text
Справочник кадровика

Енді бұқаралық іс-шараны өткізу туралы жазбаша хабарлама қажет

  • 13 августа 2018
  • 4
Енді бұқаралық іс-шараны өткізу туралы жазбаша хабарлама қажет

Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық

Бұқаралық іс-шаралар өткізген кезде білу қажет нәрселер

Спорттық, спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу үшін алдағы жылға өткізу кестесі әзірленеді және ішкі істер органдарына (бұдан әрі – ІІО) жолданады.

1) халықаралық және республикалық деңгейде – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган;
2) жергілікті деңгейде – жергілікті атқарушы орган, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімі.

Ойын - сауық мәдени - бұқаралық іс - шаралар өткізу үшін ұйымдастырушы оның аумағында өтетін жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – ЖАО) бұқаралық іс - шараны өткізу күніне дейін он күнтізбелік күнінен кешіктермей сәйкес нысан бойынша бұқаралық іс - шараны өткізу бағдарламасын (регламент, сценарий) қоса бере отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.
 ЖАО хабарламаны қарайды және ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ІІО - ға хабарлайды. Бұқаралық іс - шараны ұйымдастырушы ЖАО немесе уәкілетті орган болып табылатын жағдайда хабарлама жолданбайды, тек ІІО - ға хабарланады. 
 Бұқаралық іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖАО ұйымдастырушылық комитеттерін (бұдан әрі – комитеттер) құрады, олар бұл іс - шараларды дайындау және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Комитет құрамына ІІО - ның (жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары) өкілдері, бұқаралық іс - шараны ұйымдастырушы кіреді. Комитетті ЖАО - ның уәкілетті өкілі басқарады.


Ұйымдастыру комитетінің міндеттері

Комитет бұқаралық іс - шараларды өткізу орындарын:
1) эвакуациялау жолдарының болмауы;
2) салмақ түсетін құрылымдардың өте ескіргендігі;
3) сахна (трибуна) биіктігінің деңгейі 1,5 (бір жарым) метрден кем;
4) апаттық жарық берудің жоқ болуы;
5) трибуна астындағы үй - жайларда жанар - қауіпті заттар мен материалдардың орналасуы;
6) өртке қарсы қорғаныс құралдардың жоқ болуы немесе ақаулығы;
7) электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларының бұзылуы;
8) бұқаралық іс - шараларды өткізу орнына жақын жерде аяқталмаған құрылыс объектілерінің бар болуы және шабуыл жасау құралы ретінде пайдаланылуы ықтимал заттардың (кірпіш, арматура, қада және т. б.) бар болуы;
9) сахна периметрі бойынша қауіпсіздік бөгеуілдерінің (турникеттердің) жоқ болуы бөлігінде тексеруді ұйымдастырады.
Бұқаралық іс - шараны өткізу орындарын тексергеннен кейін комитет бір жұмыс күні ішінде:
1) бұқаралық іс - шараны өткізуге толық рұқсат беру не бұқаралық іс - шараны көрермендерсіз өткізуге рұқсат беру туралы;
2) бұқаралық іс - шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін (ауа райының жағдайлары, терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу және басқа) факторлар анықталған жағдайда бұқаралық іс - шараны өткізуге рұқсат беруден толық бас тарту;
3) анықталған кемшіліктерді жойғанға дейін іс - шараны өткізуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды: 
Бұл ретте ұйымдастырушы бұқаралық іс - шараны өткізу күніне дейін күнтізбелік бес күн бұрын ЖАО - ға комитет анықтаған кемшіліктерді жою туралы хабарлайды.
 


Ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестік қажеттігі

Ақпарат алғаннан кейін комитет бұқаралық іс - шаралар өткізілетін жерлерді қайта тексереді және бұрын белгіленген кемшіліктер қайта анықталған жағдайда бұқаралық іс - шараны өткізуден толық бас тарту туралы шешім қабылдайды.

 Ұйымдастырушы алдын ала бұқаралық іс - шараны өткізуден күнтізбелік үш күн бұрын ЖАО - ға хабарлайды, олар өз кезегінде ІІО - ға болжанатын көрермендер саны туралы хабарлайды және олар басталғанға дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей сатылған билеттер, берілген рұқсат қағаздары, оның ішінде көлік құралдарына рұқсат қағаздар саны туралы хабарлайды.
Орындарын, трибуналарды және секторларды көрсетпей кіру билеттерін сатуға, сондай - ақ бар орындардың санынан асатын көлемде оларды таратуға жол берілмейді.
 ЖАО бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көлік қозғалысы бағыттарының уақытша өзгеруі, бұқаралық іс - шаралар өткізілетін орынға азаматтардың қолжетімділігін шектеу туралы алдын ала хабарлайды.
 ІІО - ның басқа мүдделі ұйымдармен өзара іс - қимыл жасасуы жоспарланған бұқаралық іс - шараның мазмұны, маңыздылығы туралы, қатысушылар мен көрермендердің болжанатын саны туралы, бұқаралық іс - шараны өткізу орны мен уақыты туралы, бұқаралық іс - шараға қатысушылар арасындағы психологиялық климат туралы ақпарат алмасудан тұрады.
 ІІО бөліністері арасындағы өзара іс - қимыл жасасу мыналарға негізделеді:
1) қоғамдық тәртіпті, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған барлық жасақшалар мен қызметтердің жалпы міндеттерді және оны іске асыру бойынша өздерінің лауазымдық нұсқаулықтарын нақты орындау; 
2) жедел жағдайды және оның өзгергенін үнемі біліп отыру;
3) үздіксіз байланыстың бар болуы және жедел ақпаратпен үнемі алмасу;
4) белгіленген командалар мен белгілерді білу және дұрыс қолдану;
5) көрші ІІО жасақшаларына уақтылы көмек көрсету;
6) күштермен және құралдармен маневрлерді жедел және тиімді жүзеге асыру.
 

 Бұқаралық іс - шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау
және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 Нақты бұқаралық іс - шараға қатысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге дайындық көрсетілген хабарламаны ІІО алған сәттен бастап басталады.
 Ұйымдастырушы ІІО - мен бірлесіп, жедел штабты (бұдан әрі – ЖШ) басқару пунктінің, ІІО - ның және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай - ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды.
Тиісті бұқаралық іс - шараның басталуынан екі тәулік бұрын ІІО қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді, ЖШ құрылады.
Аймақтардың, секторлардың, учаскелердің аға қызметкерлері тағайындалады, олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады, жеке құрамның есебі жүргізіледі. Бұл ретте елдімекендегі жедел жағдай, өткізілетін бұқаралық іс - шаралардың көлемі мен сипаты, жергілікті халық және басқа өңірлер тарапынан оған танытылған қызығушылық, оларды өткізу маусымы және уақыты, метеорологиялық жағдайлар, қатысушылар мен көрермендердің саны, олардың көңіл - күйлері туралы жедел ақпараттың бар болуы ескеріледі.
 Нақты іс - шараға күш пен құралдардың есебі тек құрылыста ғана емес, осы объектіге жақын аймақта тиісті тәртіпті қамтамасыз етуді ескере отырып өткізіледі. Металл қоршауларды (турникеттерді) орнату саны мен орны айқындалады. Жағдай шиеленіскен кезде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ЖШ басшыларының және сектордың аға қызметшілерінің резерві құрылады.
Бұқаралық іс - шараларды өткізу кезінде тәртіпсіздікке аса белсенді қатысушыларды және ұйымдастырушыларды, сондай - ақ әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік - топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзгеде көрінетін заттарды пайдалануды анықтау үшін көзбен шолып бақылау, фотоға түсіру, бейне және дыбыс жазу құралдарымен жабдықталған жедел қызметтердің қызметкерлері қатарынан тіркеу тобы (азаматтық киіммен) құрылады.
Бұқаралық іс - шараға қатысушыларға қатысты (спортшыларға, төрешілерге, әртістерге, әншілерге) көрермендер тарапынан шабуыл жасауға және бұзақылық іс - әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында олардың бұқаралық іс - шара басында және аяқталғанда (үзіліс кезінде) спорттық алаңға (манежге), сахнаға (трибунаға) шығуы (кетуі) кезінде ЖШ басшысы ілесіп жүру және дәлізбен қамтамасыз ету үшін топ қояды. Бұл ретте шығатын жерлер, өтетін жерлер, сахна периметрі металл қоршаулармен (турникеттермен) қоршалады.
Спорттық аренада, сахнада спортшыларға, әртістерге қатысты бұқаралық іс - шараға қатысушылар арасындағы бұзақылық іс - әрекеттердің жолын кесу үшін ұйымдастырушымен келісім бойынша полицияның неғұрлым дайындалған қызметкерлері қатарынан (5 адамнан кем емес) топ құрылады. Ол топ бұқаралық іс - шараларды ұйымдастырушылардың тікелей қасында орналасады.
 Бұқаралық іс - шара өткізу объектілерінде қызмет өткеруге жеке құрамды дайындау үшін жасақшалар нұсқамасы, сондай - ақ көрермендерді құрылыстан эвакуациялаумен, оларды қалалық көлікке отырғызумен байланысты жаттықтырулар өткізіледі. Нұсқамалар кезінде объектілердің схемалары мен макеттері пайдаланылады, адамдар мен көліктердің қозғалыс бағыттары, басқару пункттерін және резервтерді, медициналық пункттерді, сауда орындарын орналастыру орындары нақтыланады, билеттердің, рұқсат қағаздарының және басқа кіруге рұқсат беретін құжаттардың үлгілерімен танысу жүзеге асырылады.


 

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Өндірісте медициналық кабинетті қалай ұйымдастыру керек? Бұл ретте қандай нормативтік актілерді басшылыққа алу керек?
Konisov

Жасулан Конисов 

эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела промышленной безопасности, охраны труда и окружающей среды АО «Tin One Mining», г. Алматы
Бірде-бір құжаты жоқ компанияны көзіңізге елестетіп көріңізші. Мұндай мүмкін емес. Компаниядағы барлық процестер тікелей құжаттардың қатысуымен болады. Біз, тіпті, одан да зор айта аламыз: компания құжаттармен «өмір сүреді»! Егер компанияның бүкіл қызметі құжаттарға бағынышты болса, онда құжат дегеніміз не, қандай құжаттардың болатынын, олар қалай және не үшін бөлінетінін талдап көрейік. Өйткені, егер құжаттармен жұмыс істеу керек болса, онда, кем дегенде, оларды білу керек, ал шын мәнінде – олардың мәні мен маңыздылығын түсіну қажет!

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету режимінің қашан іске қосылатыны жайлы

 ІІО жеке құрамы бұқаралық іс - шара өтетін жерге екі сағат отыз минут бұрын келеді. Спорттық, мәдени немесе өзге құрылыста және оған жақын аумақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету режимі жарыс басталғанға дейін екі сағат бұрын, көрермендердің кіруі – бір сағат бұрын енгізіледі.
ЖШ басшысының бұйрығы бойынша іс - шара басталмас бұрын және аяқталғаннан кейін қатысушылар, көрермендер үшін қауіп төндіретін (өртенуі мүмкін құрылыс қоқсығы) және лақтыратын снарядтар ретінде пайдаланылуы мүмкін (кірпіштердің, тастардың үйіндісі) бөгде заттарды анықтау және алып қою мақсатында құрылыс трибуналарын және оған жақын аумақты тексеру жүргізіледі. Жарылыс қаупі бар заттар мен құрылғыларды табу мәніне тексеру іс - шара алдында көрермендер кірмес бұрын өткізіледі. Билеттерді сату кезінде касса жанында және құрылысқа жақын аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау жүзеге асырылады.
 ІІО қызметкерлері жеке күзет құрылымдарының жұмыскерлерімен, ерікті адамдармен, бақылаушылармен, ұйымдастырушылармен бірлесіп мыналарды қамтамасыз етеді:
1) көрермендердің ұйымдастырылып кіруі;
2) көрермендерді трибуналарда, залда, секторларда орналастыру;
3) билеттері және рұқсат қағаздары жоқ азаматтардың, сондай - ақ масаң күйдегі адамдардың кіруіне тыйым салу;
4) техникалық құралдарды және қызметтік - іздестіру иттерін пайдаланумен тыйым салынған заттарды (спирттік ішімдіктер, жарылғыш заттар, қару - жарақ, шыны ыдыстағы сусындарды және т. б.) өткізу мәніне жеке тұлғаларды, олардың заттарын, көлік құралдарын және өткізілетін жүктерді жеке тексеру;
5) құрылыс аумағында спирттік, сондай - ақ металл және шыны ыдыста салқындататын сусындарды, пиротехника бұйымдарын және пайдалануы адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіруі немесе жеке және заңды тұлғаларға материалдық зиян келтіруі мүмкін өзге заттарды сату фактілерінің алдын алу бойынша шаралар қабылданады.
 Тәртіпсіздіктерді, бұқаралық іс - шараны өткізбеуді арандататын және кедергісіз шығу және кіру үшін қауіп төндіретін азаматтарға Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.
 Көп азаматтардың қатысуымен бұқаралық іс - шаралар өткізу кезінде ЖАО ІІО - мен бірлесіп жақын аумақта кептеліске (автомобиль кептелісі) және көлік құралдарының жиналуына жол бермеу мақсатында іс - шара өткізу аумағында қозғалысты шектейді, көрермендерді арнайы автобустармен жөнелту пункттерінің жұмысын ұйымдастырады және олармен жол - патрульдік полицияның патрульді автомашиналарының ілесіп жүруін қамтамасыз етеді. 
 Бұқаралық іс - шара аяқталғаннан кейін учаскенің аға қызметшілері және жсақшалар жеке күзет құрылымдарының жұмыскерлерімен, ерікті адамдармен, бақылаушылармен, ұйымдастырушылармен бірлесіп азаматтардың жиналуына, итеруіне, құлауына және олардың арасында үрейдің пайда болуына жол бермей, олардың баспалдақпен біркелкі және кезек - кезекпен қозғалысы үшін бір уақытта негізгі шығатын жерге апаратын кіреберісте қауіпсіз жерде адамдар тобын ұстап тұрып, көрермендердің еркін қозғалысын қамтамасыз ете отырып, олардың спорттық, мәдени және өзге құрылыстан шығуын ұйымдастырады.
 

Іс-шара өткізетін ұйымның міндеттері

Құрылыстарында бұқаралық іс - шаралар өткізілетін ұйымдар мыналарды:
1) объектілердегі инженерлік жүйелердің және ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының құлақтандыру жүйелерінің тоқтаусыз жұмыс істеп тұруын, ғимарат және құрылыс конструкциясының сенімділігін, өрт қауіпсіздігін, бұқаралық іс - шараларды өткізу кезеңінде кіру - шығуды (есіктің, қақпаның) аспалы құлыптарды пайдаланбай, жеңіл ашылатын тиектермен қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсететін персоналдың және қызметтік нұсқаулықтарға сәйкес олардың іс - әрекеттерін бақылаудың бар болуын;
2) бұқаралық іс - шараға қатысушыларды, ІІО қызметкерлерін, қызмет көрсететін персоналды орналастыруға арналған жерлердің, жалпы пайдалану жерлерінің, ареналар мен аумақтың бар болуын, тиісті ұстауды және жабдықталуын, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;
3) құрылыстарға өрт сөндіру техникасының еркін кіруін және кірме жолын;
4) құрылыстарда (көрінетін жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштер, келушілердің мінез - құлық қағидаттары бар плакаттарды, эвакуациялау жоспарын және өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулық орналастыруды;
5) бақылау - өткізу режимін, билеттерге және рұқсат қағаздарына сәйкес қатысушылар мен көрермендерді ареналарда, секторларда және трибуналарда орналастыруды қамтамасыз етеді.

Дереккөз: Еңбек кауіпсіздігі және еңбекті жөніндегі нормативтік актілер, № 7, 2018

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль