Справочник кадровика

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау

  • 27 ноября 2018
  • 5

Қоғамдық бақылаудың тиімділігіне қол жеткізу мақсатында тараптардың кілдері бір-біріне қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.

Жұмыскерлердің республикалық және салалық бірлестіктері келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

155 бап Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі заңнамасының сақталуын, келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген тәртіппен, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды көздейді.

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру – бұл,  салалық бірлестіктері келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуының маңызды шарты. Ол жұмыскерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және ұжымдық шарттар мен келісімдерге қолданыстағы еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелерді қосуды алып тастауға шақырылған.

Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге асырады (ҚР ЕК 154-бабының 6-тармағы). 


★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Кәсіпорында ұжымдық шарт міндетті түрде жасалуы тиіс пе және тараптардың біреуі шарт жасасудан бас тарта ала ма?

 Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің тараптары, түрлері

Түсіндірме беріліп отырған бапта әлеуметтік әріптестік деңгейіне қарай тараптар мен келісімдердің түрлері көрсетілген. Оларда келісімдердің жекелеген түрлерінің қолданылу саласы, әлеуметтік әріптестік деңгейіне және оларды жасасуға қатысқан тараптардың құзыретіне қарай олардың мақсатты тағайындалуы белгіленген.

Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында бас келісім жасалады.

Келісім түрі оның қолданылу салалары мен деңгейіне, сондай-ақ оларды жасасуға қатысқан тараптардың құзыретіне қарай белгіленеді.


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау

ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының  8) тармақшасы  республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде жасалатын келісімдерге жалпылама анықтама береді: бас келесім, салалық, өңірлік келісім (бұдан әрі – келісім) – тараптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.

Бас келісімнің тараптары ҚР Үкіметі, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері болып табылады. Бас келісім әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің жалпы қағидаттарын белгілейді және республикалық деңгейде жасалады. Онда әдетте, әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асырудың, сондай-ақ еңбек және халықты жұмыспен қамту нарығын, табыстар мен өмір деңгейін, еңбекке ақы төлеуді, халықты әлеуметтік қорғауды дамыту саласындағы әріптестердің бірлескен қызметінің жалпы қағидаттары бейнеленеді.

Салалық деңгейде тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері мен салалық кәсіптік одақтар арасында салалық келісімдер жасалады.

Салалық келісімдердің тараптары ретінде тиісті атқарушы органдар, сондай-ақ саланың жұмыс берушілері мен жұмыскерлерінің өкілетті өкілдері әрекет етеді.


Салалық келісімдер негізінен, еңбекке ақы төлеудің жалпы жағдайларын, сондай-ақ тиісті сала жұмыскерлеріне арналған әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді регламенттеуге арналады.

Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.

  Өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдердің тараптары ретінде жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өңірлік өкілетті өкілдері әрекет етеді.

Өңірлік келісімдер аумақтық ерекшеліктерге байланысты еңбек жағдайларын, әлеуметтік кепілдіктер мен мен жеңілдіктерді белгілейді, тараптар әкімшілік-аумақтық бірліктер деңгейінде жасаған келісімдер барлық тараптар (әріптестер) үшін міндетті және ұжымдық шарттар жасасу кезінде есепке алынады.

 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться