text
Справочник кадровика

Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

  • 10 октября 2018
  • 1
Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

Қағидалар жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жарылғыш материалдармен жұмыс істеу тәртібін анықтайды.

«Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығы (2017.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). 

Жарылғыш материалдарының айналамына қатысатын және пайдаланатын өндіріс үшін кәсіпорын жергілікті жағдайларды есекере отырып, жарылғыш материалдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету туралы технологиялық регламент, өндірістік бақылау туралы ережесін және аварияларды жою жоспарын әзірлейді.


Жарылғыш материалдарға қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген жарылғыш материалдарды (бұдан әрі – ЖМ), жарылғыш заттарды (бұдан әрі – ЖЗ), бастамашыл құралдарды, ату және жару аппараттарын, жарылыс жұмыстарын механикаландыру құралдарын, ЖЗ (оқтау) жасау және пайдалану кезінде тікелей пайдаланылатын техникалық құрылғыларды, жарылғыш және бақылау-өлшеу аспаптарын, жарылыс жұмыстарына арналған құрылғылар мен аппаратураны "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 75-бабында көзделген тәртіппен пайдалануға рұқсат беріледі.

ЖМ сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздікті анықтау мақсатында тұтынушы сынауына тартылады:

1) дайындаушыдан түскен кезде (кіріс бақылауы);
2) сапалылығына күмән туындаған кезде (сыртқы бақылаудан) немесе жарылыс жұмыстарының қанағаттанарлықсыз нәтижелер кезінде (толық емес жарулар, істен шығу);
3) сақтаудың кепілдік мерзімі өткенге дейін.

Сынақ тиісті ЖМ жасаушылардың нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Сынау нәтижелері одан әрі ЖМ сынауды есепке алу журналына отырып актімен ресімделеді.

Кепілдік сақтау мерзімі өткен ЖМ әзірлеуші немесе өндіруші-зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген сынауларсыз пайдалануға және сақтауға рұқсат берілмейді.

ЖМ ұйымға дайындаушылардан тікелей түскен жағдайда, сертификаты болған және базистік қоймадан шығыс (базистік) қоймаға жарамды ыдыспен (сырттай қарағанда) болған жағдайда қабылдау кезінде сынақ қажет емес.

Көмір және қатпарлы тас шахталарында кепілдік мерзімі өткен нитроэфирлі ЖЗ пайдалануға болмайды.

ЖЗ заттарды тұтынушы ұйымдарда дайындау, ЖЗ механикалық жолмен оқтауға дайындық технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

ЖМ үйлесілімділігі ЖЗ мен олар негізінде жасалған өнімдердің үйлесімділігі топтарына сәйкестігі үйлесімдік кестесіне сәйкес белгіленеді.

ЖМ үйлесімділік тобына, сыныпқа және кіші сыныпқа жататындығын әзірлеуші айқындайды, сараптама қорытындысымен расталады және тиісті ЖМ қолдану бойынша нұсқамада көрсетіледі.

Үйлесілімділігі әртүрлі топтағы ЖМ бөлек сақталып, тасымалданады.

Бірге сақтауға:

1) түтінді (D үйлесілімділік тобы) және түтінсіз (С үйлесілімділік тобы) оқ-дәрілерді олардың ішіндегі ең сезімталдыларына талаптарға сәйкес;
2) от өткізгіш байлам, оны және оқ-дәріні жаққыш құралдар, сигналдық және дәрілік патрондар мен В, С және D үйлесімділік топтарының ЖМ бірге сигналдық ракеталар (G үйлесілімділік тобы);
3) детонациялық сымдар және детонациялық ленталар (D үйлесілімділік тобы) капсюль-детонаторлармен, электр детонаторлар және пиротехникалық реле (В үйлесілімділік тобы).

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жарылғыш материалдарды тасымалдау бойынша талаптар

Көрсетілген шарттарды және сақтаған және мынадай:

1) үйлесімділік тобы бірдей, бірақ әртүрлі кіші сыныпты ЖЗ Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешімімен қабылданған Кедендік Одақтың КО ТР 028/2012 "Жарылғыш заттар және олар негізіндегі өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 2-қосымшасына сәйкес 1.1 кіші сыныпты оларға ЖМ сияқты қауіпсіздік шараларды пайдаланған жағдайда бірге тасымалдауға рұқсат беріледі;
2) C, D және Е үйлесімділік топтары ЖМ бірге тасуға, Е үйлесімділік тобына жатқызылған төменгі нөмірлі кіші сынып үшін белгіленген талаптарды орындаған жағдайда (егер осы топтың жүгі тасымалданатын болса) немесе С (Е тобының ЖМ болмаған кезде) рұқсат берілетін талаптарды орындаған жағдайда B, C, D, E, G, N және S топтарының ЖМ бірге тасымалдауға жол беріледі.

N үйлесімділік тобының ЖМ, S басқа басқа үйлесімділік тобының ЖМ бірге тасымалдауға болмайды. Егер N үйлесімділік тобының ЖМ С, D, және Е үйлесімділік тобының ЖМ бірге тасымалданатын болса, онда олар D үйлесімділік тобы ретінде қаралады.

Өнеркәсіптік ЖМ, ЖЗ, бастамашыл құралдар, ату және жару аппараттар оларды пайдалану кезінде (сақтау, тасымалдау, жұмыс орнына жеткізу, пайдалану) қауіптілік дәрежесі бойынша І сыныпқа жатқызылады сәйкес топтарға бөлінеді. Пайдалану шарты бойынша өнеркәсіптік ЖЗ сәйкес сыныптарға бөлінеді.


Қаптау және сақтау қағидалары туралы

ЖМ бар жәшіктер (қораптар) мен контейнерлерді, ЖЗ бар қаптарды жасаушы қораптың ашылғанын сырттан анықтауға мүмкіндік беретін тәсілмен пломбалайды (тігеді, жапсырады).

ЖМ қаптаған кезде жасаушы ыдысқа қолдану бойынша келтірілген ақпарат көрсетілген нұсқаулық қоса салынады. Орамаға салу орнына ілеспе құжаттамаға ЖЗ қолдану бойынша нұсқаулық енгізуге жол беріледі: ормадағаы (жәшіктегі) бұйымның зауыттық жеке маркалы нөмірінің тізбесі.

ЖМ орналасқан жерден 100 метрден аз ара қашықтықта от жағуға, темекі шегуге, оқ дәрі қаруын, жандырғыш және темекі тұтандырғыш заттарын ұстауға рұқсат берілмейді. Жандырғыш заттарды тек жарғыш мамандарға ұстауға рұқсат беріледі.

О-дәрімен жұмыс істеу және оны сақтауға арналған үй жайларында аяқ-киім табанында және өкшесінде темірбөліктер (шеге және тағы басқа) болмауы шарт. Құралдар және басқа да темір жабдықтар ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалады. Болаттан тек бұрауыштар жасалынуы мүмкін.

Патрондағы және қаптағы аммиакті селитралы негіздегі ұнтақты ЖЗ пайдалану алдында сыртқы қабықшасын бұзбай жайылады. Пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген нормадан жоғары ылғалданған ЖЗ пайдалануға болмайды.

Құрамында гексоген немесе сұйық нитроэфирі жоқ, тұрып қалғанда және жаю мүмкін болмаған ЖЗ, осы Қағиданың талаптарына сәйкес ұсақталады, содан кейін оларды тек газ бойынша қауіпті емес шахталарда (кеніштерде) немесе жер бетіндегі жұмыс кезінде шаңдар жарылуы бойынша қауіпті емес қабаттарда (кен денелері) пайдаланылады.

Гексоген немесе сұйық нитроэфирлі тұрып қалған ұнтақты ЖЗ ұнтақтамай немесе жаймай пайдалануға, тек жер үсті жару жұмыстарында рұқсат беріледі.

Газ бойынша қауіпті көмір және тақта тасты шахталарда немесе шаң жарылысы бойынша қауіпті қабаттарда қабықшасы бұзылған патронды ЖЗ пайдалануға болмайды. Кептірілген немесе ұсақталған ЖЗ пайдалану саласы оларды пайдалану бойынша дайындаушы нұсқаулығына сәйкес анықталады.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

Кәсіпорындағы пайдаланылған люминесцентті шамдарды уақытша сақтау жағдайларына қандай талаптар қойылады? Пайдаланылған люминесцентті шамдарды тұмшаланған жәшіктерден бөлек зауыттық қаптамада сақтау міндетті ме?
Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

Абылкасым Аширов

независимый эксперт по вопросам охраны труда и трудовых отношений, г. Алматы

Жару жұмыстарын жүргізген кезде қойылатын талаптар

Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде персонал қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізіледі, ЖЗ шаңдарымен және жарылыстың улы өнімдерімен улануды ескертеді, ЖЗ шаңы жарылуын болдырмау үшін кешенді шаралар жүргізіледі. Шараларды ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.

Жарылыс жұмыстарын жарушы келтірілген жазбаша наряд-жолдама арқылы жүргізеді. Жарылыс жұмыстарын авариялық жағдайларды жою және ескерту кезінде нарядсыз жүргізуге рұқсат беріледі.

Ортақ қауіпті аймақ шегінде бірнеше жарушы бір уақытта жұмыс жасағанда біреуі басшы болып есептеледі. Ол өзінің нұсқауларын дауыспен немесе алдын ала келісілген және жарушыларға белгілі белгілермен береді.

Жарушы жұмыс уақытында арнайы киіммен, жару жұмыстарына арналған жабдықтармен және аспаптармен жарақталуы, өзімен бірге сағаты болады. Бірнеше жарушы жару жұмысын жасаған кезде бақылау сағаты аға жарушыда болады. Электр детонаторды тікелей қолданушы адам статистикалық электр қуатын қауіпті мөлшерге дейін жиналуына жол бермейді.

Жарушы ЖМ босаған ыдысты тексеріп, мұқият тазартып, тағайындалуына тәуелсіз, оқтау блогынан (забой) жару желісі монтажына дейін алыстатылады.

Жару жұмыстарына қалай рұқсат берілетіні жайлы

Тұлғаларға жару жұмыстарымен және ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат беру (жарылыс жұмыстарының басшысы, жарушы, жарушы-шебер, жүргізуші, қойма меңгерушісі, зертханашы, үлестіруші және ЖМ байланысты жұмыстарға тартылатын жұмыскерлер) арнайы есептер бойынша аумақтық органдардың жыл сайын тексеруінен кейін беріледі:

1) ішкі істердың экстремизм, терроризммен және ұйымдасқан қылмыспен күрес желісі бойынша;
2) Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін заңнамамен енгізілген тәртіппен өтемеген және (немесе) алынбаған соттылығы бар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген оңалмайтын негіздегі қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
3) медициналық есеп бойынша денсаулық сақтау (нарко- психоневрологиялық диспансер).

Тұлғаларға жару жұмыстарымен және ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат алу үшін, кәсіпорындар ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша аумақтық органдарына келесі құжаттарды ұсынады:

1) тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күні мен жерін, тұрғылықты жерін көрсете отырып, адамдардың тізімін;
2) көрсетілген жұмыс түріне адамның жарамдылығын куәландыратын медициналық анықтамаларды (нарко- психоневрологиялық диспансер) ұсынады.

Жару жұмыстарымен және ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат берілетін тұлғалардың тізімі ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органы бастығы, денсаулық сақтау ұйымы (нарко- психоневрологиялық диспансер) басшысымен немесе олардың орынбасарларымен келісіледі.

Мына жағдайларда:

1) психикалық сырқатымен, алкоголизм мен немесе нашақорлық пен байланысты қарсы көрсетулердің жоқ екені туралы медициналық анықтамалар ұсынылмаса;
2) қасақана қылмыс жасағаны үшін өтемеген немесе заңда белгіленген тәртіппен немесе экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша алынбаған соттылығы бар болса;
3) тұрғылықты тұратын мекен жайы болмаса;
4) он сегіз жасқа толмаса, ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органдары тұлғаларға жару жұмыстары мен және ЖМ тікелей байланысты рұқсат беруден бас тартады.

Денсаулық сақтау ұйымының және ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есептер жөніндегі аумақтық органдармен өткізілетін жыл сайынғы алдынала тексеруден өтпеуі немесе мұндай тексерудің теріс нәтижесі ұйым (кәсіпорын) үшін осы адамдарды ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат бермеуге негіз болып табылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты