Справочник кадровика

Жеке қорғану құралдары

  • 20 ноября 2018
  • 204
Жеке қорғану құралдары

Статья олар зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде жұмыскерлерді жеке қорғау құралдарына қойылатын талаптар баяндалған.

Жеке қорғану құралдарына қойылатын талаптар

ЖҚҚ-н жұмыскерлерді қорғауға тәуекелдерді бақылаудың басқа шараларымен (бақылаудың техникалық, әкімшілік шаралары, қауіпті факторды оқшаулау) қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда қолданған жөн. ЖҚҚ үлгісін таңдау еңбектің нақты жағдайларын және жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуін есепке алумен жүзеге асырылуы тиіс. Пайдаланылатын барлық ЖҚҚ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу үшін сертификатталған болулары тиіс.

Жеке қорғану құралдары

Жұмыскерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне қарай әрбір жұмыс орны мен аймақтары тиісті ЖҚҚ-н қолдану қажеттігі туралы сақтандырушы белгілермен белгіленуі тиіс.

ЖҚҚ-н таңдау мынадай параметрлер бойынша жүргізіледі:

  • техникалық эстетика мен эргономика талаптарына жауап береді;
  • бұйымның тағайындалуы мен қызмет ету мерзімі, оны пайдалану және сақтау ережелері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілген нұсқаулығы бар;
  • сәйкестік сертификаттары мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар;
  • киюге қолайлы, қозғалысқа кедергі келтірмейді, пайдаланушыға тиісті өлшемдері бойынша іріктеледі және беріледі;
  • халықаралық үлгідегі сапа сертификаты және Қазақстан Республикасының сертификаттауы бар (ЖҚҚ Қазақстан Республикасының стандарттарына жауап берулері тиіс);
  • жұмыс сипаты мен жағдайларына сәйкес келеді;
  • талап етілетін қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
  • пайдалану кезінде қолайлы;
  • талап етілетін өлшемі немесе өлшемді түзетімдеуге арналған құрылғысы бар;
  • жұмыс істеушідегі медициналық қарсы көрсетілімдер есепке алынумен қолданылады;
  • жұмыстарды орындау кезінде жалпы тәуекелдің артуына әкелмейді;
  • арнаулы жұмыстарды орындауға арналған ЖҚҚ-нда қарап-тексерулер мен сынақтардың нәтижелері бар.

Өндірістік аймаққа (қызыл аймақ) кіру және онда болу кезінде, сондай-ақ шартты қауіпсіз аймақта (жасыл аймақ) жұмыстар орындаған кезде қорғаныстың міндетті құралдары болуы және киілуі тиіс.

Барлық жұмыскерлер ЖҚҚ-н дұрыс қолдану мен пайдалануға үйретілген болулары тиіс.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Міндетті қорғаныш құралдары

Қорғаныстың міндетті құралдарына:

қорғаныстық арнаулы киім;
қорғаныстық аяқ киім;
қорғаныс дулығасы;
қорғаныш көзілдіріктері;
қорғаныс құлаққаптары немесе тығындар жатады.

Қызыл аймақтарда міндетті ЖҚҚ-н шешуге тыйым салынады. Жұмыстар жүргізу кезінде жұмыстар жүргізудің белгілі бір учаскесіндегі қауіпсіздік плакаттарындағы ЖҚҚ-н пайдалану ұсынылады. Қорғаныстың қосымша шаралары талап етілетін жұмыстарды орындау кезінде қорғаныстың қосымша құралдары пайдаланылуы тиіс (тұмылдырықтар, қорғаныс қолғаптары, қалқаншалар, тартпалы белбеу және басқалар).

 Денені қорғау

Денені өндірістік факторлардан қорғау ұзын жеңді арнаулы киіммен қамтамасыз етіледі. Қысқартылған киімді (майкалар, теннис жейдесі, қысқа жеңді жейделер, шорттар, бридждер) пайдалануға тыйым салынады. Арнаулы киімнің әрбір жинақталымында арқасында, кеудесінде, жеңдерінде және шалбарларының төмен жағында ені 5 см-ден кем емес жарық шағылыстырушы жолақтар болуы тиіс. Жарық шағылыстырушы жолақтар жеңдерді қайырғанда немесе шалбарлардың етегін етікке салған кезде жабылмауы тиіс.

Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен әкімшілік үшін арнаулы киімнің негізгі түсі – қызғылт сары, жұмыскерлерге арналған арнаулы киімнің негізгі түсі – көк. Арнаулы киімде ұйым логотипі орналастырылуы тиіс.

Арнаулы киімнің материалында оттан қорғайтын сіңірме болуы тиіс.

Арнаулы киімде желбіреп тұрған бөліктер болмауы тиіс.

Қысқы қорғаныс киімінде IV климаттық белдеуде (-41 °С-қа дейін) жұмыс істеуге арналған жеткілікті жылу оқшаулағыш қасиеттер болуы тиіс.

Жазғы уақытта жоғарыда еске алынған талаптарға сәйкес келетін ұзын жеңді қорғаныс жейделерін пайдалануға жол беріледі.



Аяқтарды қорғау

Сирақтық және табандық буындарды зақымданулардан (кесіп алулар, соғып алулар, сынулардан және т. б.) қорғау үшін арнаулы аяқ киім қолданылуы тиіс. Пайдаланылатын барлық арнаулы аяқ киімдерде соққыға төзімді тұмсықша (200 Дж-ға дейін), тесілуге қарсы табаны, май, су өткізбейтін, антистатикалық, тайғанақтауға қарсы және тозуға төзімді қасиеттері бар ұлтан болуы тиіс. Арнаулы аяқ киім жабық үлгіде болуы тиіс.

Далалық жағдайлардағы жұмыстар үшін толарсаққа, табанның көтеріңкі бөлігі мен асықты бөлігіне жасалатын соққылардан қорғауға арналған арнаулы элементтері бар арнаулы аяқ киімді пайдалану қажет.

Жерасты тау-кен қазбаларындағы жұмыстар үшін резеңке етіктерді пайдалану қажет.

Жылдың суық уақытындағы жұмыс үшін жылыланған арнаулы аяқ киім мен жылы шұлықтар пайдаланылуы тиіс. Аяқ киімнің жылу қорғаушылық қасиеттері IV климаттық белдеуде (-41 °С-қа дейін) қолданылатын қорғаудың 3-сыныбына сәйкес келуі тиіс.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

Мерзімді түрде сынақтан өткізіліп тұруы тиіс диэлектрлік қолғаптарды, жоғары кернеу көрсеткіштерін және басқа да қорғаныш құралдарын қандай мерзімділікпен сынақтан өткізіп тұру қажет? Және бұл қандай нормативтік құқықтық актімен реттеледі?
Жеке қорғану құралдары

Жасулан Конисов

эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела промышленной безопасности, охраны труда и окружающей среды АО «Tin One Mining», г. Алматы

Көру мүшелерін қорғау

Көру мүшелерін қозғалушы (ұшқан) бөлшектерден, ультракүлгін сәулеленуден, химиялық сұйықтықтар мен материалдардан қорғау үшін қорғаныш көзілдіріктері пайдаланылуы тиіс. Көзілдіріктер полимерлік материалдардан дайындалған болулары тиіс. Әйнек линзалары бар көзілдіріктерді қорғаныш көзілдіріктері ретінде пайдалануға тыйым салынады. Қорғаныш көзілдіріктері көрудің жітілігін төмендетпеуі және көру өрісін тарылтпауы тиіс.

Көруі нашар адамдар үшін қорғаныш түзетімдеуші көзілдіріктерді қолдану немесе құрылымы оларды түзетімдеуші көзілдіріктердің үстіне киюге мүмкіндік беретін қорғаныш көзілдіріктерін пайдалану қажет.

Күн және ультракүлгін сәулеленуден қорғау үшін далалық жағдайларда UV-400 ультракүлгіннен қорғау дәрежесі, күңгірттелген линзалары бар қорғаныш көзілдіріктері қолданылуы тиіс. Үй-жайларда және көрушілік жеткіліксіз жағдайларда күңгірттенген линзалары бар көзілдіріктерді пайдалануға тыйым салынады.

Объектілердің контрастілігін арттыру үшін тәуліктің ымырт кезінде, тұманда, жарықтандырылуы жеткіліксіз үй-жайларда сары түсті линзалары бар көзілдіріктерді пайдалану ұсынылады.

Басты қорғау

Басты механикалық және электрлік әсер етулерден қорғау үшін қорғаныстық дулыға қолданылуы тиіс.

Қорғаныстық дулығада ішкі жағынан алты бекіту нүктесі болуы, 660 В электр тогының соғуынан қорғауы, пайдалануының температуралық ауқымы -40-тан 40 °С-қа дейін болуы, 80 Дж-дан аз емес соққылық жүктемеге шыдауы тиіс.

Дулығаларда артқы және бүйір жақтарының төменгі бөлігінің айналасында 4 см-ден кем емес жарық тойтарушы жолақ болуы тиіс. Басшылар мен мамандарға арналған дулығалар, ақ түсті, қалған жұмыскерлер үшін – басқа түстерде болулары тиіс. Далалық жағдайларда жұмыс істеушінің беті мен мойнына күннің әсер етуін азайту үшін кең жиекті дулығаны пайдалану ұсынылады.

Дулығаға ұйым логотипі түсірілуі тиіс.

Шахталарда жұмыс істеуге арналған дулығалар шахташы шамын бекітуге арналған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Ерекшеліктері бар жұмыстарды орындау үшін дулыға құрылымы қорғаныстың қосымша құрылғысын орнатуды (мысалы, кесу және ажарлау жұмыстарын орындау кезінде бетті қорғауға арналған қалқанша), сондай-ақ естуді қорғау құралдарын бекіту орындарын қарастыруы тиіс.

Персонал соққыдан барынша қорғануды қамтамасыз ету үшін, қорғаныс дулығаларын дұрыс пайдалануы тиіс (мысалы, дулығаны «желкеге» немесе «бір жағына қисайта» кимеу).

Дулығаның ішкі қабаты бас өлшемі бойынша дұрыс реттелуі, дулыға тұрқы мен ішкі қабатының арасында қажетті саңылау қалуы тиіс. Дулығаның ішкі ұстаушы жүйесін түрлендіруге немесе өзгертуге, не бас пен ішкі қабаттың арасына қандай да бір затты салуға тыйым салынады.

Суық ауа райында пайдаланылатын дулыға астылық астарлар өнім берушінің нұсқауларына сәйкес қолданылуы тиіс.

Металл қорғаныс дулығаларын пайдалануға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Жеке қорғану құралдары
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Жеке қорғану құралдары

Естуді қорғау

Есту мүшелерін қорғау үшін қорғаныстық құлаққаптар немесе шуға қарсы ішпектер (тығындар) қолданылуы тиіс. Естуді қорғау құралдарын дыбыстық әсер ету-деңгейі 85 дБ-ден асатын аймақтарда пайдаланған дұрыс.

Шудың талап етілетін төмендетілуіне арналған ЖҚҚ-н таңдауды шуды төмендету коэффициенті (SNR Single Number Rating) бойынша жүргізу қажет. Оны есептеп шығару үшін жұмыс орнындағы шу-деңгейін бағалау, одан кейін одан шудың талап етілетін түпкі-деңгейінің мәнін алып тастау қажет. Шудың түпкі-деңгейін 75-тен 80 дБ-ге дейінгі шектерде қамтамасыз ету ұсынылады. Шудың 70 дБ және одан төмен түпкі-деңгейі дыбысты артығымен өшіру, 85 дБ-ден жоғарысы – жеткіліксіз өшірілген болып есептеледі.

Қолдардың білезіктерін қорғау

Қолдарды қауіптіліктің химиялық, физикалық және биологиялық факторларының әсерінен қорғау үшін қорғаныш қолғаптары қолданылады. Қолғаптардың қандай да бір әмбебап үлгісі жоқ, сондықтан қолғаптардың түрлері жұмыс процесінде туындайтын қауіпті факторларға байланысты қолданылуы тиіс.

Қолдарды мыналардан:

1) аралас, былғары немесе полимерлік жабыны бар қолғаптар – механикалық әсер етулерден;
2) жылыланған қолғаптар немесе бес саусақты қолғаптар – төмен температуралардан;
3) қышқыл-сілтіге төзімді қолғаптар – химиялық заттардан;
4) диэлектрлік қолғаптар – электр тогының әсер етуінен қорғау үшін пайдаланған жөн.

№ МБ-6 нысаны

Жеке қорғану құралдары

 Тыныс алу мүшелерін қорғау

Тыныс алу мүшелерінің ЖҚҚ жұмыс орнында мұндай заттардың жинақталуы шекті жол берілетін-деңгейге жеткен немесе асып кеткен жағдайларда, қауіпті заттармен тыныс алудан қорғану үшін қажет. Бұған қауіптіліктің оттек құрамының жеткіліксіздігі, атмосферада шаң, түтін, химиялық тұман, ыс пен аэрозольдер сияқты газдардың, булар мен қатты заттардың бар болу факторлары енеді.

Зиянды заттармен тыныс алу қауіптілігі орын алған немесе бұл қауіпсіздік ережелерімен регламенттелген аймақтарда персонал тыныс алуды қорғаудың тиісті құралдарын пайдалануы тиіс.

Тыныс алуды қорғау құралдарын қолдану талап етілетін жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін жұмыскерде тыныс алуды қорғау құралдарымен жұмыс істеуге жарамдылығы туралы медициналық қорытынды болуы тиіс. Сондай-ақ тыныс алуды қорғау құралдарының пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды алынуы және персоналды оқытудың өткізілуі тиіс.

Тыныс алуды қорғау құралдарының әртүрлі үлгілерінің құрамдастарын біріктіруге және сертификатталмаған құрамдастарды қолдануға тыйым салынады.

Мерзімдік инспекцияларға және қызмет көрсетуге қосымша ретінде тыныс алуды қорғау құралдары әрбір пайдаланудың алдында тексерілуі тиіс.

Әрбір пайдаланылғаннан кейін тыныс алуды қорғау құралдары өндірушінің нұсқауларына сәйкес тексерілуі, тазартылуы, дезинфекциялануы және сақтау үшін жинастырылуы тиіс.

Құлаудан қорғану

Биіктіктен құлаудан қорғау құралдары мынадай халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс:

EN 361. Биіктіктен құлаудың жеке қорғану құралдары – сақтандыру белдіктері.
EN 354. Биіктіктен құлаудың жеке қорғану құралдары – арқандар.
EN 363. Биіктіктен құлаудың жеке қорғану құралдары – ұстап тұрушы жүйелер.

Биіктіктен құлау қауіптілігі бар немесе бұл қауіпсіздік ережелерімен регламенттелген аймақтарда персонал орындалатын жұмыс сипатына сәйкес келетін, биіктіктен құлаудан қорғау құралдарын пайдалануы тиіс.

Таяныштар жеткілікті қорғанысты қамтамасыз етпейтін, қоршалмаған биіктіктерде, сондай-ақ жерден немесе кез келген көрші платформадан немесе жұмыстық жазықтықтан 1,3 м-ден астам биіктікте жұмыстар орындаған кезде қорғаныс дулығасын, арқандары бар сақтандыру байламаларын қолдану міндетті болып табылады.

Биіктіктен құлаудан қорғану үшін иықбаусыз сақтандыру белдіктерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Биіктіктен құлаудан қорғау құралддарының сақтандыру белдіктері, арқандар мен өзге-де құрамдастары өндірушінің ұсынымдарына сәйкес пайдаланылуы тиіс. Бұл құрамдастарды өздігінен түрлендірудің кез келгеніне тыйым салынады.

Айта қаларлық немесе толық жүктемеге ұшыраған ұстап тұрушы жүйелер мен құрамдастар (арқандарды қоспағанда) дереу, ақаулы ретінде белгіленуі және пайдаланудан алынып тасталуы тиіс. Бұл құрамдастарды бұдан кейін пайдалану тексеруден және оларды қолдануға жарамды деп танудан кейін ғана мүмкін болады. Елеулі немесе толық жүктемеге ұшыраған арқандар дереу «ақаулы» ретінде белгіленуі, пайдаланудан алынып тасталуы және жойылуы тиіс.

Қорғаныстың қосымша құралдары

Жұмыстардың арнаулы түрлерін жүргізудің ерекшелігіне, жұмыс ортасының жағдайларына, қауіпті факторлардың орын алуына байланысты міндетті түрде қорғаныстың қосымша құралдары қолданылуы тиіс.

Электрлік қондырғыларда электр тогының соғуынан қорғану үшін негізгі және қосымша қорғаныс құралдары (оқшауланған саптары бар аспап, диэлектрлік қолғаптар, қарнақтар, қысқаштар, боттар және т. б.) қолданылады. Электр доғасының әсер етуінен қорғану үшін жылуға төзімді оттан қорғайтын жинақталымдар мен қорғаныстық беттік қалқаншалар қолданылуы тиіс. Отпен жүргізілетін жұмыстар кезінде теріні қорғау үшін оттан қорғайтын киім, аяқ киім, қолғаптар, қорғаныс қалқаншалары немесе көзілдіріктер пайдаланылады.

Жемірлік ортаның әсер етуінен қорғау үшін қышқылға төзімді арнаулы киім пайдаланылуы тиіс.

Ажарлау, бұрғылау жабдықтарымен жұмыс істеген, материалдардың бөлшектері ұшуына байланысты жұмыстар кезінде бетті қорғау үшін қорғаныс қалқаншаларын пайдалану қажет. Жарықтық және жылулық сәулеленулерден қорғану үшін жарықтық сүзгілері бар көзілдіріктер немесе қорғаныс бетперделері (қалқаншалары) пайдаланылады.

Келтірілген тізім түпкілікті болып табылмайды және тәуекелдерді бағалау кезінде жұмыстар орындауды бастаудың алдында ерекше жұмыстарды орындау үшін қажетті қорғану құралдарымен кеңейтілуі мүмкін.

№ МБ-7 нысаны

Жеке қорғану құралдары

ЖҚҚ-н беру, есепке алу және пайдалану

Жұмыскерлерді ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету жұмыс аймақтарының жағдайларында қолданылатын, арнаулы киім мен ЖҚҚ-ның* бекітілген тізбесіне сәйкес, ұйым есебінен жүргізіледі.

Бұл тізбені жұмыс беруші:

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығы "Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы";

- "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік–профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық–тұрмыстық үй–жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығы.

Бұл стандартта ЖҚҚ-н беруді есепке алудың жеке карточкасы МБ-6 нысанына негізделген (Қазақстан Республикасы Қаржы министрі м.а-ның 2011 жылғы 2 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжаттама формаларының альбомын бекіту туралы» № 390 бұйрығына).

Әрбір жұмыскерге ЖҚҚ-н беру ЖҚҚ-н есепке алудың Жеке карточкасында тіркеледі.

Келушілерді ЖҚҚ-мен қамтамасыз етуді оларға келушілер жіберілген департаменттердің басшылары жүргізеді.

Мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлерін ЖҚҚ-мен қамтамасыз етуді мердігерлік ұйымдардың басшылығы жүргізеді.

ЖҚҚ жеке пайдаланылуы (жеке гигиенаны сақтаумен) тиіс. Ұйым жұмыскерлері мен келушілері өздеріне берілген арнаулы киімге, арнаулы аяқ киімге және басқа ЖҚҚ-н ұқыпты ұстаулары тиіс.

Дербес ЖҚҚ-н пайдалану өзіне:

  • тексеруді;
  • кию немесе пайдалануды;
  • тазартуды;
  • жөндеуді;
  • сақтауды қамтиды.

Жұмысты орындауды бастардың алдында ЖҚҚ-ның ақаусыздығын және пайдалану мерзімін көзбен шолып тексеріп шығу және ЖҚҚ-ның өлшемін түзетімдеу қажет. Ақаулы немесе пайдалану немесе сынақ мерзімі өтіп кеткен ЖҚҚ-н пайдалануға тыйым салынады.

Айналушы және қозғалыстағы тетіктердің іліп кетуін болғызбау үшін арнаулы киім түймеленуі тиіс.

ЖҚҚ ластанған кезде тазарту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

ЖҚҚ жоғалтылған немесе уақытынан бұрын тозған жағдайда ЖҚҚ-н беру немесе алмастыру үшін, тікелей басшыны хабардар ету қажет. Ұйым басшылығы ЖҚҚ-н сақтау, тазарту, кептіру, алмастыруға жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

  Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться