text
Справочник кадровика

Гидравликалық сынақтарда еңбек қорғау бойынша нұсқаулық

  • 30 июля 2018
  • 2
Гидравликалық сынақтарда еңбек қорғау бойынша нұсқаулық

Жылу желілерінің беріктігіне, тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық «Петропавл жылу желілері» ЖШС әзірлеген

1. Арналған мақсаты


1.1. Осы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – нұсқаулық) жылу желілерінің беріктігіне, тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары белгіленеді.

Читайте также:
 
ОҚЫҢЫЗ:

 

2. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары


2.1. Беріктікке, тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізу үшін бұл жұмысты орындауға қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық куәландырудан өткен, кіріспе, жұмыс орнындағы бастапқы, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамалықтардан, жаттығудан және білімін тексеруден өткен, өз бетінше жұмыс жүргізуге рұқсат етілген, 18 жасқа толған адамдар жіберіледі.

2.2. Персоналға әсер ететін зиянды өндірістік факторлар:

  • температура мен ылғалдылықтың ауысып тұруы;
  • қысыммен тұрған жүйелер;
  • автокөлік құралдарының қозғалысы;
  • электр тоғы соғу қаупі;
  • жұмыс орнындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен қозғалыс жылдамдығы.

 
2.3. «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ның» (бұдан әрі – ЖШС) қызметкерлері беру нормаларына сай арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Персонал жұмыстарды орындаған кезде жеке гигиена қағидаларын, тазалықты, жеке қорғаныш құралдарының тиісінше жай-күйін сақтауы керек.

2.4. Осы нұсқаулықтың орындалуын қамтамасыз етпейтін тұлғалар тәртіптік жазаға ұшырайды және қолданыстағы заңнамаға сай белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

2.5. Персонал аумақта, жұмыс орындарында орын ауыстырған кезде, сондай-ақ жұмысты орындаған кезде сергек болуы керек.

2.6. Жұмыскер сынақтар жүргізген кезде еңбек тәртіптемесі қағидаларын және персонал туралы ережеде жазылған еңбек және демалыс режимдерін сақтауға міндетті. Жұмысқа мас күйінде келуге немесе жұмыс уақытында спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады.

2.7. Өрт тұтанған кезде тез арада барлық қолда бар құралдармен өртті сөндіруге кіріскен жөн. Егер өртті өз күшімен жою мүмкін болмаса, 1 - 52 немесе 52 - 26 - 86 телефон нөмірлері арқылы өрт командасын шақыру, диспетчерге және ЖШС басшылығына хабарлау қажет.

 Читайте также:
 
ОҚЫҢЫЗ:

3. Жұмыс басталар алдында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары


3.1. Беріктікке, тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізу жұмысы басталар алдында персоналдың сынақтар бағдарламасын, наряд - рұқсатнама алуы, мақсатты және жоспардан тыс нұсқамалықтардан өтуі және жұмыс орнын нарядта көрсетілген қауіпсіздік шараларына сәйкес дайындауы қажет. Қауіпті аймақ, суландыратын, шұңқырларды су басатын жерлер қоршалады және қажет болған кезде бақылаушылар қойылады. Қоршауларға плакаттар мен қауіпсіздік белгілері орнатылады, ал түнгі уақытта белгі беретін жарық қосылады.

3.2. Жылу желісін гидравликалық қысыммен тексеру құбырлар металының тотығуынан және тозуынан туындаған осал тұстарды анықтау, ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде желілерде орындалған дәнекерлеру жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында жүргізіледі. Жылу желілеріне сынақтардың барлық түрі жеке жүргізіледі. Жылу желілерінің жылу тасығышының есептелген температурасына, беріктігіне және тығыздығына бір мезгілде сынақтар жүргізуге тыйым салынады. Қысыммен тексерген кезде желідегі су температурасы 45 0С аспауы тиіс.

3.3. Беріктікке, тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізген кезде сынақтар жүгізілетін уақыттағы өкімге сай персоналдың атына бекітілген жылу жолы персоналдың жұмыс істейтін аймағы болады. Жылу желісі жүріс бөлігі арқылы өткен кезде персонал жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз жол қозғалысы талаптарын сақтауы керек.

3.4. Жылу желісінде орналасқан барлық камералар, жерүсті павильондар берік жабылуы керек. Камералардың, құдықтардың қақпақтары мен жиектері жермен бір деңгейде жасалуы тиіс.

3.5. Беріктікке, тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізу аймағындағы барлық газ қаупі бар жылу камералары өзгеше түспен боялуы тиіс, екінші қақпағын немесе оның цилиндрлік бөлігін сары түске бояу керек. Жерасты құрылыстары технологиялық схемаға және бағдар картасына енгізілуі тиіс. Газ қаупі бар жерасты құрылыстарының тізбесі персоналдың назарына жеткізіліп, көзге көрінетін жерге ілінуі қажет.

3.6. Персонал желдеткіштермен жиынтықталған жылжымалы электр станцияларымен жұмыс жүргізудің қауіпсіз тәсілдерін меңгеруі керек.

3.7. Жылу желілері жер үстінде төселген жерлерде аудан персоналының қатарынан бақылаушылар қойылады.

3.8. Бақылаушы орнында қалып, жедел байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

3.9. Сынақтар әрбір топқа, бригадаға берілген наряд-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

3.10. Жер үстіне төселген құбырлар жаяу жүргіншілер жолдарымен қиылысқан жерлерде ескерту плакаты ілінеді.

3.11. Кез келген сынақты жүргізген кезде абоненттерге сынақтар басталғанға дейін үш күн бұрын қауіпсіздік шараларын көрсете отырып, сынақтардың жүргізілетін уақыты туралы және жылу тұтыну жүйелерінің ажыратылатын мерзімі туралы ескертілуі тиіс. Ескерту тұтынушының жауапты тұлғасына қолын қойғызу арқылы тапсырылады.

3.12. Персонал құрал-сайманның жарамдылығын, бақылау-өлшеу аспаптарын, газ кілтін, манометрлерді, есікті ашуға арналған ілгекті, жеке қорғаныш құралдарын тексеруі керек.

3.13. Жылу желісінің есептелген қысымына сынақ жүргізу басталғанға дейін персоналдың сынақ жүргізілуі тиіс құбырлардан ауаны әбден шығаруы қажет.

Читайте также:
 
ОҚЫҢЫЗ:

3.14. Құбыр желілеріндегі жұмыс жүргізетін орынды дайындаған кезде персонал ажырату арматурасын тығыз жауып, шынжырларға тұйықтауы керек. Ажыратылған арматураға «Ашпаңыз: адамдар жұмыс істеп жатыр» тақтайшасын іліп қою керек. Ысырмаларды арнайы тетіктермен ашып-жабу қажет, бұл үшін арматураның тұтқасының немесе сермерінің иінін ұзартатын иінтіректерді (сүймендерді, құбырларды және басқа да заттарды) қолдануға тыйым салынған.

3.15. Сынақ жүргізу басшысы сынақтарды бастамас бұрын:

  • барлық дайындық іс-шараларының орындалуын тексеруі;
  • нормативтік - техникалық құжаттамаға сай өлшеу құралдарының техникалық және метрологиялық жай-күйін тексеруді ұйымдастыруы;
  • бағдарламада көзделген тармақтардың және жылу пунктілерінің ажыратылғанын тексеруі;
  • бригаданың барлық мүшелеріне олардың сынақтың әрбір жеке кезеңіндегі міндеттері бойынша, сондай-ақ сынаққа тікелей қатысушылардың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша нұсқамалық өткізуі керек.
3.16. Құбыр желісіндегі жұмыстарды бастамас бұрын персонал тікелей қысымды өлшеу манометрлерінің көмегімен ондағы қысымды тексереді. Манометр құбыр желісінің келтеқосқышында тиекті арматураға дейін орнатылуы мүмкін.

3.17. Манометрлердің дәлдігі түтіктің жұмыс істеп тұрған қысымы 2,5 МПа (25 кг/см2) дейін болған кезде 2,5-тен төмен болмауы тиіс.

3.18. Манометрді жұмыс істеу қысымын өлшеу шегі шкаланың үштен екі бөлігінде болатындай шкаламен таңдау керек.

3.19. Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсететін персоналға анық көрінетіндей, қысымды камераға түсірместен бақылау үшін есікке қарай шығарылатындай етіп орнатылуы тиіс.

3.20. Манометрлерді бақылайтын алаң деңгейінен 2  метрге дейінгі биіктікте орнатылатын манометрлердің корпусының нақты диаметрі кемінде 100 мм, ал 2 - ден 3  метрге дейінгі биіктікте кемінде 160 мм болуы тиіс.

3.21. Манометр мен түтіктің арасында бақылау көмегімен манометрді мерзімді түрде тексеруге мүмкіндік беретін үш қозғалтқышты кран немесе оны алмастыратын құрылғы орнатылуы тиіс (тек тұрақты қолданылатын аспаптар үшін ғана).

3.22. Манометрлерді мынадай жағдайларда қолдануға жол берілмейді:

  • тексеру жүргізілгені туралы белгісі бар пломбасы немесе таңбасы болмаса;
  • оны өшірген кезде нұсқаушы тіл осы құрал үшін жол берілетін олқылықтың жартысынан асатын шамада шкаланың нөлдік көрсеткішіне оралмаса;
  • әйнегі сынса немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығына әсер етуі мүмкін зақымдары болса;
  • оны тексеру мерзімі өтіп кетсе.

3.23. Желіні толтырған кезде жылу камерасындағы ауа жойғыштарды бақылайтын жұмысшылар ернемекті жалғастырушылардан шеткері тұруы тиіс. Ауа арматурасының жанасшұңқыр жаққа бағытталған бұрмалары болуы керек. Жанасшұңқырдың соңынан жоғарғы жағына дейінгі қашықтық көп дегенде 50 мм болуы тиіс. Ауа жойғыштарды сермерлермен қолмен ашып-жапқан жөн, бұл мақсатта кілттерді және басқа да иінтірек тетіктерін қолдануға рұқсат етілмейді.

 

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



4. Жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары


4.1. Жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізген кезде персонал арнайы киімде болуы және қажет болған кезде қосымша жеке қорғаныш құралдарын пайдалануы керек.

4.2. Сынақтар жүргізген уақытта персонал жарамды құрал-сайман мен тетіктерді пайдалануы керек.

4.3. Сынақтар жүргізген уақытта тұтынушылардың жылу пунктілері мен ішкі жылыту жүйелері сынақ жүргізіліп жатқан жылу желісінен ажыратылған болуы тиіс. Тұтынушылардың жылу пунктіндегі ажырату арматурасының тығыздығы бұзылған кезде жылу камерасындағы ысырмаларды ажыратқан жөн.

4.4. Тұтынушылардың жылу пунктілерін сынақ жүргізу басшысының өкімімен аудан персоналы ажыратады.

4.5. Беріктікке, тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізген кезде кемінде үш адамнан тұратын, нұсқау берілген бригада тағайындалуы тиіс.

4.6. Персонал бағдарламада көзделген тармақтардың ажыратылғанын тексеруі керек.

4.7. Беріктікке, тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізген кезде желінің ең жоғарғы тұстарындағы қысым жылу көзінің желілік сорғысы немесе сығымдайтын пунктідегі арнайы сорғы арқылы күшейетін қысымның есебінен сынамалы (жұмыс істейтін 1,25) қысымға дейін жеткізілуі тиіс, бірақ ол 1,6 МПа (16 кг/см2) төмен болмауы тиіс.

4.8. Беріктікке, тығыздыққа соңғы гидравликалық сынақтар жүргізу ұзақтығы желіні қарап шығуға қажетті уақытпен айқындалады: толықтыру және қысым нормативтік деңгейде белгіленген сәттен бастап кемінде 10 минут болуы тиіс.

4.9. Персонал желінің соңындағы жылу жіберуші және кері құбырлар арасында бір немесе бірнеше жалғастырғышты судың осы жалғастырғыштар арқылы шығуы желілік сорғының төменгі бөлігі бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей етіп ашуы керек.

4.10. Персоналдың:

сынақ жүргізілетін учаскеде сынақпен байланысты емес қандай да бір жұмыстар жүргізуіне;

қысым көтерілген және көтерілген күйінде сақталған уақытта үңгіржол камераларына түсуге және сонда болуына, анықталған ақауларды жоюына;

құбыр желісі мен арматураның ернемекті жалғастырушыларына қарсы тұста тұруына тыйым салынады.

4.11. Сынақ жүргізу басшысының нұсқауымен ғана персоналдың камераларға түсуіне рұқсат етіледі.

4.12. Қысым жұмыс істеу қысымына дейін, 6–7 кгс/см2 шамасына дейін азайған кезде желі қарап-тексеріледі.

4.13. Егер қысыммен тексеру барысында жылу энергиясының көзінде қысымның бірден төмендегені немесе толықтыру мәнінің артқаны байқалса, желілік сорғыларды тез арада тоқтатып, қысымды жұмыс істеу қысымына дейін азайтып, жылу желілерін аралап шығатын персоналға (барлық бағыт бойынша) бағыт беру керек. Қысыммен тексеру зақымдалған жерді анықтап, зақымды жойғаннан кейін немесе зақымдалған учаскені ажыратқаннан кейін жалғастырылуы мүмкін.

 Читайте также:
 
ОҚЫҢЫЗ:

5. Авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары


5.1. Жылу желілері құбырларының беріктігіне, тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін жертөлелерді, көшелерді, жаяужолдарды су басуына әкелуі мүмкін зақымдары анықталған кезде персонал сынақ жүргізу басшысына хабарлап, жаяу жүргіншілердің жарақаттануына жол бермеу үшін осы жерге бақылау орнатуы керек.

5.2. Жылу желісінің зақымдалған учаскесінде қоршаулар, қауіпсіздік белгілерін орнатқаннан кейін персонал су мен будан ада аймақта ғана жүріп-тұруы керек.

5.3. Құбыр желісі зақымданған және бетінде су пайда болған жағдайда, персонал сынақ жүргізу басшысына хабарлайды, бақылаушылар қойылады, зақымдалған жерлер қоршалуы тиіс. Қоршауларға ескертуші қауіпсіздік белгілерін қою, ал түнгі уақытта белгі беретін жарық қосу қажет.

5.4. Көлік қозғалысының екі жағына да жүріс бөлігінде орналасқан жерасты құрылыстарының ашық қақпақтарынан 10-15 метр қашықтықта ескерту белгісі орнатылуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде көлік қозғалысы жағына жұмыстар жүргізіліп жатқан жерден кемінде 50 метр қашықтықта ескертуші жол белгісі қосымша қойылады. Жылу желісінің зақымдалған жері қоршалған болуы тиіс. Тәуліктің қараңғы мезгілінде және дұрыс көрінбейтін жағдайда жұмыстар жүргізіліп жатқан жердегі ескертуші жол белгілері, сондай-ақ қоршаулар жарықтандырылуы тиіс.

5.5. Өрт шыққан кезде алғашқы құралдармен өрт сөндіруге кірісу қажет, сонымен бір мезгілде бұл туралы диспетчерге және өрт сөндіру бөліміне хабарлау шараларын қолдану керек.

5.6. Егер жақын жерде жұмыс істеп жатқан адамдардың бірі жазатайым оқиғаға ұшыраса, «ИТЖ жұмыскерлері мен жұмыс персоналы үшін зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі көмек көрсету» 27-қосымшасына (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарға) сай зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету қажет.

5.7.      Зардап шегуші немесе куәгер әрбір жазатайым оқиға, жарақаттану, жабдықтың, тетіктер мен құрал-сайманның ақауы туралы жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға тез арада хабарлауға міндетті.
Жұмыс беруші немесе жұмыстарды ұйымдастырушы:


5.8. Жабдықтың, тетіктердің және құрал-сайманның барлық ақауы туралы тікелей жұмыс басшысына хабарлау керек.

Читайте также:
 
ОҚЫҢЫЗ:

6. Жұмыс аяқталған соң еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары


6.1. Беріктікке, тығыздыққа гидравликалық сынақтар жүргізген кезде жұмыс аяқталған соң персонал бүкіл құрал-саймандарды, тетіктерді алып тастап, жұмыс басталғанға дейін болған барлық плакаттар мен белгілерді қалпына келтіруі және орнын бригадирге, ұстаға өткізуі керек.

6.2. Жұмыс аяқталғаннан кейін жүріс бөлігінде немесе жаяужолда персонал камералардың қақпағын тығыз жауып, ал уақытша қоршаулар мен белгілерді алып тастауы керек. Сонымен қатар алдымен көліктің қозғалыс бағытына қарама-қарсы жақтан қоршаулар мен белгілер алып тасталады.

6.3. Қоршау мен белгілерді алып тастаған кезде қозғалыс болатын жағында бақылаушы қалуы керек.

6.4. Егер жұмыс орны көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірсе, онда жұмыс аяқталған соң персонал қоршаудың екі жағында да белгілердің бар-жоғын, қоршау қалқандарының бекітілуін және белгі беруші шамдардың бар-жоғын міндетті түрде тексереді.

6.5. Жұмыс аяқталған соң персоналдың құрал-саймандарды, тетіктерді түтіктің, камералардың ойықтарында, ор қуыстарында қалдыруына тыйым салынады.

6.6. Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы киімді шешіп, жұмыс киімдеріне арналған шкафқа салу керек.

6.7. Қол мен бетті мұқият сабындап жуып, қажет болған кезде душқа түсу керек.

6.8. Жұмыс жүргізген уақытта анықталған барлық кемшілік туралы тікелей жұмыс басшысына хабарлау керек.

 
Читайте также:

ОҚЫҢЫЗ:

7. Жауапкершілік


7.1. Жылу желілерінің беріктігіне, тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізуге қатысатын бүкіл персонал нұсқаулықтың талаптарын орындау жауапкершілігін атқарады.

7.2. Осы нұсқаулықтың талаптарының орындалуын № 2 желілік аудан бастығы бақылайды.

7.3. Нұсқаулықтың келісу парағында көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің басшылары (лауазымдық тұлғалар) осы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың уақтылы және сапалы қаралуы үшін жауапкершілік атқарады.

7.4. №2 желілік аудан бастығы өзіне бағынышты персоналдың нұсқаулықпен танысуы үшін жауапкершілік атқарады.

7.5. Осы нұсқаулықты әзірлеу, өзектілендіру жауапкершілігін № 2 желілік аудан бастығы атқарады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2018

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты