Справочник кадровика

Ағаш құрылымдарды отқа төзімді етіп өңдеу

  • 28 ноября 2018
  • 0
Огнезащита деревянных конструкций МЦФЭР
Огнезащита деревянных конструкций МЦФЭР

Ағаш құрылымдарды отқа төзімді етіп өңдеу ағаш құрылымдардың тіршілік кезеңінің бүкіл сатысында олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады және өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы заңнаманың, техникалық регламенттердің және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

Ағаш конструкциялардың өртке қарсы емес өңдеуге қойылатын жалпы талаптар

Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен және Қазақстан Республикасының, Еңбек кодексімен, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ,  «Азаматтық қорғау туралы», «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», заңдарында, сондай-ақ «Ағаш құрылымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде белгіленеді.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

ЖАЛДАНАТЫН ҮЙ-ЖАЙДЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?
Огнезащитная обработка деревянных конструкций

Вячеслав Хакаю

эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», главный технический руководитель по охране труда и экологии Южного филиала АО "KazTransCom"
Ағаш конструкцияларының тіршілік циклі процесінде аулақ болу қажет болатын негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
1) ағаш конструкцияларын дайындау мен құрастыру кезінде шу мен дірілдердің жоғары деңгейі орын алуы мүмкін;
2) жабдықтардың, құрал-сайманның жылжымалы бөліктері, жылжытылатын бұйымдар, әзірлемелер, материалдар;
3) қоршаған ортаның, жабдықтардың бетінің жоғары немесе төмен температурасы;
4) ағаш конструкцияларының бетінде микрофлораның дамуы;
5) өндірістік процестер кезінде ағаш конструкцияларының тұтануы;
6) ағаш конструкцияларда адам ағзасына теріс әсерін тигізуі мүмкін шекті рұқсат етілген мәннен асатын радиоактивті сәулеленулердің болуы;
7) тасымалдау кезінде жүктің тепе-тең бөлінбеуі тежеу кезінде немесе бұрылыстағы қозғалыс кезінде оны басқаруға ие бола алмай қалуға әкеп соқтыруы мүмкін, ал бекітілмеген жүк қозғалыс кезінде ығысып немесе түсіп қалуы мүмкін;
8) өндіру мен пайдалану кезінде шайырлардың, желімдердің, сұйықтардың, ағашты әшекейлік/қорғауға арналған өңдеу құралдарының, саңырауқұлақ ауруына қарсы дәрі-дәрмектердің, лактардың, бояулардың және ерекше иісті басқа да материалдар мен химиялық заттардың адам денсаулығына зиян келтіруге қабілетті шекті рұқсат етілген концентрациялардан асатындай мөлшерде бөлінуі;
9) өрттің шығу себебіне айналуы мүмкін артық мөлшердегі жылу бөлінетін қауіпті пайдалану процестері;
10) елеулі мөлшердегі пайдалану жүктемелерін қабылдауға арналған ағаш конструкцияларының бұзылуы;
11) өндірістік учаскелерінің және құрылыс-монтаждау алаңдары шегінде қозғалыстағы көлік құралдарынан, жүк көтерме машиналардан, тетіктер мен олардың бөліктерінен туындайтын қауіп.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Огнезащитная обработка деревянных конструкций
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Огнезащитная обработка деревянных конструкций

Өрт қауіпсіздігі талаптары

 
Ағаш конструкцияларының тіршілік циклінің барлық сатыларында олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаларға, техникалық регламенттерге және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес талаптар орындалуы тиіс.
Ағаш конструкцияларын өндіру кезінде кәсіпорынның барлық қызметтері мен өндірісте жұмыс істейтін персоналдың жұмысын өндірістің өрт қауіпсіздігін тиісті техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес қамтамасыз ететіндей түрде ұйымдастыру қажет.
Ағаш конструкцияларымен жұмыс істеу кезінде өрттің туындау жағдайларының алдын алатын шаралар көзделуі тиіс:
1) тұтынушыға ағаш конструкцияларының өртке қауіптілігі туралы ескертіледі;
2) оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық және өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы талаптар сақталады;
3) ағаш конструкцияларының тұтануын алдын алуды қамтамасыз ететін, бастапқы сатыда өрттің дамуын тежейтін немесе тоқтататын, оның жайылмауын қамтамасыз ететін, өрттің қауіпті факторларының әсерін азайтатын және оны жылдам жоюға ықпал ететін, жаңа прогрессивті жобалық шешімдердің мүмкіншіліктерін кеңейтетін өрттен қорғау шаралары жүргізіледі;
4) ағаштан жасалған құрылыс конструкцияларын оттан қорғау құрылымдық тәсілдермен (жылу оқшаулағыш материалдарымен қаптау, әртүрлі экрандар мен өртке қарсы аралық жабындарды орнату) және ағаштың бетін өңдеу үшін арнайы оттан қорғау құрамдарын (жақпалар, бояулар, лактар, сіңіргіштер) пайдаланумен жүзеге асырылады.
Ағаш конструкцияларын оттан қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде ағаштың бетін дайындауға, оттан қорғау құрамын дайындау мен жағу технологиясына, жұмсауға және қабатының қалыңдығына қойылатын нормативтік құжаттардың талаптарын қатаң түрде сақтау қажет.
Ағаш конструкцияларын немесе олардың элементтерін оттан қорғау құрамдарымен және заттармен қорғауды кезең-кезеңмен (оның қолданылуының белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін) жаңартып отыру қажет.
Ағаш конструкцияларын пайдалану кезінде өрт шығу қатерін азайту үшін мұндай қатерлерді барынша азайтатын немесе оған мүлде жол бермейтін шаралар көзделуі тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын отандық және импорт өндірісінің ағаш конструкциялары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі бойынша жіктелінуі тиіс.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться