Тексерулерді ресімдеу тәртібі

513
Мемлекеттік тіркеу процедурасы өзіне қосады тіркеу органында бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу тағайындау туралы актіні, тексеруді қайта бастау

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген 2011 жылғы 27 желтоқсанда № 7353 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындауды мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бақылау Ережелерін бекіту туралы» ережелермен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеудің
бірыңғай тәртібі белгіленді.

Тексерулерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу мен бақылау:

– Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары өткізген тексерулердің
нәтижелері бойынша қалыптасқан дұрыс және жеткілікті құқықтық
статистикалық ақпаратты жинау, есепке алу, талдау жасау және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;
– елде жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, оның ішінде қызметтеріне
бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін тексеруді жоспарлау және оңтайландыру кезінде құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тексерудің тағайындалғаны туралы актілерді тіркеу, тоқтата тұру, қайта жаңарту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаны және тексеру мен оның нәтижелері туралы ақпараттық есептік құжаттарды ұсыну тәртібін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік тіркеу субъектілері Қазақстан Республикасы мемлекеттік ор-
гандары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді есеп-
ке алу Журналын жүргізеді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі органдар осы Журналға ұқсас форма бойынша тексерулерді
тағайындау туралы тіркелген актілерді есепке алу кітабын жүргізеді.
Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуді құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі орган тексеру объектісін тіркеу орны бойынша немесе ол өз қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеру басталғанға дейін жүзеге асырады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға тіркеу үшін тексеруді тағайындау туралы екі дана акт (түпнұсқа және көшірме), Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы жүзеге асырған тексеру туралы мәліметтері бар
толтырылған есеп карточкасы ұсынылады.

Тексеруді тағайындау туралы актіде:

1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы;
4) тексерулер жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлімет;
5) тексерілетін субъектінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру
тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), оның
орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, аумағының учаскесі көрсетіледі.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін тексерген жағдайда
тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы және орналасқан жері
көрсетіледі.
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру жүргізудің мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) тексерілетін кезең;
10) «Қазақстан Республикасының-дағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 27-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрі көрсетіледі.

Актіні тіркеу

Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде мемлекеттік органның қызметкері түпнұсқа мен Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау үшін негіз қызметін атқарған құжаттың көшірмесін ұсынады.
Тексеруді тағайындауға негіз қызметін атқарған құжаттың түпнұсқасы
мемлекеттік органның қызметкеріне қайтарылады, ал көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алл жөніндегі органда қалдырылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның қызметкері ақпараттық-есепке алу құжаттарын алғаннан кейін тексеруді тағайындау туралы акті ұсынылған сәттен үш сағаттан кешіктірмей:
– тексеруді тағайындау туралы актінің қолданыстағы заңнама талаптары-
на сәйкестігін, № 1-П формасындағы есеп карточкасы толтырылуының
толықтығын тексереді;
– онымен бір мезгілде құжаттарды тіркеу үшін ұсынудың өз уақытында
жасалғанын, тексеру жүргізудің құқықтық негіздерін, тексерудің уақыттары мен мерзімділігін, сондай-ақ мемлекеттік органның тексеруді тағайындаған кезде аумақтық принципті сақтағанын тексереді;
– тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту үшін негіздер жоқ
болған кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның қызметкері тексеруді тағайындау туралы актінің тіркелгені туралы мөртабан басады;
– есеп карточкасына жазбалар түсіреді және ақпараттық-есепке алу
құжаттарының мәліметтерін деректер базасына енгізеді;
– электрондық тіркеу аяқталғаннан кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның қызметкері мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актінің тіркелгені туралы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған хабар жібереді.
Тіркелгеннен кейін актінің түпнұсқасы мемлекеттік органның лауазымды
тұлғасына қайтарылады. Актінің көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда қалады.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу есептік сипатта болады және
тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.
Тексеруді тағайындау туралы актінің тіркелуі осындай тексерудің заңдылығына дәлел болып табылмайды.
Тексеруді тағайындау кезінде мемлекеттік тіркеу субъектісі жол бер-
ген бұзушылықтар айқындалған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы тұлға тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Заңнаманы бұзған жағдайда

Егер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен,
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен және осы Ережелермен өзге белгіленбесе, онда мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту үшін мынадай негіздердің біреуінің болуы жеткілікті:
1) тексерулер жоспарында көрсетілмеген жоспарлы тексеруді тағайындау;
2) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде мұның алдындағы тексеруге
қатысты уақыт арақашықтығының сақталмауы;
3) мемлекеттік органдардың өздерінің құзіретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;
4) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдердің Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімдерге қарағанда өтіп кетуі немесе жетпей қалуы;
5) объектіні тексеруді аты-жөні көрсетілмеген жүгініс бойынша тағайындау;
6) егер осы мәселе және кезең бойынша бұрын осы мемлекеттік органмен, неоның жоғары тұрған (төмен тұрған) органымен немесе өзге мемлекеттік органмен тексеру жүргізілсе, онда мемлекеттік органның объект қызметін тексеру тағайындауы;
7) егер олардың нәтижелері бойынша бұзушылықтар айқындалмаса,
айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың (қаулылардың, ұсыныстардың, хабарламалардың) орындалуына бақылау жасау мәселесі бойынша тексеру тағайындау;
8) жоспардан тыс тексеруді тағайындаудың негізін жазбаша растаулардың
(сұрату, тапсырма, өтініш, шағым, жүгініс, прокурорлық қадағалау жүзеге
асырылған кезде сенім телефондары бойынша жүгіністерді есепке алу
кітабындағы тіркеу туралы белгі, қарсы тексеру тағайындау кезіндегі актінің көшірмесі және заңнамамен көзделген өзге де негіздер) жоқтығы;
9) тексеруді жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды
мүдделерінің бұзылуы туралы өтініште немесе хабарда, өзге де
жүгіністерде көрсетілген уақыт бөлігі шеңберінен шығып кететін кезеңге
тағайындау;
10) ексеруді өткізуді оған тиісті өкілеттіліктері жоқ тұлғаларға тапсыру;
11) заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексерудің бірнеше объектісін көрсету;
12) ол бойынша тексеру заңмен белгіленген мерзімде тоқтатыла тұрмаған және жаңғыртылмаған объектіге қайтадан тексеру тағайындау;
13) тексеруді немесе оның мерзімін ұзартуды Қазақстан Республика-
сы заңдарымен белгіленген шекті мерзімдерден асып ететін мерзімге
тағайындау;
14) Заңмен міндетті хабарлама жасау туралы талап көзделгенде жеке кәсіпкерлік субъектісіне алда тұрған тексеруге хабарлама туралы мәліметтердің жоқтығы немесе хабарлама жасау мерзімдерін сақтамау;
15) тексерулерді өткізу тәртібі мен талаптарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар.
Тексеруді жүргізу қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулерді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізген кезде бұзушылықтарды жасау кезінде тікелей олардың жолын кесу қажеттігіне қарай және айғақтарды бекіту үшін кейінге қалдыруға болмайтын іс-қимылдар жасау үшін тексерулер тағайындау туралы актіні
тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Тоқтата тұру немесе қайта бастау тексеру

Тексеру мерзімдерін тоқтата тұру немесе жалғастыру туралы, сондай-ақ тексеруге қатысушылар құрамы өзгерген кезде мемлекеттік тіркеу субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға тексеру тоқтатыла тұрғаннан немесе жалғастырылғаннан бір күн бұрын енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ тексеруге қатысушы тұлғалардың құрамындағы өзгеріс туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте хабарламада құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі органда тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеудің нөмірі мен күні, тексерілетін объектінің толық аты, орналасқан жері, тексерудің тоқтатыла тұруы немесе жалғастырылуы нетексеруге қатысушы тұлғалар құрамындағы өзгеріс көрсетіледі.
Тексеру мерзімдері ұзартылған, тексеру мерзімдері қалпына келтірілген,
сондай-ақ тексеруге қатысушы тұлғалардың құрамы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу субъектісі акт ресімдейді, ол құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тексеру мерзімі аяқталуынан кешіктірілмей тіркеледі.
Тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның
тексеруді тағайындау туралы актісін тіркеу туралы мөртабанымен растала-
ды, тексеруді ұзарту туралы актіде күні, тіркеуді жүргізген қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі, қолы қойылады.
Мемлекеттік тіркеу субъектісі тексеру аяқталғаннан кейін үш жұмыс
күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға № 1-П формасындағы есеп карточкасына талон-қосымша, ал электрондық тіркеу жағдайында оның электрондық форматын ұсынады.
Мемлекеттік тіркеу субъектісі тағайындалған тексеруді жүргізуден бас тартқан жағдайда, оның аяқталуына дейін тексеруді тоқтату туралы прокурордың немесе соттың шешімі шыққанда мемлекеттік тіркеу субъектісі бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тіркелген тексеру өткізілмеген жағдайда мемлекеттік тіркеу субъектісі тексерудің өткізілмеуінің себептерін көрсетіп, хабарлама жасайды.
Хабарлама құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органға тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру аяқталуының нақты күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Актіде көрсетіледі

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі орган тексерулердің мерзімдерін ұзарту, тоқтата тұру мен қалпына келтіру мерзімдерінің сақталуына тұрақты негізде есеп және бақылау жүргізеді.
Тексерудің нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы екі данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) оның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы акті
жасалған күні мен оның нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), тексеруді жүргізу кезінде сол жерде болған жеке немесе заңды
тұлға өкілінің лауазымы;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексерудің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін субъекті өкілінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексерудің нәтижелері туралы актіге олар болған жағдайда өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеу туралы актілер, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

Ескертулер мен қарсылықтар

Тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар
болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Тексерілетін субъектіде түпнұсқа ретінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелері бар тексерудің нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкілдеріне тапсырылады.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша тексерілген субъекті үш күн мерзімде қарсылықтар болмағанда тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілген мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
Тексерілетін субъектілердің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабын
жүргізуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерілетін субъектілердің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабында тегін, лауазымдарын және актіде баяндалған деректерді көрсете отырып, жүргізілген іс- әрекет туралы жазба жасауға міндетті.
Түпнұсқалық бухгалтерлік және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Түпнұсқалық құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республика-
сы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Тексеру жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелері жөніндегі актіге тиісті жазба жасалады.
Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген
тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
Сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің 327 бабына сәйкес өндірістегі жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль