Қазақстандағы бизнестің қауіпсіз дамуы туралы мәселеге

681
Джумагалиев Руслан Маркленович
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», президент АО «Научно-исследовательский институт пожарной безопасности и гражданской обороны КЧС МВД РК», кандидат технических наук, профессор
кандидат технических наук, профессор
Тексерулер санын орнықты өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін деңгейге дейін азайту міндеті шағын және орта бизнеске әдістемелік көмекте көрсетілді.

Жыл басында төтенше жағдайлар министрі ТЖМ алқасында тексерулер санын барынша азайту, орнықты өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шағын және орта бизнеске әдістемелік көмек көрсетуге көшу міндетін қойды. Мұнымен бірге, өрт қауіпсіздігі саласы ғылымының нәтижелілігін арттыру қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. Мақалада көрсетілген міндеттер тұрғысынан ӨҚ және АҚ ҒЗИ қызметіне талдау жасалады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми зерттеулер

2013 ж. Институт ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетімен бірге: «Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі электр жабдықтары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің жай-күйін аспаптық тексеру құралдары мен тәсілдерін әзірлеу және зерттеулер жүргізу» және «Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері санының ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу және зерттеулер жүргізу» тақырыптары бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын дайындады.

Шаруашылық жүргізу объектілеріне жүргізілетін тексерулер санын қысқарту олардың сапасын жақсартуды талап етеді. Сондықтан жаңа құрылыс материалдары мен заттарының, отқа төзімді құрылыс құрылымдарының өрт қауіпсіздігін бағалаудың және ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жабдықтарының өрт қауіпсіздігін бағалаудың заманауи әдістерін енгізу қажет.

Оттан қорғау жабындарының сапасын бағалаудың экспресс-әдістері, құрылыс және әрлеу материалдарын сәйкестендіру әдістерін, өрттерді автоматты айқындау мен сөндіру, ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы сумен жабдықтау және түтінге қарсы қорғаныс  жүйелерінің параметрлерін өлшеу әдістерін қосқанда шаруашылық жүргізу субъектілері мен бақылаушы органдар қызметінің іс-тәжірибесіне өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің жай-күйіне бақылау жасаудың жаңа технологиялық әдістерін әзірлеу мен енгізу талап етіледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік объектілерін

Қазіргі уақытта ӨҚ инженерлік-техникалық жүйелерін құрастыру, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетумен айналысатын компанияларда, сондай-ақ мемлекеттік өрт бақылауы инженерлік-инспекторлық құрамында шаруашылық жүргізу объектілері өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің жай-күйіне сапалы бақылау жасауды жүргізу және объектілердің электр жабдықтарының өрт қауіптілік жай-күйін айқындау үшін құралдар мен тиісті әдістемелер жоқ. Мысалы, объектілерді өрт-техникалық тексеру және объектілерді пайдалануға  қабылдап алу бойынша шаралар жүргізілген кезде тұтастай алғанда объектінің өртке қарсы қорғаныс пен қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігі мен жұмыс қабілетіне объективті баға беру мүмкін болмайды.

Республикадағы шаруашылық жүргізу объектілерінің ӨҚ-н қамтамасыз ету, мемлекеттік өрт бақылауы қызметкерлерінің шаруашылық объектілерінде өрттердің алдын алу жөніндегі қызметінің тиімділігін, олардың техникалық жарақтандырылу деңгейін және өткізілетін тексеру сапасын жақсарту арқылы арттыру үшін өртке қарсы қорғаныстың жай-күйі мен аспаптық тексеру құралдарын және тәсілдерін пайдалану арқылы электр жабдықтарының өрт қауіптілік жай-күйін сандық бағалау әдістерін әзірлеу қажет.

Бұған қоса, тексерулер санын қысқарту өңірлердегі және олардың арасындағы инспекторлық құрамға түсетін жүктемелердің теңгерімсіздігіне әкеп соғады. Осыған байланысты, ӨҚ-н қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда ғылыми жағынан негізделген әдістеме болуы тиіс, ол өңірлер дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қалалар мен елді мекендерде орын алған өрт тәуекелдері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өрт қауіптілігіне талдау жасаудың негізінде инженерлік-инспекторлық құрамның санын анықтауға және қайта белгілеуге мүмкіндік берген болар еді.

Институтта республикалық бюджеттік «Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасының шеңберінде  2011–2013 жж.  «ҚР мұнай-газ саласында өрт қауіпті технологиялық үдерістер тәуекелдерін бағалау мен басқару бойынша зерттеулер жүргізу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды.

Зерттеулер нәтижелерінің іс-тәжірибелік мәнділігі туралы талаптар жұмыстар жүргізудің барлық сатыларында ТЖМ ғылыми-техникалық кеңесінде жария талқыланумен ТЖМ басшылығының тарапынан тұрақты бақылауға алынады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша іс-тәжірибелік қолданылу үшін мыналар әзірленіп, пайдаланылуға берілді:

 «Мұнай және мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, қайта өңдеуге, қамтамасыз етуге, тасымалдауға байланысты объектілердегі өрт тәуекелдерін бағалау және басқару әдістемесі» әдістемелік құралы;
мұнай мен мұнай өнімдерін сөндіру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
пайдаланушыға ұсынылатын басшылығымен бірге өрт кезіндегі мән-жайларды модельдеудің «Өрт қаупін болжау» бағдарламасы;
«Мұнай және мұнай өнімдері жанған кезде жылулық ағындардың қарқындылығын анықтау» әдістемелік құралы.

Қазіргі уақытта Институтта жалпы тағайындалған объектілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда өрт тәуекелдерін бағалау мен басқару бойынша ғылыми мектеп қалыптасқан. Зерттеулерден алынған нәтижелердің негізінде 50-ден астам құжат дайындалды, оларда нормалардан шегініс жасауға мәжбүр болған кездегі ғылыми негізделген инженерлік-техникалық өтемдеуші шаралар баяндалған. Бұл жобалардың бәрі тиісті инстанциялармен келісу рәсімінен кейін бизнес объектілеріне берілді және пайдалануға енгізілді, бұл ретте барлық объектілердің 30%-дайы мұнай мен мұнай өнімдерін қолданумен, сақтаумен және босатумен байланысты объектілерге жатты.

Барлық объектілер бойынша ӨҚ-н қамтамасыз ету жөніндегі шаралар әзірленгеннен кейін өрт тәуекелдерінің қайтадан бағаланады және де егер олар нормативтік мәндерден аспаса, онда  ҚР «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 9-тармағының талаптарына сәйкес объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы қорытынды жасалады.

2014 ж. «Өрт қауіпсіздігін ғылыми-техникалық жобалау жүйесін әзірлеу және зерттеулер жүргізу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы аяқталады.

Бұл кезеңнің мақсаты – ӨҚ жүйесінің неғұрлым мәнді элементтерін зерделеу үшін математикалық модель құру, елді мекендердегі мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді құру үшін критерийлер дайындау, оларды өрттік мән-жайды талдау негізінде жарақтандыру және оған ел дамуының әлеуметтік-әкономикалық көрсеткіштерінің әсер етуін зерттеу, ҚР аумағында өрттердің мән-жайларын болжамдау есебінен елде ӨҚ деңгейін арттыру.

Жұмыстардың бұл кезеңінде мынадай нәтижелер күтіледі:

- ел аумағының өртке қарсы жүйесінің математикалық моделін әзірлеу және жасалған критерийлер мен алынған ақпаратты талдап, өңдеу негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді шоғырландырудың оңтайлы жерлерін анықтау;

- өткізілген зерттеулер негізінде ӨҚ ғылыми-техникалық жобалау жүйесін жасауды регламенттейтін әдістемелік құжаттарды әзірлеу;

- өрттердің шығу тәуекелдері мен мүмкін болатын салдарларының республикалық картасын әзірлеу.

2011 жылға дейін Институтта республикалық бюджеттік бағдарламалар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілмеген. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулер ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігінің негізінде жүргізіледі.

Бүгінгі күні ӨҚ-н қамтамасыз ету бұрынғыдан да неғұрлым өзектірек және күрделірек бола түсті. Өртке қарсы қызмет жұмысының тиімділігін арттырудың бірнеше тәсілі бар. Мысалы, материалдық-техникалық базаны жақсарту: бұл тәсіл маңызды болғанмен де, құрылымға көптеген қаражаттың жұмсалуын талап етеді. Басқа да көптеген тәсілдер бар, бірақ олар аз зерделенгендіктен, оларды енгізу қиынға соғады. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмыс тиімділігін арттырудың негізгі резервтерін объектілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұртшылықты, бәрінен бұрын бизнесмендерді неғұрлым кеңінен тарту мен басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруден іздестірген жөн. Бұл мәселе елді мекендерде, сондай-ақ шаруашылық объектілерінде  өртке қарсы ерікті құрылымдардың даму дәрежесіне қарай бұрынғыдан да өзекті бола түседі.

ӨҚ және АҚ саласындағы техникалық реттеу

Кез келген елдің техникалық реттеуінің негізгі міндеті азаматтардың, мемлекет пен қоршаған ортаның мүдделерін зиянды өндірістен және сапасыз тауарлардан қорғау болып табылады.

Техникалық реттеу халықаралық құқықтық нормалар негізінде стандарттау, сертификаттау және метрология түсініктерін біріктіріп, нормативтік құжаттар жинағын қамтиды, онда өнімді жобалаудан (ізденуді қосқанда), өндіруден бастап кәдеге жаратуға дейінгі өмірлік циклдің барлық сатыларында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалауға қойылатын міндетті талаптар болады.

Институт ӨҚ саласындағы 4 техникалық регламент пен 90-нан астам ұлттық стандартты дайындаушы болып табылады, олар өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының мынадай түрлерін қамтиды:

өрт сөндіру машиналары – ҚР-ның  7 СТ,
автоматты өрт сөндіру қондырғылары – ҚР-ның 15 СТ,
өрт сөндірудің  сигналдандыру қондырғылары – ҚР-ның 13 СТ,
өрт сөндіру жабдықтары – ҚР-ның 15 СТ,
өрт сөндіру-құтқарушылық құрылғылар – ҚР-ның 8 СТ,
өрт сөндірушілердің жеке қорғану құралдары – ҚР-ның 13 СТ,
өртсөндіргіштер – ҚР-ның 3 СТ,
ӨҚ саласындағы өзге де  стандарттар – ҚР-ның 19 СТ.

Институт мамандары Кедендік одақтың «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мен өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентін әзірлеуге қатысатын жұмысшы комиссияның құрамына кіреді.

Стандарттар әзірлеудің негізгі мақсаты – ҚР нарығына түсетін өнімге сынақтар жүргізу әдіснамасына бірыңғай тәсілдер белгілеу.

Мұнымен бірге АҚ, төтенше жағдайлардан сақтандыру мен жою саласында нормативтік-әдістемелік құжаттар (АҚ саласында 12 әдістемелік құжат әзірленді), сондай-ақ осы саладағы салалық стандарттар, мысалы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу» кәсіпорын стандарты, әзірлеу тәжірибесі де бар.

Контрафактілік жеке қорғану құралдарын анықтау және оларды ел нарығына жібермеу бойынша мол тәжірибе жинақталды.

Жоғарыда көрсетілген өнімдерді сынақтардан өткізу Институттың химия-радиометриялық зерттеулер зертханасы мен өрт сөндіру сынақ зертханасында жүргізіледі.

В 2013 ж. ӨҚ бойынша қазақстандық өтініш жасаушылар үшін 700-ден астам сынақ жүргізілді, сондай-ақ ресейлік және белорусьтік компаниялар үшін 43 хаттама берілді, ал АҚ бойынша – 200-дей сынақ өткізілді. Бұл ретте барлық қазақстандық өтініш жасаушылардан бизнес өкілдерінің жалпы пайызы 95%-дан асты.

Осылайша, ӨҚ мен АҚ саласындағы техникалық реттеу жүйесінің кәсіпкердің қауіпсіз және сапалы өнімді шығару, беру, өткізу және пайдалану қажеттіліктерін іске асыру үшін жасалған.

Сабағаттық-әдістемелік жұмыс

ӨҚ мен АҚ-н қамтамасыз ету проблемасы күрделі және көп қырлы. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қаншама ниеттенсе де, бұл мәселелерді өз бетімен толық көлемінде шеше алмайды, әсіресе бұл тұтастай алғанда құрылыс саласы мен өрт-жарылыс қауіпті объектілерді пайдалануға қатысты. Бұл жерде бизнесмендерге білікті әдістемелік және сабағаттық көмек көрсету қажет.

Институттың бұл мәселе бойынша ұстанымы айқын және ол Институтқа жүгінген кез келген тұлғаға әдетте, өтемсіз негізде көмек көрсету мен кеңестер берумен білдіріледі.

Мәселен, күн сайын республиканың әртүрлі өңірлерінен әртүрлі мәселелермен жүгінген тұлғаларға 10-нан кем емес сабағат өткізіледі.

Бұған қоса, әдіснамалық қамтамасыз етуге ӨҚ мен АҚ саласында жасалған нормативтік құжаттардың ақпараттық базасын, сондай-ақ әдістемелік сипаттағы жұмыстар мен ғылыми еңбектердің жарияланымдарын жатқызуға болады. Соңғы жылдары 90-нан астам жұмыс жарияланды, олардың ішінде 10 жинақ пен монографиялар бар.

Институт бәрінен бұрын ТЖ-дан сақтандыру мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің элементі бола тұра, ТЖМ қызметін оперативтік ғылыми-техникалық қолдаумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Институт жұмысы көбінде Қазақстанда бизнесті қауіпсіз жүргізу үшін жағдайла.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль