text
Справочник кадровика

Басшы денсаулығының психологиясы

  • 13 июля 2018
  • 0
HR-директор компании «Интерпост», г. Алматы
Басшы денсаулығының психологиясы

Ұйым басшысының денсаулығына не әсер етеді. Аурудың алдын алу әдістері және басшының денсаулығын сақтау тәсілдері.

Денсаулық басшының кәсіби шеберлігіне және қызметінің нәтижелілігіне әсер ететін ең маңызды фактор. Егер денсаулығында елеулі өзгерістер байқалатын болса, онда тиісінше, қалыптасқан өмір салтында, қоршаған әлемге әдеттегі қарым-қатынасында да өзгерістер болады, кәсіби іс-әрекет қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін және соның салдары ретінде,  жоспарларын мәжбүрлі түзетуге байланысты кәсіби қызметінде де нәтижелерінің өзгеруі болады. Мақалада басшының денсаулығын қалай сақтап қалуға болады, ол үшін қандай кеңестерді ұстану керек, сол туралы айтамыз.

ВОПРОС Әріптестерден олардың ұйқысының қанбағаны туралы жиі естисіз бе? Кейде өзімізде жеткілікті ұйықтамаймыз. Ал басшылардың ұйқысы қандай екен?

Созылмалы ұйқының жетіспеушілігі денсаулығымызға теріс әсер ететіні сөзсіз. Ал егер оған күйзелісті, аз қозғалатын өмір салтын, дұрыс тамақтанбауды, еңбек және демалыс режимін сақтамауды қосса, онда нәтижесінде біз денсаулығымыздың бұзылуына тап боламыз. Ал басшылар желілік мамандарға қарағанда, өзінің кәсіби қызметіне байланысты, көп дәрежеде осы жағымсыз факторларға бейім болады.

Күйіп кету синдромы

СЛОВАРИК

Әлсіздікті, шаршағандықты, қалжырағандықты сезіну, жұмысқа қызығушылықтың болмауы және басқа да көріністер «күйіп кету синдромы» деп аталады. Бұл терминді 1974 жылы X. Фрейденбергер енгізді, шетелдік әдебиеттерде бұл синдром «burnout» деген сөзбен белгіленеді. Адам басынан физикалық, эмоциялық және психикалық тұрғыда әлсіресе, әдетте, оны жұмыста күйіп кетті дейді.

Қазіргі уақытқа дейін күйіп кету синдромы 100-ден астам симптомдарды қамтиды.

Көп жағдайда күйіп кету ұзақ мерзімді күйзелістік реакция ретінде немесе орта интенсивті ұзақ кәсіби күйзеліс салдарынан пайда болатын синдром рентінде қарастырылады.

Жұмыста күйіп кетудің денсаулық жағдайына теріс әсер ететіні, айтпаса да, түсінікті. Солғын күйде, шаршаңқы, әлсіреген болсаңыз белсенді, позитивті болып қалу, қалыпты өмір сүру өте қиын. Және мұндай психологиялық жай-күй түрлі ауруларды, соның ішінде қиын емделетін немесе мүгедектікке алып келетін туғызып, физикалық денсаулыққа әсер етуі мүмкін.

НА ЗАМЕТКУ

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жұмыста күйіп кетуге іс жүзінде барлық санаттағы жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, қатардағы қызметкерлерге қарағанда, басшылардың арасында күйіп кету синдромы әлдеқайда жиі кездеседі екен.

Ал басшылардың денсаулығына бүкіл ұжымның және компанияның тіршілігі байланысты, сондықтан да бұл тақырыпқа өте байсалды қарау керек.

Сұраныс ұсынысты туғызады деп болжау қисынды. Қоғамның мәселесі болса (бұл жағдайда – психологиялық денсаулық мәселесі), онда осы мәселені шешетін және профилактиканы жүзеге асыруға көмектесетін құралдар керек.

Қазір түрлі мастер-кластар, семинарлар, тренингтер, күйіп кетуді еңсеру және алдын алу әдісін насихаттайтын топтар  жоғары сұранысқа ие. Аталған іс-шаралар корпоративтік және ашық форматта өткізіледі және әртүрлі тәсілдер мен техникаларды қамтиды.

ВНИМАНИЕ

Күйіп кетудің алдын-алу – денсаулығыңды қажетсіз жүктемелер мен тәуекелдерге ұшыратпайдың ең жақсы әдісі. Эмоционалдық, ақыл-ой, физикалық жағдайын қалпына келтіру бойынша тренингтерді қамтитын «күйіп кетуге қарсы» түзету бағдарламасы және өзін-өзі ұйымдастыру – бүгінде ең қол жетімді алдын-алу әдістері.

Денсаулық психологиясының тұрғысынан өз ауруы үшін адам өзі жауапты.  

Күйзелісті жеңуге себеп болатын ойлау қабілеті мен мінез-құлқы копинг деп аталады. Егер кернеу өте күшті және ұзақ болса, онда мұндай қысымды әлсірету үшін ағзаға шаралар қабылдайды. Ең пәрменді шара – ауру.

Денсаулығыңды қалай күту керек?

1-ұсыным. «Тән тазалығы – жан тазалығы» деген сөз бар. Психикалық және физикалық денсаулық арасындағы байланыс  өте айқын. Сондықтан салауатты өмір салты ұмтылу керек. Ең алдымен тамақтану режимін (қатаң түрде сағат бойынша тамақтану ғана емес, сонымен бірге тұтынылатын өнімдердің сапалық және сандық құрамы), демалыс режимі және жүйелі физикалық жүктемелерді дұрыстау керек. Физикалық жүктемелерде ең бастысы – қарқындылығы мен ұзақтығы емес, тұрақтылығы.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.

Толық мәтінін «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 7 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль