Декреттегі қызметкер жұмыстан босатылғысы келеді: кадрлық құжаттар ресімдейміз

1347
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Қандай ұйым болса да, декреттік демалыстағы әйел ұйымға жұмыстан босату туралы өтініш беретін қиын жағдаймен ұшырасуы мүмкін.

Біз мақалада бала үш жасқа толғанға дейін оған күтем жасаумен байланысты демалыстағы қызметкерді, өз қалауы бойынша, жұмыстан босату рәсімін қараймыз, сондай-ақ мұндай жағдайда кадр мамандары ресімдеуге тиісті құжаттар үлгісін береміз.

Балаға күтім жасау бойынша жалақы сақталмайтын демалыс

"Декреттік демалыс" сияқты ұғым Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ҚР ЕК) жоқ. Қызметкер бала босанған немесе асырап алған жағдайларда ҚР ЕК мынадай демалыстар түрлерін көздейді, яғни жүктілігі мен босануы бойынша демалыс, сондай –ақ балаға күтім жасау бойынша жалақы сақталмайтын демалыс.

Балаға күтім жасау бойынша демалыс беру жұмыс берушінің құқығы емес, міндеті болып табылады.

ҚР ЕК 195-бабының 1-тармағына орай, жұмыс беруші қызметкердің өтінішінің негізінде (1-қосымша), бұйрық шығару жолымен (2-қосымша) оған:

1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне;

2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне;

3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;

4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

Бұл ретте мынаны айта кету керек, яғни қызметкер балаға күтім жасау бойынша жалақы сақталмайтын демалысты ол үш жасқа толғанға дейін немесе толығымен не оның қалауы бойынша бөліп-бөліп пайдалана алады.

НА ЗАМЕТКУ Егер сіздің қызметкеріңіздің күйеуі бар болса, бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасаумен байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру кезінде, одан күйеуінің жұмыс орнынан: оған мұндай демалыстың берілмегені туралы анықтама аласыз. Осылайша, сіз заңсыз демалыс беруді болдырмайсыз.

Жұмыс беруші бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасаумен байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталатынын ұмытпауы керек. Алайда бұл өндіріс үшін талап етілетін жұмыс орындалуға тиіс емес дегенді білдірмейді, жұмысқа алмастыратын қызметкерді қабылдау кезінде еңбек шартында ол уақытша жоқ қызметкерді алмастыру уақытына жасалатынын, және оның іс-әрекет ету мерзімі негізгі қызметкер жұмысқа шыққан күні аяқталатынын көрсету керек.

Бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасаумен байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына және мамандығы бойынша еңбек стажына есепке алынады.

НА ЗАМЕТКУ Егер қызметкер өтініште көрсетілген балаға күтім жасау бойынша жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шығуды ойластырса, ол жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын өзінің ниеті туралы жұмыс берушіні ескертуге міндетті.

Еңбек шартын тоқтатуды шектеу

ҚР ЕК 185-бабының 1-тармағына орай, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, ҚР ЕК 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.

ЦИТИРУЕМ ЗАКОН Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, жоқ қызметкерді алмастыру жағдайларын қоспағанда, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті (ҚР ЕК 185-бабы 2-тармағы).

НА ЗАМЕТКУ Бұл ретте, осы норма әйел балаға күтім жасау бойынша жалақы сақталмайтын демалыста болған жағдайға қолданылмайтынын ескеру керек.

Жұмыстан босатуды ресімдейміз

1-қадам. Жазбаша өтініш аламыз

Жұмыстан босатылу ниеті міндетті түрде жазбаша өтінішпен тіркелуге тиіс.

Қызметкердің балаға күтім жасау бойынша демалыста болуына немесе болмауына қарамастан, ол еңбек шартын бұзу тілегін айтуы мүмкін. Бұл қызметкердің құқығы, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, еңбекке мәжбүрлеуді қоспағанда, еңбек ету бостандығының табиғи пайда болуы ретінде қаралады. Өтінішті қабылдау кезінде, ҚР ЕК-сі мынадай қағидаларды белгілейтінін ескеру керек, яғни: қызметкер еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша алдағы болатын бұзу туралы жұмыс берушіні ҚР ЕК 57-бабының 1-тармағында белгіленген жалпы қағида бойынша, кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Сондықтан, жұмыстан босату рәсімін бастау үшін, жалдаушымен еңбек қатынастарын тоқтатуға тілек еткен қызметкерден жұмыстан босату туралы өтініш алу керек.

Еңбек немесе ұжымдық шартпен ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі де белгіленуі мүмкін. Сондай-ақ, аталған ескерту мерзімі, керісінше, қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша қысқаруы мүмкін.

Өтініштің мазмұнына қатысты айтар болсақ, онда ол жалпы ережелер бойынша жасалады, яғни: құжатта: ұйым атауы, өтініш берілетін басшының лауазымы, тегі және аты-жөні, қызметкер демалысқа дейін еңбек еткен құрылымдық бөлімше атауы, оның лауазымы, тегі және аты-жөні, жұмыстан босату негізі, жұмыстан босату күні, қызметкердің қолы болуға тиіс (3-қосымша).

ВОПРОС Қызметкер жұмыстан босату туралы өтінішті жеке өзі беруге тиіс пе, яғни ұйымға келіп, немесе ол оны поштамен жібере ала ма?

Бірінші және екінші нұсқалары дұрыс болады.

2-қадам. Жұмыстан босату туралы бұйрық ресімдейміз

Сонымен, қызметкерден өтініш алынды. Құжатты тіркеп, ұйым басшысына қарауға беру керек. Осыдан кейін өтініштің негізінде қызметкерді жұмыстан босату туралы бұйрық даярлау керек.

Жұмыстан босату туралы бұйрықта (4-қосымша) мыналарды көрсету керек, яғни: еңбек шартын тоқтату негізін, қызметкерді жұмыстан босату күнін, ҚР ЕК-нің бабына сілтемені және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларында көрсетілген құжаттың өзге де міндетті деректемелерін.

НА ЗАМЕТКУ Қызметкерді жұмыстан босату өтініште көрсетілген күні жүргізілуге тиіс. ҚР ЕК 62-бабының 3-тармағына орай, қызметкердің соңғы жұмыс күні жұмыстан босату күні болып табылады.

ВОПРОС Демалысқа шығушымен не болады, оған бір күнге – жұмыстан босату күніне жұмысқа шығуы керек пе?

Қызметкер демалыста болған кезде және жұмыстан босату күні жұмыста бола алмаса, жұмыс беруші он жұмыс күні ішінде қызметкерге еңбек кітапшасын алуға келуінің қажеттілігі туралы немесе оны поштамен жіберуге оның келісім беруі туралы хабарлама жіберуге міндетті (ҚР ЕК 63-бабы 1-тармағы). Есеп айырысу алу үшін банктік картаға аударылуы мүмкін және ҚР ЕК 134-бабының 5-тармағына орай, үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.

ҚР ЕК ережелеріне орай, кейбір жағдайларда қызметкердің жұмыстан босату күні болуы – соңғы жұмыс күні міндетті болып табылмайды, бұл еңбек қатынастарын бұзуға ниет еткен, балаға күтім жасау бойынша демалыстағы қызметкерлерге де қатысты деп қорытындылауға болады.

Қызметкер бұйрыққа өз қолын қою үшін ұйымға келуі немесе жұмыстан босату туралы бұйрықты поштамен алуы (егер ол құжатпен танысу үшін ұйымға келе алмаса) мүмкін.

3-қадам. Еңбек кітапшасын толтырамыз және береміз

Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті (ҚР ЕК 63-бабы 1-тармағы).

Жұмыстан босатудың дәл себебі еңбек кітапшасында көрсетілуге тиіс. Мысалы: «2009 жылғы 06 шілдедегі № 5 еңбек шартын Қызметкердің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 57-бабының 1-тармағына орай бұзылсын». Жазбалар ҚР ЕК тұжырымдамаларына дәл сәйкестікпен (тиісті бапқа, тармаққа, тармақшаға сілтеме жасап) және қысқартусыз жүргізіледі.

ҚР ЕК 63-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын (біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ ҚР ЕК-де көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті.

Егер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы қызметкер жұмыстан босату күні еңбек кітапшасын алу және еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабына қол қою үшін ұйымға келмесе, оны жазбаша нысанда хабардар ету керек, яғни бұл не құжат үшін келуі және оны алғаны үшін қол қоюы не жалдаушыға еңбек кітапшасын поштамен жіберуге рұқсат беру үшін керек.

Егер еңбек кітапшасы қызметкерге поштамен жіберілсе, кадрлар жөніндегі маман еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабына тиісті жазба жасауға тиіс.

НА ЗАМЕТКУ Мынаны да айта кету керек, яғни қызметкердің жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартында көрсетілген мекенжайы (нақты тұратын орны) өзгеруі мүмкін, ал қызметкер бұл туралы жұмыс берушіні хабардар етуді ұмытып кетуі мүмкін. Қызметкер құжатты қандай мекенжайға жіберу керектігін көрсетуге тиіс.

4-қадам. Жеке карточкаға жұмыстан босату туралы жазба енгіземіз

Қызметкерді өз қалауы бойынша жұмыстан босату кезінде жеке карточкаға (№ Т-2 үлгісіне) еңбек кітапшасына енгізілген мәліметтерді көрсету керек.

Жазба еңбек кітапшасындағы жазбаның тұжырымдамасына сәйкес келуге тиістігін назарға аламыз.

РЕКОМЕНДУЕМ Жұмыстан босату туралы жазбаны қызметкердің жеке карточкасына алдын ала енгізбеуді, ал оны еңбек кітапшасын алуға келген қызметкердің көзінше ресімдеуді ұсынамыз.

Бұл мынамен байланысты, яғни қызметкер ескерту мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінішін жазбаша қайтарып алуға құқығы бар, егер оның орнына басқа қызметкер шақырылмаса, оған, заңнамаға сәйкес, еңбек шартын жасасуға бас тарту мүмкін емес.

5-қадам. Декреттегі қызметкерді жұмыстан босату кезінде демалыс өтемақыларымен есеп айырысу жүргіземіз

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу еңбек шарты аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі (ҚР ЕК 134-бабы 5-тармағы), яғни:

  • нақты жұмыс істеген уақыт үшін жалақы;
  • белгілі бір мерзім үшін орташа жалақының өтемақы төлемдерін (еңбек шартын бұзу түріне байланысты, мысалы, кәсіпорын штаты санын қысқарту кезінде қызметкерге өтемақы төлемдері);
  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысының) пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемдері.

ҚР ЕК 104-бабына орай, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;

4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт қосылады.

Еңбек демалысының пайдаланылмаған күндер саны осы стажға барабар айқындалады (ерте пайдаланылған еңбек демалыстары есебімен).

НА ЗАМЕТКУ Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу кезінде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы сомасын айқындау үшін, пайдаланылмаған демалыс күндері, қызметкерді жұмыстан босату күнінен кейінгі бес немесе алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша жұмыс күнінен бастап есептеледі және жұмыс режимін ескере отырып осы кезеңге келетін жұмыс күндері таңдалады.

Жұмыстан босату кезінде өтемақы төлеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Бірыңғай ереже).

Бірыңғай ережелердің 12-тармағына орай, қызметкер жұмысқа орналасқан кезде оқиға орын алған жағдайда есептелген жалақы сомасы болмағанда, не оқиға алдындағы 24 ай бойы қызметкердiң жалақысы болмаған жағдайда, орташа күндiк (сағаттық) жалақы қызметкердiң күндiк (сағаттық) тарифтiк ставкасын (лауазымдық жалақысын) негiзге ала отырып есептеледi.

1-қосымша

Балаға күтім жасау бойынша демалыс беру туралы өтініштің үлгісі

«__________________» ЖШС директоры

__________________________(Т. А. Ә.)

(кімнен)_______________(Т. А. Ә., лауазымы) 

Өтініш

Мен, ________________________________, «__»________20__ жылы туылған _______________________ анасымын. Маған бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасаумен байланысты «__»_________20__ жылдан «__»_________20__жылға дейін демалыс беруді сұраймын.

Қосымша:

1. Алматы қаласының АХАЖ-ы «__»________20__ жылы берген __________________ туу туралы куәліктің көшірмесі.

2. Баланың әкесі ___________________ жұмыс орнынан, оның балаға күтім жасау бойынша демалысты пайдаланбайтыны туралы анықтама.

Күні                    қолы               қолтаңбаның толық жазылуы

2-қосымша

Балаға күтім жасау бойынша демалыс беру туралы бұйрықтың үлгісі

«___________»

жауапкершілігі

шектеулі серіктестік

БҰЙРЫҚ

«__»__________20__жыл

____________қаласы

Эмблема, логотип, қызмет көрсету белгісі, тауар белгісі

Товарищество

с ограниченной ответственностью

«________________»

ПРИКАЗ

№___-К

город ______________

Балаға күтім жасау бойынша

жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы

_____________________________ (лауазымы, Т. А. Ә.) от «__»________20__жылғы өтінішінің негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына орай, _______________________ (лауазымы, Т. А. Ә.) «__»_________20__ жылдан бастап «__»_________20__ жылға дейін балаға күтім жасау бойынша жалақы сақталмайтын демалыс берілсін.

Бас директор                   қолы                          қолтаңбаның толық жазылуы

Бұйрықпен таныстым:

                                      күні              қолы   қолтаңбаның толық жазылуы

3-қосымша

Жұмыстан босату туралы өтініштің үлгісі

«_____________» ЖШС директоры

_____________________ (Т. А. Ә.)

(кімнен)__________(лауазымы, Т. А. Ә.) 

Өтініш

Мені атқарып отырған лауазымнан өз қалауым бойынша 2014 жылдың 19 қыркүйегінде жұмыстан босатуыңызды өтінем.

Күні           қолы                  қолтаңбаның толық жазылуы

4-қосымша

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың үлгісі

«___________»

жауапкершілігі

шектеулі серіктестік

БҰЙРЫҚ

«__»_________ 20__жыл

_____________ қаласы

Эмблема, логотип, қызмет көрсету белгісі, тауар белгісі

Товарищество

с ограниченной ответственностью

«________________»

ПРИКАЗ

№___-Л/С

город ______________

Еңбек шартын бұзу туралы

__________________ (лауазымы, Т. А. Ә.) от «__»________20__жылғы өтінішінің негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

1._________________ («__»________20__ №___.

2. __________________ ();

3..

Негіздеме: _________________ (Т. А. Ә.) «__»_________20__жылғы, тіркеу №____ өтініш.

Бас директор                қолы                   қолтаңбаның толық жазылуы

Бұйрықпен таныстым:

                                 Күні               қолы            қолтаңбаның толық жазылуы

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль