text
Справочник кадровика

Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша негізгі міндеттері

  • 23 июля 2018
  • 8
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", судья Специализированного межрайонного экономического суда Восточно - Казахстанской области
Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша негізгі міндеттері

Бүгінгі таңда жұмысқа мүгедек адамды алуға әрбір ұйым келісе бермейді. Жұмыс берушілердің көбінің пікірі бойынша, оны дайындауға, жіберген қателіктерін анықтап отыруға көп уақыт жұмсау, жұмыс процесін бөгеуі мүмкін.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру – күрделі мәселе. Бүгінгі таңда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) деректері бойынша мүгедектердің 30 %-ы жұмыс істейді. Сондықтан ЭЫДҰ жұмыскерлердің мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген еңбек жағдайларын туғызуы үшін жұмыскерлермен көбірек жұмыс істеуді ұсынады. Бұл ретте мүгедектермен жұмыс істеген кезде олардың не істей алмайтынына емес, не істеуге мүмкіндігі бар екеніне назар аудару қажет.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту орталықтары мен жұмыс берушілерді сапалы бос жұмыс орындарын және олар жөнінде толық ақпарат ұсынуға бағыттайды. Мысалы, өткен жылы жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына 544 мың бос жұмыс орнын ұсынды, бұлар туралы жұмыспен қамту орталықтары біледі, бірақ негізгі халық біле бермейді. 2017 жылы 518 мың адам осы бос жұмыс орындары ұсынылған жұмыспен қамту орталықтарына келді. Бірақ мұнша адамның жұмыс іздеп жүргенін жұмыс берушілер білмейді.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ПОЛОЖЕНИЕ ПО ОРГАНИЗАЦИИ ВНУТРЕННЕГО КОНТРОЛЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЕ ТРУДА

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ІШКІ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

Сондықтан министрлік қазір жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс стандарттарын өзгертіп, электронды еңбек биржасын құрып жатыр, мұнда бос жұмыс орындары бүкіл халыққа, ал жұмыс іздеушілер жұмыс берушіге қолжетімді болады. Электронды еңбек биржасы ағымдағы жылдың соңына дейін толық көлемде жұмыс істей бастауы керек. Сондықтан мүгедектерді жұмысқа орналастыру қазіргі таңда мемлекеттің белсенді түрде шешуге кіріскен басты міндеттерінің бірі деп ауыз толтырып айтуға болады.

Заңнамада мүгедектердің еңбегіне қойылатын талаптар қандай?

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 - V Заңында (04.07.2018 жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Заң) кейбір санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруды үлестеуді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларының бірі ретінде белгіленген. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын үлестеу қағидалары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (14.02.2017 өзгерістермен) бекітілген.

Жұмыс орындарының квотасы – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағандағы жұмыс орындары санын пайызбен көрсеткенде, мүгедектер жұмыс істеп жатқан жұмыс орындарының санын қоса алғанда, еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаны Заңның 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2-ден 4 %-ына дейінгі мөлшерде белгілейді. Жергілікті атқарушы органдар квотаны ұйымдарға жұмыскерлерінің тізімдік санына қарай белгілейді:

  –  50-ден 100-ге дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 %-ы мөлшерінде;

–  101-ден 250-ге дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 %-ы мөлшерінде;

–   251-ден көп адам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 %-ы мөлшерінде.

Жұмыс берушілер 6 айдың ішінде белгіленген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады. Кемінде 6 ай мерзімге еңбек шартын жасасу арқылы растап, мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотаның орындалуы болып табылады.

Квотаның аясында Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау үшін медициналық қорытындыға сәйкес қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылатынын еске сала кетейік.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

КОМПЛЕКС МЕРОПРИЯТИЙ ПО СОВЕРШЕНСТВОВАНИЮ УСЛОВИЙ ТРУДА

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНІ

Үлестеу туралы талап мыналарға қолданылмайды:

1) жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адамнан аз ұйымдарға;

2) Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ жұмыскерлердің орташа жылдық санының 20 пайызынан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға;

3) жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарларуына әкелген жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, өндірістің, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайда;

4) елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, еңбекке қабілетті жастағы жұмыссыз мүгедектер болмаған кезде;

5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 - V Еңбек кодексінде (21.07.2018 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңда (29.06.2018 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) қызметке кірудің ерекше талаптары, лауазымға тағайындау тәртібі айқындалғанда.

«Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығына сәйкес мына адамдар үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастырған кездегі арнайы жұмыс орындарын, яғни мүгедек адамның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындарын құру қажет:

–  кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедек;

–  көру қабілетінен толық айырылған мүгедек;

–  есту қабілетінен толық айырылған мүгедек.

Стандарттарда негізгі эргономикалық, санитариялық-гигиеналық және басқа да талаптарға жауап беретін жабдықтың, мысалы, сезу, есту, көру бағдарлары бар тифлокешендердің болуы талап етіледі. Мүгедек адамның тіршілік әрекетіндегі шектеулерді ескере отырып, жұмысқа қолжетімділігі қамтамасыз етілген жұмыс мүгедек адам үшін қолайлы жұмыс болып саналады.

Мүгедек жұмыскерлердің еңбек ету жағдайлары

Заң шығарушы мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек ету жағдайларын нақты айқындаған:

–  бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 7 сағаттан аспайды (ҚР ЕК-нің 69-бабы);

–  бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді. Егер екінші және үшінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге сараптамалық кәсіптік-патологиялық комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді (ҚР ЕК-нің 75-бабы);

–  мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі (ҚР ЕК-нің 76-бабы);

–  үстеме жұмысқа мүгедектер жіберілмейді (ҚР ЕК-нің 77-бабы);

–  мүгедек жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы (ҚР ЕК-нің 127-бабы);

–  вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға бірінші топтағы мүгедектер медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді (ҚР ЕК-нің 135-бабы);

–  бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі (ҚР ЕК-нің 89-бабы).

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жұмыс берушінің жауапкершілігі

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексінде (22.07.2018  жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Кодекс) бекітілген. Сонымен, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы:

–  лауазымды адамдарға – 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК*) мөлшерінде;

–  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК мөлшерінде;

–  орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК мөлшерінде;

–  ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. 

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік):

–  лауазымды адамдарға – 80 АЕК мөлшерінде;

–  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде;

–  орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 250 АЕК мөлшерінде;

–  ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ПОЛОЖЕНИЕ ПО ОРГАНИЗАЦИИ ВНУТРЕННЕГО КОНТРОЛЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЕ ТРУДА

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ІШКІ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу лауазымды адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады (Кодекстің 83-бабы).

Одан бөлек, жұмыс берушінің мүгедектерге арналған жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау түрінде Заңды бұзушылығы алдымен ескерту жасауға әкеліп соғады, ал қайталап бұзған кезде:

–  лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5 АЕК мөлшерінде;

–  орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 7 АЕК мөлшерінде;

–  ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады (Кодекстің 98-бабы).

Мемлекеттің жұмыс берушілерді мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жұмыс орындарын ашуға міндеттеп қана қоймай, сонымен қатар оларды осыған ынталандырып отырғанын атап өткен жөн. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығы осыны айғақтайды. Субсидиялар беру талаптарының бірі – мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орнын құрған сәттен бастап кемінде күнтізбелік 12 ай мерзімге сақтау.

*2018 жылы айлық есептік көрсеткіш – 2 405 теңге.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 6, 2018  

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться