Толық емес жұмыс уақытының режиміне көшу

592
Әртүрлі себептер бойынша жұмыстан сұрануға тура келетін, сондай-ақ толық емес жұмыс уақыты немесе икемді кесте режиміне көшу жағдайларын қарастырылды

Әртүрлі себептермен тура жұмыс уақытының қызған кезінде бізге жұмыстан сұрануға тура келетін жағдайлар жиі кездеседі: мұғалімнің шақыруымен мектепке бару, емханаға бару және т.б. Сіздердің назарларыңызға осындай сұранулардың қаншалықты заңды екенін анықтауға, және оларды ресімдеу туралы мақаланы ұсынамыз. Одан басқа біз толық емес жұмыс уақытына көшу жағдайларын немесе икемді кестені қарастырамыз.

Шұғыл жұмыстары бойынша жұмыстан сұрану

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 22-бабының 2-тармақшасына сәйкес, қызметкер еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға, сол сияқты еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Сондықтан жұмыс берушінің қызметкерден жұмыс күнінің ішінде жұмыс орнында болуды талап ету заңды. Бұдан басқа, ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.

Аталған жағдаятта, дәлелді себеп тек қызметкер құжатпен растаған кезде ғана болады, мысалы емхананың анықтамасы және т.б., немесе куәгерлердің жауаптары. Бұл жағдайда қызметкердің сұранбай, ескертпей жұмысқа келмегені, яғни, жұмыс уақытында белгілі бір уақыт ішінде жұмыста болмайтыны туралы жұмыс берушіге хабарламағаны туралы ескеру қажет.

Қызметкердің жұмыс уақытында жұмыс орнында болғанын немесе болмағанын анықтау үшін, жұмыстан сұранған қызметкерден өтініш қабылдауға кеңес береміз. Ондай өтініштің нысаны болмайды, оны жұмыс берушінің өзі дербес жасайды (1 қосымша).

НА ЗАМЕТКУ Заңнамада жұмыс уақытында қызметкерді оның өтініші бойынша жіберуге міндетті норма жоқ екенін жұмыс беруші ескеруге тиіс. Ол жұмыс берушінің шешімімен жасалады. Балама ретінде қызметкерге толық бір күнге еңбекақы сақталмайтын демалыс алуды ұсынуға болады.

Икемді жұмыс уақытының тәртібі

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында, тараптардың келісімімен икемді жұмыс уақыты режимі белгіле болады.

Икемді жұмыс уақыты режимінің кезінде:

1) тіркелген жұмыс уақыты;

2) қызметкер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін өз қалауы бойынша атқаруға құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты;

3) есептік кезең белгіленеді.

Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының орташа нормасы сақталуға тиіс кезең икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең деп танылады.

ЛУПА Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең бір айдан аспауға тиіс.

 Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан көп немесе аз болуы мүмкін.

Тіркелген жұмыс уақытының, икемді (ауыспалы) жұмыс уақытының ұзақтығы, икемді жұмыс уақыты режиміндегі есептік кезең еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді.

Қызметкерді икемді жұмыс уақытының режиміне ауыстырғанда, одан өтініш талап ету қажет (2 қосымша), оның негізінде еңбек шартына қосымша келісім жасалып, содан кейін бұйрық шығарылады (3 қосымша).

ВНИМАНИЕ ҚР ЕК 91-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиіс. Демек, төлемақы да нақты жұмыс істеген сағаттарына жасалу керек.

Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндердегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есептеледі.

1 қосымша

Шұғыл жұмыстары бойынша жұмыстан кетуге рұқсат беру туралы өтініш үлгісі

                                                                                      «________________» ЖШС  басшысы  

     _______________________(Т. А. Ж.)

      _________________(аты-жөні, лауазымы)                                          

                   (кімнен)                   

                                                           Өтініш

          Отбасы жағдайыма байланысты (баланы емханаға апару қажет),  «__»__________ 20__ жылы, 10.00-ден 14.00-ге дейін жұмыстан кетуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

       Күні                      қолы                            қолының толық жазылуы

                                                                                                                                2 қосымша

Жұмыс уақытының режимін өзгерту туралы өтініш үлгісі

                                                                           «________________» ЖШС  басшысы 

                                                                            _______________________(Т. А. Ж.)

                                                                             _________________(аты-жөні, лауазымы)  

                                                                                    (кімнен)         

                            

                                                Өтініш

Отбасы жағдайыма байланысты «__»__________20__жылдан «__»__________20__жылға дейін жұмыс уақытының режимін икемді жұмыс уақытына ауыстыруыңызды сұраймын.

Күні                      қолы                            қолының толық жазылуы

                                                                                                                              3 қосымша

Жұмыс уақытын өзгерту туралы бұйрықтың үлгісі

«___________»

жауапкершілігі

шектеулі серіктестік

БҰЙРЫҚ

«__»__________20__жыл

____________қаласы

Эмблема, логотип, қызмет көрсету белгісі, тауар белгісі

Товарищество

с ограниченной ответственностью

«________________»

ПРИКАЗ

№___-К

город ______________

Жұмыс уақытын өзгерту туралы

 _______________________________ (қызметкердің аты-жөні, лауазымы)   «__»_________ 20__ жылы жазған өтініші бойынша

БҰЙЫРАМЫН:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес,  _____________________ (аты-жөні, лауазымы)  «__»__________20__жылдан  «__»__________20__жылға дейін жай жұмыс уақыты режимінен икемді жұмыс уақытына ауыстырылсын.

Негізі:  ____________________ (қызметкердің аты-жөні, лауазымы)   «__»_________ 20__ жылғы өтініші,  №________ еңбек шартына «___»__________20__жылғы №________қосымша келісім.

Бас директор                                  қолы                  қолының толық жазылуы

Бұйрықпен таныстым:

            Күні                         қолы                          қолының толық жазылуы

                              

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях