text
Справочник кадровика

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

  • 13 июля 2018
  • 38
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы  ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы әзірлеген

Ұйымдардағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы осы Үлгі ереже  (бұдан әрі  – Ереже) определяет правовые основы деятельности техникалық  инспекторлар қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді және Халықаралық еңбек ұйымының «Кәсіпорындағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы» № 135 Конвенциясымен (Женева қ., 23.06.1971), «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы»  № 187 Конвенциямен (Женева қ., 15.06.2006), Қазақстан Республикасының  23.11.2015 ж.  № 414-V Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының 09.04.1993 ж.   «Кәсіптік одақтар туралы» № 2107-XI Заңымен, басқа да заңнама актілерімен және  МемСТ 12.0.230-2007 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының Жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» мемлекетаралық стандартымен белгіленген,  кәсіподақтардың еңбекті қорғау саласындағы міндеттерін, құқықтары мен өкілеттіліктерін есепке ала отырып, олардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты талаптарды баяндайды.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің (бұдан әрі – Өндірістік кеңес) құрамына еңбекті қорғау жөніндегі  техникалық инспектор (бұдан әрі – техникалық инспектор). Техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуына, жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды орындауына қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асырады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ТИПОВОЕ ПОЛОЖЕНИЕ О ПРОИЗВОДСТВЕННОМ СОВЕТЕ ПО БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЕ ТРУДА В ОРГАНИЗАЦИЯХ

ОҚЫҢЫЗ:

ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ

Техникалық инспектордың басты міндеттері жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында заңнамамен белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғау, белгіленген нормативтерге сәйкес әрбір жұмыскер үшін еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасауға жәрдемдесу болып табылады.

1.2. Техникалық инспектордың кандидатурасын ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған жағдайда – оған жұмыскерлердің кем дегенде үштен екісі қатысқан кезде жұмыскерлердің жалпы жиналысы ұйым жұмыскерлерінің ішінен көпшілік дауыспен ұсынады.

1.3. Техникалық инспектор Өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі.

1.4. Лауазымдық міндеттерімен оларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жүктелмеген, жоғары немесе орта техникалық білімі бар, арнайы дайындықтан өткен және жұмыс өтілі бес жылдан кем емес кәсіподақ мүшелері – тәжірибелі жұмыскерлер мен мамандар техникалық  инспекторлар бола алады.

1.5. Техникалық инспектор кәсіподақтың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өкілетті өкілі болып табылады және осы Ережені, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

1.6. Техникалық инспектор өз жұмысын кәсіподақ комитетінің басшылығымен орындайды және тоқсан сайын тиісті учаскенің, цехтың, басқа да құрылымдық бөлімшеніңкәсіподақ жиналыстарында немесе кәсіподақ комитетінің отырысында өз функцияларын орындау туралы есеп беріп отырады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ДОКУМЕНТЫ ПО ОХРАНЕ ТРУДА: КТО ОТВЕТСТВЕННЫЙ И КАКИЕ СРОКИ ХРАНЕНИЯ

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР: КІМ ЖАУАПТЫ ЖӘНЕ САҚТАУ МЕРЗІМДЕРІ ҚАНДАЙ

Кәсіподақ комитеті тоқсан сайын техникалық инспектордың ескертпелерін/ұсыныстарын Өндірістік кеңестің отырысына ұсынады.

1.7. Техникалық инспектор өзі бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде кадрларды кәсіптік дайындауды, қайта дайындауды және біліктілігін арттыруды басшы қызметкерлер мен өндірістік ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалары үшін көзделген көлемде жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі жіне еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруден өткізіледі, тиісті нормативтік құқықтық актілермен, әдістемелік, ақпараттық және анықтамалық материалдармен қамтамасыз етіледі.

1.8. Оқытуға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қажетті заттар мен нормативтік құжаттарды сатып алуға, техникалық инспекторларды материалдық көтермелеуге кететін шығындарды жұмыс беруші ұжымдық шартта көзделген талаптарға сай жүзеге асырады. Техникалық инспекторға өз функцияларын жүзеге асыру үшін апта сайын, негізгі жұмысы бойынша жалақысы сақталумен, жұмысы үшін уақыт (ұсынылатын уақыт – аптасына кем дегенде екі сағат) беріледі.

Техникалық инспектор функцияларын орындағаны үшін қсымша ақы ұжымдық шартпен немесе салалық келісіммен белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады (ұсынылатын қосымша ақы – айына кем дегенде  5 айлық есептік көрсеткіш).

1.9. Техникалық инспектор жылына бір рет өткізілетін арнаулы курстар мен семинарларда біліктілігін арттыруды жүзеге асырады және кадрлардың біліктілігін жүзеге асыратын ұйымдарда кем дегенде үш жылда бір рет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі тесксерілуден өткізілуі тиіс.

1.10. Техникалық инспектор өз функцияларын, құқықтары мен өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметімен, еңбекті қорғау және азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы бақылау мен қадағалаудың мемлекеттік органдарының өкілдерімен өзара әрекеттеседі.

1.11. Қажет болған кезде кәсіпорынның сайланбалы кәсіподақ органы техникалық инспекторды оның қауіпсіздік, еңбек гигиенасы мен өндірістік орта саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға құқығын куәлендіретін тиісті құжаттармен (ұсынылатыны – куәлік) қамтамасыз етеді.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ЗАЩИТА ОРГАНОВ СЛУХА: НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ

ОҚЫҢЫЗ:

ЕСТУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ: ЖАҢА ТАЛАПТАР

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР

ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Техникалық  инспектор:

2.1. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің жай-күйін, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелер, нормалар, нұсқаулықтарды, басқа да нормативтік құқықтық актілерді сақтауын тексереді және жұмыс берушіге (оның өкілдеріне) бұл мәселелер бойынша айқындалған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға қатысты ұсыныстыр енгізеді, кәсіподақ комитетіне тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды.

2.2. Жұмыскерлермен өндірісте болып өткен әрбір жазатайым оқиға туралы учаскенің, цехтың, кәсіпорынның бригадирін, шебері немесе басқа басшысын, еңбекті қорғау қызметін, кәсіпорынның (құрылымдық бөлімшенің) сайланбалы кәсіподақ органының төрағасын дереу хабардар етеді.

2.3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіптік аурулар мен аварияларды тергеп-тексеруге қатысады.

2.4. Еңбек жағдайларының өзгеруіне, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың бұзылуына, келісімдер мен ұжымдық, сондай-ақ еңбек шарттарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігіндегі міндеттемелердің орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарастыруға қатысады.

2.5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі комиссияның жұмысына, қайта құрылымдау мен жаңғыртудан кейін өндірістік объектілерді сынаулар мен пайдалануға қабылдауға, бекітілген ережелерге сәйкес жаңа техника мен технологияларды орнатуға қатысады.

2.6. Жұмыскерлер мен жұмыс берушінің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауын тексереді.

2.7. Бақылайды:

2.7.1. жұмыс берушінің жұмыскерлерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар әсер ету жағдайлары бар жұмысқа қабылдау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңнамалық және нормативтік актілердің талаптарын сақтауын;

2.7.2. еңбек қауіпсіздігі, гигиенасы мен өндірістік ортаның белгіленген нормативтеріне қол жеткізу бойынша кешенді іс-шаралардың орындалуын;

2.7.3. жұмыс берушінің кәсіподақ органдарының шешімдері  мен мемлекеттік бақылаушы органдардың еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйғарымдарын орындауын;

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ПОЛОЖЕНИЕ ПО ОРГАНИЗАЦИИ ВНУТРЕННЕГО КОНТРОЛЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЕ ТРУДА

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ІШКІ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

2.7.4. технологиялық процестердің, машиналар, тетіктер, жабдықтар, аспаптар, еңбектің басқа да құралдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін, жұмыскерлердің жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін қолдануын;

2.7.5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтардың бар екендігі мен толықтығын, жұмыс орындарында еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізудің сапалы және өз уақытында өткізілуін, жұмыскерлердің арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және жеке қорғанудың басқа да құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың міндетті және дұрыс қолданылуын және химиялық тазарту, жуудың, жөндеудің, залалсыздандыру мен белсенділіктен айырудың өз уақытында өткізілуін;

2.7.6. жұмыс берушінің жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың себептерін жою, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыру  жөніндегі іс-шараларды орындауын;

2.7.7. жұмыскерлерді санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етуді, жұмыскерлерге арнаулы киім мен аяқ киімді беру мен жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және залалсыздандыру заттарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен немесе онымен теңестірілген азық-түлік өнімдерімен және емдәмдік (емдік және профилактикалық) тамақтандыруға арналған өнімдермен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жабдықталуын.

2.8. Әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша бағдарламалар, келісімдер, ұжымдық шарттар жобаларын әзірлеуге қатысады, тиісті ұсыныстар енгізеді.

2.9. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жүгіністерін қарастырады және олардың мүдделерін, оның ішінде сот процестерінде білдіреді.

2.10. Ұйымның еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіруге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша актілер әзірлеуге қатысады және өз ұсыныстарын енгізеді.

2.11. Жұмыс берушіден және өзге де лауазымды тұлғалардан техникалық инспекторға жүктелген фугкцияларды орындау үшін қажетті ақпараттар мен түсіндірмелерді, оның ішінде жазбаша түрде алады.

2.12.  Кәсіподақ ұйымының тапсырмасы бойынша жұмыс берушінің еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерін қамтитын актілерінің жобаларына талдау жүргізеді және нақты акт бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымы сайланбалы органының жазбаша уәжделген пікірін дайындайды.

2.13. Өз құзіреті шектерінде кәсіподақ мүшелеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша коссультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді.

2.14. Мемлекеттік қадағалау органдарының өкілдерімен бірге еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды сақтау мәселелері бойынша  бірлескен тексерулерге қатысады.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ  ТЕХНИКАЛЫҚ  ИНСПЕКТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

3.1. Техникалық инспектор құқылы:

3.1.1. өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша кедергісіз және кез келген уақытта тексерулер жүргізуге, комиссиялардың жұмысына қатысуға;

3.1.2. жұмыскердің денсаулығы немесе өміріне қауіп төндіретін жағдаят туындаған жағдайда жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының жұмысын бір сағаттан кем емес уақытқа тоқтата тұруға. Техникалық инспектор уақытша тоқтата тұру туралы жауапты лауазымды тұлғаға (жұмыстардың жетекшісіне) дереу хабарлауы тиіс. Тоқтата тұру туралы акт жасау. Акт екі дана етіп жасалады: бір данасы жауапты лауазымды тұлғаға (жұмыс жетекшісіне) тапсырылады, екінші данасы – кәсіподақ комитетінде сақталады. Техникалық инспектор жою фактісін тексереді және жұмыстарды жалғастыруға тиісті Актіні толтыра отырып, өндірістік объектінің жұмыс ісетуін жалғастыруына рұқсат береді.

3.1.3. Жұмыс берушіден, лауазымды тұлғалардан және жұмыскерлерден еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті құжаттар мен түсіндірмелер алуға, бұл мәселелер бойынша жұмыс берушіге (тиісті басшыға)  ұсыныстар енгізуге және одан дәлелді жауап алуға.

3.1.4. Жұмыс берушіге еңбек құқығының нормалары бар еңбек заңнамасы мен өзге де актілердің бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар фактілерін жасыруға кінәлі лауазымды және басқа тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы талаппен жүгінуге.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль