text
Справочник кадровика

Жұмыс уақытының жиынтық есебі: ұғымы және қолдану ерекшелігі

  • 7 августа 2018
  • 4
юрисконсульт, г. Алматы

Жұмыс уақытының жиынтық есебі. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмыс кестесі. Қандай уақыт есепке алынуға жатады және жұмыс уақытына не жатады.

Жұмыс сағатының күн сайынғы немесе апта сайынғы нормаларын белгілеуге мүмкіндік бермейтін еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктері бар компаниялар болады, мысалы вахталық және маусымдық жұмыс. Бірақ үнемі жұмыс істеген сағаттарын санап отыруға жұмыс беруші кез келген жағдайда міндетті. Мақалада жұмыс уақытының жиынтық есебі деген не, оны қолданудың ерекшеліктері мен кестесін жасауды қарастырамыз


Ұйымда жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу

Ұйымда жұмыскер істеген жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің міндеті Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 79-бабының талаптарында айқындалады.  

Жұмыс уақытының есебі жұмыс беруші дербес белгілеген құжаттарда өзі шығарған актінің негізінде жүргізіледі. Ол ұйымда жұмыс уақытын есепке алуға жауапты жұмыскерлер толтыратын қағаз тасығыштағы құжаттар, немесе ұйымға кіретін (шығатын)  есікте  орнатылатын жұмыс уақытын есепке алудың электрондық жүйелерінен  алынған ақпарат болуы мүмкін.   

Жұмыс уақытын қағаз тасығышта есепке алу үшін ең көп таралған және пайдаланылатын құжат жұмыс уақытын есепке алу табелі болып табылады.

Жұмыс уақытын есепке алу табелі деген кестенің сол жағында орналасқан құрылымдық бөлімше қызметкерлер құрамының тізімін және саны бір айдағы күнтізбелік күндер санына тең болатын, бірден жұмыскерлердің тізімдік құрамынан кейін орналасқан және кестеде кеңістіктің негізгі бөлігін алатын бағандарды қамтитын кесте. Жұмыс уақытын есепке алу табеліндегі соңғы бағандарда ұйымның әрбір жұмыскерінің күндермен және сағаттармен есептелетін бір айда нақты жұмыс істеген уақыты және келмеген күндері туралы ақпарат жазылады.

Жұмыс уақытын есепке алу табелінде жасалған қорытындылар егізінде жұмыскерге есеп айырысу және жалақыны есептеу жүргізіледі.
 
ВОПРОС Есепке алуға қандай уақыт жатады және жұмыс уақытына не жатады?

ҚР ЕК 79-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.

ҚР ЕК 79-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс.

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 47) тармақшасына сәйкес, жұмыс уақыты – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері.

Жұмыс уақытына:

·      дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда көзделген үзілістер;

·      еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер;

·      жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты;

·      мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер;

·      үйдегі кезекшілік;

·      еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер жұмыс уақытына жатады.

НА ЗАМЕТКУ Жұмыскерлердің жұмыс істемеген уақытына жұмыс уақытына қосылатын ауысым ішілік және арнайы үзілістерді жатқызуға болады.

Жұмыс уақытын есепке алуды жүргіземіз?

Жұмыс уақытының жиынтық есебі: ұғымы және қолдану ерекшелігі

Отвечает Надежда Маликова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», директор юридического департамента ТОО «FactorOfTime», г. Алматы
Ең алдымен, жұмыс уақытын есепке алу табелі – «жай ғана» жүргізетін құжат емес. Жұмыс уақытын есепке алу табелінің негізінде кадр қызметінің мамандары мен бухгалтерлері жұмыскерлердің жұмысқа келгені не келмегені, олардың еңбекке жарамсыздық парағы бойынша болмауы туралы және т. б. ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Дәл осы мәліметтердің негізінде бухгалтерия алдағы уақытта қызметкерлердің жалақысын есептейді. Өз кезегінде жұмыс уақыты деп жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ заңнамаға сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері есептеледі (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 47) тармақшасы).

Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелі

Жұмыс уақытының жиынтық есебі: ұғымы және қолдану ерекшелігі

Үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері жұмыс уақытын есепке алу табелінен бөлек есепке алынады.

ПРИМЕР Үстеме жұмыс уақытын жұмыс берушінің актілерінде  – бұйрықтарда, өкімдерде ескеруге және ресімдеуге болады. 

Еңбек заңнамасында жұмыс уақытын есепке алудың екі түрі белгіленген: күнделікті және жиынтық.

Күнделікті есептеу кезінде жұмыскер әрбір күнде істеген жұмыс уақыты ескеріледі. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыскер есептік кезеңде істеген жұмыс уақыты ескеріледі (жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс беруші ҚР ЕК талаптарын есекере отырып белгілеген  күнтізбелік кезең).
 
НА ЗАМЕТКУ

Егер жұмыскерлердің  жұмыс күнінің ұзақтығы әртүрлі болса және әр жұмыскерге 40-сағаттық жұмыс аптасын (ҚР ЕК белгіленген жұмыс уақытының бір аптадағы ұзақтық нормасын) сақтау мүмкін болмаса, онда жұмыс уақытының жиынтық есебін енгізу керек.
 

Жұмыс уақытының жиынтық есебі деген не?

Жұмыс уақытының жиынтық есебі – бұл жұмыс уақытын есепке алудың арнайы тәртібі, ол жұмыскерлердің осы санатына арналған, еңбек заңнамасы белгілеген нормалардан ауытқыған кезде бір тәулікте және аптада істелген уақыттың ұзақтығын есепке алуға мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, жұмыс уақытының жиынтық есебі – ол жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңде жұмыс уақытын қосу арқылы оны есепке алу.

ҚР ЕК 75-бабына сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.
Толық мәтінін «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 8 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль