Сынақ мерзімін белгілейміз

1278
Еңбек шартында жұмыскердің біліктілігін тексеру үшін сынақ мерзімі туралы шарт белгіленуі мүмкін. Ол тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 36-бабына сәйкес, еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Осылайша, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін, бұл ол туралы талаптың еңбек шартының міндетті талаптары емес, тек тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына қосылатын талап деп санауға мүмкіндік береді.

Сынақ мерзімін белгілеу

Еңбек шартында қызметкерге сынақ мерзімін белгілеу туралы талаптар болмаса қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі (ҚР ЕК 36-бабы 1-тармағы).

Егер сынақ мерзімі белгіленсе, бұл міндетті түрде еңбек шартына жазылуы тиіс.

Сонымен қатар, сынақ мерзімін белгілеу мен оның ұзақтығы жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта да көрсетілуі тиіс, өйткені жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың мазмұны еңбек шартына сәйкес болуы керек.

Қызметкер бұйрыққа қол қоюы тиіс, мұнымен сынақ мерзімі туралы қызметкердің хабардар екендігі расталады. Егер мұндай бұйрық болмаса немесе оның мазмұны жұмысқа қабылданған қызметкерге қолын қойғызып таныстырылмаса, онда ол жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп саналады.

Егер жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта сынақ туралы талаптар көрсетілсе, ал еңбек шартында мұндай талаптар болмаса, онда қызметкерді сынақ мерзімінен өтпеді деп, жұмыстан босатуға болмайды.

ҚР ЕК-де жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімін, тіпті бұған олар келісім берген жағдайда да белгілеуге рұқсат берілмейтін қызметкерлердің санаттары  елгіленетіндігін білу маңызды. Жұмысқа қабылдау кезінде мына тұлғаларға:

 - жұмысқа
тиісті лауазымдарға орналасу конкурсы бойынша орналасқан тұлғаларға;

- он сегіз
жасқа толмаған адамдарға;

- орта
білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын аяқтаған және алған мамандығы
бойынша жұмысқа бірінші рет орналасқан тұлғаларға;

- мүгедектерге
сынақ белгіленбейді.

Жас мамандар үшін

Осыдан жарты жыл бұрын институт бітірген, бұрын басқа мамандық бойынша жұмыс істеген, бірақ институтта алған мамандығы бойынша бірінші рет жұмысқа орналасатын жас маман жұмысқа қабылданды. Мұндай қызметкерге сынақ мерзімін белгілеу, тіпті сынақ мерзімін белгілеуге оның тарапынан келісім болған күннің өзінде, заңсыз болады. Жұмыс беруші қызметкерді сынақ мерзімінен өтпеуі ретінде жұмыстан босата алмайды.

Сынақ мерзімінің нәтижелері ойдағыдай болған жағдайда жұмыс берушінің арнайы акті (бұйрық, өкім) шығаруы талап етілмейді және еңбек кітапшасына ешқандай да жазулар енгізілмейді.

ҚР ЕК 37-бабының 3-тармағына сәйкес сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді жоғары лауазымға тағайындаған жағдайда, ол сынақ мерзімінен өтті деп саналады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль