text
Справочник кадровика

Емдеу-сақтау режимін бұзу: жұмыс берушінің іс-әрекеті және жұмыскер үшін салдары

  • 8 августа 2018
  • 6
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Емдеу-сақтау режимін бұзу: жұмыс берушінің іс-әрекеті және жұмыскер үшін салдары

Емдеу-сақтау режимін бұзу не болып табылады? Емдеу-сақтау режимін бұзғанда, уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы төленеді ме?


Тәжірибеде жұмыскер емдеу-сақтау режимінің бұзылуы туралы дәрігердің белгісі бар еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсынатын жағдайлар болады, соған  байланысты кейбір ұйымдарда мұндай жұмыскерлерді тәртіптік жазаға тартады немесе оған еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы төлемейді. Осы мақалада емдеу-сақтау режимінің бұзушылығы не болып табылатынын, жұмыс берушілердің мұндай іс-әрекеттері заңды ма және осындай режимді бұзған жұмыскерлер үшін салдары қандай болатынын қарастырамыз

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2018.24.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 133-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді (ҚР ЕК 133-бабының 3-тармағы).

Еңбекке уақытша қабілетсіздігін куәландыратын құжат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларының (бұдан әрі – Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары) 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу қағидалары) берілетін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы, ал ол жоғалған кезде – телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.

Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу қағидаларының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы – ол адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздігін куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат.

НА ЗАМЕТКУ

Еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде жұмыскерге жалақы емес, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы төленеді.   


Еңбекке қабілетсіздік парағын дұрыс есептеу және төлеу?

 
Емдеу-сақтау режимін бұзу: жұмыс берушінің іс-әрекеті және жұмыскер үшін салдары

Ю.  М. Гречко

«ГазОйлДиагностика» ЖШС бас бухгалтері, Алматы қ. 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу қағидалары) еңбекке уақытша қабілетсіздік – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке қабілетсіздігін қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді.


Емдеу-сақтау режимін еңбекке уақытша қабілетсіз жұмыскердің бұзуы
 

Бүгінгі таңда еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын беру тіәртібін, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны тағайындауды және төлеуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер «режимді бұзу» терминін тікелей түсіндірмейді.

Бұл ретте, Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу қағидаларының 40-тармағына сәйкес «Режим» деген жолда жазылған емдеу-сақтау режимінің (стационарлық, амбулаториялық, санаториялық) түрі көрсетіледі.

 
ВНИМАНИЕ

Медицина қызметкері тағайындаған режимді адамның бұзу жағдайлары (алкогольді шамадан тыс пайдалану, тағайындаған зерттеп-қарауды немесе емдеуді орындамау, медицина қызметкерінің қабылдауына көрсетілген мерзімде келмеу, басқа жерге кетіп қалу және басқалар) міндетті түрде белгіленіп, медицина қызметкерінің қолтаңбасы қойылады.

 
Жоғарыда аталған норманы негізге ала отырып, емдеу-сақтау режимін бұзу дегеніміз:

• алкогольді шамадан тыс пайдалану;

• тағайындаған зерттеуді немесе емдеуді орындамау; 

• көрсетілген мерзімде медицина қызметкерінің қабылдауына келмеу;

• басқа елді-мекенге шығу және т. б. деп қорытынды жасауға болады
 

ВОПРОС

Егер жұмыс беруші емдеу-сақтау режимін бұзуға байланысты жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақының мөлшерін қысқарту немесе оны төлемеу туралы шешім қабылдаса, ол іс-әрекеті заңды ма?

Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағына және ҚР ЕК 133-бабының 4-тармағына сәйкес, жәрдемақы:

      1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;

      2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;

      3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;

      4) жұмыскер алкогольді, есірткіні және уытқұмарлық заттарды пайдалануы салдарынан туындаған аурулардан немесе жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде;

      5) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін төленбейді.

Жұмыскердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыру туралы өтініштің үлгісі

Емдеу-сақтау режимін бұзу: жұмыс берушінің іс-әрекеті және жұмыскер үшін салдары


Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр.
Толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 8  оқыңыздар

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль