Справочник кадровика

Соттағы еңбек даулары

  • 20 декабря 2018
  • 8
Соттағы еңбек даулары

Еңбек даулары: сотта қарау тәртібі. Дау бойынша соттың шешім шығаруы

Еңбек дауларын сотта қарау 

Сотта еңбек дауларын қарау тәртібі еңбек заңнамасымен ғана емес, сонымен қатар азаматтық процестік заңнамамен, яғни Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі» кодексімен реттеледі (2018.05.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР АПК).

Жалпы қағида бойынша талап арыз жауапкердің, яғни жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аудандық (қалалық) сотқа беріледі (ҚР АПК 30-бабы).

Өтінішке талап қоюды негіздеу үшін қажетті құжаттар қосымша беріледі: еңбек шартының, еңбек кітапшасының, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау, босату, немесе тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың (өкімдердің) көшірмесі, жалақы туралы және сіздің жұмысыңызды, жұмыстан босатылуыңызды, жалақыңызды растайтын басқа да кез келген анықтамалар.

Сот істің мән-жайларына және заңнамаға сәйкес дауды шешуге тиіс. Дауды қарау кезінде сот тараптарды, процеске басқа да қатысушыларды тыңдайды, істе бар материалдарды талдайды. Сот жұмыскердің өтініші бойынша куәгерлерді шақыртуы, мамандарды, сарапшыларды шақыруы мүмкін, істі дұрыс шешу үшін жұмыскерден немесе жұмыс берушіден қажетті құжаттарды талап етуі мүмкін.

Істі талқылау процесінде сотта жұмыскер өзінің талап қою талаптарын өзгертуі мүмкін, олардың мөлшерін көбейте алады немесе азайта алады, талап қоюдың нысанын, негізін өзгерте алады, талап қоюдан бас тартуға құқылы. Мұндай істерді қарау көп жағдайда тараптар арасында бейбіт келісім жасаумен аяқталады. Бірақ жұмыс беруші ұсынған бейбіт келісімнің шарттарына мұқият қарау қажет. Жасалған соң, мұндай келісім жұмыскерді сол талаппен сотқа қайта жүгіну құқығынан айырады.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ
Тараптар еңбек дауын қарау кезінде сот процесінде осы дау бойынша басшы (директор, басқарушы және т. б.) емес, жұмыскер мен ұйым (жеке кәсіпкер) сөз сөйлейді, бірақ кейде ол бір адам болуы мүмкін.

Жұмыскерлер жеке еңбек дауларын шешу туралы сотқа арыз берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV кодексінің 541-бабы) (2018.01.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен)

Алайда, егер жұмыскер моральдық зиянды өтеу туралы талап қойса, айлық есептік көрсеткіштен 50 % мөлшерде мемлекеттiк баж салығын төлеуге тиіс.

Егер қорғаушының немесе заңгердің қызметі қажет болса, жұмыс берушінің заңгер көмегіне жұмсалған шығындарды өтеуі туралы өтініш жазу қажет.

Заңгер мен қорғаушының қызметіне жұмсалған шығындар ақы төленгені туралы құжаттарды ұсынғанда ғана төленеді (шарт, чек және т. с. с.)


Трудовой кодекс Республики Казахстан. Постатейный практический комментарий

Подготовлен с учетом изменений и дополнений в Трудовой кодекс Республики Казахстан и одобрен Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

 Руководитель авторского коллектива генеральный директор РГКП «Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан», академик, доктор технических наук, профессор С. Г. Бисакаев

Дау бойынша соттың шешім шығаруы 

Соттың қорғауына жүгіне отырып, жұмыскер бұзылған құқығын қайта қалпына келтіретініне, сондай-ақ амалсыз бос жүрген кезеңдегі орташа жалақысын өтеп алатынына сенуге болады. Егер жұмыскердің талап арызы қанағаттандырылса, сот шығындары, соның ішінде мемлекеттік баж белгіленген тәртіппен жұмыс берушіден өндіріп алынады.

Еңбек даулары бойынша шешімді сот барлық материалдарды, тараптардың, басқа да процеске қатысушылардың (егер олар тартылған болса) жауаптарын жан-жақты зерттеу негізінде шығарады. Ол заңнамаға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, ұжымдық келісім-шартқа (ол болған жағдайда), еңбек шартына сілтемелер көрсете отырып, дәлелді және негізделген болуы тиіс. Шешімде соттың талапты қанағаттандыру немесе талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырым жасалады. Талап-арызды қанағаттандыру кезінде сот шешімді орындау үшін жауапкер қандай әрекеттер жасайтыны туралы нақты тұжырымдайды. Егер ақша туралы талаптар қойылса, нақты сомасы көрсетіледі.

Еңбек шартын заңды негізсіз бұзған жағдайда, еңбек дауын қарастырған орган жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта орналастырады.

Жеке еңбек шартын заңсыз бұзуға байланысты бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы төленеді.

Заңды негізсіз немесе жұмыстан босату тәртібін бұза отырып, жұмыстан босатылған, әлде басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған жағдайда, жұмыскер бұрынғы жұмысына қайта алынуға тиіс. Жұмысқа қайта алу туралы талап-арызды қанағаттандыру кезінде және амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы төлеу туралы немесе жалақысы төмен жұмысты орындаған уақыты үшін жалақыны өндіру кезінде соттар шешімнің қарар бөлігінде өндіріп алуға жататын соманы, сондай-ақ сот шығындарын анықтауға және шешімді дереу орындау туралы көрсетуге тиіс.

Мақала қысқартылған түрде берілген, толық мәтінін "Қазақстандағы мамандар анықтамалығы" №1, 2018 журналында оқыңыз 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться