Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау

1031
ҚР заңнамасымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға ішкі бақылауды жұмыс берушінің дербес жүзеге асыратыны және қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қолданатыны көзделген

Ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

Ішкі бақылау

Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Қызметкерлерінің саны елуден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыра-
тын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219
қаулысымен ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы Үлгі ереже бекітілді.

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің негізгі
міндеттері:

1) өндірісте еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасау мен
қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік
аурулардан сақтандыру бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалтушы-
лық, емдік-профилактикалық шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге
асыру;
2) өндірістік учаскелерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талап-
тарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді
ұйымдастыру;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөнінде, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын
сақтауына ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Қызметкерлерінің саны елуге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе маманы:

1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және
қарауға;
2) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың
құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар-
ды болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларының әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе маманы:

1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың
жай-күйі мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу
іс-шараларын әзірлеуге;
2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның
қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру
тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) түсінігі енгізілді. Жұмыс берушінің және (немесе) қызметкердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушінің өкілдері, кәсіподақ ұйымының өкілдері немесе қызметкерлердің уәкілетті өкілдері тең құқылы негізде кіреді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру өткізуді және қызметкерлерді көрсетілген тексерулердің нәтижелері туралы хабардар етуді, ұжымдық шарттың (келісімнің) еңбекті қорғау
туралы бөліміне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  



Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль