Справочник кадровика

Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі

  • 22 февраля 2019
  • 19
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі

Газбен жабдықтау жүйесін пайдаланатын әрбір ұйымда техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін қоса алғанда, газ тарату жүйесі мен газ тұтыну объектілерін жарамды күйде ұстауды және Талаптардың нормаларын сақтауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені орындалады.

Газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану

Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығы.

Газбен жабдықтау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді Талаптар және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 41 шешімімен қабылданған "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің 16-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Техникалық регламент) жабдыққа қоса берілген техникалық құжаттаманың талаптары айқындайды.

Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу Талаптарда және жабдықтар мен агрегаттарды дайындаушының нормативтік-техникалық құжаттамасында белгіленген көлемде және мерзімдерде орындалады.

Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу графиктерін меншік иесі немесе пайдаланушы ұйымның басшысы бекітеді және шарт бойынша көрсетілген жұмыстарды орындайтын ұйымның басшысымен келісіледі.

Газбен жабдықтау жүйесін техникалық пайдаланумен айналысатын тұлғаларға, ұйым технологиялық регламенттерді, ал өрт қауіпті учаскелерде жұмыс істейтіндер үшін - өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарды әзірлейді.


★ Қызықты сауал ★

Қолданыстағы газ құбырларын пайдалану қағидаларының талабы қандай құқықтық құжатта, не болмаса қандай заңнамалық актіде жазылған? Мысалы, электр кәбілін жүргізу үшін қолданыстағы газ (қалалық табиғи газ) құбырын неге пайдалануға болмайды?
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі

Жасулан Конисов

эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела промышленной безопасности, охраны труда и окружающей среды АО «Tin One Mining», г. Алматы

Газ реттеу пункттері жабдығын, газ реттеу қондырғысын, газ толтыру станцияларын, стационарлық автомобильді газ құю станциясы мен қазандықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі технологиялық регламентке бекіту арматурасы мен бақылау-өлшеу аспаптары орнатылған жерлер көрсетілген технологиялық схемалар қоса беріледі.

Реконструкцияланғаннан, техникалық қайта жабдықталғаннан және технологиялық процесс өзгертілгеннен кейін жабдық жұмысқа қосылғанға дейін технологиялық регламент пен технологиялық схема қайта қаралады және қайта бекітіледі.

Ұйым пайдаланудағы газ құбыры мен газдандырылған объектілердің жобалық және атқарушылық құжаттамасын сақтайды.

Басқа (пайдаланушы) тармағының бірінші бөлігінде аталған құжаттарды сақтауға тапсыру олар шарт талаптары негізінде техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді орындаған жағдайда ғана жол беріледі.



Әрбір сыртқы газ құбырына, электр қорғаныш, резервуарлық және топтық баллон қондырғысына, газ реттеу қондырғыларға, газ толтыру станцияларына, газ толтыру пункттеріне, стационарлық автомобильді газ құю станциясына негізгі техникалық сипаттамадан, сондай-ақ жүргізілген жөндеулер туралы деректерден тұратын пайдалану паспорты (еркін түрде) жасалады.

Техникалық регламенттің 23-тармағына сәйкес мәліметтерді қамтитын дайындаушының паспорты болады.

Дайындаушының паспортынсыз арматураны пайдалануға болмайды.


★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыскерлер құрамы үшін оқыту бағдарламасы қандай талаптардың негізінде жасалады?

Бекітпе арматураның сермерінде арматураны ашып-жабу кезіндегі бұрау бағыты белгіленеді.

Қазандықтардың газ құбырларында, газ реттеу пункттерінде (газ реттеу қондырғыларында), газ толтыру станцияларында (газ толтыру пункттерінде), стационарлық автомобильді газ құю станцияларында газ ағынының қозғалу бағыты көрсетіледі.

Аварияларды оқшаулау және жою

Газ тарату мен газ тұтынушы жүйелері объектілеріндегі инциденттер мен аварияларды оқшаулау және жою үшін газбен жабдықтау ұйымдары демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәуліктік режимде жұмыс істейтін мамандандырылған бөлімшелерін (авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қызметтері, авариялық-диспетчерлік қызметтер, авариялық бекеттер) құрады. Авариялық-диспетчерлік қызмет пен олардың филиалдарының штатын, материалдық-техникалық жарақталуын, сондай-ақ техникалық және жедел-пайдалану құжаттамасымен жасақталуын техникалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес газбен жабдықтау жүйесінің ұйымдары айқындайды.

Құрамында өздерімен қызмет көрсететін газбен жабдықтау жүйелері объектілерінде пайдаланушы учаскелерде жер астындағы газ құбырлары болмағанда, авариялық-диспетчерлік қызмет және оның филиалдары ұйымдастырылмауы мүмкін. Ондай учаскелер оларға қажетті көмек көрсету үшін газбен жабдықтау ұйымының аса жақын орналасқан авариялық-диспетчерлік қызмет филиалына бекітіледі (газбен жабдықтау ұйымының бұйрығымен).

Авариялық бригадалары бар әрбір ұйымында персоналдың іс-қимылы бағаланатын оқу-жаттығу сабақтары өтеді:

1) әр тақырып бойынша, әр бригада үшін аварияларды оқшаулау және жою жоспары бойынша - 6 айда кемінде 1 рет;
2) әртүрлі мақсаттағы қызметтердің өзара іс-қимыл жоспарлары бойынша - жылына кемінде 1 рет.

Оқу-жаттығу сабақтары іс жүзіндегі жағдайларға барынша жақын жағдайларда арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.

Жүргізілген оқу-жаттығу сабақтары журналда тіркеледі.

Авариялық-диспетчерлік қызметке келген барлық өтінімдер сәйкес нысан бойынша авариялық өтінімдерді тіркейтін арнайы журналдарда тіркеледі.

Газбен жабдықтау ұйымдарындағы авариялық қызметтерге телефон өтінімдері автоматты түрде жазылады. Жазбаларды сақтау мерзімі 10 тәуліктен кем болмайды. Авариялық өтінімдердің және жұмыс көлемінің уақытындаорындалуын газбен жабдықтау ұйымдарының басшысы жүйелі түрде бақылайды.

Барлық өтінімдерді талдау негізінде газбен жабдықтау жүйелері объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірленеді. Авариялық және авариялық емес өтінімдердің саны жәнесипаты туралы анықтамалардың.

Газдың бар болуы туралы хабарлама (өтінім) алған кезде диспетчер өтініш берушіге қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы нұсқама береді.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Авариялық өтінімдерді орындау бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы негізінде авариялық-диспетчерлік қызмет бригадасының (авариялық-диспетчерлік қызмет және оның филиалдары ұйымдастырылмайтын пайдалануучаскесінің персоналы) авариялық-диспетчерлік қызмет туралы қағидада белгіленген аса қысқа мерзімде, бірақ 40 минуттан кешікпей авариялық объектіге жетуі туралы талаптар көрсетіледі. Жарылыс, өрт, үй-жайдың газдануы туралы барлық хабарлама бойынша авариялық бригада авария орнына 5 минут ішінде шығады. Әрбір аварияға, инцидентке (жазатайым оқиғаға) техникалық актімен ресімделеді.

Авариялық бригада инциденттер мен аварияларды және олардың салдарын уақытында оқшаулау үшін арнайы авариялық машинамен, жабдықталған радиостанциямен, дабылмен, көк түсті жылтылдайтын маякпен жәнежасақталған құрал-саймандармен, бақылау материалдарымен, құралдарымен, жабдықтарымен және аспаптармен шығады.

Жер бетіндегі және жер астындағы аварияларды оқшаулауға шыққан кезде авариялық бригаданың планшеттері (бағыттық карталары) және қажетті орындаушылық-техникалық құжаттамасы (газ құбырының жоспарлары,дәнекерлеу схемасы) болады.

Газ қызметінің авариялық-жөндеу машиналарын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру Талаптарға 32-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Авариялық машиналарды өз мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді.

Жертөлелерде, тоннельдерде, коллекторларда, кіре берістерде көлемді газ үлесі, ғимараттың 1 қабаттағы үй-жайларында табиғи газ үшін 1 % немесе сұйытылған мұнай газымен үшін 0,4 % анықталған жағдайда, газдалғанобъектінің, ғимараттың, бөлменің, газ тарату жүйесі объектілерінің қорғау аймақтарында өрт болған кезде, газ құбырларын газбен қамтамасыз ету жүйелерінен бірден ажырату және қауіпсіз аймақтан адамдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданады.

Зақымдалған газ құбырына (газдың шығуын уақытша жою үшін) авариялық объектіні пайдаланушы қызметке бере отырып, бандаж немесе қамыт төсеуге жол беріледі.

Жер астындағы газ құбырларына бандаждар және қамыттар төсеуге жол берілмейді.

Авариялық-диспетчерлік қызмет кейіннен авариялық объектіні бере отырып, аварияларды және инциденттерді оқшаулауға және жоюға пайдаланушы қызметті тартуға құқығы бар.

 Газды бақылау объектілері:

1) газ құбырлары және олардағы жабдық;
2) газ отынымен жұмыс істейтін пеш, оттық;
3) металды кесу бекеті (жылжымалыдан басқа);
4) ГТС, газ реттеуші қондырғылар, газ реттеу пункттер;
5) сұйытылған газдың топтық резервуарлық және баллонды қондырғылары;
6) үй ішіндегі газ құбырлары (газ тұтыну жүйелері), тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың газ жабдығы;
7) төгу-құю эстакадасы;
8) газды сақтауға арналған резервуар;
9) сорғы-компрессорлық бөлім;
10) баллондарды толтыру бөлімі;
11) ауыр қалдықтарды төгу бөлімі;
12) автоларға отын құю колонкасы;
13) сұйытылған газды ауамен араластыру жөніндегі бөлім;
14) қоғамдық тамақтану ұйымдарының газ жабдығы (плиталар, су жылытқыштар, тамақ пісіру қазандары);
15) автоматиканы қоса алғанда, қазандықтардың газ жабдығы;
16) техникалық куәландыру бөлімшесі, пункті.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться