text
Справочник кадровика

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

  • 11 октября 2018
  • 3
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығы (2015.23.12. берілген өзгерістермен).

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Барлық қолданыстағы және жаңадан пайдалануға берілетін өндірістер үшін технологиялық регламенттер әзірленеді және бекітіледі.
Технологиялық регламенттерде сыртқы ауаның температурасы теріс болғанда мұнай өңдеу өндірістерін қауіпсіз іске қосу шарттары әзірленуге тиіс.
 Технологиялық жабдық, бақылау, басқару, дабыл, байланыс және апатқа қарсы автоматтық қорғау құралдары (бұдан әрі - АҚҚ) мынадай мерзімділікпен сыртқы тексеруден өткізілуге тиіс:
  • технологиялық жабдық, құбырлық арматура, электрожабдық, қорғау құралдары, технологиялық құбырлар - әрбір ауысым басталар алдында және ауысым ішінде әрбір 2 сағаттан жиі емес;
  • бақылау, басқару құралдары, орындау тетіктері, апатқа қарсы қорғау, дабыл және байланыс құралдары - тәулігіне бір реттен жиі емес;
  • желдету жүйелері - әрбір ауысым басталар алдында;
  • автоматтық жүйелерді қоса алғанда өрт сөндіру құралдары, - айына бір реттен жиі емес.
Тексерулердің нәтижелері ауысымдарды қабылдау және тапсыру журналына енгізілуге тиіс.
Әрбір жарылыс-өрт қауіпті объект үшін апаттарды жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) әзірленуге тиіс, онда объектінің ерекше шарттарын ескере отырып, адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, басшылардың және қызметкерлердің іс-әрекеттері көзделеді.
Жарылыс қауіпті және зиянды заттары бар ыдыстарда және аппараттарда орнатылған сақтандыру клапандарынан газдардың шығарындылары шырақ жүйелеріне жіберілуге тиіс.
Технологиялық аппаратурадан атмосфераға бейтарап газдардың және булардың шығарындысы қауіпсіз орынға шығарылуы керек.
Шығару тіреуішінің (шам) биіктігі ең жоғары нүктеден (шығару тіреуішінен 15 метр радиустағы сыртқы аппаратураның ғимараты немесе қызмет көрсететін алаңы) кемінде 5 метр жоғары болуға тиіс. Шамның ең төменгі биіктігі алаңның жоспарлау белгісі деңгейінен кемінде 6 метрді құрауға тиіс.
Жылуфикациялық суда жұмыс істейтін қаздырғыш серіктер жүйесі жұмысының гидравликалық беріктігін қамтамасыз ету үшін әрбір серікке шектеу тығырықтарын орнату қажет. Тығырықтар тесіктерінің диаметрі есеппен анықталады.
Сорғының немесе компрессордың айдау және сору құбырларында орнатылатын тиек, қырқу және сақтандыру құрылғылары қызмет көрсету үшін ыңғайлы және қолжетімді аймақта болуға тиіс.
Сақтандыру клапандарын орналастыру орындары олардың қызмет көрсету ыңғайлылығын қамтамасыз ететін алаңдармен жабдықталуға тиіс.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Кәсіпорын шеберлері белгілі бір мамандықтар үшін, әрқайсысы өз бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар әзірлей ала ма? Әлде нұсқаулықтарды бір өкілетті маман жасап, ал шеберлер келісетін адамдардың тізімінде болуы керек пе?

Бастапқы кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік

 Қондырғыны іске қосу технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс. Қондырғыны іске қосу үшін негіздеме кәсіпорын бойынша бұйрық болып табылады, онда іске қосу және режимге шығару мерзімдері белгіленеді, сондай-ақ іске қосу жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлғалар тағайындалады.
 Іске қосу үшін жауапты тұлғаларға барлық іске қосу алдындағы іс-шараларды ұйымдастыру және қауіпсіз жүргізу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, қондырғыны пайдалану режиміне шығару жүктеледі.
Қондырғыны іске қосу алдында барлық энергиямен қамтамасыз ету (жылу-, су-,электрмен жабдықтау, инертті газдармен жабдықтау) жүйелерінің, жылыту және желдетпе жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі, сондай-ақ осы қондырғыға қызмет көрсететін шырақ жүйесінің жұмысқа дайындығы тексерілуге тиіс.
 Жабдықтың іске қосылуы алдында және тотқатылғаннан кейін процесс ерекшеліктерін ескере отырып, талдаулар жүргізу жолымен оның тиімділігін міндетті бақылаумен инертті газбен немесе су буымен үрлеу көзделуге тиіс.
Жабдықты және құбырларды аша отырып, бастапқы іске қосудың алдында және жөндеуден кейін жабдықты және құбырларды үрлеуден кейін оттегінің қалдық құрамы қолданылатын жанғыш заттардың жарылыс қауіпті концентрациясының түзілуін болдырмауға тиіс.
Оны жөндеуге дайындау кезінде инертті газбен үрлеуден кейін аппараттағы жанғыш заттардың құрамы жұмыс аймағы ауасындағы шекті рұқсат етілетін концентрациядан аспауға тиіс.


Реагент операцияларына қойылатын талаптар

Қышқылдардың және сілтілердің реагенттерін, ерітінділерін дайындау бойынша барлық операциялар, әдетте, реагенттер қоймаларында жүргізілуге, механикаландырылуға, қол еңбегін, персоналдың технологиялық ортамен байланысын болдырмауға және технологиялық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
І және II қауіптілік сыныптарының зиянды заттарымен байланысты реагенттер қоймаларында барлық жұмыстар желдетпе жұмыс істеп тұрғанда жүргізілуге тиіс.
 Еденнің үстіңгі бетіне өнімдердің төгінділері өңделеді және белгіленген технологиялық регламенттерге сәйкес жойылады.
 І, II және III қауіптілік сыныбы сұйық реагенттерін тасымалдайтын, айдайтын құбырлардың фланецтік қосылыстарында қорғаныш қаптары орнатылуға тиіс.
 Реагенттерді аппараттарға қол әдісімен құюға рұқсат етілмейді. Осы мақсат үшін сорғыны немесе инертті газбен басу жүйесін көздеу қажет.
 Уақытша жұмыс істейтін аппараттар және құбырлар реагенттер берілісінің алдында өтімділікке және саңылаусыздыққа тексерілуге тиіс.
Адамдар мен көлік өтетін орындардың үстінен реагенттері бар құбырларда фланецтерді орнатуға рұқсат етілмейді.
 Қышқылды және сілтілі суларды жалпы кәрізге құюға рұқсат етілмейді.
 Құрамында 60 пайыз және одан астам сутегісі бар тез жанатын газдарды қондырғыдағы қауіпсіз орында сақтандыру клапандарынан шамға тастауға рұқсат етіледі.
 Құрамында суы бар газ ортасында жұмыс істейтін аппараттардың материалдарын, сутегілік коррозия әсерін ескере отырып, таңдап алу керек.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыскерлер құрамы үшін оқыту бағдарламасы қандай талаптардың негізінде жасалады?

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться