text
Справочник кадровика

«Крендель» ЖШС-да өрт қауіпсіздігінің ұйымдастырылуы

  • 19 июля 2018
  • 2
«Крендель» ЖШС-да өрт қауіпсіздігінің ұйымдастырылуы

Мақалада Павлодар облысының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының бірі – «Крендель» ЖШС-дағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қарастырылады.

«Крендель» ЖШС қызметкері Мирхат Қайратұлы Сапаров 2017 жылғы 25 қаңтарда кезекшіліктен кейін Пахомов көшесіндегі тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатып, көмек сұрап айқайлаған дауысты естиді. Ол ойланбастан подъездге қарай жүгіреді. Алды ары қарай қатты түтін болғандықтан, ақырын жылжып отырып, тек көмек сұраған дауыс шыққан жақты бетке алады. Бірінші және екінші қабаттардың арасындағы алаңқайдан жерде жатқан әйел табылады, ол баласын табуды сұрайды. Мирхат сол алаңқайды сипалап жүріп, ессіз-түссіз жатқан бес жасар ұлды табады. Мирхат баланы, сосын әйелді алып шығады. Оларды жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетеді. Сосын ол егде жастағы ауру әйелді шығару үшін түтінге оранған подъездге оралады. Оған киімін, аяқкиімін киюге көмектесіп, далаға абайлап алып шығады. Подъездге тағы қайтып келіп, бесінші қабатқа көтеріледі. Ол жерден тағы бір отбасыны – жас келіншек пен оның балаларын: төрт жастағы қыз бала мен екі жастағы баланы алып шығады. Сосын өрт сөндірушілер келген соң ғана үйіне қайтады.

Читайте также:

КАКАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ ПО ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ДОЛЖНА БЫТЬ РАЗРАБОТАНА В ОРГАНИЗАЦИИ

ОҚЫҢЫЗ:

ҰЙЫМДА ҚАНДАЙ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАМА ӘЗІРЛЕНУІ ТИІС?

Ол өз өмірін қауіптеді

Мирхат Қайратұлы өз өмірін қауіпке тігіп, басқа адамдардың өмірін сақтап қалды. Бұл қарапайым, ұяң адам өз әрекетінен ерекше еш нәрсе байқамағанымен, біз үшін ол батырға айналды. Біз осындай еш нәрсеге бейжай қарамайтын әрі батыл қызметкердің арамызда жүргенін мақтан тұтамыз.

«Крендель» ЖШС-да өрт қауіпсіздігінің ұйымдастырылуы

Суретте: Мирхат Қайратұлы Сапаров.

«Крендель» ЖШС-да өрт қауіпсіздігінің ұйымдастырылуы

Суретте: Мирхат Қайратұлы Сапаров және кәсіпорын басшысы Зинаида Ахмедовна Пархоменко өртке қарсы қызмет қызметкерлерімен.

Бұл жағдай өрт қауіпсіздігі жөніндегі қызметкерлердің дайындық деңгейін көрсетеді. «Крендель» ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) кәсіпорнында эвакуациялық іс-шараларға жаттығу, нақты уақыт режимінде өрт сөндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп түрады, бүкіл әрекеттер рет-тәртібі жетілдіріліп отырады. Жаттығулар аяқталған соң барлық қатысушылардың әрекеттері талданады.

Кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігі – кез келген басшының ең маңызды міндеттерінің бірі. Көбінесе өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру процесінің өзі көптеген қиындықтар тудырады, өйткені кәсіпорынның өрт қауіпсіздігі жүйесі – бұл ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың тұтас кешені.

Электр құралдарының саны артып келеді, демек, тұтынылатын қуат та артуда, бұл ретте пайдаланылатын сымдар мен кабельдер (ұзартқыштар, тасымалдағыштар) көбінесе мұндай қуатқа есептеп жасалмайды. Электр жабдықтары жұмысының өрт туу қаупі бар авариялық режимдері: қысқа тұйықталу, артық күш түсу, үлкен өтпелі кедергінің пайда болуы. Олар ең ықтимал өрт көздеріне айналуда.

Электр өрттері жоқ

Қысқа тұйықталу белгілері – шамдардың жанып-өшуі, электр қозғалтқыштардың тоқтап қалуы, құралдардың ең жоғарғы көрсеткіштері, жез сымдардың балқып кетуі. Бұған бірден назар аударып, уақтылы шаралар қолдану қажет. Электр қондырғылардан өрт туындамауы үшін тұтану көзінің пайда болуына немесе оның жанғыш материалдармен жанасуына жол бермеу керек. Атап айтқанда: электр жабдығын дұрыс таңдап, құралды режимдік іс-шараларды сақтай отырып құрастыру, пайдалану керек. Электр желілерінің оқшаулану кедергісі, жабдықты қорғаныштық түрде жерге тұйықтаудың сенімді жалғануы, электр қозғалтқыштарының жұмыс режимі электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген мерзімде сырттай қарап-тексеру арқылы, сол сияқты құралдар көмегімен тексерілуі тиіс.

Өрт қаупі бар өтпелі кедергілерді болдырмау үшін желілерді, сымдарды және кабельдерді жалғау, тұйықтау, тарамдау дәнекерлеу, пісіру арқылы немесе арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізілуі тиіс. Барлық электр-техникалық қондырғылар қысқа тұйықталудан сақтандырушы құрылғылармен қорғалған болуы тиіс.

Біздің ЖШС өзіндегі қауіптерді тиімді басқара отырып, өз қызметін жақсартуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылуда. Сапа менеджменті жүйесі өрт қауіпсіздігінде де бақылауға, көрсеткіштерді жақсартуға қажетті құрылымды қамтамасыз етеді.

Читайте также:

Требования к безопасности пожарной техники для защиты объектов

ОҚЫҢЫЗ:

Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу, ескерту іс-шаралары кәсіпорында 2016 жылы енгізілген ҚР СТ ИСО 22000 - 2006 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің (бұдан әрі – Жүйе) негізгі қағидаттары мен талаптарына сәйкес арнайы әзірленген ішкі ережелер мен қағидаларға жауап береді. Жүйе халықаралық стандарттар талаптарының негізінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттеуге, қызметкерлердің бойындағы жауапкершілік және ортақ іске қатысушылық сезімін нығайтуға жол ашты, өрт қауіпсіздігі саласындағы қауіптерді айқындауда кемшіліктерді барынша тез анықтауға, бар мәселелерді ашуға және шешуге мүмкіндік туғызды.

Өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар

Түзету және ескерту әрекеттері жүргізілген ішкі аудиттердің, анықталған сәйкессіздіктердің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, ескерту іс-шараларын бөлімшелердегі тексерулердің нәтижелері негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер әзірлейді.

ЖШС-да «Жақсарту» бағдарламасы енгізілді. Ондағы өрт қауіпсіздігі бойынша қойылған мақсаттарға мына жолмен:

–             жоспарлау;

–             үйлестіру;

–             өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау;

–             бақылау барысында анықталған мәселелерді жою;

–             өрт қауіпсіздігінің жай-күйін талдау және бағалау;

–             қауіптерді азайту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу арқылы қол жеткізіледі.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

КТО ОТВЕЧАЕТ ЗА ПОЖАРНУЮ БЕЗОПАСНОСТЬ АРЕНДУЕМОГО ПОМЕЩЕНИЯ?

ОҚЫҢЫЗ:

ЖАЛДАНАТЫН ҮЙ-ЖАЙДЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?

Өрт қауіпсіздігі бойынша жергілікті және нормативтік актілер

Өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру жұмысында кәсіпорын мыналарды басшылыққа алады:

–             2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңды (27.12.2017 берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

–             «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығын (20.10.2017 берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

–             техникалық регламенттерді;

–             ішкі құжаттарды: «Өрт қауіпсіздігі туралы ережені», «Ерікті өрт жасағы туралы ережені»; мынадай: «Тұрақты әрекет ететін өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі комиссияны тағайындау туралы», «Өрт - техникалық комиссия туралы», «Ғимараттардың, үй-жайлардың, жабдықтың өртке қарсы жай-күйі үшін және өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаларды тағайындау туралы» бұйрықтарды; мынадай: «Өртке қарсы күресте өзара әрекет ету жөніндегі», «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» нұсқаулықтарды, «Жедел өрт сөндіру жоспарларын», «Өрт кезінде адамдарды және мүлікті эвакуациялау жоспарларын».

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ СРЕДСТВ ПЕРВИЧНОГО ПОЖАРОТУШЕНИЯ

ОҚЫҢЫЗ:

БАСТАПҚЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Қағидалардың талаптарын қатаң орындай отырып, біз кәсіпорнымыздың өндірістік бөліктерінде жұмыс істейтін адамдардың өр қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Қызметкерлердің еңбегін қорғауды қамтамасыз етуге қатысты, соның ішінде өртке қарсы қорғаныс саласындағы мәселелер қашанда өзекті және ЖШС басшылығы оларды көз жазбай бақылайды.

Өрт сөндіру бригадасы құтқаруға

Барлық объектілердің өрт дабылы жүйесі бірыңғай басқару торабына – «№ 1 күзет постына» жиналған, мұнда бақылау құралдары мен барлық цехтер мен бөлімшелерден жететін шамшырақтар орнатылған, сондай-ақ тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Өрт дабылы жүйесімен қатар сөзбен хабарлау құралдары орнатылған.

ЖШС – энергия көп жұмсайтын кәсіпорын, сондықтан тұтастай кәсіпорынның өрт қауіпсіздігі қызметкерлері өрт жасағының мүшелері болып табылатын бас инженер және қауіпсіздік қызметтерінің жұмыс сапасына байланысты.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Бүгінгі таңда өрт жасағының жеке құрамы 22 адамнан тұрады, олар аумақ, цех, үй-жай, жабдық және көлікті ауысым сайын қарап-тексереді. Анықталған кемшіліктер жедел түрде бөлімшелер басшылығына жою үшін өткізіледі. Жасақшыларды ынталандыру үшін оларға 6 күнге дейін ақысы төленетін қосымша демалыс беріледі, бұдан бөлек өрт жасағының ерекше көзге түскен мүшелерін ақшалай сыйлықақылармен көтермелейді.

Сапа менеджменті, денсаулықты және еңбекті қорғау жүйесі өнеркәсіп қауіптерін тиімді жоспарлауға және басқаруға, өндіріс қауіпсіздігін арттыру іс-шараларының нәтижелілігін қамтамасыз етуге, қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын туғызуға, зиянды және қауіпті факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2018  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться