖАСЫРУЫ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ

3. Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары

3.1. Еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту мен нұсқаудан өткен жұмысты ғана атқару.

3.2. Қауіпсіз жұмыс атқаруға қажетті жұмысқа жарамды жабдықты, сондай-ақ кеңсе жабдықтарын, жиһазды қолдану; оларды өздеріне арналған жұмыстар үшін ғана пайдалану.

3.3. Кеңседе және ұйымның территориясында

қозғалыс тәртібін сақтау, тек бекітілген жолдарды пайдалану.

3.4. Жұмыс орны мен қойманы тазалықта ұстау, шашылып (төгіліп) қалған тауарларды уақытылы тазартуды қамтамасыз ету.

3.5. Сөрелер, штабельдер арасындағы өту жолақтары мен жолдарын, басқару пульты мен қосқышқа өту жолдарын, эвакуациялау бағыттары мен контейнерлерді өткізетін басқа да жолдарды заттармен, түсірілген тауарлармен бөгеп ретсіздікті болдырмау.

3.6. Маневр жасап жаткан автокөліктен қауіпсіз қашықтықта болу, түсіру (тиеу) кезінде автокөліктің ішінде, автокөлік артқа қарай жүрген кезде басқарма мен эстакаданың арасында болмау.

3.7. Өту жолдары мен жолақтарының едендерінде жұмыс барысында пайда болған соғылу белгілерін, саңылаулар мен басқа да кемшіліктерді жою шараларын қолдану.

3.8. Авто- және электр жүк тиегіштердің, жүк арбаларының қойма ішінде жүру жылдамдығы 5 км/сағ. аспауы тиіс.

3.9. Қадағалау:

сөреледі қаптама қалдықтарынан, кірден уақытылы тазартуды және түзетуді, шамадан артық жүк тиеу болдырмауды;

• шаңды жүктерді дер кезінде брезентпен, кілемшемен немесе басқа да материалдармен жабуды;

• тауары бар контейнерде нақты атау бар этикеткалар мен жапсырмалардың болуын;

•жүкті симметриялық түрде бойлық және көлденең осьтеріне қатысты тегіс поддонның бетіне жайғастыруды (өлшемдерінен тыс шығыңқы жері жоқ);

• тиеу-түсіру механизмінің жүк көтеру сыйымдылығынан аспауы тиіс болатын жинақталған пакеттің салмағын;

• тауары бар контейнердің, поддондардың дұрыс жұмыс істейтіндігін және басқа да талаптардың сақталуын.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


3.10. Тауарларды қабылдау кезінде жарақаттың алдын-алу үшін тиіс:

• ауыр салмақты жүктерді өлшеуді қабылдау орнында орналасқан тауарлық таразыларда өлшеуге, немесе көлбеу көпір пайдалануға;

• жүк арбаларды, жылжымалы сөрелерді, контейнерлерді «өзіңнен» бағыты бойынша жылжытуға;

• тиеу лотогы бойынша тауарларды бір қаптамадан түсіруге, ал түскен тауарларды келесісін жібергенге дейін алып тастауға;

• конвейердің немесе көтергіш жабдықтың жанында тұрған адамдарды жабдықтың іске қосылатыны туралы ескертуге;

• тауарларды тек тиісті контейнерде тасымалдауға, переносить товары только в исправной таре, контейнерді брутто салмағынан асырмауға;

• бөшкелерді «жатқызып» сақтау кезінде тірек қабырға ретінде жанындағы штабельдерді қолданбауға;

• кездейсоқ заттарды (жәшіктерді, бөшкелерді және т.с.с.), жабдықтарды отыратын орын ретінде қолданбауға;

• көлік-көтеру жабдықтарын эксплуатациялау кезінде жабдықтарды жасап-шығару зауытының эксплуатациялау құжаттамасында баяндалған еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;

• контейнерді ашуға арнайы құрал пайдалануға (табан балға, қысқыштар, атауыз, консерві ашуға арналған пышақ және т.с.с.). Бұл жұмыстарды кездейсоқ құралдармен жасамауға.

 3.11. Тауарларды сақтау кезінде еңбек қауіпсіздігінің келесі талаптарын орындау:

• пакеттерге салынбаған жәшіктер мен қаптардағы тауарларды штабельге байлап жинақтау, әр екі қорап арасындағы қатарларға рейка және әрбір 5 қаптан кейін тақта қою (биіктігі бойынша);

• штабельдің төменгі қатарына ауыр жүктерді қою;

• шыны ыдыстағы (бөтелкелер, банкілер) тауарлары бар жәшіктерді биіктігі 2 метрден аспайтын етіп штабельге реттеу, ал поддондарда сақтау кезінде – 3,5 метрге дейін екі деңгейде;

• қаптарды үшеуден немесе бесеуден біріктіріп байлап арнайы бөліктері бар сөрелерге қатарлап тізу;

• әрбір 12 метр сайын штабельдердің арасында 0,75 метрден кем болмайтын өту жолын қалдыру. 3.12. Дұрыс жиналмаған штабельді көрген жағдайда оны қайта бұзу шараларын қолдануға және оны байқалған ауқауларын түзете отырып қайта құруға тиіс. Штабельдің бұзылып қалуын болдырмас үшін оны төбесінен біркелкі бастау.

3.13. ДСП және ЛДСП тақтайлар сақталады

• биіктігі 4,5 м. дейінгі палеттер немесе штабельдерде

• жабық кеңістікте сақтау

• көлденең жиналады

• пакеттердің арасы қалыңдығы мен ені 80 мм. кем болмайтын және ұзындығы

тақтайдың енінен кем болмайтын арамен кесілген материалдардан жасалған төсемдермен бөлініп тұруы тиіс

Нормативтік тиеу

• жабық вагонда - 63 м3

• жартылай вагонда - 50 м3

Тиеу

• жабық вагонда - біртіндеп, қолмен.

• жартылай вагода - бумамен, кранмен.

3.14. Қойма жұмыстарын атқару кезінде рұқсат етілмейді:

• қоршаулары жоқ тиеу люктерін және ойықтарды пайдалану;

• жүкті бұзылған, ақауы бар, қылтанақтары, шығып тұрған шегелері немесе сым жиектері бар контейнерде тасуға; тұтқасыз қатты контейнерде тасымалдауға;

• жүкті сүйреуге; әлсіз қаптамамен штабельге қоюға; штабельмен жүруге;

• электр сымдарының астына кесу материалдары мен басқа да жанғыш тауарларды тізіп қоюға; екі іргелес тұрған штабельде өндірістік жұмыстар жасауға;

• қышқылдар, сілтілер және жанғыш материалдардың жанында арнайы киімдерді, тоқыма материалдары мен аяқ киімдерді бірге сақтауға; резеңке етіксіз, қолғапсыз, резеңкеленген алжапқышсыз және былғары немесе резеңке рамалы көзілдіріксіз қышқылдармен жұмыс жасауға;

• ақауы бар сатыда немесе белгіленген тәртіпте сынақтан өтпеген сатыда тұрып биіктікте жұмыс атқару;

• төменгі жағында өткір тіреулері жоқ баспалдақтар мен сатыларды жерге орнату, ал осы баспалдақтарды тегіс жерде резеңкеден немесе басқа да сырғымайтын материалдан қолдану кезінде;

• сатының ұзындығы жеткіліксіз болғанда жәшіктерден, бөшкелерден және т.с.с. қосымша тірек құрылғыларын жасау;

• ағаш сатыларды металл қысқыштармен берік байланыстырмай, болтты қаптауларсыз біріктіру;

• біріктірілген сатыларды алдын-ала сынақтан өткізбей пайдалану;

• біріктірілген сатыларды үстіңгі бөлігін 75° астам бұрышы көлденең болатын қосымша нығайтқышсыз орнату;

• біріктірілген сатының жоғарғы жағынан 1 м аз қашықтықта орналасқан баспалдағында, сондай-ақ тірек қанаты жоқ сатының жоғарғы екі баспалдағында тұрып жұмыс жасау;

• биіктікте жұмыс істеген кезде өздігінен жылжуға мүмкіндік бермейтін арнайы құрылғылары (ілмектер, шынжырлар) жоқ сатыларды пайдалану;

• біріктірілген сатының баспалдақтарында бірнеше адамның тұруы;

• біріктірілген саты бойынша тауарлар қозғалысы және оның баспалдақтарына биіктікте жұмыс орындаған кезде қажетті құралдарды қою;

• жұмыс жасап жатқан машиналардың, тасымалдаушы конвейерлердің жанында немесе үстінде біріктірілген сатыда жұмыс орындау;

• 1,3 м астам биіктікте ғимаратқа бекітілген қауіпсіздік белбеуінсіз біріктірілген және ұзаратын сатыда жұмыс жасау;

• адамдар мен көлік құралдарының қызу қозғалысы бар жерлерде қоршауға алынбаған, біріктірілген сатыда немесе баспалдақта тұрып, астында каска киген жұмысшы сатыны тұрақты ұстап тұрмаған жағдайда жұмыс атқару.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ИНСТРУКЦИЯ ПО ОКАЗАНИЮ ПЕРВОЙ ДОВРАЧЕБНОЙ ПОМОЩИ

ОҚЫҢЫЗ:

ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

4. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптары

4.1. Өрт болған жағдайда дереу жұмысты тоқтату, электр жабдықтарын сөндіру, өртке қарсы күзетті шақыру, тікелей бастығы мен ұйым әкімшілігіне хабарлау, ғимаратты эвакуациялау бойынша шаралар қабылдау қажет. Өрттің басталуын жою барысында бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану керек, адамдарды эвакуациялауға қатысу қажет. Электр құралдары жана бастағанда көмірқышқыл газды немесе ұнтақты өрт сөндіргіш қолдану керек. Өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда – жұмыс орнын тастап шығу қажет.

4.2. Жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар кезінде дереу жұмысты тоқтату керек, қауіпті аймақтан кету керек.

4.3. Қызметкер немесе басқа бір тұлға жарақат алған кезде жұмысты тоқтату, жеке дәрі-дәрмек қобдишасын пайдалана отырып жәбірленушіге алғашқы медициналық жәрдем көрсету керек (өз-өзіне көмек), орын алған жағдай жайлы жұмыстардың тікелей басқарушысына хабарлау, қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақыру немесе зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу шараларын қолдану қажет. Егер мүмкін болса қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін жағдайда оқиға орын алған жердегі жағдайды сақтап қалу керек.

4.4. Электр тоғымен зақымдалған жағдайда үзіп немесе сөндіргіш арқылы электр қондырғыны өшіру жолымен жәбірленушіні тоқ әсерінен тез арада босату кажет. Егер электр қондырғыны тез арада сөндіру мүмкін болмаса, жәбірленушіні диэлектрлік қолғаптарды пайдалану арқылы өзі тоққа түсіп қалмауын қадағалай отырып босату керек.

4.5. Жәбірленушіні тоқтың әсерінен босатқан соң оның хал-жағдайын бағалау керек, жедел жәрдем шақыртып, дәрігер келгенінше алғашқы медициналық көмекті көрсету қажет.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

СОСТАВЛЯЕМ ИНСТРУКЦИЮ ПО ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

ОҚЫҢЫЗ:

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ

5. Жұмыстың аяқталуы бойынша қауіпсіздік талаптары

 5.1. Қойманың өртке қарсы жағдайын тексеру.

5.2. Тиеу-түсіру механизмдері оларды сақтауға арналған орынға орнатылғандығына көз жеткізу.

5.3. Тиеу люктарын, саңылауларын жабу, оларды бөлменің ішінен құлыптап кету.

5.4. Арнайы киімді шешіп, қолды сабынмен жылы суда жуу, мүмкіндік болса душ қабылдау.

5.5. Ауысым уақыты біткеннен кейін тікелей бастықтың рұқсатынсыз жұмыс орнында, өндірістік ғимараттардың ішінде және объекті аумағында жүруге болмайды, тек төтенше жағдайлар мен ауысым қызметкері жұмысқа келмегеніні есепке алмағанда.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 1, 2018  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты