text
Справочник кадровика

Жұмысқа қабылдау кезіндегі экспресс-әңгімелесудің бес сұрағы

  • 20 июля 2018
  • 0

Жұмысқа қабылдау кезіндегі экспресс-әңгімелесудің бес сұрағы.

Бағалаудың критерийлері мен әдістерін мұқият таңдай отырып, қызметкерлерді іріктеуге өте байсалды қарау қажет. Бірақ кейде үміткерді мұқият бағалауға, онымен егжей-тегжейлі әңгімелесуге немесе оны тестілеуге уақыт болмайтын жағдайлар болады, шектеулі уақыт жағдайында үміткер лайық па жоқ па, бірден қалай анықтауға болады? Мақалада экспресс-әңгімелесу өткізу кезінде қою қажет негізгі сұрақтарды қарастырамыз.

Кез келген ұйымда ең маңыздысы – бұл персонал! Ұйымның белсенді, жарқын, жаңашыл, «тіршілігі қызу жүріп жатқан», әлде байсалды, тыныш, сенімді болатыны адамдарға байланысты. Персонал қызметтерді немесе өнімдерді жасайды және сатады. Персонал басшылықтың тірегі, бизнес-процестердің қозғалтқышы және ұйымның дамуы және көркеюі үшін шабыт беру көзі болып қызмет етеді.

НА ЗАМЕТКУ

Кейде бұдан әрі осы үміткерді қарастырудың мағынасы бар ма жоқ па, соны анықтап, алдын ала тұжырым жасау үшін, ізденушіге бес-ақ сұрақ қою жеткілікті. Мұндай тәсілде сұхбатқа 15 минут жеткілікті.

15 минут + 5 сұрақ = «экспресс-әңгімелесу».

Сонымен, ізденушіге арналға сұрақтарды қарастырамыз.

1-СҰРАҚ. Ең алдымен өзіңіз жайлы айтып берсеңіз. Өзін-өзі таныстыру әңгімелесудің ажырамас бөлігі, оған үміткер дайын болуы тиіс, бірақ бұл сұрақ көп адамды есеңгіретеді. Сұраққа берілген жауабы адам туралы алғашқы жалпы әсер алуға мүмкіндік береді.

ВНИМАНИЕ Алғашқы кезеңдегі ең басты нәрсе – адамның не туралы айтып отырғанын тыңдау.  

Қызметкерлерді іріктеу жөніндегі маман сөйлесудің алғашқы минуттарында үміткердің өз ойын анық және қысқа баяндау, диалог жүргізу қабілетін бағалай алады. Әрине, әңгімелесуде сырт келбеті мен бейнесі маңызды емес. Бірақ жалпы таза, әдемі сыртқы түрі, әрине, құпталады. Бұдан әрі адам өзі туралы не және қалай айтатынын талдаймыз.

Негізі үміткер өзін таныстырып, өзіің жасы, отбасылық жағдайы, білімі туралы ақпаратты хабарлауға тиіс. Қысқаша жұмыс тәжірибесі туралы, қазіргі кезде жұмыс туралы ұсыныстарды қарастыруының өзекті себебін, болашақтағы жұмысынан не күтетінін айту керек.

Өзін-өзі таныстыру үшін 3–5 минут жеткілікті болады. Түйіндемені егжей-тегжейлі мазмұндау бұл жерде мүлдем орынсыз. Егер үміткер жеке өмірі туралы көп әңгімелеп, ал жұмыс туралы аз айтса,  онда оның басымдықтары қазір өнімді жұмысқа бағытталмағаны анық. Өзі туралы анық айтып бере алмаған адам, жақсы дамыған коммуникативтік дағдыларды талап ететін лауазымға лайық екені екіталай.

2-СҰРАҚ. Екі соңғы жұмыс орныңыз бен жұмыстан шығу себептерін атаңыз.

Әдетте, үміткерлер компанияның атымен, лауазымымен және компаниядан кетуінің ресми себептерімен ғана шектелмейді. Олар бір нәрсені түсіндіргісі, толықтырғысы келеді, егжей-тегжейлі айтып бергісі келеді. Міне, осы рекрутер үшін маңызды. Адам осындай жағдайда оған маңызды болып табылатын, өзін толғандыратын нәрсені, немесе неге дайын емес екенін, жаңа жұмыс орнында нені қайталанбаса екен деп тілейтінін айтуға бейім болады.

3-СҰРАҚ. Ең аз уақыт жұмыс устеген компанияны атаңыз, не себепті солай болды?

Егер ізденуші бұл сұраққа байсалды және түсінікті жауап берсе, одан әрі егжей-тегжейін нақтылауға себеп жоқ. Ал егер адам, ол сұраққа жауап бергенде өзін жайсыз сезінсе,  жауап беруден қашып, сенімсіз немесе агрессивті болса, онда әңгімелесудің келесі кезеңінде бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылауға себеп болады.

4-СҰРАҚ. Сіз үшін мінсіз жұмыс орнын сипаттаңызшы.

Бұл компанияда қабылданған жүйеде жұмыс істеу үшін, үміткерлердің дайындығын бағалауға арналған өте оңтайлы сұрақ.

Әңгімелесуге келгенде, үміткер компания туралы бүкіл ақпаратты, оның құндылықтар жүйесін, бөлімдер арасындағы ішкі өзара іс-қимыл қалай болатынын, ұжымдағы ахуалды білмейді. Ол өзіне жұмыс істеуге қолайлы болатын жаңдай мен жүйені айтады. Өзін сенімді сезінетін басшы мен ұжымды сипаттайды. Ол үшін әлеуметтік маңызы бар аспектілерді белгілейді. Одан естіген жауап оны күтіп тұрған шыдыққа сәйкес келмеуі мүмкін.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 7 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль