text
Справочник кадровика

Ресми құжаттарды ресімдеген кезде терминдерді жазу қағидалары

  • 27 июля 2018
  • 17
автор статей журнала «Делопроизводство в Казахстане» цифрового издательства «МЦФЭР–Казахстан», магистр делового администрирования, тренер-инструктор, г. Алматы
Ресми құжаттарды ресімдеген кезде терминдерді жазу қағидалары

Ресми құжаттарды ресімдеген кезде қазақ тіліндегі терминдерді жазу қағидалары. Қазақ тіліндегі құжаттардың деректемелерін дұрыс жазу.

Ресми құжаттарды ресімдеген кезде қазақ тіліндегі терминдердің дұрыс жазылуын зерттеуді жалғастырамыз. 

«Іс қағаздарын жүргізу және архив ісі» орыс-қазақ терминологиялық сөздіктің «Іс қағаздарын жүргізу» томында (бұдан әрі  – Терминологиялық сөздік) «подпись» термині «қойылған қол», «қолы», «қолтаңба» деп аударылады: подпись личная – өз қолы, подпись электронная цифровая – электрондық цифрлық қолтаңба, келесі сөз тіркесін аударған кезде оның аудармасының екі нұсқасы кездеседі: расшифровка подписи – қолдың толық жазылуы, расшифровка подписи – қолтаңбаның толық жазылуы.

Мемлекеттік тілдегі заңнамалық актілерде де «подпись» терминінің әртүрлі аудармасы кездеседі.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



ПРИМЕР

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің (2018.25.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 150-бабының 7-тармағында «подпись» термині «қолтаңба» деп аударылады: «Бас, салалық, өңірлік келісімдер әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің қолтаңбасымен бекітіледі». – пункт 7 статьи 150 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года № 414-V «Генеральное, отраслевые, региональные соглашения закрепляются подписями представителей сторон социального партнерства».

Ал Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының (2017.29.12 берілген өзгерістермен) (бұдан әрі – Құжаттама жасаудың үлгілік қағидалары) 35-тармағының 2) тармақшасында «подпись» термині «қолы» и «қойылған қол» деп аударылады: «Құжатта қойылған қолға тұлғаның жеке қолы және қойылған қолдың толық жазылуы (аты-жөні мен тегі) енеді» – пп. 2) п. 35 Типовых правил документирования и управления документацией в государственных и негосударственных организациях: «Подпись документа включает личную подпись и расшифровку подписи (инициал имени и фамилия)».

НА ЗАМЕТКУ

«Подпись» терминінің дұрыс аудармасы «қолтаңба» термині болып табылады.

 «Виза» термині  «бұрыштама», «виза», «ішкі келісу» деп аударылады.

Терминологиялық сөздіктің «Іс қағаздарын жүргізу» томында  «виза» термині «бұрыштама» деп аударылған: виза официального документа – ресми құжаттың бұрыштамасы.

ПРИМЕР

Құжаттама жасаудың үлгілік қағидаларының 36-тармағында «виза» термині «бұрыштама» деп аударылған: «Құжат жобасын келісу құжатқа бұрыштама (ішкі келісу) қою арқылы ресімделеді» – п. 36 Типовых правил документирования: «Согласование проекта документа оформляется визой на документе (внутреннее согласование). 

Әртүрлі деректерде «гриф согласования» термині әртүрлі аударылады.

ПРИМЕР

  Терминологиялық сөздіктің «Іс қағаздарын жүргізу» томында  «гриф согласования» термині «келiсiм белгiсi, келiсiмдеу белгiсi» деп аударылған

  Ал Құжаттама жасаудың үлгілік қағидаларының 36-тармағында «келісу грифі» деп аударылған: «Құжат жобасын келісу құжатқа... келісу грифін (сырттай келісу немесе ұйымның консультациялық-кеңесші және қоғамдық органдармен келісу) қою арқылы ресімделеді» – п. 36 Типовых правил документирования: «Согласование проекта документа оформляется... грифом согласования (внешнее согласование или согласование с консультативно-совещательными и общественными органами организации).

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.
Толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2018 жылғы № 7 оқыңыздар

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться