Справочник кадровика

Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі

  • 13 декабря 2018
  • 11
Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі

Автомобиль көлігі туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) және басқа да ережелер.

Автомобиль көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары

Автомобиль көлігі саласындағы техникалық реттеу объектілері:
автомобиль көлігі болып табылады, оған:
1) автобустар;
2) шағын автобустар;
3) жеңіл автомобильдер;
4) жүк автомобильдері;
4-1) троллейбустар;
5) автомобиль тіркемелері;
6) ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер;
7) арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған);
8) арнаулы автомобильдер (әр түрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын);
9) автомобиль көлігін жобалау;
10) автомобиль көлігін шығару (жөндеу);
11) автомобиль көлігін тасымалдау және сақтау;
12) автомобиль көлігін кәдеге жарату және жою кіреді.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

Ұйымның қызметкері 30 минут ішінде кезекшілікті тапсырғанға дейін өзін нашар сезініп, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Онда оған «ауқымды инсульт» деген диагноз қойды. Бұл оқиға еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға болып саналады ма? Жұмыс беруші бұл оқиға туралы еңбек инспекциясына хабарлауға тиіс пе?
Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі

Альбина Третьякова

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Автокөлік құралдары адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін болса немесе оларды тиісті дәрежеде орнату, қызмет көрсету және пайдалану кезінде солардың қауіпсіздігі мен функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын болса, нарықта сатылмауға және пайдаланылмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының нарығында сәйкестігі расталуға тиіс автомобиль көлігін орналастыратын тұлға Автомобиль көлігі туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Қазақстан Республикасының Заңның (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау үшін шаралар қабылдауға міндетті.
 
Автомобиль көлігінде қажетті ескерту жазбалары немесе қауіптілік және қауіпсіз пайдалану шарттары туралы белгілер болуға тиіс.
Пайдалану құжаттамасындағы қауіпсіздік талаптары Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген талаптардан төмен болмауға тиіс.


 

Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз

ету жөніндегі негізгі талаптар

Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі және жабдықталуы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарын техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі міндет көлік құралдарының иелеріне жүктеледі.
Егер көлік құралы үшін рұқсат етілген ең жоғары масса белгіленсе, онда көлік құралының жүктемесімен қоса массасы рұқсат етілген ең жоғары массадан аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Кез келген жүк:
1) адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік және жеке меншікке залал келтірмейтіндей;
2) көруді және шолуды шектемейтіндей, көлік құралының орнықтылығын бұзбайтындай және оны басқаруды қиындатпайтындай;
3) көлік құралында болуға тиіс тоқтау сигналы мен бұрылу нұсқағыштарын, жарық шағылыстыратын бейімдемелерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және тіркеу мемлекетінің айырым белгісін қоса алғанда, сыртқы жарық беру аспаптарын көлегейлемейтіндей немесе қолмен берілетін сигналдарды көлегейлемейтіндей;
4) алдын алуға болатын қолайсыздықтар жасамайтындай етіп көлік құралында орналастырылуға және қажет болған жағдайда бекітілуге тиіс.
Тіркелген көлік құралының конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды жүргізу қажет.
Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдығы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын мынадай негізгі талаптарға сай келуге тиіс:
1) көлік құралындажол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйесінің, рульмен басқарудың, артқы көрініс айналарының, дыбыс сигналының, шассидің, жарық беру аспаптарының болуы;
2) көлік құралын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін жеткілікті түрде шолуды және көруді қамтамасыз ету;
3) көлік құралының адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелін болғызбайтын механизмдерінің, қосымша жабдықтау заттары мен бейімдемелердің болуы;
4) жол-көлік оқиғасы жағдайында жолаушылар және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін қауіптілікті азайтуды қамтамасыз ету.
Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардың қоршаған ортаға шығаратын шығарындылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердебелгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

ІІ топтағы мүгедекті жұмысқа орналастырған кезде одан ұйымда жұмыс істеу үшін қарсы көрсетім жоқ екені туралы медициналық мекеменің қорытындысын талап ету керек пе?
Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі

Лариса Степуро

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий юрист, г. Алматы

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары мынадай талаптарға:
1) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне қойылатын жасап шығарушы зауыттың құрылымдық-техникалық сипаттамаларына және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттарына;
2) тіркеу құжаттарының деректеріне;
3) Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімінде (ҚЖХЖТ) белгіленген нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарына;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидалары (бұдан әрi – Жол қозғалысы қағидалары);
6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуына;
7) Жол жүрісі қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықталуына;
8) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды құралмен және жабдықпен жинақталуына;
9) қажет болған жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердiң жеке қорғану құралдарымен жасақталуына;
10) бақылаусыз төгілу, қауіпті жүк шығарынды болған жағдайда халықты хабардар етудің жергілікті жүйесіменжабдықталуына;
1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.
Автокөлiк құралының конструкциясындағы өзгерiстер автокөлiк құралын жасап шығарушы зауытпен келiсiлуi тиiс.
Жүктеу: Куәліктің нысаны DOC файл

 Автокөлік құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге

асыратын жүргiзушiлерге қойылатын талаптар

Автокөлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай талаптарға сәйкес келеді (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығы):
1) тиiстi санаттағы көлік құралын жүргізу құқығына куәлiгiнiң болуы;
2) осы санаттағы көлік құралының жүргiзушiсi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлiнiң болуы;
3) белгіленген тәртіппен кәсіби жүргiзушiлер үшін жол парағына белгi қоя отырып, жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуі;
4) Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куәліктің болуы.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться