text
Справочник кадровика

Халықтың кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі

  • 26 сентября 2018
  • 7
Халықтың кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі

Тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін "Инфекциялық ауру, тамақтан, кенеттен кәсіби улану, екпеге әдеттегіден бөлек реакция болғаны туралы шұғыл хабарлама" медициналық құжаттамасы аумақтық бөлімшелер жолдауы болып табылады және бір уақытта жұмыс берушіге хабарланады

Кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайы бойынша 

аумақтық бөлімшелерге хабарлау тәртібі

Жұмыс беруші кәсіптік ауру мен уланудың әр жағдайына тексеріс жүргізу үшін екі комиссия құрады:
1) жұмысшының еңбек жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама жасау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – СЭС комиссиясы);
2) жіті және созылмалы кәсіптік аурулар мен уланулардың жағдайларын тергеу комиссиясы (бұдан әрі – комиссия).
Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда комиссияны және СЭС комиссиясын құру туралы бұйрықты жұмыс беруші-заңды қабылдап алушы шығарады.
Кәсіптік аурулар мен уланудың әрбір жағдайына тергеу жүргізудің басы медициналық ұйымның "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодекстің 7-1-бабының 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін "Инфекциялық ауру, тамақтан, кенеттен кәсіби улану, екпеге әдеттегіден бөлек реакция болғаны туралы шұғыл хабарлама" (бұдан әрі – шұғыл хабарлама) медициналық құжаттамасы аумақтық бөлімшелер жолдауы болып табылады және бір уақытта жұмыс берушіге хабарланады.
Жұмыскердің жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың бастапқы диагнозын анықтау туралы шұғыл хабарлама бір тәулік ішінде, ал созылмалы кәсіптік ауру туралы – 3 күнтізбелік күн ішінде науқастың зиянды еңбек жағдайында байланыста болған соңғы жұмыс орнының мекен-жайы бойынша аумақтық бөлімшеге және жұмыс берушіге 1 қосымшасындағы  формасына сәйкес жіберіледі.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Шұғыл хабарлама жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың диагнозы өзгерген немесе алынып тасталған жағдайда медициналық ұйымдармен (аудан, қала, облыстың), ал созылмалы кәсіптік ауру немесе улану және олардың салдарлары, сонымен бірге жұмыс жасауды қойғаннан кейін ұзақ мерзім ішінде орын алғанда, кәсіптік патология және сараптама саласында арнайыландырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен (әрі қарай – МДҰ) аумақтық бөлімше мен жұмыс берушіге 3 жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 
Жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың диагнозы өзгерген немесе алынып тасталған жағдайда, 24 сағат ішінде, ал созылмалы кәсіптік ауру диагнозында – 7 жұмыс күні ішінде жаңа шұғыл хабарлама аумақтық бөлімшеге, жұмыс берушіге және жұмысшының жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі. 
Созылмалы кәсіптік ауру немесе улануды қойғаннан кейін, аумақтық бөлімше мамандарымен науқас мәліметтері 2 қосымшасына нысанына сәйкес кәсіби ауруы, улануы алғашқы рет анықталған адамдарды есепке алу журналына толтырылады. 

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Өндірісте медициналық кабинетті қалай ұйымдастыру керек? Бұл ретте қандай нормативтік актілерді басшылыққа алу керек?
Халықтың кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі

Жасулан Конисов

эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела промышленной безопасности, охраны труда и окружающей среды АО «Tin One Mining», г. Алматы

 Жұмысшының еңбек жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық

сипаттама жасау жөніндегі комиссиясының жұмыс тәртібі

Жұмыс беруші аумақтық бөлімшенің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде СЭС комиссиясын құрады, кейіннен комиссияның барлық мүшелерін жазбаша хабардар етеді.
СЭС комиссиясының құрамы тақ саннан тұрады, оның құрамына жұмыс берушінің өкілі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметі маманы (немесе жұмыс беруші тағайындаған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлға), аумақтық бөлімшенің өкілі, зардап шегуші жұмысшы немесе ұқсас жұмыс орнының, учаске мен цехтың жұмысшысы, кәсіподақтың немесе жұмысшының өкілі кіреді. СЭС комиссиясының төрағасы болып жұмыс беруші сайланады (ұйым басшысы немесе оның орынбасары).
Жұмысшының еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын (бұдан әрі – СЭС) жасау үшін жұмыс беруші:
1) жұмыс орнындағы (учаскедегі, цехтағы) еңбек жағдайын сипаттайтын құжаттар мен материалдарды, оның ішінде мұрағаттық құжаттарды береді; өткізілген медициналық тексерістер туралы мәліметтер; кезеңдік медициналық тексеріс барысында анықталған науқастарды сауықтыру бойынша шаралар жоспарын; еңбекті қорғау бойынша жұмысшының білімің тексеру нұсқаулықтары мен хаттамаларын тіркеу журналынан көшірме; жұмысшы түсініктемесінің, онымен бірге жұмыс жасайтын жұмысшылардан, басқа тұлғалардан сұрау алу хаттамалары; зерттеулер мен сынақтардың қорытындылары; жұмысшының денсаулығына тиген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесі туралы медициналық құжат; жұмысшыға жеке бас қорғаныс құралдары берілгендігін рассау құжаттарының көшірмесі; осы өндіріске (объектіге) аумақтық бөлімшелермен және еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен бұрын берілген ұйғарымдар көшірмесі;
2) комиссия мүшелерінің талап етуі бойынша жұмыс орнындағы еңбек жағдайын бағалау мақсатында жеке қаражат есебінен жұмысшының еңбек жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама беру мақсатында жұмыс орнында немесе осыған ұқсас жұмыс орнында, өндірістік бақылау мәліметтерін ескере отырып, зертханалық-аспаптық және басқа гигиеналық зерттеулер жүргізіледі;
3) тексеру құжаттарының сақталуы мен есебін қамтамасыз етеді.
СЭС жасау процесінде СЭС комиссиясы:
1) осы Қағиданың 25 тармағының 1 тармақшасында көрсетілген құжаттарды зерделейді;
2) жұмыскердің қызметтестерінен, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарының бұзылуына жол берген адамдардан сұрайды;
3) кәсіптік аурудың немесе уланудың жағдайы мен туындау себептері анықталады; 
4) кәсіби ауру туындаған немесе кәсіптік ауру мен улануға күмән туындаған жұмыс орнына тексеру жүргізіледі;
5) зиянды өндірістік факторларға зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі;
6) жұмыс істейтіндердің еңбегінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы бағаланады: 
7) ұйымның сантариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін, зертханалық тексеру нәтижелерін, еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектінің аттестациялау материалдары зерделенеді;
8) алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру материалдары, мерзімдік медициналық тексеру кезінде анықталған ауруларды сауықтыру бойынша іс-шаралар жоспары, еңбекті қорғау жағдайы және санитариялық-сауықтыру шаралары бойынша жоспардың орындалуы туралы мәліметтер зерделенеді.
СЭС комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін еркін нысанда қорытынды дайындалады және аумақтық бөлімшеге беріледі, ол 3 күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес бекітілген нысанда СЭС құрады. 
Көрсетілген нәтижелерден басқа СЭС зардап шегуші жұмысшының жұмыс орны мен жұмыс берушінің заңды мекен-жайы көрсетіледі. Егер зардап шеккен жұмысшы жұмыс жасайтын немесе жасаған жұмыс берушінің орналасқан жері мен нақты мекен-жайы және жұмысты (оқуды) орындаудың басқада орындары әр облыстарда, аудандарда, қалаларда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанасында болса, СЭС кәсіптік ауру мен улану орын алған объектінің нақты мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Егер кәсіптік аурулар немесе улану әртүрлі аумақтық бөлімшелерінің бақылауындағы обьектілерінде туындаған болса, соңғы жұмыс орны бойынша аумақтық бөлімше.(арнайы сұраныс бойынша тиісті аумақтық бөлімшелерінен және басқа да ұйымдардан арнайы сұраныс бойынша алынған материалдардың негізінде) СЭС құрады. Сұраныс жолданған ұйымдар СЭС құруға қажет сұратылған құжаттардың көшірмелерің 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
Қосымша жұмыс атқару кезінде пайда болған кәсіптік ауруға СЭС құруға қосымша жұмыс атқарылған орында жүзеге асырылады.


 Жіті және созылмалы кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тексеру

бойынша комиссияның жұмыс тәртібі

Жұмыс беруші қорытынды диагноз қойылғаны туралы МДҰ шұғыл хабарлама алған сәттен бастап жіті немесе созылмалы кәсіптік аурудың немесе уланудың әрбір жағдайына тексеру жүргізуге комиссия құрады, сонынан комиссия мүшелерің жазбаша хабарландырады:
1) шұғыл түрде – еңбекке жарамдылығын жоғалтатын, саны 2 және одан да көп адам сырқаттанатын (зардап шегетін), өлім-жітімге әкеліп соғатын, аса қауіпті инфекцияларымен жіті кәсіптік ауруды немесе улануды. Комиссия төрағасы мемлекеттік еңбек инспекторы (аса қауіпті инфекциялар кезінде – бас мемлекеттік санитариялық дәрігер немесе оның орынбасары) болып табылады;
2) 24 сағат ішінде – жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың алдын ала қойылатын диагнозын. Комиисия төрағасы жұмыс беруші (ұйымның басшысы немесе оның орынбасары) болып табылады;
3) 10 жұмыс күні ішінде – созылмалы кәсіптік ауруды немесе улану Комиссия төрағасы жұмыс беруші (ұйымның басшысы немесе оның орынбасары) болып табылады.
Комиссияның құрамы тақ саннан тұрады:
  • оның құрамына жұмыс берушінің өкілі,
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметінің маманы (немесе жұмыс беруші тағайындаған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлға),
  • медициналық ұйымның өкілдері, аумақтық бөлімшенің маманы,
  • кәсіподақтың немесе жұмысшының өкілі кіреді.
Даулы жағдайларда тексеріске медициналық ұйымның профпатология бойынша мамандандырылған мамандары қатысады. 
Комиссия мүшелері кәсіптік аурулар немесе улануларға тексеруді комиссия құрамында ғана жүргізеді. Комиссия мүшелеріне өз бетінше жеке тексеру жүргізуге жол берілмейді.
Халықтың кәсіптік аурулар немесе улану жағдайына тексеріс жүргізу барысында комиссия: 
1) жұмыскердің қызметтестерінен, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарының бұзылуына жол берген адамдардан сұрайды;
2) кәсіптік аурудың немесе уланудың жағдайы мен туындау себептерін анықтайды;
3) кәсіби ауру немесе улану туындаған жұмыс орнына тексеру жүргізіледі;
4) зиянды өндірістік факторларға зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізілуің ұйымдастырады;
5) жұмыс істейтіндердің еңбегінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға береді; 
6) ұйымның сантариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін, зертханалық тексеру нәтижелерін, еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектінің аттестациялау материалдарын зерделейді;
7) алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру материалдары, мерзімдік медициналық тексеру кезінде анықталған ауруларды сауықтыру бойынша іс-шаралар жоспары, еңбекті қорғау жағдайы және санитариялық-сауықтыру шаралары бойынша жоспардың орындалуы туралы мәліметтер зерделейді;
8) нұсқаулықтарды және жұмыскердің еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру хаттамалары журналын зерделейді;
9) қызметкердің денсаулығына келтірілген зақымның ауырлық сипаты мен деңгейі туралы медициналық құжаттаманы зерделейді;
10) жұмыскерге жеке қорғаныш құралдарын бергендігін растайтын құжаттардың көшірмесің зерделейді; 
11) осы өндіріске (обьектіге) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық ведомоство бөлімшелерінің және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік органның бұрын берген ұйғарымдарының көшірмелерің зерделейді.
Жұмысшының еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасы кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тексеру барысында қолданылады. 


Тергеп-тексеру нәтижелерін дұрыс ресімдеу туралы

Кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайына тексеріс жүргізу барысында комиссия мүшелері қаджетті құжаттар мен ақпаратты сұратады. Сұраныс жіберілген ұйым талап етілген тексеру жүргізуге және санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама құруға қажетті құжаттардың көшірмесін күнтізбелік 15 күннің ішінде жібереді.
Комиссияның тексеру нәтижесі бойынша 3 жұмыс күні ішінде жұмыс берушімен "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылдың 28 желтоқсанында № 1055 бұйрығымен бекітілген нысанына сәйкес Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – Акт) толтырылады, ол үш күн ішінде зардап шегушіге немесе оның сенімді тұлғасына және аумақтық бөлімшеге жолданады.
Акт басқа да тексеріс материалдарымен бірге жұмыс берушіде және аумақтық бөлімшелерде сақталады. 
Акт негізінде жұмыс беруші айлық мерзім ішінде кәсіптік аурулар мен уланулардың алдын алу бойынша шаралар жоспарын дайындайды, оның орындалуы бойынша және комиссияның шешімің аумақтық бөлімшеге жазбаша түрде хабарлайды.
Басқа ұйымға жұмыс істеуге жіберілген жұмысткерде кәсіптік ауру немесе уланулар пайда болған жағдайда аталған кәсіптік ауру туындаған ұйымда құрылған комиссия тексереді. Комиссия құрамына жұмыскерді жіберген жұмыс берушінің (ұйымның, жеке кәсіпкердің) өкілетті өкілі кіреді. Жұмыс берушінің уәкілетті өкілінің келмеуі немесе уақытында келмеуі тексеру мерзімін өзгертуге негіз болып есептелмейді.
Қосымша жұмыс атқару кезінде жұмысшыда пайда болған кәсіптік ауру немесе улану, қосымша жұмыс атқарылған орын бойынша тексеріледі.
Тексеру кезінде кәсіптік аурудың пайда болуына әсер еткен зиянды өндірістік факторлармен қарым-қатынаста болмаған, сонымен бірге жұмыс жасамайтын тұлғалар үшін созылмалы аурулар мен уланулардың туындау себептері мен салдарларын тексеру, зиянды өндірістік факторлары бар бұрынғы жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. 
Егер зардап шегуші жұмыс істейтін немесе жұмыс жасаған жұмыс берушінің және орындалатын жұмыстың (оқудың) басқа да орындарының тұрақты мекенжайы әртүрлі облыста, ауданда және қалада, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада болса, кәсіптік ауру немесе улану жағдайын тексеру Актісің жасау, жағдайды тіркеу және есепке алу кәсіптік ауру немесе улану орын алған обьектінің нақты орнында жүргізіледі. Актіде зардап шегушінің нақты жұмыс орны мен жұмыс берушінің заңды мекенжайы көрсетіледі.
Кәсіптік аурулар немесе улануды ретроспективті тексеру нәтижелері бойынша, Акт мұрағаттық мәліметтерден қалпына келтіріледі немесе белгіленген тәртіпте кәсіптік аурулар немесе уланулардың орын алуы мен диагностикалануының бұрын болғанынан тәуелсіз, қайтадан құрылады немесе осы Акттың объектінің басшысының қолы мен мөрімен расталған дубликаты беріледі.
Кәсіптік, инфекциялық және паразитарлық ауруларды тексеру ИАОЭТ картасына (бұдан әрі – ИАОЭТ Картасы) жазылады, ол Актіге қосымша болып есептеледі және сонымен бірге сақталады. 
Кәсіптік, инфекциялық және паразитарлық ауруларды тексеру нәтижесі бойынша ИАОЭТ картасы инфекциялық немесе паразитарлық аурулар диагнозын қойған медициналық ұйымға, аумақтық бөлімшеге, МДҰ, жұмыс берушіге және жұмысшыға жолданады.


Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты