Справочник кадровика

Еңбек жағдайлары: еңбек жағдайларының өзгеруі

  • 19 декабря 2018
  • 2
Еңбек жағдайлары: Еңбек жағдайларының өзгеруі және еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабарлама

Қандай жағдайларда жұмыс беруші еңбек жағдайларының өзгертуі мүмкін? Еңбек жағдайы ұғымы нені білдіреді? Еңбек жағдйларының қандай түрлері бар? Еңбек жағдайларының өзгеруіне жұмыскердің келісімі қажет пе? Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабарлама міндетті ме? Осы жайлы мақаламызда айтамыз.

Еңбек жағдайлары. Бұл не?

Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабының  1-тармағының 17) тармақшасында жазылған. Оларға:
  • еңбекке ақы төлеу
  • еңбекті нормалау
  • еңбек міндеттерін орындау
  • жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайларыэ
  • кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару
  • қызмет көрсету аймақтарын кеңейту
  • жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау тәртібі
  • техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар
  • тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жағдайларының өзгеруі

Еңбек жағдайларының өзгеруі ҚР ЕК 46-бабында жазылған. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі.

Егер жұмыс берушінің қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қажеттілік туындаса, онда жұмыскерлер үшін еңбек жағдайларының өзгеруіне жол беріледі.

 

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Еңбек шартының тараптары еңбек жағдайларының өзгергені туралы еңбек шартына екі данадан кем емес жасалатын қосымша келісімге қол қояды.

Еңбек жағдайларын өзгертуге жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде жол беріледі. Кәсіп және мамандық ұғымдары ҚР ЕК 28-бабына берілген түсіндірмелерде қаралады.

 

Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабарлама

Жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабардар етуге міндетті. Жазбаша хабарлама жұмыскерге берілуге немесе өзге тәсілмен тапсырылуға тиіс (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы).

Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, хабарлама, күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, өзгеруге жататын, еңбек жағдайларының себептері мен тізбесін қамтуға тиіс.

 

Егер қызметкердің жұмыс жағдайының өзгеруіне келісім жоқ жағдайда

Егер жұмыскер еңбек жағдайларының өзгеруіне келіскен жағдайда, оның еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі, және еңбек қатынастары жалғаса береді. 

Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты, жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, еңбек шарты жұмыскермен ҚР ЕК 58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша тоқтатылады:  еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тарту.

★ Жұмыскер еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартуды ұсынбаған жағдайда, жұмыс беруші не істеуі тиіс? ★

Еңбек жағдайлары: Еңбек жағдайларының өзгеруі және еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабарлама

Лариса Степуро

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий юрист, г. Алматы
Жауабы: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 46-бабына сәйкес, қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың,еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты жұмыс беруші жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кездежұмыскердің еңбек жағдайларын өзгертуге құқылы, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші еңбек жағдайларының алда тұрған өзгерісі туралы жұмыскерді күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

ҚР ЕК 46 бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар жұмыскерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда, жұмыс берушінің ҚР ЕК 70-бабында көзделген тәртіппен жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар.

Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде не жұмыскердің жазбаша бас тартуының жоқтығы туралы акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі (ҚР ЕК 58-бабының 2-тармағы).

Түсіндірме беріліп отырған негіздемелер бойынша:

•   жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі (оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты);     

•   жұмыскердің демалысы кезеңінде еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді (ҚР ЕК 58-бабының 2-тармағы).

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться