text
Справочник кадровика

Зиянды заттармен жұмыс істеушілерді міндетті мерзімді медициналық қарап-тексеру

  • 10 августа 2018
  • 495
Зиянды заттармен жұмыс істеушілерді міндетті мерзімді медициналық қарап-тексеру

Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі

Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу кезеңділігі: жыл сайынғы медициналық тексеріп-қарау жылына 1 рет.
 

Медициналық ұйымның атқаратын қызметтері

1) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомстволарымен келісілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингенттердің тізімдерін алған кезде міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізу үшін комиссия құрады және дәрігерлік комиссия құрамын, әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімін айқындайтын күнтізбелік жоспар құрады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар өткізетін медицина қызметкері болмағанда және жеткіліксіз болғанда қажетті зерттеулер қызметтің аталған түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Жоспар ұйымның әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі;

2) медициналық ұйымның басшысы дәрігерлік комиссия құрамын бекітеді, комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіби қайта даярлығы және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау жүргізуге жауапты болып табылатын дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады.
Дәрігерлік комиссия құрамына өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика бойынша дәрігер, дәрігер-зертханашы медицина қызметкерлері кіреді. Дәрігерлік комиссияның жұмысына қажет болған жағдайда өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік потология бойынша даярлықтан өткен басқа мамандар да (тіс дәрігері, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған кәсіптік қызметінің сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайымен танысуы тиіс;

3) тоқсан сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу бойынша медициналық ұйымның жұмысы туралы жиынтық есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне ұсынады;

4) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар аяқталған соң ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің нәтижелерін қорытындылайды және нысан бойынша 5 данада қорытынды акт жасайды, оны өткізілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады. Актіге қосымшаларда басқа жұмысқа ауысу ұсынылған, стационарлық және санаториялық-курорттық емдеу, диеталық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың аты-жөні жазылған тізім беріледі. Қорытынды актілер қол қойылғаннан кейін орындалуы үшін ұйымның әкімшілігіне, кәсіподақ комитетіне, бақылау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне, жұмыс үшін жұмыс берушінің орналасқан орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдарға беріледі, бір данасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізген медициналық ұйымда қалады;

5) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау деректері денсаулық сақтау саласындағы № 907 Бұйрығымен бекітілген 025/е нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына және сәйкес нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тіркелген қосымша параққа енгізіледі. Бұл ретте, міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылық туралы өз қорытындысын береді. Амбулаториялық пациенттің медициналық картасының қосымша парағына кәсіптік бағдардың деректері енгізіледі. Жұмыстан шығу және басқа ұйымға ауысу кезінде амбулаториялық пациенттің міндетті медициналық тексеріп-қараулар деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау амбулаториялық пациенттің тұратын жері бойынша медициналық картасы немесе оның көшірмесі болған жағдайда жүргізілуі тиіс;

6) медициналық қарап тексеру түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып, дәрігерлік комиссияның кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытындысын ресімдейді. Бұл ретте зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға дәрігерлік комиссияның қорытындысы берілмейді. Сараптама қорытындысы үш жұмыс күні ішінде зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бір мезгілде хабардар етіле отырып, жұмыс берушіге жіберіледі. 
 

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Жұмыс берушінің атқаратын қызметтері

1) 1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып;

2) өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады;

3) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, кәсіптік аурулармен ауыратын және оларға күдікті адамдарды терең зерттеу және кәсіби патология орталықтарына емдеу үшін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;

4) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, жыл сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген, анықталған науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.


ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ

Ұйымда қызметкерді басқа лауазымға ауыстырады, бұл ретте оның еңбек жағдайлары өзгермейді, тек біліктілік разряды көтеріледі және лауазым атауы өзгереді. Жұмыс беруші бұл жұмыскерді медициналық тексеруден өтуге жіберуі тиіс пе?
Sadueva

А. А. Нұржанова 

Әлеуметтік-гуманитарлық колледждің қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Алматы қ

Медициналық қарап-тексеру қорытындысы

 Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымның немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымның міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша кейін жұмыскердің диспансерлік топтардың біріне тиесілілігін анықтай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды ресімдей отырып – одан әрі бақылау, емдеу және оңалту бойынша:

  1. оңалтуды қажет етпейтін дені сау жұмыскерлер;
  2. әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер;
  3. жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер;
  4. мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын, сонымен қатар қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер;
  5. организмге зиянды өндірістік факторлар әсерінің белгілері бар жұмыскерлер;
  6. кәсіптік аурулардың белгілері бар жұмыскерлер топтар құрылады.

Жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйым кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйым болмаған жағдайда одан әрі диспансерлік тексеру үшін жұмыскерлердің тұратын жері бойынша медициналық ұйымдарға диспансерлік тексерудің қалыптасқан топтарынан тұлғалардың тізімдерін жібереді.
Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымда немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымда міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша диспансерлік тексеруге әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер, жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер; мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер жатады.


 Мамандығында жұмысты жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер емдеу-оңалту бейініндегі медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі, содан кейін оларға қатысты кәсіптік жарамдылыққа сараптау жүргізіледі. Медициналық оңалту кезеңінен кейін еңбекке жарамды деп танылған жұмыскерлер жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар адамдар тобында диспансерлік бақылауға жатады.
 Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері және кәсіптік аурулар белгілері бар жұмыскерлер аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымға жіберіледі.
 Кәсіптік аурулармен ауыратын адамдар өнеркәсіптік кәсіпорынға қызмет көрсететін немесе тұратын жері бойынша медициналық ұйымның кәсіптік патологында диспансерлік есепте тұрады.
 Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша жұмыскерлерді емдеуге жатқызу мынадай үш негізгі кезеңнен тұратын кезеңдік оңалту қағидалары негізінде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең: өнеркәсіптік кәсіпорындар жанындағы денсаулық сақтау пункттерінде, санаторий-профилакторийлерде іс жүзінде дені сау жұмыскерлерде аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралар;
2) екінші кезең: "тәуекел тобы" адамдарын: суық тиіп жиі және ұзақ ауыратын, әртүрлі функционалдық бұзылулары бар, жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар, кәсіптік аурулардың клиникаға дейінгі белгілері бар адамдарды диспансерлік бақылауды және санаториялық-курорттық сауықтыру кезеңін міндетті түрде қоса отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайларда тұрақты профилактикалық емдеу жолымен медициналық оңалту;
3) үшінші кезең: кәсіптік аурулары бар науқастарды, оның ішінде осы аурулардың салдарынан мүгедек болған адамдарды аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйым жағдайларында, қызметтің осы түріне лицензиясы бар санаторийлік-курорттық сауықтыру орындарында оңалту.
 Кәсіпорындардағы науқастарды, жұмыскерлерді емдеуге жатқызуды және медициналық оңалтуды бақылау аумақтық медициналық ұйымдарды және кәсіпорындарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарды тарта отырып, облыстық (қалалық) кәсіптік патология кабинеттеріне жүктеледі.
 Кәсібі бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау кезінде жалпы медициналық қарсы айғақтарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться