text
Справочник кадровика

Жеке жұмыс режимі: ұғымы, түрлері және белгілеу қағидалары

  • 31 июля 2018
  • 2
юрист ТОО «Eurasia Group Kazakhstan», г. Кокшетау
Жеке жұмыс режимі: ұғымы, түрлері және белгілеу қағидалары

Жеке жұмыс режимі. Компанияға жұмыскерлердің осындай режимі пайдалы ма? Толық емес жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақыты.

Ұйымның барлық жұмыскерлері ішкі еңбек тәртіптемесіне  бағынуы тиіс. Көбінесе жұмыс берушінің кейбір жұмыскерлерге жеке жұмыс режимін ресімдеу қажеттілігі туындайды. Мақалада жеке жұмыс режимі дегеніміз не, бұл жұмыс түріне қандай санаттар жататынын, сондай-ақ осы режимді белгілеу қағидаларын қарастырамыз.


Еңбек қызметі – конституциялық түрде бекітілген әлеуметтік және заңнамалық деңгейдегі ең маңызды аспектілердің бірі. 

Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (2017.10.03 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 24-бабына сәйкес:

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

    2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

      3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

      4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

Тұрмыстық және (немесе) өзге сәттерге байланысты жұмыскер  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2018.24.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 68-бабында белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайтын жағдайлар болады.

Осы мәселені шешу үшін тараптардың келісімі бойынша жұмыскерге жеке жұмыс режимі белгіленуі мүмкін. Мұндайға жұмыстың ерекшелігіне қарай түрлі қарқынды жүктеме барысында жол беріледі.

Жеке жұмыс режимінің түрлері және белгілеу қағидалары


Жеке жұмыс режиміне келесі санаттарды жатқызуға болады:

·      жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы;

·      толық емес жұмыс уақыты;

·      икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс;

·      қашықтықтан жұмыс істеу.

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:

1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін –аптасына 24 сағаттан аспайтын;

2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Жоғарыда аталған санаттардан басқа, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді («Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы)


Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.
Толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2018 жылғы № 8 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль