Справочник кадровика

Жұмыс берушінің қызметкердің денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілігі

  • 15 августа 2018
  • 658
Жұмыс берушінің қызметкердің денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілігі

Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті.


Жұмыскердің жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге құқығы бар (ҚР Еңбек Кодексінің 22-б. 1-т. 10) тарм.).
 

Зиянды өтеу тәртібі


ҚР Азаматтық Кодексінің 1-б. 3-т. сәйкес, азаматтық заңдар еңбек қатынастарына бұл қатынастар тиiсiнше еңбек заңдарымен реттелмеген жағдайларда қолданылады. Жұмыскердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты өміріне және (немесе) денсаулығына келітірілген нұқсанды өтеу тәртібі ҚР Азаматтық Кодексінің (Жалпы бөлім) 936–946 бб. қарастырылды.
Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде

• жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс);
денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады (ҚР АК-нің 937-б.).

Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) проценттерiмен анықталады. Бұл ретте жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) құрамына негiзгi жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеудiң жеке табыс салығы салынатын барлық түрлерi кiргізіледi. Бiржолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегi жұмыстан шығу жәрдемақысы және басқалары) есептелмейдi. Уақытша еңбекке жарамсыздық және жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңi үшiн төленген жәрдемақы есепке алынады. Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кiргізіледi, бұл ретте кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер мемлекеттік кіріс органы деректерiнiң негiзiнде кіргiзiледi. Табыстың (кiрiстiң) барлық түрлерi салықтар ұсталғанға дейiн есептелген сомаларда ескерiледi.
Есептеу ҚР АК-нің 938-б. 3–5 тт. қарастырылған тәртіпте жүргізіледі. 
Егер жәбірленушінің жұмысқа қабілеттілігі оның денсаулығына келтірілген зиянға байланысты төмендесе, жартылай жұмысқа қабілеттілігінен айырылған жәбірленуші оған өтемақы тағайындау сәтінде қалған жұмысқа қабілеттілігімен салыстыра отырып, кез келген уақытта жұмыс берушіден өтемақы мөлшерін сәйкесінше ұлғайтуды талап етуге құқылы.

 


Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян мөлшері


Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген зиян жұмыскердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға құқылы (ҚР ЕК-нің 23-б. 2-т. 15) тарм.). Жұмыс беруші жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР ЕК-не және ҚР өзге де заңдарына сәйкес өтеуге міндетті (ҚР ЕК-нің 2-б. 21) тарм.).
Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян мөлшері ҚР заңнамасымен белгіленген мөлшерде өтеледі:

• кәсіптік жұмысқа қабілеттілігін жоғалту дәрежесіне байланысты зиян – 5-тен 25 %-ға дейін қоса. Жұмыс беруші міндетті түрде жұмыскерге оның денсаулығына келтірілген зиянның салдарынан жоғалтқан табысы мен шығыстарын өтеуге тиіс;
• кәсіптік жұмысқа қабілеттілігін жоғалту дәрежесіне байланысты зиян – 30-дан 10 %-ға дейін қоса (өтемақы төлеуді жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының шеңберінде сақтандыру ұйымы жүзеге асырады).

Өтелуі тиіс жоғалтылған табысты (кірісті) есептеуде ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он еселік мөлшерінен аспауға тиіс. Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке жарамдылығынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлемді қоспағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады. Жұмыскерге бір жылдан аз мерзімге кәсіптік еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесі белгіленгенде сақтандыру төлемін сақтандырушы ай сайын аннуитет шартының негізінде төлейді. Сақтандыру төлемдерінен бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және аударылады.
Жазатайым оқиға болғанда, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлауы себебіне байланысты жұмыскердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі ҚР АК белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттік төлемдер жасау түрінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемдері болғанда жұмыс беруші жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеуге міндетті.
Жоғалтылған табысқа қатысты төлемдер жәбірленуші жұмыскерге еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне төленеді, бірақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін.
Маңызды себептер болғанда сот жәбірленуші жұмыскердің арызы бойынша және зиян келтірушінің мүмкіндіктерін ескере келе бір реттік төлем туралы шешім шығара алады, бірақ үш жылдан көп емес.

ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ 

Жұмыскер медициналық қорытынды ұсынды, жұмыс беруші соның негізінде оны басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс. Тек оған денсаулық жағдайы бойынша қолайлы келетін бір ғана бос лауазым бар, бірақ штат кестесіне орай ондағы жалақы, жұмыскердің "бұрынғы" лауазымына қарағанда, жоғары. Оны жұмыскерге ұсыну керек пе?


Егер мүгедектік жоғалса


 Жұмыскерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiн белгілеумен байланысты зиян келтірілген кезде, жұмыс беруші жұмыскерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған, жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды.
Түсіндірме беріліп отырған баптың 3-т. қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші жұмыскерде сақтандыру төлемдері болмағанда оған келтірілген зиянды толық көлемде өтейді.



Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарға төмендегілер жатады:

• емдеуге;
• қосымша тамақтануға;
• дәрі-дәрмек сатып алуға;
• протездеуге;
• өзгенің күтіп-бағуына;
• санаториялық-курорттық емдеуге;
• арнайы көлік құралдарын сатып алуға;
• өзге кәсіпке дайындауға;
• өзге.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған, жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 250 АЕК-тен аспауға тиіс.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген жағдайда денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері келесі мөлшерден аспауға тиіс (республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК):

1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілегенде 30-дан 59 %-ға дейін қоса – 500 АЕК;
2) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілегенде 60-тан 89 %-ға дейін – 750 АЕК;
3) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілегенде 90-нан 100 %-ға дейін қоса – 1 000 АЕК.

Зардап шекке жұмыскер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге кеткен шығыстарды 100 АЕК мөлшерінде өтейді.
Алайда ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін шығыстар мен қосымша шығыстар жұмыскерге өтелмейді.

 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться