text
Справочник кадровика

Еңбекке қабілетсіздік парағын дұрыс есептеу және төлеу

  • 12 июля 2018
  • 13
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный бухгалтер, г. Алматы
Еңбекке қабілетсіздік парағын дұрыс есептеу және төлеу

Еңбекке қабілетсіздік парағын есептеу және төлеу: жұмыскер мен жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтары. Жәрдемақылардың мөлшерін белгілеу. Кепілдіктер мен шектеулер.

Әрбір компанияда қызметкер еңбекке қабілетсіздік парағын ашуға мәжбүр болатын жағдайлар кездеседі. Осыған байланысты жұмыс берушінің және жұмыскердің де бірқатар сұрақтары туындайды: жұмыскердің еңбекке қабілетсіздік парағына қалай және қандай мөлшерде ақы төленеді, төлемдер бойынша шектеулер бар ма, жұмыс берушінің еңбекке қабілетсіздік парағы бойынша ақы төлемеуге негізі бар ма және т. б? Бірге талқылайық.

Eңбекке қабілетсіздік парағына ақы төлеу бойынша жұмыс берушінің міндеті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу қағидалары) еңбекке уақытша қабілетсіздік – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке қабілетсіздігін қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2018.24.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 133-бабының нормаларына сәйкес:

1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы науқастануға (жарақаттануға), протез салдыруға, жүктілігін жасанды жолмен тоқтатуға, отбасының сырқаттанып қалған мүшесіне күтім жасауға, карантинге, туберкулезбен немесе кәсіби ауруына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысуға байланысты және басқа да жағдайларға байланысты жұмысқа уақытша жарамсыз болған жағдайда тағайындалады және төленеді. 

Жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы төлеу жұмыс беруішінің әлеуметтік жауаптылығының аясында көзделген.

2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке қабілетсіздік парақтары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес берілетін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы, ал ол жоғалған кезде – телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.

3. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

Жәрдемақы еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында белгіленген мерзімге жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.

Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса, жәрдемақы әрбір жұмыс орны бойынша тағайындалады және төленеді. Еңбек шартын заңсыз тоқталығаннан кейін, бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге ҚР ЕК 161-бабына сәйкес жәрдемақы алуға құқығы пайда болған бірінші күннен бастап жәрдемақы төленеді.

Негізгі жұмыс орнындағы жалақысы толық немесе ішінара сақтала отырып, басқа ұйымға жұмыс істеуге жіберілген, маусымдық жұмыс істейтін жұмыскерлерге, үй жұмыскерлеріне және үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерге, кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына, егер оларды курсқа жұмыс беруші жіберген және оқу кезеңінде олардың жалақысы сақталған болса, осы кезеңде болатын жәрдемақы олардың жұмыс орны бойынша төленеді.

Жұмыскерді протездік-ортопедиялық ұйымның стационарына жатқызған кезде жәрдемақы стационарда болған барлық уақытына және стационарға баруға және кері қайтуға кеткен уақытына да төленеді.

ҚР ЕК 133-бабының нормаларын талдағанда, жұмыс берушінің жұмыскерге еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін ақы төлеуге құқылы ғана емес, міндетті де, бірақ ол үшін жұмыскер уәкілетті орган берген еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының бланкісін беруге тиіс.

Дұрыс толтырылған еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы бухгалтерияға берілгеннен кейін, оған ақы төленуге тиіс.

ВНИМАНИЕ Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағына төленетін ақы жұмыскердің табысы болып табылады, одан барлық салықтар мен төлемдер есептеледі, ұсталады және төленеді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-ІV Салық кодексінің (2018.24.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР СК) 322-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған және, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған мынадай кірістер жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады:

1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарындағы ақша;

2) ҚР СК-нің 323-бабына сәйкес жұмыскердің заттай нысандағы кірістері;

3) ҚР СК-нің 324-бабына сәйкес жұмыскердің материалдық пайда түріндегі кірістері.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) кіріс салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) жұмыскердің салық салуға жататын кірісі болып табылады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.

Толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 7 оқыңыздар

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль