Кәсіпорында ЕҚжЕҚ басқарудың іс-тәжірибесі

1216
Үшсатылы бақылауды ұйымдастыруға басшылықты кәсіпорын басшысы (жұмыс беруші) және кәсіпорын кәсіподақ комитетінің басшысы жүзеге асырады

Әр түрлі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқарудың іс-тәжірибесі әр түрлі, және оның тәртібі әдетте жұмыс берушінің актілерімен, шарттармен және келісімдермен белгіленеді. Алайда, кейбір кәсіпорындарда өндірістік учаскелердегі, цехтар мен тұтастай алғанда кәсіпорындағы еңбек жағдайларының жай-күйіне әкімшілік-қоғамдық (үшсатылы) бақылауды жүзеге асыру жалғастырылуда.

Еңбекті қорғау жағдайларына бақылау жасау

Өндірістің ерекшелігіне, кәсіпорын құрылымы мен оның бөлімшелерінің
мөлшерлеріне қарай еңбекті қорғаудың жай-күйіне әкімшілік-қоғамдық бақылау жүргізіледі:
бірінші сатыда – цех учаскесінде, ауысымда немесе бригадада;
екінші сатыда – цехта, өндірісте немесе кәсіпорын учаскесінде;
үшінші сатыда – тұтастай алғанда кәсіпорында.
Үшсатылы бақылауды ұйымдастыруға басшылықты кәсіпорын басшы-
сы (жұмыс беруші) және кәсіпорын кәсіподақ комитетінің басшысы жүзеге
асырады.
Бірінші сатыдағы бақылауды күн сайын тиісті учаскенің басшысы (мастер,
учаске бастығы, ауысым бастығы) кәсіптік одақтың немесе еңбек үжымының еңбекті  қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторымен бірге өткізеді.

Бірінші сатыда мыналарды тексеру ұсынылады:

– мұның алдындағы тексерумен айқындалған бұзушылықтарды жою
жөніндегі шаралардың орындалуы;
– әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жай-күйі;
– технологиялық жабдықтардың, жүк көтеруші және көліктік құралдардың
қауіпсіздігі; электр қондырғыларында және электр аспабымен жұмыс
істеу кезінде қызметкерлердің электр қауіпсіздігі ережелерін сақтауы
мен электр қауіпсіздігінің жай-күйі;
– дайындамалар мен дайын өнімдерді жинастыру ережелерін сақтау;
– ағындық және сорып шығару желдетуінің, жергілікті сорып алулардың,
шаң және газ ұстаушы құрылғылардың ақаусыздығы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың бар болуы мен жұмыс берушілердің оларды сақтауы;
– жеке қорғану құралдарының бар болуы және жұмыс істеушілердің оларды пайдалануының дұрыстығы және басқалар.
Тексерулер кезінде айқындалған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою
жөнінде шаралар белгіленеді, мерзімдері мен олардың орындалуы үшін жауаптылар анықталады. Егер тексерумен айқындалған кемшіліктер учаске күшімен жойылмайтын болса, онда оның басшысы бұл туралы тиісті шаралар қабылдау үшін жоғары тұрған басшыға хабарлауы тиіс.
Тексеру нәтижелері бақылаудың бірінші сатысының Журналына жазылады, ол учаске басшысында сақталуы тиіс.
Екінші сатыдағы бақылауды цех, өндіріс бастығы басқарған комиссия және құрылымдық бөлімшенің еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор айына екі реттен кем емес жүргізеді. Комиссия құрамына бөлімшелердің (технолог, механик, знергетик қызметтері және басқалар) техникалық қызметтердің басшылары (өкілдері), кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметінің маманы және кәсіпорынның бөлімшеге бекітілген (ол бар болған кезде) медициналық қызметкері кіреді.

Бақылаудың екінші сатысында тексеріледі:

– бақылаудың бірінші сатысын ұйымдастыру және жұмыс нәтижелері;
– бақылаудың екінші және үшінші сатысын өткізу нәтижесінде белгіленген
шаралардың орындалуы; кәсіпорын мен бөлімше басшыларының еңбекті
қорғау мәселелері бойынша бұйрықтары мен өкімдерінің, кәсіподақ
комитеті шешімдерінің орындалуы;
– мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары ұйғарымдарының
және қоғамдық бақылау органдары (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық
инспектордың) ұсыныстарының орындалуы;
– жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша әзірленген
шаралардың орындалуы;
– өндірістік жабдықтардың, көліктік құралдар мен технологиялық
үдерістердің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер
талаптарына сәйкестігі мен ақаусыздығы;
– өндірістік жабдықты, желдету жүйелері мен қондырғыларын жоспарлық-сақтандыру жөндеу графиктерінің, жұмыстың технологиялық
режімдерінің сақталуы;
– бөлімшелердегі еңбекті қорғаудың жай-күйі, еңбекті қорғау жөніндегі
плакаттардың, сигналдық түстер мен қауіпсіздік белгілерінің болуы;
– қорғаныс, сигналдық және өртке қарсы құралдар мен құрылғылардың,
бақылау-өлшеу приборларының болуы мен ақаулығы;
– қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқамалар өткізудің өз уақыттылығы мен сапасы;
– жұмыс істеушілерде жеке қорғану құралдарының бар болуы мен
пайдаланудың дұрыстығы;
– санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылардың жай-күйі. Тексеру нәтижелері бақылаудың екінші сатысы Журналына жазылады, ол цех бастығында сақталуы тиіс. Комиссия шаралар белгілейді, ал цех бастығы орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғаларды тағайындайды.
Белгіленген шаралардың орындалуына бақылауды кәсіпорынның
еңбекті қорғау қызметінің маманы (комиссия мүшесі) және еңбекті қорғау
жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.
Үшінші сатыдағы бақылауды жұмыс беруші (кәсіпорын басшысы) немесе
кәсіпорынның бас инженері басқаратын комиссия мен кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің төрағасы тоқсанына бір реттен кем емес (әдетте, айына бір рет) өткізеді.
Комиссия құрамына еңбекті қорғау жөніндегі бас инженердің орынбасары (еңбекті қорғау қызметінің басшысы), кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау жөніндегі аға уәкілетті өкілі, кәсіпорынның техникалық қызметтерінің басшылары кіреді.

Үшінші сатыда тексеріледі:

– бақылаудың бірінші және екінші сатыларын ұйымдастыру мен жұмысының нәтижелері;
– ұжымдық шарттарда, еңбекті қорғау жөніндегі келісімдермен және басқа
да құжаттармен көзделген шаралардың орындалуы;
– ауыр және топтық жазатайым оқиғалар мен аварияларды тергеп-
тексерудің нәтижелері бойынша әзірленген шаралардың орындалуы;
– ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың, цехтардың техникалық жай-күйі мен ұстау және оларға жапсарлас аумақтардың еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігі;
– мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының бұйрықтары
мен өкімдерін, ұйғарымдар мен нұсқауларын және қоғамдық бақылау
органдарының ұсыныстарын орындау;
– қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және
құрылғылармен қамтамасыз етілгендігі;
– қызметкерлер мен мамандарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен нұсқамалар өткізуді ұйымдастыру.
Тексерулердің нәтижелері актімен ресімделеді және кәсіподақ активінің
қатысуымен кәсіпорын басшысының кеңесінде, қажет болған жағдайда – мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарын шақырумен талқыланады.
Кеңесте еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың қанағаттанғысыз жай-
күйі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы айқындалған өндірістердің, цехтардың, учаскелердің басшылары тыңдалады.
Кеңестің өткізілуі хаттамамен ресімделеді, ал кәсіпорын басшысы бұйрық
шығарады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль