Энергетикадағы еңбекті қорғау. Жамбыл МАЭС-ның тәжірибесі

821
Мележик В. И.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", заместитель генерального директора АО «Жамбылская ГРЭС им. Т.И. Батурова», г. Тараз
Өндірістік процестің барлық сатыларында ЖМАЭС енгізіліп, табысты жұмыс істеуде еңбек қорғауды басқару жүйесі

 «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС»  АҚ (бұдан әрі – ЖМАЭС) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабы, 1-тармағының негізінде құрылған. Қызмет тұтастай алғанда кәсіпорын бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) жөніндегі жұмысқа, еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау, өндірістік бөлімшелерде жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуіне, сондай-ақ энергетикалық жабдықтарды сенімді, авариясыз және қауіпсіз пайдалану, кәсіпорын мен оның бөлімшелеріндегі өртке қарсы жай-күйге бақылау жасауды жүзеге асырады.    

            Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті

қорғау қызметі:

  • электр стансасы персоналының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды, өндірістік санитарияны, жұмыстың қауіпсіз жағдайлары мен әдістерін қамтамасыз етуге бағытталған директивалық материалдарды, басшылық нұсқаулар мен ережелерді орындауы мен сақтауына;
  • жазатайым оқиғалардан, өндірістік жарақаттанушылық, кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі жұмыстарға;
  • станса персоналын жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістеріне, зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдану әдістеріне оқытуды өткізуге;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға бақылау жасауды жүзеге асырады.

ЖМАЭС-нда өндірістік үдерістің барлық сатыларында қызметкерлер үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мақсатымен МемСТ 12.0.230-2007 және еңбекті қорғау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес келетін еңбекті қорғауды басқару  жүйесі (бұдан әрі – ЕҚБЖ) енгізілген және ойдағыдай қызмет етуде.

            ЕҚБЖ енгізу мен сақтауды ЖМАЭС қызметін басқарудың барлық сатыларында департаменттер мен қызметтердің басшылары қамтамасыз етеді.

            Еңбекті қорғауды басқару өзіне еңбек үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын, жұмыс қабілетін сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гитиеналық, емдік-алдын алушылық, медициналық және әлеуметтікіс-шараларды жүзеге асыру үшін басқарушылық шешімдерді дайындау, қабылдау және іске асыру қызметтерін қамтиды.

            ЖМАЭС еңбекті қорғау саласындағы саясатының негізгі қағидаты кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығын тану мен қамтамасыз ету болып табылады.

ЕҚБЖ-н қолдану кезінде шешілетін міндеттер

  • Өндірісті басқарудың барлық деңгейлерінде жұмыс беруші мен қызметкерлер (басшылар, мамандар, қызметшілер, жұмысшылар) үшін ЕҚжЕҚ бойынша белгілі бір қызметтер мен міндеттер белгілеу.
  • ЕҚжЕҚ бойынша іс-шараларды жоспарлау, оларды орындауды ұйымдастыру, жүргізілген жұмысқа тұрақты бақылау жасау, есепке алу, талдау және бағалау.
  • Қызметкерлерді дайындауды ұйымдастыру (қызметкерлерді жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістері мен амалдарына оқыту, білімдерін тексеру, аттестаттау, тағылымдама, қосарлау, нұсқама, дербес жұмыс істеуге жіберу).
  • Қызметкерлер арасында ЕҚжЕҚ бойынша озық тәжірибе мен нормативтер талаптарын сақтауды насихаттауды ұйымдастыру.
  • Технологиялық үдерістер мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Еңбек пен демалыс режімдерін есепке ала отырып, қызметкерлер үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасау.
  • Қызметкерлерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың сертификатталған құралдарымен қамтамасыз ету.
  • Өндірістік үдерістердің қауіпсіздігін, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылықты төмендетуді, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нормативтерді сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ынталандыру.

Еңбекті қорғау саласындағы саясаттың  орындалуын ұйым өзіне қабылдаған басты қағидаттары мен мақсаттары

  1. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан сақтандыру жолымен ұйымның барлық қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі мен еңбекті қорғау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламаларды, ұжымдық шарттарды, ішкі құжаттарды және еңбекті қорғау жөніндегі басқа да талаптарды сақтау.
  3. Қажетті жабдықтармен, аспаппен қамтамасыз ету және оларды қауіпсіз және сенімді жай-күйде ұстау.
  4. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйрету және олардың кәсіптік біліктілігін, құзіреттілігін, хабардарлығын, жауапкершілігі мен еңбекті қорғау саласындағы мәдениетін тұрақты арттыру.
  5. Мердігерлерге ЖМАЭС еңбекті қорғау саласындағы саясатын, ішкі құжаттары мен шешімдерін сақтау талаптарын қою, олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
  6. Қызметкерлердің еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және кәсіптік денсаулық саласындағы білімі мен жауапкершілік деңгейін жүйелі арттыру.
  7. Талдаулар, түзетуші және сақтандырушы іс-әрекеттер өткізу, сондай-ақ басқарудың заманауи әдістерін қолдану жолымен денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін үздіксіз жақсарту.
  8. Акцияшылардың, қызметкерлердің, мердігерлердің, мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен басқа да мүдделі тараптардың алдында ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету.

Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және денсаулық саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін басшылық ЕҚБЖ-н үздіксіз дамыту мен жақсартуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жоспарлау басшылық тарапынан ЕҚБЖ-не талдау жасау жөніндегі кеңестердің нәтижелері есепке алына отырып, жүзеге асырылады. Жыл сайын еңбекті қорғау бойынша бағдарлама мен оны келесі жылы іске асыру үшін бюджет әзірленеді.

            Жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру талаптарын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсатымен 2012 жылдан бастап еңбекті қорғау жөніндегі комитет (бұдан әрі – Комитет)  жұмыс істейді. Комитеттің міндеттері – жұмыс берушіге жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау және қызметкерлер денсаулығының жай-күйіне талдау жасау негізінде еңбекті қорғау проблемаларын шешу бойынша тиісті ұсыныстар дайындау; персоналды жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі, денсаулыққа зақым келтірілудің орын алған тәуекелі мен зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін тиісті өтемақылар, жеке қорғану құралдары туралы хабардар ету.

            Персоналмен жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Бұл үдеріс энергетикалық ұйымдардағы персоналмен жұмыс Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

            Әрбір лауазымға белгіленген тәртіппен лауазымдық нұсқаулықтар, барлық кәсіптер мен жұмыстардың түрлері үшін – ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп, бекітілген.

            Департаменттердің басшылары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар әрбір үш жылда біліктілік арттыру курстарында ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден өткізіледі. Оқытудан кейін жауапты тұлғалар бөлімшелерде тиісті жұмысты ұйымдастырады, қарамағындағы персоналды оқыту мен оларға нұсқау беруді өткізеді.

            Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін қызметкерлер міндетті түрде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудан, нұсқамадан, қайта даярлаудан (қажет болған кезде), аттестаттаудан өткізіледі. Бұл үшін тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясы құрылған, дайындық бағдарламасы әзірленген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 04.05.2012 ж. берген аттестаты бар. ЖМАЭС-на қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру құқығы берілген.

Мамандық (кәсіп/лауазым) бойынша дайындықтан, теориялық оқытудан кейін персонал тәжірибелі, біліктілігі жоғары қызметкердің басшылығымен тағылымдамадан өтеді.

            Персонал тағылымдама үдерісінде:

§     жылу-механикалық жабдықтар мен энергетикалық қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелері мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын;

§     өндірістік сұлбаларды, пайдалану, лауазымдық нұсқаулықтарды және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды;

§     қызмет көрсетілетін жабдықтарды авариясыз, қауіпсіз және үнемді пайдалану тәсілдері мен жағдайларын;

§     өндірістік операцияларды орындаудың іс-тәжірибелік дағдыларын зерделейді.

            Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің бәрі жұмысқа кіріскен күннен бастап бір айдың ішінде зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне оқытылады және бұдан кейін жылына екі реттен кем емес манекен-жаттығу құрылғысында алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне машықтанады.

            Персоналды дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне үйрету үшін 2013 жылы іс-әрекеттердің орындалу дұрыстығын көрсететін және тестілік режімдері бар жүрек-өкпе және милық жан сақтау жаттығу құрылғысы сатып алынды, оның көмегімен  қызметкерлер ЖМАЭС денсаулық пункті фельдшерінің бақылауымен шұғыл көмек беру тәсілдеріне жаттығады.

            Кіріспе нұсқамалар үшін бейнефильм жасалған, ол қызметтің оқу сыныбындағы бейнепроектор арқылы көрсетіледі.

Персоналды міндетті медициналық тексеруден өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 «Олар болған кезде міндетті медициналық тексерулер өткізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесін, міндетті медициналық тексерулерді өткізу Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі.

            Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірге жыл сайын айқындау актісі әзірленеді, оның негізінде медициналық тексеруге жататын қызметкерлердің атаулы тізімі жасалады. 2013 жылы 501 адам мерзімдік медициналық тексеруден өтті. Медициналық тексерулердің нәтижелері актілер жасаумен ресімделеді. Қорытынды актіге сәйкес кәсіптік аурулар айқындалған жоқ.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары негізінде ауруға шалдығушылыққа талдау жасайды. Оның қорытындылары бойынша, жыл сайынғы медициналық тексеруді есепке ала отырып, ЖМАЭС қызметкерлерінің ауруға шалдығушылығы өндіріспен байланысты емес деген қорытынды жасалды.

Өрт қауіпсіздігі жөніндегі

білімді тереңдету мен қажетті деңгейді ұстап тұру үшін қызметкерлердің тиісті санатын тақырыптық жоспар мен үлгі оқу бағдарламасына сәйкес өрт-техникалық минимумға оқыту ұйымдастырылды. Оқыту аяқталғаннан кейін персонал білімін біліктілік тексеру өткізіледі. ЖМАЭС-ндағы өртке қарсы режім 2013 жылдың 8 қаңтарында бекітілген «Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» Нұсқаулықпен орнатылған.

Кәсіпорындағы технологиялық үдерістердегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен өртке қарсы режімнің бұзылуларын анықтау, сондай-ақ персоналды өртке қарсы алдын алушылық іс-шараларға тарту мақсатында өрт-техникалық комиссиясы құрылған. «Өрт-техникалық комиссиясы туралы Ереже» әзірленді. Ерікті өрт сөндіру құралымдары құрылды.

             ЖМАЭС-нда арнаулы техникамен жабдықталған өрт сөндіру посты жұмыс істейді. Өрттерден қорғауды «Өрт сөндіруші» кәсіпқой өрт сөндірушілер құралымы жүзеге асырады, олар тәулік бойы қызмет атқарады.

Өндірістік цехтар, үй-жайлар, әкімшілік ғимараттар өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен және жүйелерімен жарақтандырылған. Бүкіл өндірістік персонал оларды қолдануға үйретілген. Дағдыларды дамыту үшін өртке қарсы және аварияларға қарсы жаттығулар өткізіледі.  Ғимараттар өрт сигналдандыруымен жабдықталған.

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды

2013 жылы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның (бұдан әрі – ЕҚРҒЗИ) мамандары жүргізді. Аттестаттау нәтижелері кәсіпорынның бұдан кейінгі еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту; жұмыс орындарын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестікке келтіру; ЕҚБЖ-н кәсіптік тәуекелдерді басқару түпмәтінінде жетілдіру; еңбекке ақы төлеуді негіздеу, еңбек заңнамасымен көзделген еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған персоналға жеңілдіктер мен өтемақылар беру; еңбек жағдайларын еңбек шартына енгізу және қызметкерлердің ЕҚжЕҚ жай-күйі, жұмыс орнындағы зиянды өндірістік факторлар мен олардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дұрыс ақпарат алуы жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру мақсатындағы жұмысында пайдаланылады.

Жыл сайын ЕҚжЕҚ, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ санитарлық-сауықтыру шараларының жоспары белгіленген мерзімдерде әзірленеді және орындалады.

Қызметкерлер ұжымдық шарттарға сәйкес, сондай-ақ жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың қорытындылары бойынша жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, сүтпен және сабынмен қамтамасыз етіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысының негізінде).

            Кәсіпорында жыл сайын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілетін санитарлық-гигиеналық іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі – Жоспар) әзірленеді.

Жоспардың басымдыққа ие позициялары:

  1. Барлық жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы бойынша нұсқама.
  2. Қызметкерлердің ауруға шалдығушылығына ай сайын талдау жасау.
  3. Персоналды манекен-жаттығу құрылғысында электр тогы соққан және басқа да жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсетуге үйрету.
  4. Көрнекті үгіт, лекциялар, әңгімелер, спорттық шаралар жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
  5. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардағы тазалықты қадағалау.
  6. ЖМАЭС денсаулық пунктіндегі физиотерапевтикалық рәсімдер мен дәрігерлік тағайындаулар.
  7. Гриппке қарсы маусымдық егу.

ЖМАЭС денсаулық пунктінде орта медициналық персонал жұмыс істейді. Бұл жерде процедуралық кабинет, гигиена бөлмесі, физио-кабинет, ауысым алдындағы медициналық куәлендіру бөлмесі жабдықталған және қызмет етеді.

            Денсаулық пункті:

  • дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді;
  • ЖМАЭС персоналы арасында ақпараттық құралдарды пайдаланумен, стенділер мен басқа да көрнекті үгітті безендірумен аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы түсінік беру жұмысын;
  •  статистикалық есеп пен есептілікті жүргізуді;
  • қызметкерлерді гигиена ережелеріне оқытуды;
  • құрылымдық бөлімшелердегі өнеркәсіптік санитария мен еңбек гигиенасына бақылау жасауды;
  • станса қызметкерлерінің ауруға шалдығушылығына талдау жасауды;
  • персоналды ауысым алдында медициналық куәлендіруді орындайды.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында ұжымдық шарт жасалған. Қызметкерлер жұмыс берушінің қаражаты есебінен жеке қорғану құралдарымен, сүтпен, сабынмен қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта ЖМАЭС персоналы  541 адамды құрайды, оның 112-сі - әйелдер. Өткізілген жұмыс орындарын аттестаттауға сәйкес 74 жұмыс орнында еңбектің зиянды жағдайларында 350 адам (олардың 58-і – әйел) еңбек етеді. Жұмыс орындарының жалпы саны – 273, олардың бәрі заңнамаға сәйкес аттестатталған.

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс жұмыс орындарының саны 84-ті; сүтпен қамтамсыз етілуі тиіс жұмыс орнының саны – 23-ті құрайды.

2013 жылы жұмыс берушінің қаражаты  есебінен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жұмсалған материалдық шығындар 27 842 378 теңгені құрады:

  • жеке қорғану құралдарына – 8 870 905 теңге;
  • тиісті лауазымдар мен кәсіптердің қызметкерлерін сүтпен қамтамасыз етуге – 755 273 теңге;
  • тиісті лауазымдар мен кәсіптердің қызметкерлерін сабынмен қамтамасыз етуге  – 763 606 теңге;
  • жазатайым оқиғалардан сақтандыруға – 5 419 098 теңге;
  • жыл сайынғы медициналық тексеруге – 1 475 696 теңге;
  • жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға – 3 699 000 теңге;
  • еңбектің зиянды жағдайларымен қамтылған қызметкерлердің қосымша еңбек демалыстарына – 6 858 800 теңге жұмсалды.

            Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау

жасаудың негізгі формасы үшсатылы бақылау. Оның міндеті – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша іс-шаралар кешенін орындауды ұйымдастыру, сондай-ақ үш жалғасты деңгейде айқындалған бұзушылықтарды жою үшін жауаптыларды тағайындау. Бақылаудың бірінші сатысы күн сайын жүзеге асырылады, жауаптылар – шеберлер мен ауысым бастықтары. Екінші сатыны бөлімше басшысы өткізеді. Үшінші сатыда бас директор, оның орынбасары, бас инженердің, бас инженердің орынбасарлары, департаменттер, бөлімшелер басшылары мен ЕҚжЕҚ қызметі қызметкерлерінің қатысуымен ай сайын  «Қауіпсіздік техникасы күні» ұйымдастырылады. Бақылаудың нәтижелері бойынша актілер жасалады, қорытындылары жауаптылар және орындалу мерзімдері тағайындалумен ЖМАЭС бойынша бұйрықпен ресімделеді.

ЕҚжЕҚ қызметі күнделікті, жоспарлы, түнгі және кенет тексерістердің көмегімен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне тұрақты бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Тексерістердің нәтижелері бойынша актілер жасалады, айқындалған бұзушылықтарды жоюға нұсқаулар беріледі.

ЖМАЭС өндірістік қызметіндегі басымдыққа ие міндет – еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанушылықты төмендету, жол бермеу және алдын алу. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша күнделікті жұмыстың нәтижесі кәсіпорындағы жарақаттанушылықтың төменгі деңгейі болды. Барлық қызметкерлер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған.

Соңғы 5 жылдың ішінде ЖМАЭС-нда өндірістік жарақаттанушылықтың бір оқиғасы болып өтті (химиялық күйік). Тергеп-тексеру актісіне сәйкес негізгі себебі зардап шегушінің өрескел абайсыздығы болып табылды, ол жұмыс үдерісінде ЕҚжЕҚ жөніндегі нормалар, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтамаудан орын алды.

ЕҚжЕҚ қызметі өндірістік бөлімшелердің басшыларымен бірге персоналмен жазатайым оқиғаларға жол бермеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді. Осы мақсатпен қала мен облыстың басқа кәсіпорындарында болып өткен өндірістік жарақаттанушылық оқиғалары тұрақты зерделенеді. 2013 жылдың нәтижелері бойынша Тараз қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттану фактілері мен зардап шеккендердің санына талдау жасау жүргізілді.

      2013 жылы ЕҚРҒЗИ кәсіпорында кәсіптік тәуекелдерді бағалауды жүргізді.  Нәтижелері «Техникалық жағынан қол жеткізілетін, экономикалық және әлеуметтік ақталған ең төменгі жол берілетін әлеуметтік тәуекелді қамтамасыз ету бойынша еңбекті қорғауды басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу мен әзірлеу» тақырыбы бойынша өндіріске ғылыми-зерттеушілік, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-құрылымдаушылық жұмыстарды енгізудің тиісті актісімен ресімделді.

            Еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерде статикалық электр тогы мен электрмагниттік сәулеленулердің жоғары деңгейі, электр және магнитті өрістердің жоғары кернеуі, еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы (көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жоғары жауапкершілікпен байланысты жүйкелік және эмоциялық жүктеме, іс-әрекеттердің жиі ауысуынан жылдам реакция) сияқты өндірістің зиянды және қауіпті факторларының әсер етуі туындайды.

Тұтастай алғанда, кәсіптік тәуекелді бағалауды өткізе отырып, ЕҚРҒЗИ мамандары мыналарды анықтау міндетін қойды:

- еңбек жағдайлары мен қызметкер денсаулығының жай-күйіне қарай жеке кәсіптік тәуекелді есептеу алгоритмдерін;

- барлық тәуекелдерді кешенді бағалау мен оларға жүйелі мониторингті. ЖМАЭС-нда мәліметтерді жинау барысында қызметкерлермен сауалнама жүргізілді, жұмыс орындарындағы жағдайлар қаралды, есептеп шығаруларды өткізу үшін қажетті мәліметтер жиналды.

Тәуекелдерді бағалау нәтижесінде мынадай көрсеткіштер алынды: «төменгі тәуекел» - қызметкерлердің 18%-ы; «орташа тәуекел» – 64%; «елеулі тәуекел» – 18%.  Тұтастай алғанда кәсіпорын үшін кәсіптік тәуекел деңгейі = 0,17 – «орташа тәуекел». Ең төменгі-жол берілетін тәуекел 82%-ды құрайды. Осылайша, бұл жағдайлардағы тәуекел қабылдауға болатын болып есептеледі, бірақ оны бақылау қажет.

Еңбек уәждемесіне барынша тиімді әсер етуі мүмкін жұмыс ортасын қалыптастыру, қызметкерлердің жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мақсатымен 2013 жылы еңбек жағдайларын жақсартуға, жұмыс орындарын ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылды.

Онда химиялық зертханалар орналастыру үшін екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір ол Қазақстан Республикасында белгіленген зертханаларға қойылатын заманауи санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитарлық ережелерге жауап береді.

Химиялық зертханалар ғимаратына, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, денсаулық пункті, әкімшілік үй-жайларды күрделі жөндеуге тиісінше 48 млн, 54,5 млн, 7 млн, 40,3 млн теңге; шу, шаң, өтпе желден қорғауды қамтамасыз етуге (металлпластикалық терезелер, есіктер, витраждар орнату) – 20,2 млн теңге;  температуралық режімді оңтайландыруға (ауаны желдету және алмастыру жүйелерін орнату) – 4 млн теңге жұмсалды.

Жұмыс аймағының микроклиматын жақсарту, өндірістік шуды азайту үшін басқарудың блоктық қалқандарының үй-жайларындағы металл витраждар заманауи металлпластикалық витраждармен алмастырылды. Нәтижесінде шуды оқшаулау деңгейі 20%-ға артты. Осы мақсатпен кәсіпорында ауа алмастырудың сплит-жүйелері орнатылды.

Жабдықтардың сенімді, қауіпсіз және авариясыз жұмысын, еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауды қамтамасыз ету үшін технологиялық үдерістер мен жабдықтарды жаңғырту жүзеге асырылады. 2013 жылы тиісті іс-шаралардың кешені өткізілді, оларға жұмсалған материалдық шығындар 291 миллион теңгені құрады.

Техникалық жай-күйін жақсарту мақсатымен мамандандырылған ұйым жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бас корпустың тіреулік металл құрылымдарында коррозияға қарсы жұмыстар орындалды. Қазіргі уақытта гидротехникалық құрылыстарға күрделі жөндеу, жаңғырту және жаңарту жүргізілуде: ауа бөлуші құрылғылар орнатыылды; ЖМАЭС су бөлушісінің қалқандық тоспасындағы автожол көпірі жөнделді.

110 кВ тарату құрылғысын қайта құрылымдау және жаңғырту аяқталды – жеті ауалық ажыратқыштар электр-газдық ажыратқыштармен алмастырылды. Қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін, жаңа жабдық жұмысының сенімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету маңызды бағыт болып табылады. Бұған қоса, бұл мақсатты бағытталған іс-шаралар тарату құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуге метериалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Өрт қауіпсіздігі Ережелері талаптарын орындау жолында мазут шаруашылығының жабдықтары мен өрт сөндіру торабын сырлау жүргізілді.

Көтеру-көліктік жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін автомұнара сатып алынды. Релелік қорғаныс, автоматика мен өлшеулер қызметіндегі тіркеуші аппаратураның аспаптық паркі жаңғыртылды. № 1, 4, 5, 6 блоктардағы моральдық жағынан ескірген тіркеуші құрылғының орнына турбина параметрлеріне технологиялық бақылау жасайтын заманауи аспап орнатылды. Ұсақ бөлшектерді өңдеуге арналған жаңа білдектер жұмысқа дайын. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап беретін азот стансасы сатып алынып, құрастырылды.

Қауіпсіздікті тұрақты бақылауды қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері орнатылған.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жыл сайын Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арнап конкурстар мен байқаулар ұйымдастырады.

2012 жылы ЕҚжЕҚ бойынша өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алуға, қызметкерлердің оңды тәжірибесі, білімдері мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын көрсету мен таратуға бағытталған «Қауіпсіздік өзіңнен басталады» конкурсы болды. Конкурсқа қатысушылар жылу-механикалық (электртехникалық) жабдықты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері; дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету; энергетикалық кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігі бойынша электрондық тестілік тапсырмадан өткізілді. Аталымдар бойынша, жеке және командалық есеп бойынша жеңімпаздар анықталды.

2013 жылы «Отпен күреске – дайын бол!» конкурсы өткізілді, оның мақсаты  ЖМАЭС қызметкерлерінің өрт жағдайларындағы сауатты мінез-құлық, төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру мен бекіту, оңды тәжірибесі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын көрсету мен тарату болды.

2014 жылы қауіпсіздік техникасын сақтауға уәждейтін үздік үгітшілік ұран мен девизге шығармашылық конкурс өткізілді.

Кәсіпорында салауатты өмір салтының оңды тәжірибесін насихаттау мен таратуға, темекі тартудың алдын алу және онымен күреске көп көңіл бөлінеді. Спорттық іс-шаралар өткізіледі, олардың ішінде – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне арналған,  «Салауатты денеде – салауатты рух!» ұранымен эстафеталық жүгіру бар. ЖМАЭС футбол командасы Тараз қаласы кәсіпорындарының арасындағы қалалық жарыстарға ойдағыдай қатысып жүр. Мұндай іс-шараларға ЖМАЭС кәсіподақ комитеті белсенді қолдау көрсетеді, ол қатысушыларды мадақтауға материалдық қаржы бөліп отырады. Өнімді демалыс ұйымдастыру үшін жұмыстағы регламенттелген үзілістер кезінде әрбір ниет білдіруші үстел теннисінен  20–25 минут ойын өткізе алады.

ЖМАЭС-нда ұжым мүшелерінің өмірі мен денсаулығы басымдықтар болып табылады, сондықтан еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, зиянды және қауіпті факторларды төмендету, еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уәждемесіне барынша тиімді әсер ететін жұмыс ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Компания туралы анықтама

 «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ қызметінің негізгі түрлері– электр және жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу.

Энергия өндіру үшін органикалық отынның (табиғи газдың немесе мазуттың) химиялық энергиясы пайдаланылады.

Электр стансасының жобалық қуаты – 1230 МВт.

Жамбыл МАЭС өзінің өндірістік қызметін 1967 жылдан бастап жүзеге асырып келеді және қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстігіндегі негізгі энергетикалық база болып табылады.

Станса персоналы  541 адамды құрайды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль