text
Справочник кадровика

Іссапар: жіберу шарттары, кепілдіктер және өтемақы төлемдері

  • 9 июля 2018
  • 97
Master of Business Administration, профессиональный бухгалтер-практик.
Іссапар: жіберу шарттары, кепілдіктер және өтемақы төлемдері

Іссапар дегеніміз не; іссапарға кімдер жіберіледі; Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында қандай іссапар төлемдері, шегерімдер және шығындар көзделген.

Қызметкерлердің іссапарлары – қызмет түріне қарамастан кәсіпорындардағы қалыпты құбылыс.  Алайда, кез келген қызметтік іссапар тамақтануға,  тұруға,  сондай-ақ оларды тасымалдауға байланысты шығындарды талап етеді. Құжаттардың басым бөлігін дайындаумен кадрлар жөніндегі маман айналысады. Егер штатта мұндай лауазым жоқ болса, онда іссапарды ұйымдастыруға жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға жауапты болады. Мақалада қызметтік іссапар дегеніміз не, іссапарға кім жіберілуі мүмкін, кімді жіберуге тыйым салынған, сондай-ақ заңнамада қандай іссапар төлемдері, шегерімдер мен шығындар көзделгенін қарастырамыз.

Жұмыскерлердің жекелеген санаттарын іссапарға жіберу шарттары

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2018.25.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 82) тармақшасына сәйкес іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.

Кейбір жұмыскерлер іссапарға олардың жазбаша келісімін алғанда ғана немесе ҚР ЕК 127-бабының 5-тармағында көзделген негіздер болғанда ғана жіберілетінін ескеру қажет.

Мұндай жұмыскерлерге мыналар жатады:

  • үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер;
  •  егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер.

ҚР ЕК 127-бабының 4-тармағына сәйкес он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.

НА ЗАМЕТКУ

Аталған жұмыскерлерді іссапарға жіберген жағдайда жұмыскердің іссапарға баруға келісімін растайтын жазбаша түрдегі  растауын алып қана қоймай, сонымен бірге оған бұл іссапардан бас тарта алатын құқығының түсіндірілгені туралы дәлелді де алу керек.

Kепілдіктер мен өтемақы төлемдері

Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.

ҚР ЕК 127-бабының 2-тармағына сәйкес, іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:

1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер;

2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;

3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады (ҚР ЕК 127-бабының 2-тармағы).

ВНИМАНИЕ Тәулікақы іссапарға жіберілген қызметкерге жұмыс, демалыс және мереке күндері үшін төленеді.

ҚР ЕК 84-бабының 6-тармағына сәйкес іссапарда жүрген жұмыскер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесі қағидаларына сәйкес пайдаланады.

 Осылайша іссапарға жіберілген жұмыскерлерге олар іссапарға жіберілген ұйымдардың жұмыс уақытының және тынығу уақытының режимі қолданылады.

Іссапар кезеңіндегі мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу ҚР ЕК 109-бабына сәйкес, сондай-ақ ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларында немесе еңбекке ақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ережеде белгіленген тәртіппен төленеді. 

Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша шығыстар  

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ кодексінің 244-бабына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша мынадай шығыстар шегерімге жатады:

1) жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге және кері жол жүру шығыстары. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

  •  электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;
  • электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;
  •   тасымалдаушы немесе өзінен электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты сатып алынған тұлға берген, жол жүру фактісін растайтын, қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық түрдегі құжат (оның ішінде отырғызу талоны).

Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекен шегінде жол жүру жөніндегі шығыстар жатпайды;

2) тұрғынжайды жалдауға арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болу уақыты ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар. Мұндай шығыстар, оның ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емдеуде болған жағдайлардан басқа) тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстарды қамтиды;

3) іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндерін қоса алғанда, жұмыскерге iссапарда болған уақытта төленетін, салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшердегі тәулікақы;

4) салық төлеуші келуге және кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде осындай шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны).

Жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығында немесе жазбаша өкімінде көрсетілген, жұмыскер еңбек міндеттерін орындайтын, оны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау жүзеге асырылатын межелі жер іссапарда болатын жер болып табылады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.

Толық мәтінін 

«Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 7 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться