KAZAKHMYS EXPLORATION-ДЕ ЕҚБЖ ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ

659
KAZAKHMYS EXPLORATION-ДЕ ЕҚБЖ ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ
Пономарев В. В.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", руководитель департамента по ТБ ТОО «Kazakhmys Exploration»
Kazakhmys Exploration - өз қызметінде үздік дүниежүзілік тәжірибелерді қолданатын, жас және серпінді дамып келе жатқан компания болып табылады

«Kazakhmys Exploration» ЖШС-ның - біліктілігі жоғары мамандар штатына ие бола отырып, кәсіпорын басшылығы өзі үшін қызметкерлер мен серіктестерінің денсаулығы, қауіпсіздігі басты басымдықтардың қатарында болатынын ұғынады. Компания алдына қойып отырған мақсат, объектілерде кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттанушылық толықтай жойылатындай еңбекті қорғаудың деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

Қауіпсіздік стандарттары

Компания өз қызметіне ЕҚ саласында қолданылатын заңнаманы толық сақтайды, осыған байланысты ішкі құжаттар заңнама талаптары есепке алына отырып, орын алған жағдайларға бейімделген.

Кәсіпорында ЕҚ саласындағы барлық қызмет пен операцияларды қамтитын қауіпсіздік стандарттары енгізілген. Стандарттар өзіне үздік дүниежүзілік компаниялардың іс-тәжірибелерін қамтыған. Барлық стандарттар қызметкерлерге қарапайым және түсінікті тілмен жазылған. Қауіпсіздіктің әрбір стандартына фотолар, суреттер мен сұлбалар енгізілген. Барлық стандарттар қызметкерлерге қолайлы болу үшін бір иллюстрацияланған анықтамалық құрал болып біріктірілген.

ЕҚ бойынша қажетті ағымдық мәліметтерді алу үшін мердігерлер мен жобалардың жетекшілері үшін есептілік формалары әзірленген. ҚТ департаментіне ай сайын геологиялық-барлаушылық және сервистік жұмыстарды (медициналық қызметтер көрсету, тамақтандыру, жинастыру және т.б.) жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың есептері жіберіледі.

KAZAKHMYS EXPLORATION-ДЕ ЕҚБЖ ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ

ҚТ-ның жинақ есебі талдаушылық көрсеткіштері мен коэффициенттерін (ЖО-ның ауырлығы, ЖКО жиілігінің коэффициенті, жарақаттанушылық көрсеткіштерін басқа кәсіпорындармен салыстыру) қамтиды. Есепте ЕҚ жай-күйімен персонал денсаулығының жай-күйі серпінін қадағалауға, ЕҚ бойынша қызметке өз уақытында түзетулер енгізуге немесе ЕҚ жөніндегі бағдарламаға өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін көрнекті графиктер келтіріледі.

Персоналдың дайындығы және хабардарлығы

Бүкіл персонал дайындықтан тұрақты өткізіледі және олардың ЕҚ, өнеркәсіптік қауіпсіздік және дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсету бойынша оқытылудан өткізілгені туралы қолданылатын сертификаттары бар.

ҚТ жөніндегі мамандар «Өндірістегі еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша NEBOSH халықаралық сертификаты» курсы бойынша оқытылды. ЕҚ бойынша қажетті құзіреттерді дамыту үшін бірінші басшыларды осы бағдарлама бойынша оқыту жоспарлануда.

Қызметкерлерде дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсету дағдыларын дамыту үшін мамандандырылған медициналық тренингтер тұрақты негізде ұйымдастырылады.

Бұнымен қоса бүкіл персонал компанияның қауіпсіздік стандарттарын білуі бойынша жыл сайынғы аттестаттаудан өткізіледі. Аттестаттау нәтижелері бойынша ең жоғары баллдар алған қызметкерлер кадрлық резервке енгізіледі және жалақы көтеру кезінде артықшылыққа ие болады.

Аттестаттауды өткізу үшін әрбір лауазым үшін тесттік бағдарлама әзірленген. Осы жылғы аттестаттаудың нәтижелері бойынша персоналда ЕҚ бойынша білім мен дағдылардың талап етілетін деңгейіне сәйкестік көрсеткіші 90,7%-ды құрады.

Әрбір сейсенбіде компанияның барлық учаскелерінде ҚТ бойынша кеңестер өткізіледі. Әдетте кеңес кем дегенде үш негізгі бөліктен тұрады: оқиғалар, ҚТ бойынша тренинг, ҚТ мәселелері бойынша жалпы мәселелер мен талқылау бойынша ақпараттар, соңында кеңес хаттамасы жасалады. Кеңестерге сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері де тартылады.

Апта сайын ЕҚ жөнінде қысқаша ақпараттық оқытушы материал «Қауіпсіздік туралы әңгіме» жіберіледі. Әрбір ақпараттық жөнелтілім өндірістік мәселелерді, сондай-ақ күнделікті өмір жағдаяттарын қамти отырып, еңбекті қорғау саласындағы өзекті тақырыптарды қозғайды. Әрбір өндірістік учаскеде ақпараттық стенділер орнатылған, оларға қызметкерлер үшін қызықты, тұрақты жаңартылып тұратын ақпарат орналастырылады.

Барлық жаңа қызметкерлер, келушілер мен мердігерлер үшін кіріспе және бастапқы нұсқама өткізіледі. Жаңадан келген қызметкерлердің ақпараттанушылығын жақсарту үшін бұрғылау учаскелерінде болған кездегі қауіпсіздіктің негізгі талаптарын баяндайтын бейнефильм жасалды. Әрбір өндірістік учаскеде және вахталық лагерьлерде қосымша чек-парақ енгізілген, ол бойынша нұсқама жүргізіледі.

Учаскелерде аурулардың алдын алу мен тиісті санитарлық-гигиеналық жай-күйді ұстап тұру үшін вахталық фельдшер апта сайынғы кеңестерде персоналды ЕҚ бойынша оқытуды өткізеді. Бұған қосымша ортақ пайдаланылатын жерлерде аурулардың алдын алу жөніндегі жаднамалар тұрақты ілініп тұрады.

Персоналды еңбекті қорғауды басқару мәселелеріне тарту

Персоналды ЕҚ бойынша қызметке тарту мақсатында ҚТ бойынша көрсеткіштер әзірленген, олар әрбір қызметкерге сыйлықақылар беру жүйесіне (KPI) енгізілген. Мақсаттарға жету дәрежесі тоқсан сайын анықталады.

Әрбір қызметкердің KPI көрсеткіштеріне жазатайым оқиғалар мен оқиғалардың саны немесе жоқтығы туралы мәліметтер, ҚТ бойынша аудиттер (тексерулер) өткізудің жоспарлық көрсеткіштері, айқындалған үздік іс-тәжірибелер, ҚТ бойынша өткізілген кеңестердің саны, қауіпті орындалған жұмыстардан болатын тоқтаулардың саны және т.б. мәліметтер енгізіледі.

«Үздік іс-тәжірибелерді» айқындау жүйесі әрекет етеді, оның мақсаты – жұмыстың тиімді және қауіпсіз әдістерін енгізу. Бұл бағдарламаға қатысқан қызметкерлер KPI көрсеткіштер жүйесі арқылы көтермеленеді. Бұған қоса, бағалы жүлделер тапсырылатын ҚТ бойынша тоқсан сайынғы конкурстар өткізіледі.

Мердігерлік ұйымдармен жұмыс

Өз персоналының ғана емес, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар мамандарының қауіпсіздігі мен денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Жұмыстарды қауіпсіз орындау кепілдігі әлеуетті мердігерді таңдау кезіндегі анықтаушы критерий болып табылады.

Мердігерлермен тікелей жұмыс жүргізу үшін басшылық өзінің білікті және құзіретті қызметкерлерін тағайындайды, олар әрбір келісімшарт бойынша басқару мен қадағалау үшін тікелей жауапкершілікте болады.

Мердігерлердің қауіпсіздік бойынша заңнамалық және ішкі талаптарды орындауына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін үлгі шарттар мен тендерлік құжаттамаға ЕҚ бойынша жеке тарау енгізілген.

Жұмыстарды орындау басталғанға дейін мердігерлік ұйымның бүкіл персоналы компанияның талаптарымен танысудан және міндетті тестілеуден өткізіледі. Тестілеуден өтпеген қызметкерлерді объектілердегі жұмысқа жібермес үшін мердігерлердің дулығаларына арнаулы жапсырмалар әзірленген, жапсырмалар жеке рұқсат етудің бар екендігін көзбен шолып анықтауға мүмкіндік береді.

Шарт бойынша жұмыстарды орындау басталғанға дейін әрбір мердігер ЕҚ саласындағы талаптарға сәйкестігін алдын ала бағалаудан өткізіледі. Бағалау өзіне ұйымдағы ЕҚ басқару жүйесін тексеруді, жабдықтарға аудитті және персонал құзіреттілігін бағалауды қамтиды. Жасалған бағалауға қарай айқындалған сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін белгілеу немесе компанияның жұмыстарды орындауға өтінімін қабылдамау туралы шешім қабылданады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігерлік ұйымның қызметіне аудиттердің, тексерулер мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексерудің қорытындылары мен көрсеткіштеріне негізделген бағалау жүргізіледі. Мердігер қызметін бағалау нәтижелері жаңа келісімшарттар жасасу кезінде есепке алынады. Бұдан әрі ең жоғары бағасы бар ұйымдар мердігерлік субъектіні таңдау кезінде басымдыққа ие болады.

Авариялық дайындалғандық және жауап әрекет

Персоналдың төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындалғандығы маңызды мәселе болып табылады. Барлық көліктік құралдар навигация жүйесімен және серіктік телефондармен жарақталған. Әрбір жоба үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша декларация, аварияларды жою жоспары жасалады, қоршаған ортаға әсер етулерді бағалау жүргізіледі.

Барлық учаскелерде тоқсан сайын қажет болған жағдайда мемлекеттік өрт қадағалауы мен әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы күштерін тартумен ТЖ бойынша жаттығу өткізіледі. Әрбір объектіде ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер және байланысу деректері көрсетілген ақпараттық қалқан орнатылған.

Өндірістік алаңдар мұнай өнімдерінің төгілулерін авариялық жоюға арналған құралдармен жабдықталған. Барлық өндірістік орындар дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз етілген. Дәрілік заттардың болуы мен сәйкестігі персонал мен вахталық фельдшер аудиттерінің кезінде тексеріледі.

Өртке қарсы тұрақты дайындықты ұстап тұру үшін өртке қарсы сигналдандырудың жұмысы, өрт сөндірудің бастапқы құралдарының бар екендігі мен ақаусыздығы тексеріледі. Әрбір өрт сөндіргіште ақаусыздығына ай сайын тексеру өткізілгені туралы бақылау заттаңбасы болады.

Персонал денсаулығын сақтау

Барлық персонал жыл сайынғы кәсіптік бақылаудан өтеді. Сондай-ақ, тартылған мердігерлік ұйымдардың персоналында медициналық тексерудің бар екендігі тексеріледі.

KAZAKHMYS EXPLORATION-ДЕ ЕҚБЖ ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ

Барлық объектілерде білікті медициналық персонал тартылған дәрігерлік жәрдем беру орнының тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылған.

Әрбір медпунктке қажетті жабдықтармен және дәрілік препараттармен жарақталған жедел медициналық жәрдем автомобилі бекітіліп берілген. Жемірлік орталардың әсер ету дәрежесін, жәндіктердің шағулары мен қолайсыз табиғи факторлардың әсер етуін азайту үшін қызметкерлердің терісін қорғау құралдарының жинақталымдары (қорғаныстық кремдер мен аэрозольдер және басқалар) сатып алынды.

Бүкіл персонал арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Компания объектілерінде орналасқан персонал кәсібі мен лауазымына қарамастан, күн сайынғы медициналық куәлендіруден және жұмысқа жіберу рәсімінен өтеді. Кәсіпорын объектілерінде санитарлық-тұрмыстық жағдайларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына бақылау жасау тұрақты жүзеге асырылады.

Жыл сайын күз-қыс кезеңі басталардың алдында тұмаудың алдын алу бойынша үгіттеу науқаны жүргізіледі. Орташа есеппен қызметкерлердің 30%-дайына өз еркімен кәсіпорын есебінен егу жасалады. Әрбір қыс кезеңі аяқталғаннан кейін персоналдың суық тию ауруларымен, оның ішінде тұмау ауыруына талдау жасалады.

Қызметкерлер денсаулығын күшейту мақсатында фитнес-орталыққа ерікті баруға шарт жасалған. Компанияда жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүзеге асырылады. Жыл сайын сақтандыру компаниясымен жеке дәрігер-үйлестірушіні бекітумен медициналық қызмет көрсетуге және бүкіл Қазақстан бойынша емдеу мекемелерінің мамандандырылған желісінде медициналық қызметтер көрсетілу мүмкіндігімен қосымша шарт жасалады.

Вахталық лагерьлер

Жұмыстың және шалғайдағы жобаларда қызметкерлер тұруының қолайлы жағдайларын ұйымдастыру мақсатында компания вахталық лагерьлерді ұйымдастыру үшін қажетті ресурстарға ие.

Вахталық лагерьлерде тұрып, жұмыс істеген уақытта қызметкерлер тұрғын, асханалық, әлеуметтік-тұрмыстық модульдермен қамтамасыз етіледі, оларда қажетті жиһаз, тұрмыстық аспаптар мен шаруашылық құрал-сайман бар.

Вахталық лагерьлерде төсек-орын жабдықтарын, жұмыс киімін тұрақты жуу мен кептіру, сондай-ақ үй-жайларды жинастырып-тазалау үдерісі ұйымдастырылған.

Жұмыс орындарының жай-күйін жақсарту

Әрбір жұмыс орнын тексеру тұрақты негізде жүзеге асырылады. Тексерулер (аудиттер) үдерісіне бүкіл персонал тартылған. Айқындалған сәйкессіздіктер тексеру актілерінде тіркеледі, қадағаланады және жойылады. Сондай-ақ жұмыс орындарындағы құжаттар мен жазбалардың болуы және өзектілігі тексеріледі.

Компанияның әрбір жобасында кернді (тау жыныстарының үлгілері) радиоактивтілікке тексеру үшін дозиметр пайдаланылады.

ҚТ бойынша аудиттер кезінде жұмыс орындарында жылына кем дегенде екі рет жарықтандырылу мен шуға өлшемдер жасау жүзеге асырылады. Жарықтандырылудың белгіленген нормалардан ауытқулары тексеру актілерінде тіркеледі. Шу деңгейі 85дБ-ден жоғары аймақтарда шудың нақты деңгейі көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орналастырылады.

Қазақстан Республикасындағы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу ережелеріне сәйкес, өндірістік объектілерді аттестаттау 2011 жылы өткізілді. Аспаптық өлшеулердің, жұмыс орындарындағы зиянды өндірістік факторларды талдау мен жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігін бағалау заңнамалық нормалардан ауытқулардың тіркелмегендігін көрсетті.

Жарақаттанушылықтың алдын алу

Жыл сайын тәуекелдерді бағалау мен оларды басқару шараларын белгілеу өткізіледі. Тәуекелдерді бағалау барлық орындалатын жұмыстар мен жұмыс орындары үшін «Тәуекелдерді басқару» ішкі стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тәуекелді бағалаудың толтырылған бланкілерінің жұмысшы көшірмелерімен барлық жұмыс орындары қызметкерлердің іс-тәжірибелік пайдалануы және нұсқама өткізуі үшін қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын учаскелеріндегі тәуекелдер тізілімі жасалған.

Компания қызметінің заңнамалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін бағалау объектілердегі еңбекті қорғаудың жай-күйін тұрақты тексерулер кезінде өткізіледі. Сәйкестікті тексерулерді өткізуге міндетті түрде ИТҚ мен мердігерлік ұйымдардың ҚТ қызметтерінің мамандары тартылады.

Қауіпсіздік стандарттары мен заңнамалық нормалар талаптарының орындалуын бақылау ретінде кәсіпорынның барлық объектілерінде өндірістік учаскелерге күн сайынғы аудит жүргізіледі. Тексерулерді өткізу қолайлы болу үшін тексерулердің бақылау парақтары, чек-парақтары әзірленіп, енгізілді. Көліктік құралдар үшін күн сайынғы тексерулер журналдары мен сапарларды ұйымдастыру жоспарлары енгізілген.

Барлық жасалған ескертулер неғұрлым проблемалық мәселелер бойынша түзетімдеу іс-шараларын әзірлеу мен енгізу үшін санаттары мен үлгілері бойынша жіктеледі.

Тексерулер барысында айқындалған сәйкессіздіктерге белгіленген рәсімдерге сәйкес өз уақытындағы түзетімдеуші іс-шаралар қолданылады. Түзетімдеу шараларының орындалуы мен орындалған іс-әрекеттердің барабарлығы бұдан кейінгі аудиттер кезінде тексеріледі.

 «Kazakhmys Exploration» құрылған уақыттан бері компания қызметкері душар болған бірде-бір жазатайым оқиға тіркелген жоқ. Ай сайын мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесулерде кәсіпорын объектілеріндегі ЕҚ-дың талап етілетін жай-күйін ұстап тұру мәселелері талқыланады.

Компания қол жеткізілген нәтижелерімен тоқтап қалмайды, қолданыстағы менеджмент жүйелері дамуының жаңа мүмкіндіктерін іздестіру мен тұрақты жетілдіру үшін қашанда дайын. 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях