Справочник кадровика

Жұмыскердің жеке мүлкін қызметтік мақсатта пайдалану жағдайлары және тәртібі

  • 3 сентября 2018
  • 6
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Жұмыскердің жеке мүлкін қызметтік мақсатта пайдалану жағдайлары және тәртібі

Жұмыскердің жеке мүлкін қызметтік мақсатта қалай дұрыс пайдалану керек. Жұмыскердің жеке автокөлігін пайдаланғанда өтемпұл сомасын есептеу.

Егер жұмыскер қандай да бір себептерге байланысты жұмыста өзінің жеке мүлкін пайдаланса, жұмыскер оған өтемақы төлеуге тиіс. Мақалада: ол үшін қандай шарттар қажет және өтемақы мөлшерін қалай анықтауға болады деген сұрақтарға жауап береміз.  

 

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Қазіргі кезде қызметкер қызметтік мақсатта өзінің жеке мүлкін пайдаланатын жағдайлар жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексі  (бұдан әрі – ҚР ЕК) жеке мүлкін пайдаланғаны үшін өтемақы төлеуді көздей отырып, нақты қандай мүлік пайдалануы мүмкін екенін регламенттемейді.

Пайдаланылатын мүлік жеке автокөлік, тіркемелер, автобустар, аспаптар мен құралдар, үй-жайлар, кез келген техника: компьютерлер, принтерлер, ұялы телефон немесе ноутбук және т. б. мүлік болуы мүмкін.

Осы тақырыпты зерттеу үшін, ең алдымен, жеке мүлік не болып табылатынын қарастырайық.



Жеке мүлік деп не түсініледі?

ҚР ЕК «жеке мүлік» терминінің анықтамасы келтірілмейді. Сондықтан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ кодексіне жүгінейік (бұдан әрі – ҚР СК), 1-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның жеке мүлкі жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі оның үлесі болып табылатын, бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде:

·      жеке тұлға кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланбайтын;

·    жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын салу объектісі болып табылмайтын материалдық нысандағы заттары түсініледі.

Осылайша, кез келген жұмыскерге тиесілі, аталған талаптарға сәйкес келетін зат  оның жеке мүлкіне жатады. 

★Жұмыскердің мүлкіне келтірілген залал үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі қандай?★

Еңбек қатынастары кезінде құқықтар мен міндеттер жұмыс берушіде де, жұмыскерде де туындайды. Бұл әсіресе, басқа тараптың мүлкіне залал келтірген кінәлі тараптың міндетіне де қатысты. 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 120-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыскердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге міндетті.

ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖЕКЕ МҮЛкІН ҚЫЗМЕТТІК МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Жеке мүлік қызметтік мақсатта тараптардың – жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі бойынша пайдаланылуы мүмкін екенін ескеру қажет (ҚР ЕК 129-бабы).

Яғни, қызметкер немесе жұмыс беруші алдын-ала жұмыскердің жеке мүлкін қызметтік мақсатында пайдалану ниеті туралы екінші тарапты хабардар етеді. Көбінесе белгілі бір бос жұмыс орны туралы хабарландыруды орналастыру кезінде жұмыс беруші ол туралы көрсетеді.

 

ПРИМЕР

 Жеке көлігі бар жүргізуші керек. Осы хабарландырудан жұмыс берушінің жұмыскердің жеке мүлкін пайдалануға ниетті екені бірден айқын. Жұмыскердің жеке мүлкін пайдалануға тек екі жақты келісім (немесе шартты құжаттық ресімдеу) ғана өтемақыны талап етуге құқық беретінін ескеру маңызды.

Жұмыскердің мүлкіне  меншік құқығының болуы басқа шарты болып табылады. Жұмыскер қызметтік мақсатта оған меншік құқығымен тиесілі жеке мүлкін ғана пайдалана алады, бірақ заң негізінде басқа адамдарға тиесілі заттарды пайдалана алмайды.

ВОПРОС «Меншік құқығы», «иелік ету құқығы» және «билік ету құқығы» ұғымдары нені түсіндіреді?

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – ҚР АК) 188-бабына сәйкес меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
 

ПРИМЕР

Тәжірибеде, мысалы, ноутбук сатып алынып, ресми түрде туысына тіркелген, бірақ уақытша жұмыскер қолданып жүрген жағдайлар жиі кездеседі.

Бұл ретте заңды түрде ноутбук жұмыскердің меншігі болып табылмайды және қызметтік мақсатта жеке мүлік ретінде пайдаланылмайды.



Жұмыскердің жеке мүлкін құжатпен ресімдеу

Көбінесе жеке мүлкінің ішінен қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін автокөлік, ұялы телефон және ноутбук пайдаланылады. Бұл ретте, құжаттық ресімдеу түрін таңдағанда жұмыскердің жеке автокөлігін пайдалану неғұрлым үлкен күмән тудырады, өйткені жұмыскермен қандай шартты жасасқан тиімді –жалға беру шартын ба әлде қызметтік мақсатта жеке автокөлікті пайдалану шартын ба – деген сұрақ туындайды.  


Жұмыскерді, оның жеке көлігін пайдалану арқылы ісссапарға жіберу туралы бұйрықтың үлгісі

Жұмыскердің жеке мүлкін қызметтік мақсатта пайдалану жағдайлары және тәртібі



Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 9  оқыңыздар

 

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться