text
Справочник кадровика

2019 жылға арналған өндірістік күнтізбе. Жұмыс уақытының арналған балансы

  • 2 ноября 2018
  • 41
2019 жылға арналған өндірістік күнтізбе. Жұмыс уақытының арналған балансы

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс деп көзделген.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68 – бабында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс деп көзделген.

Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Сондай-ақ Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу көзделген:

Кодекстің 79-бабына сәйкес ұйымдарда қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алу жүзеге асырылуға тиіс.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан аспауға тиіс; алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағатқа тең болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан аспауға тиіс және т.б.

Осыған байланысты жұмыс у ақытының ұзақтығы төмендегіні құрайды:

40 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан бес жұмыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағаттан бес жұмыс күні және ұзақтығы 5 сағат болатын бір жұмыс күні.

36 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағат 12 минут болатын (7,20 сағат) бес жұмыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан алты жұмыс күні.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс күндеріне кірмейді.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері:

ұлттық мереке:

16-17 – желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

мемлекеттік мерекелер:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
9 мамыр – Жеңіс күні;
6 шілде – Астана күні;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Осыған орай, 2019 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:

бес күндікте:

23 наурыздан 25 наурызға;
6 шілдеден 8 шілдеге;
1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға.

алты күндікте:

1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға.

Кодекстің 84-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады.

Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

2019 жылы Құрбан айттың бірінші күні 11 тамызға тура келеді.

Өндірістік күнтізбеде ай, тоқсан және 2019 жылдың тұтастай жұмыс күндері (сағаттары) бойынша жұмыс уақытының нормасы келтірілген. Ол 40 сағаттық және 36 сағаттық жұмыс аптасында сегіз, жеті және алты сағаттық жұмыс күнінің негізінде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептелген.

2019 жылы жұмыс уақытының нормасы:

40 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік – 1968 сағатты (246 күн * 8,00 сағат);
  • алты күндік – 1986 сағатты (248 күн * 7,00 сағат+ 50 күн * 5,00 сағат);

36 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік – 1771,2 сағатты (246 күн * 7,20 сағат);
  • алты күндік – 1788 сағатты (298 күн * 6,00 сағат) құрайды.

2019 жылға арналған жұмыс күндерінің орташа айлық саны:

  • бес күндік жұмыс аптасында  – 20,50 күнді;
  • алты күндік жұмыс аптасында  – 24,83 күнді құрайды.

2019 жылға арналған күнтізбелік күндердің орташа айлық саны (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндерін қоспағанда) 29,25-ті құрайды.

 

Жұмыс уақытының 2019 жылға арналған балансы

 

 

Күндер саны

Жұмыс күндері

Ай,

күнтізбелік күндер

мереке күндерін қоспағандағы күнтізбелік күндер

40 сағаттық жұмыс аптасы

36 сағаттық жұмыс аптасы

тоқсан,

Айдың 1-күнінен бастап

Айдың 1-күнінен бастап

жартыжылдық,

соңына дейінгі

соңына дейінгі

9 ай,

жұмыс кестесі

жұмыс кестесі

жыл

бес күндік

алты күндік

бес күндік

алты күндік

 

күндер

күн-дер

сағат-тар

күн-дер

сағат-тар

күн-дер

сағат-тар

күн-дер

сағат-тар

қаңтар

31

29

20

160

24

160

20

144,00

24

144,00

ақпан

28

28

20

160

24

160

20

144,00

24

144,00

наурыз*

31

27

17

136

22

146

17

122,40

22

132,00

I -тоқсан

90

84

57

456,00

70

466

57

410,40

70

420

сәуір

30

30

22

176

26

174

22

158,40

26

156,00

мамыр

31

28

20

160

24

160

20

144,00

24

144,00

маусым

30

30

20

160

25

165

20

144,00

25

150,00

II -тоқсан

91

88

62

496,00

75

499,0

62

446,4

75

450,0

I жартыжылдық

181

172

119

952,00

145

965,0

119

856,8

145

870,0

шілде*

31

30

22

176

26

176

22

158,40

26

156,00

тамыз

31

30

21

168

26

172

21

151,20

26

156,00

қыркүйек

30

30

21

168

25

167

21

151,20

25

150,00

III-тоқсан

92

90

64

512,00

77

515,0

64

460,8

77

462,0

9 ай

273

262

183

1464,00

222

1480

183

1317,6

222

1332

қазан

31

31

23

184

27

181

23

165,60

27

162,00

қараша

30

30

21

168

26

172

21

151,20

26

156,00

желтоқсан*

31

28

19

152

23

153

19

136,80

23

138,00

IV -тоқсан

92

89

63

504,00

76

506,0

63

453,6

76

456,0

жыл

365

351

246

1968,00

298

1986

246

1771,2

298

1788

Орташа айлық баланс

 

29,25

20,50

164,00

24,83

165,50

20,50

147,60

24,83

149,00

* Мереке күндері демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы материал қолданылды:

www.enbek.gov.kz

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться