text
Справочник кадровика

ҚР-дағы қауіпсіздік техникасы қағидалары

  • 17 сентября 2018
  • 23
ҚР-дағы қауіпсіздік техникасы қағидалары

Қазақстан Республикасындағы электр қондырғыларын пайдаланған кездегі қауіпсіздік техникасы қағидалары

Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады.

Қауіпсіздік техникасын бақылауды қамтамасыз етуші тұлға

Қауіпсіз еңбек жағдайы мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер кәсіпорынның жұмыс берушісіне жүктеледі.

Кәсіпорынның жұмыс берушісі электр қондырғыларын пайдалану кезінде қолданыстағы еңбек жағдайына байланысты, осы Қағидаларға қайшы келмейтін қауіпсіздік техникасының қосымша талаптарын көздеуі мүмкін. Қауіпсіздік техникасы талаптары қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті нұсқаулықтарда қамтылған және кәсіпорын жұмысшыларына өкім, нұсқау, нұсқама түрінде жеткізіледі.

Электр қондырғылары қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін техникалық жарамды қалыпта болады.

Электр қондырғылары сыналған, қорғаныс құралдарын, сондай-ақ жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдармен жинақталады. 

Кәсіпорындарда осы Қағидаларды, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулардың талаптарын және нұсқамаларды өткізуге тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Кәсіпорында электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы жағдайына осы мәселе бойынша өз құқықтары мен функцияларын кәсіпорынның басшы жұмысшысына немесе құрылымдық бөлімше басшысына өкімдік құжатпен тапсыратын жұмыс беруші жауаптылықта болады.

Қызметкерлерге қойылатын талаптар

Жұмысшылар жұмыс сипатына сәйкес келетін кәсіби дайындыққа ие болуы қажет. Кәсіби дайындық болмаған жағдайда, олар жұмысшыларды даярлайтын арнайы орталықтарда (оқу комбинаттарында), оқу-жаттығу орталықтарында (өздігінен жұмысқа жіберілгенге дейін) оқиды.

Жұмысшыларды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру, білімін тексеру және нұсқама беру Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Өндірісте зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту өздігінен жұмыс істеуге рұқсат берілгенге дейін жүргізіледі.

Персонал осы Қағидаларды және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуге тиісті лауазымға немесе кәсіпке қойылатын талаптар шегінде тексеруден өтуі, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электр қондырғысына қызмет көрсететін персоналдың электр қауіпсіздігі бойынша тиісті тобы болуы қажет.

Жұмысшы осы Қағидалардың талаптарын, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды, нысаналы нұсқама кезінде алған нұсқауларды сақтауы қажет. Нысаналы нұсқаманы тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес ресімделеді.

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша білімді тексеруден өткен жұмысшыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр қондырғыларында жұмыс істеудегі еңбек нормалары мен қағидаларын білуді тексеру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беріледі.

Арнайы жұмыстарды жүргізу құқығына ие жұмысшылардың куәлігінде осы туралы жазба бар.

Жұмысшылар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес, бұзушылықтарды, адамдардың өміріне қауіп төндіретін электр қондырғыларының, машиналардың, механизмдрдің, аспаптардың, қорғаныс құралдарының ақауын жою бойынша шараларды қабылдай алмаған жағдайда, бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды.

Өндірістік қызметі электр қондырғыларымен байланысты жұмысшылардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша тобы болуы қажет.

НЫСАНДАРДЫ КӨШІРУ:

Арнайы жұмыстарға не жататыны жайлы

Арнайы жұмыстар қауіпсіздігі бойынша қосымша (жоғары) талап қойылатын жұмыстарды орындауға жіберілетін адамдардың куәлігі болуы қажет.

Арнайы жұмыстарға:

1) биіктікте атқарылатын жұмыстар;
2) тоқ өтетін бөліктердегі кернеудегі жұмыстар: оқшаулағыштарды және біріктіруші қысқыштарды тазалау, жуу және ауыстыру, сым арқанды майлау;
3) тереңдігі 2 метрден асатын құдықтардағы, шурфтардағы, қазылған жерлердегі және қазаншұңқырлардағы жұмыстар;
4) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу, жоғарылатылған кернеу жабдықтарын (мегаомметрлермен жұмыс істеуден басқа) сынау жатады.
 

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


 

Рұқсат беруге қойылатын талаптар

Электр станцияларының және шағын станциялардың (басқару, релелік және сол сияқты қалқандарды қоспағанда) қолданыстағы электр жабдықтары бар үй-жайларда, жабық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – ЖТҚ) және ашық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – АТҚ), құдықтарда, туннельдерде және орларда болатын, сондай-ақ ӘЖ қызмет көрсетуге және күрделі жөндеуге қатысатын барлық персонал қорғаныс каскаларын пайдалануы қажет.

1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін кезекші немесе жедел-жөндеу персоналы және ауысым бойынша аға жұмысшы IV топты, қалғандары ІІІ топты иеленуі қажет.

1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларындағы электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін кезекші немесе жедел-жөндеу персоналы III рұқсат тобын иеленуі қажет.

Электр қондырғыларында, осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде кернеуде тұрған тоқ жүретін бөліктерге дейінгі рұқсат етілген қашықтыққа сәйкес, кернеуде тұрған қоршалмаған тоқ жүретін бөліктерге адамдардың, жүк көтергіш машиналардың, механизмдердің жақындауына жол берілмейді.

 Электр станциялары мен шағын станциялардың электр қондырғыларын тексеріп-қарауды кезекшілікте тұрған кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан III рұқсат тобындағы жұмысшы, не әкімшілік-техникалық персоналынан шыққан V рұқсат тобы бар жұмысшы орындайды.

Осы электр қондырғыларына қызмет көрсетпейтін жұмысшылардың оған тек 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында IV рұқсат тобы бар және кернеуі 1000 В электр қондырғыларында III рұқсат тобы бар кезекші немесе жедел-жөндеу персоналының не жеке өзінің тексеріп-қарауға құқығы бар жұмысшының бірге жүруімен рұқсат етіледі.

Бірге ілесіп жүруші электр қондырғыларына жіберілген адамдардың қауіпсіздігін қадағалап отыруы және осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілгеннен аз қашықтықта тоқ өтетін бөліктерге олардың жақындамауы туралы ескертуі қажет.

1000 В-тан жоғары электр қондырғыларын тексеріп-қарау кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілгеннен аз қашықтықта тоқ өтетін бөліктерге жақындауға кедергі келтіретін қоршаулармен немесе тосқауылдармен жабдықталмаған үй-жайларға, камераларға кіруге жол берілмейді. Қоршаулардың есіктерін ашуға және қоршаулар мен тосқауылдарға кіруге жол берілмейді.

1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларын тексеріп-қарау кезінде қалқандардың, жинақтардың, басқару пульттерінің және басқа да қондырғылардың есіктерін ашуға рұқсат етіледі. Тексеріп-қарау кезінде кез келген жұмыс түрлерін орындауға жол берілмейді.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Ұйымда жұмыс беруші жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытуға жіберіп отыр. Егер оқыту уақытының кезеңі вахтааралық демалысқа түссе жұмыс беруші ол кезеңге ақы төлеуге тиіс пе? Бұл ретте заңнаманың қандай нормаларын басшылыққа алу керек? 
ҚР-дағы қауіпсіздік техникасы қағидалары

Альбина Третьякова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы

Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету

6-35 кВ электр қондырғыларында жерге тұйықталу кезінде тұйықталуды жою және кернеуге түскен адамдарды босату мақсатында жедел ауыстырып-қосу үшін анықталған тұйықталған жерге ЖТҚ-да 4 м-ден аз немесе АТҚ-да және ӘЖ-де 8 м-ден аз қашықтықта жақындауға рұқсат етіледі. Бұл ретте электр қорғаныс құралдарын пайдалану қажет.

1000 В-тан жоғары қол жетектері бар айырғыштарды, бөлгіштерді және ажыратқыштарды диэлектрлік қолғап киіп қосу және ажырату қажет.

Сақтандырғыштарды ажыратылған кернеу кезінде ажырату және орнату қажет.

Схемасында кернеуді ажыратуға мүмкіндік беретін коммутациялық аппараттар болмаған кезде, жалғанған сақтандырғыштарды кернеуде, бірақ жүктемесіз ажыратуға және орнатуға рұқсат етіледі.

Қосалқы тізбектердегі, жарықтандыру желілеріндегі сақтандырғыштарды және кернеу трансформаторларының сақтандырғыштарын жүктемемен ауыстыруға рұқсат етіледі.

Кернеуде тұрған сақтандырғыштарды ажырату және орнату кезінде мыналарды:

1) 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында диэлектрлік қолғапты және қорғаныс көзілдірігін пайдалану арқылы оқшаулағыш қысқышты (қарнақты);
2) 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында оқшаулағыш қысқышты немесе диэлектрлік қолғапты және қорғаныс көзілдірігін пайдалану қажет.

1000 В-қа дейінгі қалқандар мен жинақтарда жалғау сақтандырғыштарының бірінің үстінен бірі тік (фазалардың тік орналасуы) орналасуы және коммутациялық аппараттардың болмауы кезінде сақтандырғыштарды жүктемемен орнатуға және ажыратуға рұқсат етіледі. Бұл ретте көзді қорғау құралдарының орнына бетті қорғау құралдарын пайдалану қажет.

Жұмыстар жүргізіліп жатқан камералардан басқа, электр қондырғылары, камералар, қалқандар мен жинақ үй-жайларының есіктері құлыппен жабылады.

Діңгекті трансформаторлық шағын станцияларда, ауыстырып-қосу пункттерінде және қоршаулары, бөлгіш жетектері жоқ басқа да қондырғыларда, сондай-ақ қызмет көрсету алаңындағы стационарлық сатылар құлыппен жабылады. Стационарлық сатылар ажыратқыштармен бұғатталады.

1000 В-тан жоғары электр қондырғыларының (ЖТҚ, КТҚ, АТҚ үй-жайлары мен камералары), сондай-ақ 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларынан тыс орналасқан 1000 В-қа дейінгі тарату қалқандары мен жинақтарының кілттері кезекші персоналдың есебінде болады. Жергілікті кезекшісі жоқ электр қондырғыларында кілт әкімшілік-техникалық персоналдың есебінде болады.

Кілттер бекітілетін жәшікте сақталады. Кілттің бір жинағы қосалқы болады.

Кілт мыналарға:

1) жеке өзі тексеруге құқығы бар жұмысшыларға барлық үй-жайлардан;
2) жіберу кезінде жедел-жөндеу персоналынан шыққан жіберушіге, жұмыс басшысына және жүргізушісіне, бақылаушыға жұмыс істейтін үй-жайлардан қолхатпен беріледі.

Тексеріп-қарау немесе жұмыс аяқталғаннан кейін кілт күнделікті қайтаруға жатады. Электр қондырғыларында жергілікті кезекші персоналсыз жұмыс істеу кезінде кілт тексеріп-қараудан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей немесе жұмыс аяқталғаннан кейін қайтарылады.

Электр желілері кәсіпорындарындағы ТҚ-ны жедел ауыстырып-қосу құқығына ие тұтынушылар персоналына, сондай-ақ кезекші, жедел-жөндеу және жеке өзі тексеріп-қарау құқығына ие әкімшілік-техникалық персоналға кілтты ұзақ мерзімге беру қажеттілігін кәсіпорынның техникалық басшысы анықтайды.

Кілтті беру және қайтару еркін нысандағы журналда немесе жедел журналда есепке алышады.

Жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіні электр тоғы әсерінен босату үшін кернеу алдын ала келісімсіз дереу ажыратылады. 

Негізгі ұғымдар мен терминдердің толық жазылуы

1) II, III және өзге рұқсат тобы бар жұмысшы – электр қауіпсіздігі бойынша II, III және өзге рұқсат тобынан төмен емес жұмысшы;

2) алғашқы рет рұқсат беру – наряд немесе нұсқау бойынша жұмысқа алғаш рет рұқсат беру;

3) авариялық дайындық – жөндеуді жалғастыру тұтынушыларды шектеуге (ажыратуға) немесе энергия объектісі (электр станциясы, қосалқы станция), энергия жүйесі (бірлестігі) жұмысының сенімділігін күрт төмендетуге әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жабдықтың немесе электр беру желілерінің (ЭБЖ) жұмыс жағдайын қалпына келтіруге қажетті уақыт;

4) әкiмшілік-техникалық персонал – бірлестіктер, кәсіпорындар, цехтар, зертханалар қызметтері мен бөлімшелерінің, электр желілері аудандары мен учаскелерінің басшылары, бастықтары, аталған адамдардың орынбасарлары, сондай-ақ әкімшілік функциялар жүктелген мамандар;

5) бағытталған кернеу астындағы әуе желісі – кернеуі 110 килоВольт (кВ) және одан жоғары басқа әуе желісінің (бұдан әрі – ӘЖ) осінен жалпы ұзындығы 2 километрден кем болмайтын қашықтықта барлық ұзындық бойымен немесе жекелеген учаскелерде өтетін ӘЖ және байланыс әуе желісі (БӘЖ), м:

110 кВ ӘЖ үшін – 100;
220 кВ ӘЖүшін – 150;
500 кВ ӘЖүшін – 200;
1150 кВ ӘЖ үшін – 250;

6) жоғары өрмелеу жұмыстары – монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықпен жұмыстар жүргізілетін жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 2 метрден (м) астам биіктікте орындалатын жұмыстар. Бұл ретте жұмыс істеушілерді құлап кетуден сақтандыратын негізгі құралдар – сақтандыру арқаны және оны бекіту тәсілі болып табылады;

7) бригада (наряд немесе нұсқау бойынша) – жұмысты жүргізуші немесе бақылаушыны қоса алғанда, құрамында екі немесе одан көп адамы бар бригада;

8) бұрмаланбаған электр өрiсiнiң кернеуi – жұмыс процесінде адам болатын аймақта анықталатын, адамның қатысуымен бұрмаланбаған электр өрiсiнiң кернеуi;

9) жалғау – тарату қондырғысының (ТҚ), генератордың, қалқанның, жинақ шиналарына жалғанған және электр станциясының, шағын станцияның және өзгелердің маңында орналасқан бір мақсаттағы, атаудағы және кернеудегі электр тiзбегi (жабдық және шиналар);

10) жедел персонал – энергетикалық қондырғыларды жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналды жіберу және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал;

11) жедел-жөндеу персоналы – өзіне бекітілген көлемдегі электр қондырғыларына жедел қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және дайындалған жөндеу персоналы;

12) жергілікті кезекші персоналсыз электр қондырғысы – ӘЖ және кәбіл желісінің (КЖ) жедел-шығу бригадалары немесе жедел-жөндеу жұмыстарының персоналы қызмет көрсететін электр қондырғысы;

13) жөндеу персоналы – электр станциялары мен шағын станциялардың электр қондырғыларын, ӘЖ, КЖ, ӘЖС, кәбілдік байланыс желісін (КБЖ), релелік қорғанысты, автоматиканы, өлшеу құралдарын, найзағайдан қорғау мен оқшаулағышты, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарына пайдалану-жөндеу қызметін көрсетумен және оларды жөндеумен айналысатын мамандар мен жұмысшылар, электр зертханаларының персоналы;

14) жұмыс орны – жұмысты орындау үшін персоналдың кіруіне рұқсат етілетін электр қондырғысы учаскесі;

15) жұмыс орнын дайындау – жұмыстарды жұмыс орнында қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша техникалық іс-шаралардың орындалуы;

16) қолданыстағы электр қондырғысы – кернеуде тұрған, не коммутациялық аппараттардың қосылуымен кернеу берілетін электр қондырғысы немесе оның учаскесі;

17) жүк көтергіш машиналар – крандардың барлық түрі, кран-экскаваторлар (арқанға ілінген ілгекпен жұмыс істеуге арналған экскаваторлар), жүк көтергіштер, жүк пен адамдарды көтеруге арналған жүкарбалар;

18) кәбілдік электр беру желілерінің және кәбілдік байланыс желілерінің күзет аймағы – шеткі кәбілден арасы КЖ үшін 1 м және КБЖ үшін 2 м қашықтықта желінің екі жағынан тік жазықтықпен шектелген КЖ-нің жерастын бойлайтын жер телiмi;

19) кәсіпорын – кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да заңды тұлғалар;

20) кезекшi персонал – ауысымдағы кезекшіліктегі және жедел басқаруға және жедел ауыстырып қосуға жіберілген персонал: диспетчерлер, кезекшi инженерлер мен техниктер, ауысым бастықтары, үй және басқару қалқандарындағы кезекшілер, жедел-шығу бригадаларының мүшелері;

21) кернеудегі жұмыс – жұмыс кернеуінде тұрған тоқ өтетін бөліктерге жақындау арқылы немесе осы тоқ өтетін бөліктерге рұқсат етілгеннен аз қашықтықта орындалатын жұмыс;

22) коммутациялық аппарат – электр тізбегін коммутациялауға және тоқты (ажыратқаш, жүктеме ажыратқышы, бөлгіш, айырғыш, автомат, өшіргіш, пакет ажыратқыш, сақтандырғыш және өзгелерін) өткізуге арналған электр аппараты;

23) күрделi схемасы бар электр қондырғысы – қарапайым схемасы бар электр қондырғыларына қарағанда барынша дамыған шина жүйесі бар кернеуі 1000 вольттан (В) жоғары ТҚ.

24) қайтадан жіберу – осы наряд бойынша бұрын жұмыстар жүргiзiлген жұмыс орнына қайта жіберу;

25) қайталама (көмекші) тізбек – электр станциясының (шағын станцияның) басқару, автоматика, өлшеу, қорғаны және сигнал беру аспаптары мен қондырғыларын біріктіретін қысқыштар мен электр өткізгіштер қатарының жиынтығы;

26) қарапайым және көрнекті схемасы бар электр қондырғысы – шиналарының айналма жүйесі жоқ, жеке секцияланған немесе секцияланбаған шина жүйелері бар кернеуі 1000 В-тан жоғары ТҚ, барлық ӘЖ және КЖ, кернеуі 1000 В-қа дейінгі барлық электр қондырғылары;

27) механизмдер – гидравликалық көтергіштер, телескоптық мұнаралар, экскаваторлар, тракторлар, автотиегіштер, бұрғылау-кран машиналары, механикалық жетекті жылжымалы баспалдақтар және өзгелері;

28) рұқсаттама-наряд (наряд) – жұмысты қауіпсіз жүргізуге, оның мазмұнын, орнын, басталу және аяқталу уақытын, қажетті қауіпсіздік шараларын, бригаданың және жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты адамдардың құрамын анықтайтын арнайы бланкіде жасалған өкім;

29) өкім – жұмыстың мазмұнын, орнын, уақытын, қауіпсіздік шараларын (егер олар қажет болса) және оны орындау тапсырылған адамдарды анықтайтын, жұмыстың қауіпсіз орындалуы үшін берілетін ауызша тапсырма;

30) тоқ өткізбейтін бөлік – авариялық жұмыс тәртiбiнде кернеуде болатын электр қондырғысының бөлiгi, мысалы, электр машинасының корпусы;

31) тоқ өткізгіш бөлік – кернеуде тұрған электр қондырғысының бөлігі;

32) экрандау аймағы – электр өрісіне жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ электр өрісінің кернеуі 5 кВ/метрден (кВ/м) аспайтын жабдыққа арналған жерге қосылған металл конструкцияларының, іргетастарының, күш трансформаторлары мен ірі габаритті объектілердің кеңістігі;

33) әуе электр беру желілерінің әуе байланыс желілерінің күзет аймағы – шеткi өткiзгiштерден бастап желінің екі жағында бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын сызықтық жазықтықпен шектелген ӘЖ аймағы бойынша жер телімі және әуе кеңiстiктер түрiнде, м;

кернеуі 1 кВ-ға дейін ӘЖ және БӘЖ үшін – 2;
1-20 кВ болатын ӘЖ үшін – 10;
35 кВ болатын ӘЖ үшін – 15;
110 кВ болатын ӘЖ үшін – 20;
220 кВ болатын ӘЖ үшін – 25;
500 кВ болатын ӘЖ үшін – 30;
1150 Кв болатын ӘЖ үшін – 55;

Шеткi өткiзгiштерден басталатын екі желіні бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын тiк жазықтықпен шектелген су қоймаларының үстінен әуе кеңістігі түрінде су қоймаларымен (өзендер, арналар, көлдер және тағы басқа) өтетін ӘЖ ауысуы бойының аймағы кемелер жүретін ұзындығы 100 м су қоймалары үшін, кемелер жүрмейтін су қоймалары үшін бойлайтын күзет аймақтарын орнатуға ескертілген құрлықтан өтетін ӘЖ;

34) әуе электр беру желісі – ашық ауада орналасқан және инженерлік құрылыстардағы (көпірлердегі, жол өтпелеріндегі және өзгелердегі) тіректер немесе кронштейндерге және бағаналарға оқшаулағыштар мен арматураның көмегімен бекітілген сымдар бойынша электр энергиясын беруге арналған қондырғы;

35) электр қондырғысы – электр энергиясы өндірілетін, түрлендірілетін, берілетін, тұтынылатын қондырғы;

36) электр өрісіне әсер ету аймағы – электр өрісінің кернеуі 5 кВ/м-ден асатын кеңістік.

 

 Мұнда «Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығы мен нақты таныса аласыз.
 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты